Инфоурок Другое Статьи«Педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі-қабілетті және дарынды баланың табыстылығының кепілі ретінде»

«Педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі-қабілетті және дарынды баланың табыстылығының кепілі ретінде»

Скачать материал

«Педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі-қабілетті және дарынды баланың табыстылығының кепілі ретінде»

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі
мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,
Қазақстан сол деңгейде болады, сондықтан ұстазға міндет ауыр.» 
Н.Ә.Назарбаев

                    Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

             «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары:                                                                                                                                                                       1.Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.                                                                                    2.Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.                                                                                             3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.                                                                                                                                                     4.Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті.                                   5.Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.                                                                                                                                                                     6.Тиімді шешім қабылдау қабілеті.                                                                           «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.                                                 Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – деген сөздері  ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе? Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы  жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап  етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс – әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды, құзырлықтарын үнемі дамытуды талап етеді.Жоғары мәдениетті адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады.                                                                                                                                           Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның  тапсырысы.                                                          

      Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемді тұлға болуы тиіс. Ол үшін мұғалім оқыту мен  тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп,өз ісінің шебері болуы міндетті. Мұғалімдер теориясы мен практикасын үйлестіріп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп, соның бәрін әдіснамалық тұрғыдан игеруі тиіс. Бәсекеге қабілетті қоғамдағы ұстаздың моделі де осындай – шәкірттерін білімділік, іскерлік дағдылары өскелең, өмір талабына сай тәрбиелейтін, өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай білетін өмірлік көзқарасы, құндылық қасиеттері бар шығармашыл жеке тұлға.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,ең алдымен, мақсат-міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға  тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ғұлама данышпан Әл-Фараби: «Ұстаз …жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, …алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ  және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»,- деген болатын. Демек, кәсіби шебер мұғалімнің міндетті талаптары осыған сай болса керек.

Оқушының оқылатын пәнге деген қарым-қатынасын, көзқарасын анықтаушы бірден-бір адам – мұғалім. Кез-келген оқушы әуелі мұғалімді, сосын барып пәнді не мәңгілік сүйіп, не өмір бойы жек көріп кетеді. Сол себепті мұғалім оқушының өміріне өзгерістер енгізеді. Жанына жақын пәннің мұғалімі көңіліне жақпаса, оқушы ол пәннен алшақтай береді де, жат дүние болуы мүмкін. Сондықтан әр ұстаз оқушының көңіл пернесін дәл басуы, өз пәнін екі жаққа да тиімді әдістермен өткізуі тиіс. Нағыз кәсіби шеберлік осыдан бастау алса керек. Ендеше, математика пәні мұғаліміне артылар жүк ауыр. Математик ұстаз өзін сыйлата білу үшін өзін мойындатуы керек. Ал оқушыға бір нәрсені мойындату біраз еңбекті қажет етеді. Әсіресе ХХІ ғасыр «ойыншықтары»- интернет, теледидар, онлайн, т.б. қасында мұғалім беделін арттыру оңай шаруа емес. Олай болса, математика пәнін жүргізетін  мұғалім қандай болуы керек?

Біріншіден, менің ойымша, мұғалім жан-жақты жаңашыл, қызықтыра алар қабілетті болуы керек. Өйткені оқушының айналасы қызылды-жасыл дүние: теледидар, компьютер, автомат ойындар. Осылармен жарыса жаңарып отыру керек, олардың көлеңкесінде қалып қойып, пәніңіз де, өзіңіз де оқушы өмірінде екінші, үшінші орынға шығып қалсаңыз жағдайды түзету оңайға соқпайды. Жаңашыл болудан қорықпаңыз, оқушылармен бірге олардың өміріне еніп кетіңіз: олар көретін фильмдерін, тыңдайтын музыкаларын, ойнайтын ойындарын, табынатын әнші, әртістерінен түгелдей хабардар болуға тырысыңыз. Оқушымен өз тілінде сөйлесіңіз. Сонда ғана оқушы көңілі сізге ауады. Ал оқушы көңілі сізде болғаннан кейін пәніңізге де қызығушылығы артады. Қызығу бар жерде ынта, ықылас болады. Ынта бар жерде сапа бар. Ал, керісінше, оқушыға есінен тандыра ұрсып, бала санасына сіңген дүниені сыпырып тастаймын деуден сіз де шаршайсыз, бала да шаршайды. Қайта оқушы өзіңізден алшақтап, тәрбие бұлағын мүлде басқа ортадан табуы мүмкін. Жасөспірімдердің түрлі діни секталарға қосылып немесе суицидке бой алдыруы осыдан келуі де мүмкін. Мұғалімін сыйлайтын оқушыға кез-келген ақпаратты сіңіріп, соның жемісін талап етуге болады. Яғни, бір сөзбен айтқанда, оқушының қалыптасуынан қалып қоймауымыз керек.

Екіншіден,ешқашан баланы қинап оқыта алмаймыз. «Қайтсең де осы формуланы немесе теореманы жаттап ал, әйтпесе келуші болма» деген сияқты сөздерден оқушының пәнге деген жиіркеніші оңай туады. Өз санасының жетегімен істелмеген дүние оның көкейіне мүлде қонбайды. Түсінбеген дүниені түйсіну мүмкін емес. Мұндайды болдырмау үшін тағы да оқушымен  «өзінің тілінде» сөйлесіңіз. Қызықтырыңыз, түсіндіріңіз, бірақ қинамаңыз.

Үшіншіден,оқушыдан талап еткенді өзіңіз де орындайтын болыңыз. Оқушы әуелі сізді үлгі етеді. Қызығуын тудырған мұғалім не жасаса, оқушы соны жасауға әрекет қылады. Тақырып барысында өтетін формуланы жаттап алыңыз. Оқушыны ақпараттың астында қалдыра бермей, жай ғана негіз салушы болыңыз. Өйткені алдыңыздағы оқушының барлығын  бірдей математик болуға ете алмайсыз. Міне, осы үш нәрсені ескерсек, ХХІ ғасыр «ойыншықтарының» алдына шыға аламыз, олардан озық отырсақ, сапалы білім, саналы тәрбие берер кәсіби маман бола алмақпыз.

ХХІ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – деген екен. Ұлт болашағына жаны ашитын әрбір мектеп мұғалімі сабақ беру үрдісін жетілдіріп, оны ұйымдастыруға аса жауапты міндет жүктеледі. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін, әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігі-қабілетті және дарынды баланың табыстылығының кепілі ретінде»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары: 1.Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 2.Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. 3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 487 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2020 574
    • DOCX 19.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапабекова Асем Сагымбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапабекова Асем Сагымбаевна
    Сапабекова Асем Сагымбаевна
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6467
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе