Инфоурок Другое Рабочие программы«Қорқыт ата кітабы» 4-сынып

«Қорқыт ата кітабы» 4-сынып

Скачать материал

Әдебиет пәні сабағынан сабақ жоспары

 

 

 

Мақсатым:  Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлықоқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылуда. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым -  әр сабақта оқушыларды оқуға  қызықтыратын,қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оныңнегізгісі оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардыңойлау дағдыларын  жетілдіру, өздігінен   білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

 

 

 

Сабақтыңтақырыбы:«Қорқыт ата кітабы» – ұлт мәдениетініңбас кітабы.

 

Сабақтыңмақсаты:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау  барысында Қорқыт туралы білім-біліктерін арттыру.

 

Оныңөмірі мен күй өнерініңөзара байлансы, күйлерініңжазылу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.

 

Қорқыт шығармаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, күй өнері  туралы пікірлерін анықтау.

 

Сабақтыңтүрі:ізденіс сабағы

 

Сабақтыңәдіс-тәсілі:СТО стратегиясыныңэлементтері, талдау, салыстыру, пысықтау.

 

Сабақтыңкөрнекілігі:Қорқыт ата портреті, қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі.

 

Сабақтыңөзектілігі: Өнер – өшпес,өлмес  мұра.

 

Сабақбарысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Қорқыттанушылар»,

 

                                                                     ІІ топ«Күйтанушылар».

 

«Ой қозғау»сатысы.Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлеңшумақтарын жазамын.

 

                                       Жыраудыңүлкен пірі Қорқыт ата.

 

                                       Бата алған таман бақсы асқан ата.

 

                                       Таңқалып жұрттыңбәрі тұрады екен.

 

                                       Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.

 

Осы кезде «Қорқыт» күйі ойналады. Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерін ортаға салады. «Күй» және «Қорқыт ата» деген сөздерге тірек ойларын жазады.

 

  Мысалы, Қорқыт ата – күй атасы, жарау, сұңғыла дана, асқан абыз , т.б.

 

                   Күй – өнер, асыл мұра, адамныңішкі дүнисінің  сыры, рухани азғымыз, т.б.

 

«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға  Қорқыт туралы мәлімет таратылады.

 

Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.

 

І топ «Қорқыттанушылар»

 

Зерттейтін мәселелері: Қорқыт ата туралы аңыздардыңсыры

 

 ІІ топ. «Күй танушылар»    

 

Зерттейтін мәселелері: Күйдіңшығу тарихы.

 

Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.

 

  «Қорқыттанушылар» тобы

 

Аңыз бойынша:Дүниеге келуі

 

Қорқыттыңдүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланныңжаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде   жерігін әреңқойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Жыл сайын бір рет толғаққысыпты. Дүниегее келерінде арасы тоғыз күн  көз шырымын алмай толғатқан. Үш тәулік  тастай қараңғылықбасқан. Жаңбыр жауып, дауылдатқан. Сөйтіп, жарықдүниеге Қорқыт сөйлеп туыпты-мыс. Кейбіреулер Қорқытты қу терісін жамылған перініңқызынан немесе аққудан туды дейді.

 

Есімініңқойылуы

 

Қорқыт есімінің  қойылуы да бір аңыз  екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында  үш тәулік қараңғылықжер бетін басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдіңбарлығы қорқыпты. Осы оқиғаныңсебебінен нәрестеніңатын «Қорқыт» деп қойса керек.

 

Зерттеуші Ә. Марғұлан пікірі:

 

«Ол- бір туар ақын, әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті  сыйғызады.   Демек, Қорқыт – «керемет иесі», ұлыстыңұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау».

 

Қорқыттыңөліммен күресуі туралы аңыздар көп.

 

М. Әуезов былай дейді: «Аңызда тамыры қурап қалған бәйтерек ; «мені тапқан ажал сені де табады» дейді Қорқытқа. Айдалада өсіп тұрған   шөпте осыны дәлелдейді.  Қаусап құлағалы тұрған құз-тас та Қорқыттыңажалы  таяп қалғанын дәлелдейді». Енді бір аңызда: «20 жасқа жеткенде , түс көріп, түсіндегі   ақкиімді кісі: «Қырықтан артықөмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді.Сонда қасиетті Желмая желдей есіп    небір шөл даладан тау мен құздардан,  өзендер мен көлдерден   құстай ұшып жердіңбір шетіне келеді. Шексіз мұхиттыңжағалары екен. Желмаясынан түсіп, теңіздіңсуымен жуынып, тынығады. Бір кезде құлағына бір сыбыр естіледі., неткен сыбыр деп соған қарай жөнеледі. Келсе бір жігіт жер қазып жатыр екен.Қорқыт:

 

    – Жігіт, не істеп жатырсың?  дейді. Жігіт:

 

   - «Саған көр қазып жатырмын» -дейді. Қорқыт қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?»-деп сұраса, олар: «Бұл-Қорқыттыңкөрі »- деп жауап береді. ». Осыдан «Қайда барсаңда Қорқыттыңкөрі» деген мақал қалыптасса керек.

 

Қорқыт көр қазушылардыңбәрінен қашып құтылдым деп бір жерге тоқтаған кезде, жанына қараса, тереңкөр жатыр, ішінен сақалы аппақшал шығып:

 

-            Қорқыт, өлімнен құтылмайсың, көріңдайын, кел, жат! – дейді.Осы кезде Қорқыт есінен танып, ұйықтап кетеді. Сол кезде түс көреді. Түсінде ақсақалы беліне түскен, ақтаяғы көк тіреген әулие қарт : «Е, Қорқыт, өлімнен құтылудыңамалын іздеп жүрсіңбе? Өлімнен құтылудыңбір-ақамалы бар. Ол өлімнен тек саз арқылы ғана құтыласың, ол үшін сен аспап жаса. Аспабыңнар атанныңжілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, ішегі  бесті аттыңқұйрығынан болсын,  аспабыңныңатын қобыз қой. Өлімнен араша болатын тек қана сол қобыз. Тұр, жатпа!» дейді.

 

«Күйтанушылар»

 

... Қорқыт шошып оянады.. жалма жан қасиетті тау басында өсіп тұрған  киелі қарағайды шауып, аспап жасауға кіріседі. Аспаныңбиіктігі 6 жасар нар атанныңжілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекеніңмүйізінен тиек жасап, Желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттыңқұйрығынан ішек жасап, қобызын қолына алып Қорқыт:

 

       Қарағайдыңтүбінен

 

Қайырып алған қобызым,

 

Үйеңкініңтүбінен

 

Үйіріп алған қобызым,

 

Желмаяныңтерісін

 

Шанаққылған қобызым,

 

Ортекеніңмүйізін

 

Тиек қылған қобызым,

 

Бесті айғырдыңқұйрығын        

 

Ішек қылған қобызым,

 

Құлағын да бұрайын

 

Осы айтқаным болмаса,

 

Қайырып жерге ұрайын,-дейді

 

Суда көр қазушы болмас , тереңағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстыңұшуын, самал желдіңсоққанын тиятын   толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуықөмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен. Сонда Қорқыттыңтартқан  күйін тыңдайық. ( «Қорқыт» күйі ойналады).

 

       Ә. Марғұлан: «Қорқыт туралы аңыздар көп. Қорқыт – бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі адам. Ол жайындағы мәліметтер аңыз болса да, Қорқыт тарихи адам болғанына ешкім таласпауы тиіс.» Қорқыт ата 8-9  ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісініңмазары Қармақшы стансасынан 18 шағырымдай жерде екен.

 

Қобыздыңтарихы

 

      Тарихшылар: «Қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, жыраулар, не Қорқыт жолын қуған атақты күйшілер көп. Қорқыт- жыраулардыңатасы, олардыңпірі болып табылады. Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам» - дейді.

 

      Қобыздыңбейнесі туралы да көптеген пікір-таластар бар екен. Соныңбірі – кейбір ғалымдар қобыздыңбейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.

 

Ал  Ә. Марғұлан: «Қазақтыңескі дәуірдегі қобызыныңформасы аққудыңбейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудыңқұйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халықаққуды еңсұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудыңдауысы    құлаққа әдемі  естілетін еңсұлу үн,  үшіншіден, аққу – ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.Мүмкін, көне заманда аққу түркі тайпаларыныңбір төтемі болуы тиіс.

 

Ш. Уалиханов: Өзініңағасы Уалиханов тартқан күйлердіңаттарын ғана жазып алған. Олардыңсаны 14 екен.Олар: «Тәңір күйі»,«Саймақтыңсары өзені», «Қорқыт күйі», «Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Азамат қожа», «Жеті қыз», «Бозінген» т.с.т.

 

«Ойтолғау» сатысы.

 

1.      Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт атаныңнақыл сөздері таратылады.

 

Олар нақыл сөзді оқып өзіндік пікірін ортаға салады.

 

                                  Қанатты  сөздер:

 

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

 

Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес;

 

Дәулетті ұлыңболса, ошағыңныңқоры болар,

 

Дәулетсіз ұл болса, ошағыңныңқоры болар;

 

Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;

 

Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;

 

Көңілі пасықерде дәулет болмас;

 

Қар қаншама қалыңжауғанмен - жазға бармас;

 

Ата даңқын шығарып, өзініңтегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.

Сабаққорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастырамын,

 

Өзекті тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?

 

Бағалау кезеңі:

р/с                                                      

Оқушыныңаты-жөні                       

«Ой қозғау» сатысы                        

«Ой жалғау» сатысы                       

«Ойтолғау»

 

сатысы                                              

«Пікір-талас»                                    

Қорытынды баға

 

Үй жұмысы:

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қорқыт ата кітабы» 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2017 1020
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейдахметова Асемгуль Нуржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58394
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой