Инфоурок Информатика ПрезентацииПаскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. 9 сынып

Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. 9 сынып

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Паскаль программалау тілі.ppt

Скачать материал "Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. 9 сынып"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 9-сынып Pascal программалау тіліПаскаль тілінің негізгі элементтеріТілдің алф...

    1 слайд

    9-сынып
    Pascal программалау тілі
    Паскаль тілінің негізгі элементтері
    Тілдің алфавиті. Тілдің қарапайым
    объектілері

  • МақсатыБілімділік: Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері ту...

    2 слайд

    Мақсаты
    Білімділік: Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы айту, түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету.
    Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
    Тәрбиелік. Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

  • Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыр...

    3 слайд

    Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
    Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағы
    Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
    Сабақтың көрнекілігі: Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек-сызбалар.
    Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.
    Сабақтың барысы:
    І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу, түгелдеу.
    2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
    3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеруАлгоритмен программаның қандай 
ұқсастықта...

    4 слайд

    ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру
    Алгоритмен программаның қандай
    ұқсастықтары
    мен айырмашылықтары бар?
    Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
    Алгоритм-берілген есептің
    шығару жолын реттелген амалдар
    тізбегі түріне келтіру.
    Программа-командалар тізбегі
    Әрекеттердің тізбектей
    орындалуын
    сипайттынтын алгоритм
    Құрама командалар құрылымдары?
    Сызықтық, тармақталу, циклдік
    Компьютерде есеп шығару кезеңдері?

  • А) берілген есепті математикалық 
түрде өрнектеу; 
Ә) есеп шығарудың компьюте...

    5 слайд

    А) берілген есепті математикалық
    түрде өрнектеу;
    Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық
    тәсілін анықтау;
    Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
    В) есепті компьютерде шығару программасын құру және
    оның қатесін түзету.
    Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін
    жинақтау.
    Д) компьютерде есеп шығару және
    шыққан нәтижені
    іс жүзінде қолдану.

  • ІІІ. Жаңа түсінік беруПаскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық
 ғалым Ник...

    6 слайд

    ІІІ. Жаңа түсінік беру
    Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық
    ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі
    ретінде ұсынған болатын.
    Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол
    кездерде кең таралған
    АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда
    жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.
    Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын
    компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
    Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі
    есептерді шығара алатын,
    кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

  • Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:тақырыпСипаттау бөліміОператорл...

    7 слайд

    Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:
    тақырып
    Сипаттау бөлімі
    Операторлар бөлімі

  • Кез келген программаның алғашқы жолы

PROGRAM сөзінен басталатын оның 
тақыры...

    8 слайд

    Кез келген программаның алғашқы жолы

    PROGRAM сөзінен басталатын оның
    тақырыбынан тұрады.

    Одан кейін программаның ішкі объектілерінің
    Сипатталу бөлімі жазылады.

  • Программаның соңғы және негізгі бөлімі 
операторлар бөлімі болып табылады..
О...

    9 слайд

    Программаның соңғы және негізгі бөлімі
    операторлар бөлімі болып табылады..
    Орындалатын іс-әрекеттер, командалар, осы
    бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен
    басталып end сөзімен аяқталады.

  • PROGRAM  BASTAU:  СИПАТТАУ БӨЛІМІ     begin   ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІПаскаль тілін...

    10 слайд

    PROGRAM BASTAU:
    СИПАТТАУ БӨЛІМІ
    begin
    ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ
    Паскаль тіліндегі программа құрылымы
    end

  • Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер: Деректер – сан мәндері м...

    11 слайд

    Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер:
    Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде
    қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т.б. Осы тәрізді
    құрылымдар, немесе солардың адрестері.

    Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
    енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

    Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді меншіктеу,
    соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды.

    Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға,
    дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

    Цикл- белгілі бір шарттар орындалған (кейде орындалмаған) жағдайда көрсетілген
    командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін
    санмен беріледі.

  • Электронды оқулықпен түсіндірілу

    12 слайд

    Электронды оқулықпен түсіндірілу

  • 13 слайд

  • 14 слайд

  • 15 слайд

  • 16 слайд

  • ІҮ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық 
жұмыстар,...

    17 слайд

    ІҮ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық
    жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар)
    "Ойлан, тап"
    Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық
    ғалым .... ... қолайлы программалау тілі
    ретінде ұсынған болатын.

    Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: ...........,
    ......, ......



    Кез келген программаның алғашқы жолы ............ сөзінен
    басталатын оның тақырыбынан тұрады.
    Одан кейін программаның ішкі объектілерінің ........... жазылады

    Никлаус Вирт
    Тақырып,
    Сипаттау бөлімі
    Операторлар бөлімі
    PROGRAM
    Сипаттау бөлімі

  • "Кім жылдам?"

Бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
 енгізу-шығ...

    18 слайд

    "Кім жылдам?"


    Бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
    енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы
    жүзеге асырылады.


    Деректер
    Дерек енгізу
    Нәтиже
    алу
    Цикл

  • Берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, 
соларды өңдеу, салыстыру амал...

    19 слайд



    Берілген және есептелген мәндерді меншіктеу,
    соларды өңдеу, салыстыру амалдарын
    орындайды.


    Операциялар
    немесе
    амалдар
    Деректер
    Нәтиже
    алу

    Цикл

  • Ү. Оқушылар еңбегін бағалауҮІ. Үй тапсырмасы. 
Паскаль - программалау тілі. П...

    20 слайд

    Ү. Оқушылар еңбегін бағалау
    ҮІ. Үй тапсырмасы.
    Паскаль - программалау тілі. Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу. 2.1-2.2 кесте

  • Назар 
аударғандарыңызға
рахмет

    21 слайд

    Назар
    аударғандарыңызға
    рахмет

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Сабақ жоспары.docx

Пән аты:   Информатика

Сыныбы:  9 сынып

Сабақтың тақырыбы:       Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері.

                                          Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары.

                                                                     Тілдің қарапайым обьектілері.

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Білім білікті қалыптастыру сабағы

Сабақтың барысы:   

                                    1. Ұйымдастыру

                                    2. Өткен материалды қайталау

                                    3. Жаңа сабақты түсіндіру

                                    4. Сабақты бекіту

                                    5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
  • Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
  • Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  • Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
  • Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?

Жаңа сабақты түсіндіру

           Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.

          Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

          Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

         Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

          Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.

          Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.

Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. 

Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

            Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

-          атаулар (идентификатор);

-          цифрлар;

-          айыру белгілері;

-          арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу;                                (-) –азайту;

(*) – көбейту;                          (/) – бөлу.

DIV –  және (логикалық көбейту) операциясы;

MOD –  қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;

Логикалық амал белгілері:

AND –  және (логикалық көбейту) операциясы;

OR –  немесе (логикалық қосу) операциясы;

NOT емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR –  арифметикалық немесе амалы;

SHL –  биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);  , (үтір);  . (нүкте);  : (қос нүкте);  ; (нүктелі үтір) ;    `  (апостроф); (;); [;] ; {;}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең),  <>(тең емес),  < (кіші),  >(үлкен),        <=  (кіші не тең),  >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.

Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.

Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.

                                               Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым  объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real  деп жазылады.

Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.

2. Атау – идентификатор (identification – объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.

Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.

3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.

Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15;  g = 9.8; pi = 3.14 т.б.

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.   

  Сабақты бекіту сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
  • Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?

 

Үйге тапсырма: §2.1 – § 2.4 тақырыпты оқу.  2.1 - 2.2- кесте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Паскаль – программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары. Тілдің қарапайым обьектілері. 9 сынып"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері, Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

 

        Сабақтың түрі:    Білім білікті қалыптастыру сабағы

Сабақта Паскаль тілінің негізін қалаушы туралы толық мәлімет берілген

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 5614
    • RAR 1.5 мбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Usarova Nurbike Iskandarovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Usarova Nurbike Iskandarovna
    Usarova Nurbike Iskandarovna
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34664
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе