Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Рабочие программы / План по географии на тему

План по географии на тему



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 6

Пәні: Физикалық география

Сабақтың тақырыбы: Құрлық сулары

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты: Өзендер. Көлдер. Мұздықтар. Жер асты сулары туралы білім беру. құрлық сулары түрлері бойынша орналасу және даму көрсеткіштерін сипаттау.
Дамытушылық мақсаты: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, өз ойларын айту, топпен

жұмыс

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, оқушы

атласы

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы сұрау.

1. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
2. Мұхит суының қасиеттері.
3. Мұхит суының қозғалыстары.

Жаңа сабақ.
Құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар ен батпақтар, жер асты сулары, жасанды су көздері (бөгендер, каналдар, тоғандар) жатады.

Өзендер. Дүние жүзі өзендері арасында алабы үлкен өзен Амазонка болып табылады, оның су жинау алабы - 7 млн км. Су шығыны деп өзеннің су қимасынан белгілі бір уақыт бірлігі ішінде ағып өтетін су мөлшерін атайды.

Көлдер. Ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды. Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуына байланысты тектоникалық, мұздық, мұздық - тектоникалық, қалдық (реликт), карсты, жанартаулық т. б. болып бөлінеді. Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі шығу тегі жағынан тектоникалық көл болып табылады.

Қырғызстандағы Ыстықкөл, Қазақстан жеріндегі Зайсан, Марқакөл, Шығыс Африка көлдері шығу тегі жағынан тектоникалық көлдер болып табылады.

Мұздықтар. Мұздық деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-шашынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта түзілетін көп жылдық мұз қабатын атайды. Аляскадағы Хабборт мұздығының ұзындығы 145 км - ге жетеді.

Жер асты сулары. Дүние жүзіндегі қалаларда 70 %- дан астамы сумен жер асты суы есебінен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарында жер асты суы көп пайдаланатын аудандарда грунт суының деңгейі төмендеп, оның ластануы байқалуда.

1 - кезең Сұраққа жауап беру.

1. Ертіс өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы?
2. Қазақстан аумағында неше өзен бар?
3. Жазықтарда өзен торлары оңтүстіктен солтүстікке қарай арта ма, кеми ме?
4. Қазақстанның ең ірі өзені?
5. Қар – мұздық типімен қандай аймақтың өзендері қоректенеді?
6. Өзеннің су қимасымен бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін не дейміз?
7. Ертіс – Қарағанды каналын не мақсатта салды?
8. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
9. Қазақстанның су энергетикалық ресурстарға бай өзені?
10. Қарағанды облысы өзендерін ата?

2 - кезең “Тірек сызба”
Көл қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай түрлері бар?
Көл ағысына қарай қандай түрге бөлінеді?
3 - кезең “Әр материкке тән өзен аттарын жазып шығу”
Солтүстік Америка
Оңтүстік Америка

4 – кезең кроссворд
Гидросфера.
1. Өзенде плотина салу арқылы жасалған су қоймасы
2. Материктерді қоршаған су айдыны
3. Құрлықтың бір бөлігін жауып жатқан мұз массасы
4. Өзен арнасында пайда болған тік жартастан судың құлай ағуы
5. Қатты жыныстардан пайда болған өзен арнасының тастақты учаскесі
6. Аса күшті жаңбырдан, қар еруінен су деңгейінің көтерілуі
7. Памир тауындағы ең үлкен мұздық
8. Мұхиттың бір бөлігі
9. Барлық жағынан сумен қоршалған құрлықтың шағын учаскесі
10. Мұхиттың, теңіздің немесе көлдің құрлыққа кіріп жатқан бөлігі

5 – кезең “ Кім жүйрік”
Мақал - мәтел
Судың кепкені - тіршіліктің кеткені.
Сулы жер - нулы жер.
Суды лайлама - балығын шошытасың.
Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке.
Су бергеннің сауабы бар, су төккеннің жауабы бар.
Суы бар жерде өмір бар.

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды:
1. Құрлық суларының қандай түрлері бар? Олардың су айналымындағы маңызы қандай?
2. Өзен жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
3. «Өзендер - климаттың өнімі» дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Көлдерді шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөледі?
5. Мұздықтар қалай пайда болады? Олардың қандай түрлері бар?
6. Мұздықтардың қандай маңызы бар? Оларды пайдаланудың қандай жолдарын ұсына аласыңдар?
7. Жер асты сулары қандай топтарға бөлінеді? Олардың шаруашылық маңызы қандай?

Үйге тапсырма: §12 - 13 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
Өз қалауың бойынша белгілі бір өзеннің сағасын, ағыс бағыты, ұзындығы мен тереңдігін, бастауын анықтау.

Жұмыс дәптері.

Өзендер ---- Бастауы --- Қайда құяды -- Салалары -- Ұзындығы --- Қоректенуі -- Таситын уақыты
Ертіс
Солтүстік
мұзды
мұхит
Алабы
Есіл
Жайық
Ембі
Сырдария
Шу
Іле








Сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы: 6

Пәні: Физикалық география

Сабақтың тақырыбы: Өзендер

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланы туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, өз ойларын айту, топпен

жұмыс

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, оқушы

атласы

Күтілетін нәтиже:
1. Өзен бөліктерін, пайда болу заңдылығын біледі;
2. Сарқырама мен шоңғалды ажырата біледі
3. Өзендердің суға молығуы мен су режимімен, кәсіптік маңызымен танысады.
4. Өзендерді картадан көрсете алады және кескін картамен жұмыс жасауға дағдыланады.
5. Топпен жұмыс жасау арқылы бір - бірінің идеясын толықтырады және өзара бірін - бірі бағалайды.
6. Суды қорғауға, таза ұстауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Баяндау, суреттеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, электронды оқулық,
Ұйымдастыру формасы: жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

І. Қызығушылықты ояту.
Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау
1. Мұздықтар, жер асты суы туралы жауап алу
- Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
- Мұздықтың өзен, көл немесе теңіз бетінде қатқан мұздан қандай айырмашылығы бар?
- Антарктида материгі мен Гренландия аралында мұздық не себепті теңіз деңгейіне дейін түседі?
- Жер асты суларының қандай түрлері бар?
- Біз тұратын жерде жер асты суы пайдаланыла ма? Қалай?
2. Бүгінгі сабақ тақырыбымен таныстыру. Дәптерге күннің жады мен сабақ тақырыбын жазу.
Оқушылар дәптерге өзенге байланысты сөздер жазу. Жазылған сөздерді топ бір мүшесі оқып шығады, топтастырылады.

ІІ. Мағынаны тану
карта арқылы тапсырмалар көрсетіледі.
1. Өзен құрылысымен танысу.

2. Өзендерді картадан көрсету.
3 Өзендердің пайда болу заңдылықтарын, суға молығуын, қоректену режимін зерттеу.
5. Жергілікті жер өзендеріне қысқаша сипаттама беру.
Арнайы бойлап бір бағытта өтетін су ағыны өзен деп аталады.
Өзен және оның салалары өзен жүйесіне бірігеді
Өзендер жазықтық және тау өзендері болып бөлінеді.

Түрлі сулардың келіп қосылуын өзеннің суға молығуы дейді.
Өзен деңгейінің жыл ішіндегі өзгерісі өзеннің су режимі деп аталады.
Жыл сайын су деңгейінің біршама уақыт көтерілуі тасу деп аталады.
Өзен суының күптеген жерден кенет және қысқа мерзімде көтерілуі тасқын деп аталады.

1. Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып көрсетілген 4 сұраққа жауап беру.
2. Берілген тапсырмалар бойынша плакаттарға орындалады..
3. Әр топ бастапқы өз сұрақтары бойынша тапсырмаларын қорғайды.
4. Өз тапсырмасын қорғаған әр топтан кейін барлық оқушыға тапсырма үлгілері беріледі, оқушылар соның ішінен айтылмағандарын табады, сәйкестендіреді, сәйкес келмейтінін анықтайды және картадан көрсетеді
Тапсырма үлгілері: 1
- Өзен арнайы бойлап бір бағытта өтетін су ағыны;
- Өзен бастауы деп басталатын жері аталады;
- Оң жақтан құятыноң сала деп аталады;
- Өзен деңгейі жыл ішінде өзгереді деп ойлаймын;
- Суайырық екі өзен алабын бірбірінен бөлетін сызық;
- Өзендер таулардан басталуы мүмкін;
- Жер бедері өзен ағысына әсер етуі мүмкін;
- Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенНіл болуы ықтимал;
- Экватор сызығын Канго (Зайр) өзені екі рет кесіп өтеді;
- Өзен арнасын жартас кесе көлденең бөгеп жатса сарқырама пайда болуы мүмкін;
- Шоңғалдар мен сарқырамаларда айырмашылық жоқ;
- Анхель сарқырамасы 1054 м биіктіктен құлап ағады;
- Ежелгі мәдениет ошақтары өзен бойында қалыптасты.


ІІІ. Қорытынды.
Берілген кесте бойынша өзенге сипаттама беру, кескін картаға белгілеу.
І топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ----- Қайдан басталады?----- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Ніл
Дунай
Іле
ІІ топ
Өзеннің аты ----- Қай материкте ----- Қайдан басталады?------- Қайда құяды?----- Ағысының сипаты
Амазонка
Енесей
Ертіс
ІІІ топ
Өзеннің аты ------ Қай материкте ------ Қайдан басталады?------ Қайда құяды?------ Ағысының сипаты
Конго
Объ
Жайық

ІҮ. Бағалау. Топ жетекшісіне берілген кесте арқылы оқушылар өздерінің сабаққа қатысымына байланысты бағалап шығады.
Ү. Үйге тапсырма
1. § 28 оқу.
2. Ірі өзендерді кескін картаға түсіру.
3. Жергілікті өзендерге қысқаша сипаттама беру







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Білімділік мақсаты: Өзендер. Көлдер. Мұздықтар. Жер асты сулары туралы білім беру. құрлық сулары түрлері бойынша орналасу және даму көрсеткіштерін сипаттау.
Дамытушылық мақсаты: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеулеріне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері:баяндау, сұрақ-жауап, өз ойларын айту, топпен

                                   жұмыс

Көрнекіліктер:  Дүние жүзінің физикалық картасы, оқулық, оқушы

                               атласы

Автор
Дата добавления 22.04.2015
Раздел География
Подраздел Рабочие программы
Просмотров238
Номер материала 491628
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх