Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок "Наурыз көже"

Открытый урок "Наурыз көже"

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы : «Наурыз көже».
Мақсаты
:

1/Оқушыларға наурыз мейрамының ерекшелігі туралы мағлұмат бере отырып, наурыз көженің маңызын түсіндіру. Наурыз көженің жасалу жолын үйрету.
2) Оқушылардың ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту. Дүниетанымдарын кеңейту.
3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбие беру.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу әдістері.
Көрнекілігі: наурыз мерекесі туралы видео, сюжетті суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақ барысы:

 

 


І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды түгелдеу

Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы

Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.       

 

Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.

Құтты болсын Наурыз,

Ұлы күні ұлыстың !

Бүгін сабағымызға қонақтар келді, сондықтан біз өз білімдерімізді көрсетуге тырысамыз. Ендеше, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.  

ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.

 «Наурыз» мәтінін мазмұндау.

Наурыз мейрамы-көктем айында тойланады. Наурыз-көне иран сөзі, қазақша мағынасы"жаңа күн дегенді білдіреді. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы-жаңа жыл. Күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойы-ұлыстың ұлы күні деп атаған. "Ұлыс" деген сөз мемлекет ел деген мағынаны білдіреді.Наурыз –Ұлыстың ұлы күні, мейрам. Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді, ойын-сауық өткізеді. Жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады. Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсың!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Наурыз-халық мейрам.
миға шабуыл:

1.      Наурыз мейрамы қашан тойланады?

2.      Наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді?

3.      Наурыз мейрамы неліктен 22- наурызда аталып өтеді?

4.      Наурыз мерекесінде қандай тілектер айылады?

5.      Наурыз мерекесінде әр үйде пісірілетін ас қалай аталады?

  1. Наурыз сөзі қай тілден енген? Парсы
  2. Наурыз көже азықтың неше түрінен жасалады? 7
  3. Наурызды халық қалай атаған?  Ұлыс
  4. Қазақ халқы наурыз мерекесін қалай өткізеді?
  5. Жаңа жылды адамдар қалай қарсы алады?
  6. Наурыз айында туған балаға қазақтар қандай ат қойған? Наурызбай, Наурызгүл
  7. Наурыздың белгісі не? Қызғалдақ
  8. Наурыз түні әр үйге келіп бақыт, жақсылық тілеуші адам? Қыдыр ата
  9. Наурыз көжеге қандай азық-түліктер қосылған? /бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май/

15.   1991 жылы 15 наурыздағы Презеденттің жарлығымен қандай мереке тойлана бастады?

 

 

ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалім: Балалар, тақтаға назар аударыңдар қазір біз  сөзжұмбақты шешейік.


1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)
2. Балалар  ойыны. (Айгөлек)

3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)
4. Қасиетті ай (Рамазан)
5. Ас үйде қолданылатын жиһаз (Ыдыс)
6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? (Зерен)
7. Ұлттық сусын (Көже)
8. Қазақстанның қаласы (Өскемен)
9. Қасиетті сан (Жеті)
10.Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)
Балалар, қараңдаршы қандай сөз шықты? - Наурыз көже
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Наурыз көже деп аталады.

   

Жаңа сөздер

Наурыз көже - молочно - просевной кислый суп

Ұлттық тағамдар-национальные блюда

Азық-түлік-продукты

Әдейі-специально

Жамбас-

Қазы-

Келген кісі-гости

Тәрбиелік мәні-воспитательное значение

Жомарттыққа-щедрости

Ізгілікке- доброте

Татулыққа- единству

Наурыз көже

 

Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің  дастарханы бұл күні  наурыз көжемен  бірге ұлттық тағамдарға  толады. Наурыз көже су мен тұздан басқа кеміне жеті түрлі азықты /бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май/ пайдалану арқылы пісіріледі. Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мүшелер /жамбас, қазы/, айран немесе құрт қосылады. Наурыз  көжеге ауылдағы әр үй бірін-бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен көже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілеу айтып, бата берген. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

 

1 деңгей Мәтін бойынша диалог құрайды

Сұрақтар:

1.       Наурыз тойының қандай дәстүрі бар?

2.       Наурыз күні не дайындайды?

3.       Әр үйдің дастарханы немен толады?

4.       Наурыз көже қандай азық-түлік арқылы пісіріледі?

5.       Бұл асқа соғымнан  қандай мүшелер қосылады?

6.       Наурыз көжеге кімді шақырады?

7.       Келген кісі нені ішкен?

8.       Көже ішіп болған соң , батаны кім берген??

9.       Наурыз көженің тәрбиелік маңызы бар ма?

10.   Ол адамдарды қайда шақырады?

 

2 деңгей  Мәтінін мазмұнын айтып береді.

 

3 деңгей. Берілген суретті әңгімелетеді.

Көктемнің алғашқы айы мен бірге келетін ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі 22- наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан –жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады. Бұл күні әрбір үйде қазан асылып, наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі дәм қосылады: айран, ет, сүт, құрт, тұз, май, тары.

 

Наурыз көже дайындау әдісін бізге Қабдулова Тоғжан айтып береді.

http://tagamdar.kz/img/salattar/nauruz_koze.jpgНаурыз көже құрамы:

§  0,5 кг жылқы еті

§  100 гр қазы

§  0,5 кг қой еті

§  2,5 литр су

§  100 грамм бидай

§  100 грамм күріш

§  100 грамм жарма

§  100 грамм тары

§  тұз;

§  айран-1 стақан;

§  құрт

 

Наурыз көже дайындау әдісі:
Етті жуып, қазанға суға саламыз. Су бір қайнағанда көбігін алып, тұздаймыз. Ет піскенше отын басып қоямыз. Күріш, бидай, жарма тарыны қосып, пісіреміз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз.

 

Кілтсөздері:бидай көже, жүгері көже, наурыз көже, наурыз көже рецепт, наурыз көже құрамы

 

«Наурыз»,  «Наурыз көже» туралы  оқушылар өлеңдерді  дайындап келді. Тамашалайық.

«Наурыз көже». 
Наурыз тойын әдемі, 
Әжем еске түсірді. 
Біздерге арнап әдейі, 
Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже 
Дәм әзірлеу басталды. 
Әжем Наурыз көжеге, 
Жеті түрлі ас салды.

Бидай, тары, күріш бар, 
Бар сүт ет пен шұжығы 
Ашы құрты тағы бар, 
Көже елдің ырғызы.

Салтымен ата-бабамның 
Жаңғырды қайта заманым! 
Жаңа жыл басы-Бұл Наурыз! 
Қайырлы болсын, қадамын!

 

 

 

*****

Наурыз тойы – береке
Наурыз тойы – жыр, аңыз
Қызыл дулы мереке
Қызық думан құрамыз
Күн әкелген жыл керім
Күллі дүние жайдары
Желкілдетіп гүлдерін
Жер анамыз жайнады
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас – кәріміз
Би билейік бәріміз

 

***

Наурыз келді алақай, 
Кел билейік балақай, 
Бізде қарап тұрмайық, 
Тойға шашу шашайық! 
Той думанға келіңіз, 
Тамашалап көріңіз, 
Ән айтайық бәріміз, 
Қол соғайық бәріміз! 
Наурыз тойы - елдің тойы, 
Көктем тойы - төлдің тойы. 
Ән айтатын күні бойы 
Жақсы көрем Наурыз тойын!

***

Жыл басы – Наурыз мереке, 
Ақ нұрға әлем боянды. 
Наурыз тойы береке 
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз, 
Жердің басы Наурыз. 
Мерекеге арналсын 
Бүгінгі жыр- әніміз.

 

IV.Граматикалық минимум

Стратегиямен жұмыс. Синквейн

1.Зат есім

2.2  сын есім

3. 3 етістік

4.Сөйлем

5.Синоним

 

1. Кім? Не? Наурыз
2. Қандай? жылы, әдемі
3. Не істеді? жылынды, еріді,өсті
4.
Сөйлем Наурыз қазақтың мейрамы
5. Мағыналы сөз Жаңа жыл

 

 

1. Кім? Не? Көктем
2. Қандай?
Тамаша, жасыл
3. Не істеді?
Келеді, көгереді, жарқырайды

4. Сөйлем    Көктем керемет жыл мезгілі.
5. Мағыналы сөз
  Жаңа жыл

 

 

1.     Наурыз

2.     Жаңа, көңілді

3.     Тойлайды, тілейді, теңеледі

4.     22 – наурыз – Наурыз мерекесі

5.     Жаңа жыл

 

1.       Көже

2.       Дәмді, тәтті

3.       Пісіріледі, дайындалады, әзірленеді

4.       Көже дәмдә ас.

5.       Тағам.

1.       Бәйшешек

2.       Әсем, көрікті

3.       Өседі, гүлденеді, шығады

4.       Бәйшешек көктемнің бірінші гүлі.

5.       Гүл.

1.       Мереке

2.       Қызықты, мелекеттік.

3.       Келеді, болады, тойланады.

4.       Наурыз халық  мереке.

5.       Мағыналы сөз: мейрам

 

2 тапсырма: қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар
(интерактив тақтада, флипчарт арқылы)
1. Наурызда күн мен  түн теңеледі.
2. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады.
3. Өзеңдерде сең жүре бастайды.
4. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады.
5. Көктемде жер  жібиді күндіз, кешке қатады.

6.Әр үйде наурыз көже  пісіріледі.

7.Наурызда адамдар бір – біріне бақыт тілейді.

Қажетті сөздер: жібиді, сең, бұлтты, түн, бүршіктер, қатады, пісіріледі, бақыт тілейді.

3 тапсырма. (интерактив тақтада, флипчарт арқылы)сөйлемдерді етістіктермен толықтырып оқып көшіріп жаз.
1. Қыстан кейін көптен күткен көктем ________.
2. Наурыздан бастап күн жылына__________.
3. Қар ______.
4. Ағаштар бүршік _________.
5. Жер беті гүл - бәйшешекке ___________.

 

 

4 тапсырма. Сөздерді сәйкестендір.

Наурыз

Қар

Күн мен түн

Наурыз көже

Жеті түрлі

Бұл күн

теңеледі

тағам

демалыс күні

мереке

ериді

әзірлейді


5 тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар.

1.       Наурыз- күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.

2.       Наурыз күні имандылық мереке.

3.       Наурыз көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс мошылық бастауы.

4.       Наурыз мерекесі мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

 

V. Қорытынды.

1. «Наурыз»  мейрамын неліктен наурыз айында тойлайды?  (22 наурыз күн мен түннің теңелген күні, бұл күннен бастап жаңа жыл басталады, жыл басы, жан-жауарлар оянып, жерге көк шығады)

2. Наурыз мерекесінің басты тағамы? (Наурыз көже)

3. Наурыз көженің құрамына не қосылады? (Көженің құрамына міндетті түрде 7 түрлі тағам қосылады, ет, бидай, арпа, күріш, айран немесе сүт, су, түз т.б.)

4. Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Наурыз меркесінде түрлі ойындар өткізіледі, ақындар айтысы, жастар алтыбақан жанына жиналады, адамдар бір-біріне қонаққа барады, сыйлықтар сыйлайды)

Наурызда адамдар бір-бірімен құшақтасып көріседі. (оқушылар тұрып, үш рет құшақтасып, көріседі)

Халық наурызға арнап өлең-жыр шығарған. Ол наурыз жырлары деп аталады. Әдебиеттен жаттаған өлеңді бірге айтып, бір-бірімізді құттықтайық.

Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс ақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле – жала жерге енсін!

Сөйтіп, адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән-күйге жалғасады.

 

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

1 деңгей . «Наурыз көже» мәтінін мазмұндап келу.

2-деңгей. «Наурыз туралы бір шумақ өлең шығару».

 

ҮІІІ. Рефлексия: сабағымыз аяқталды, бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, енді смайлік арқылы өз көңілдерін көрсетіңдер. Тақтаға шығып смайліктерді мына жерге жабыстырыңдар.  Көңілім жақсы, орташа, жаман.

 

Міне құрметті ұстаздар, оқушылар «Наурыз көже» деген атпен  ашық сабағымыз  аяқталды. Барлықтарын Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын! Қош сау болыңдар!

Хасангалиев Алишер Р. Рымбаеваның  «Наурыз» әнін бізге шырқайды. Тамашалайық.

 

ҮІІ. Бағалау

 

Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок "Наурыз көже""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2016 4286
    • DOCX 77.7 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куйшинова Зулиха Шайкимелевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куйшинова Зулиха Шайкимелевна
    Куйшинова Зулиха Шайкимелевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4885
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 302 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Основы финансового рынка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе