Инфоурок Другое СтатьиПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ

ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ

Скачать материал

ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ

 

Бабашева Гаухар Әміржанқызы

Атырау аграрлы-техникалық колледжі

Техникалық ғылымдар магистрі.

 

Н. Ә. Назарбаев жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын.
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық.
Елбасының халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – кәсіби білімнің көкжиегін кеңіту, осы салада инновациялық әдістер мен технологияларды сауатты қолдану. Атырау аграрлы-техникалық колледжінің де басты бағдары – осы. Мұнайлы аймақтағы уақытпен сыналған, тәжірибемен шыңдалған бұл білім ордасы үшін әр студенттің болашағы маңызды. Бұл ретте білім көкжиегіндегі әр жаңалыққа маңыз беріп, жаңа технологияларды қолданысқа енгізуде жаңашылдық танытып отыратын әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен тәжірибелік біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

            Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсіну қажет. Сондықтан,жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы студенттерге таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. Осы тұрғыда білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып келеміз.Олар:

– проблемалық оқыту технологиясы;

– кері байланыс технологиясы;

– жобалап оқыту технологиясы;

– интерактивті оқыту технологиясы;

            – ойын технологиясы;

– модульдік оқыту технологиясы;

-  дамыта оқыту технологиясы;

-  кейс технологиясы.

Қазіргі таңда оқудың интерактивті əдіс- тəсілдері өте көп. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологиялардың бірі Марал Мәденқызы Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады.Оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының  алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны , қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы. Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жұмсалады. Алған білімдері күнделікті бақылау, тексеру əдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нəтижесінде, пəн бойынша рейтинг жəне аралық бақылау жүргізіледі [2]. Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар əр тақырып бойынша: актуалдану модулі; теориялық модуль; практикалық модуль; қателер модулі; тексеру модулі; технологиялық карта модульдердің болуы қажет.

Мен өз іс-тәжірибемде М.М.Жанпеиісованың «Модульдік технологиясының» элементтерін  140100-«Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Құрылыс–монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясы»  пәнінде былтырғы оқу жылынан бастап қолданамын. Себебі, білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі-студенттерді өзін-өзі басқаруға үйрету. Студент санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және студенттің қабілет деңгейлерін дамытуда осы технологияның маңызы ерекше екендігі мәлім. Олай  дейтінім, жаңа технология әдістері студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға,жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені,модульдік оқыту технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, жұптық, пікірталастар, диспуттар) қолдануға мол мүмкіндіктер бар.

            Модульдік оқытудың құрылымы:

1.    Оқу модулінің кіріспе бөлімі

2.    Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

3.    Оқу модулінің қорытынды бөлімі

Оқу үрдісін басқару сабақ үстінде оқытушы мен студент, студент пен студент арасында өзара белсенді қарым-қатынастың жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Сондықтан бөлімде жүргізілетін  оқу үрдісін басқаруына М.М. Жанпейісованың  модульдік оқыту әдістемесі  көп нәтиже беретінін айқындадым. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді: студенттерге оқытушы алдын ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын таратып береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан студент өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп  шығуы керектігі жөнінде мағлұмат алады.Ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда студент өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателегін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады.Әр студенттің білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.

Осы модульдің тиімділігі– оқытушы мен студенттердің құзыреттілігінің өсуіне əкеледі.Модульдік технология жаңа жəне қалыптасқан дəстүрлі əдістерді сабақтастырып қолдануымен қызықты əрі тиімді[2].                         

            Өз тәжірибемде жаңа тақырыпты оқыту барысында модульдің кіріспе бөлімінен бастаймын. Мысалы, пән бағдарламасында «Жұмыс өндірісін және құрылыс ұйымдастырылуын жобалау» атты модульдің құрылымымен, мақсатымен таныстырамын. Сонан соң сөйлесу бөлімінде топты негізінен 6 студенттен шағын топтарға бөлу арқылы олардың өзара белсенді әрекеттенуіне ықпал жасаймын. Сөйлесу бөлімінде тыңдау, жазу, көру, айту мүмкіндіктері ескерілген. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде келесі белсенді формаларды қолданамын: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг» ,"Ойлан да тап"  оқыта үйрену ойындары, сауалнама "Бос қалған сөздерді толтырыңыз" және пікірталастық, рөлдік оқыта үйрету ойындары, жеке-топтық жұмыс формасын, өзара оқыту, оқыта үйрену ойындарын қолданамын.

Әсіресе, оқыту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолданамын. Себебі, топтық жұмыс студент пен студент, студент пен  мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Студенттердің топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтаймын, тексеру мен бағалаудың әдідік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы студенттің белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу.

Мысалы: «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны. Әр топ өз тапсырмаларын - оқу материалының қандай бір бөлігін оқып –үйреніп - алады да, түсіндіруге дайындалады.

Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу әдістерін енгіздім. Сонымен қатар, өз тәжірибемде 140100-«Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Сылақ жұмыстары» оқу тәжірибесін өткізу барысында  оқытуда қолданатын тәсілдің бірі біріктіліген (бинарлық) сабақ ретінде өткіздім. Бұл сабақты арнайы пәндер (арнайы технология) және өндірістік оқыту сабағында бір-бірімен байланысты материалды қосарландыра қолдана отырып, бір-бірімен байланыстырдым. Бірдей материалды өткен кезде өткізілетін сабақ, бұл сабақты  өндірістік тәжірибесі мол, бейіні сәйкес пәннен беретін маманмен бірігіп өткіздім. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді: екі еселенген бинарлық мақсатқа жету білімді меңгерту және оны бір мезгілде тәжірибемен байланыстыру, сонымен қатар біліктілік және оқу дағдысын қалыптастырады; оқытудың теориялық және өндірістік әдістерді біріктіре отырып бірыңғай ортақ бірлескен сабақ; бұл сабақта теорияның тәжірибемен тығыз байланыстырып, тақырып бойынша теориялық білімді студенттерге жеткізіп, алған теориялық білім арқылы тәжірибе жүзінде өздері жасап үйренді; сабақтың материалдық-техникалық және методикалық жағынан қамтылуы бір мезгілде білімді меңгерте отырып оның шеберлігін арттыруға көмектеседі.Осы әдісті қолданып, оқыту арқылы өз тәжірибемде студенттерді теория мен тәжірибені ұштастыра оқытамын.

Сонымен қатар, дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.

          Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»  дегеніндей,  біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.  Студенттердің құзыреттілігін өз тәжірибемде арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану студенттердің  қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға жəне алған мəліметтерді нақтылауға білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.         

Өз тәжірибемде күнделікті сабақта қолданатын ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

- студенттің өз бетімен жұмысына;

- уақытын үнемдеуге;

- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-  студенттің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді.

Мен өз іс-тәжірибемде сабақта ақпараттық құзыреттілікті дамыта оқыту мақсатында интерактивті техника және технологияларды қолдануға жұмыстанамын. Жаңа технологияларды пайдалану студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде стуенттер өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал студенттердің өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл студент – дарынды студент. Дарынды стуенттер – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады. Елдің ертеңі оқу білімінің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем  адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының  басты мақсаты: оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс       істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және олардың шынайы өмірдегі дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.

Педагогикалық ғалым мен озық тəжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту əдіс- тəсілдерінің бəрін де еркін игеріп, əрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу жəне олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді əрі шығармашылықпен қолдану – сабақтың сəтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мəселелерге баса назар аударғым келеді.Әр оқытушы сəтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге əрекет жасау керек. Білім мен тəрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-əдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет. Оқытушы күнделікті əр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ- оқытушының өнері, шығармасы. Сондықтан əр сабақты тиімді ұйымдастыруда білім алушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді[4].Бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Осы орайда, жазушы Ə.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – қоғам мен оқытушы. Сондықтан да жаңа заман форматындағы құзыретті тұлғаны тəрбиелеу оқытушы міндеті деп есептеймін.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

2. М.М. Жанпейісова.Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде,

    Алматы, 2004ж

3.Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

4.Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. К.С.Құдайбергенова. Алматы 2007.

 

Өтініш парағы

Аты-жөні

Бабашева Гаухар Амиржановна

Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы

Техникалық ғылымдар магистрі

 

Жұмыс орны

Атырау аграрлы-техникалық колледжі

Баяндама тақырыбы

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі-нәтижеге бағытталған білім сапасын көтерудің факторы

Секциясы

№3.Жаңа форматтағы педагог құзыреттілігі және кәсіби дамуы.

Қажетті техникалық-құрал жабдықтар

Интерактивті тақта.

Байланыс телефондары

8(702)275-37-37.

Электрондық поштасы Е-mail

bgauhar88@mail.ru

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсіну қажет. Сондықтан,жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.р

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 628 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2017 1138
    • DOCX 63.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бабашева Гаухар Амиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бабашева Гаухар Амиржановна
    Бабашева Гаухар Амиржановна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18707
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе