Инфоурок Другое Другие методич. материалыПланирование по классному часу на тему " Бес нәрседен асық бол" (1 класс)

Планирование по классному часу на тему " Бес нәрседен асық бол" (1 класс)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Бес   нәрсеге асық бол!

Сабақтың  мақсаты:

І.Қазақ  халқының ұлы ақыны  Абай өмірімен  таныстыру.  «Бес нәрседен   қашық   бол,бес нәрсеге   асық бол»  сөздерінің   мәнін ашып меңгерту,ой-өрісін  кеңейту.

ІІ.Сөйлесу  мәдениетін қалыптастыру,сөздік   қорын   дамыту,тіл байлығын  молайту.

ІІІ.Жақсы мен жаман  әдет-қылықтарды  ажырата   білуге,бойларына  жақсы  қасиеттерді жинай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Абай  суреті  , нақыл  сөздер , тақырыбы   жазылған буклет,  плакаттар.

Сабақтың  әдісі: Топтастыру, тірек-сызба,  сұрақ-жауап.

Сабақтың  түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:І. Алғашқы ұйымдастыру.

Гимн.

2.  Балалар бүгінгі тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы:  «Бес  нәрсеге   асық бол»  деп  аталады.

-Ал,бұл сөзді   айтқан кім деп ойлайсыңдар?

-Абай  Құнанбаев.

-Абай  Құнанбаев  кім?

Кіріспе.

Абай-қазақ  халқының ұлы  ақыны.А.  Құнанбаев 1845жылы   туып, 1904 жылы қайтыс болған.Абай Семей облысы,  Абай   ауданында,  Қасқабұлақ  деген жерде  туған.Абайдың  әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың   анасы- Ұлжан  -ақылды,ал әжесі  Зере  ертегілерді,аңыздарды жақсы білген. Абай  әжесінің  тәрбиесінде өскен.  Абай 12 жасынан   бастап,  өлең   жаза бастады. 20-дан астам әндер шығарған  үлкен  сазгер.   Үлкен  аудармашы  болған.  Бірқатар   өлеңдері халық   мүддесін  қорғауға  арналған.Табиғат туралы  лирикалық  өлеңдері  де   жеткілікті.  Жастарға   ақыл-кеңес берер  өлеңдері  де мол.  Абай-қазақтың ұлы  ақыны ,  сазгер,философ,қазақ  жазба  әдебиетінің  негізін салушы.Қазақтың ұлы Абайы,арыстаны-ғұламасы,  ақыны,данышпаны.

Абай деген- терең   ой,терең   арман,

Жарқыраған жұлдыз  бір   алыстағы

Абай  деген  халқының бір белесі,

Оқтайболып  зулаған сұр жебесі.

Жанерке.

Мектеп-кеме,білімді-теңіз десек,

Сол  білімге  бастайтын бір   кемесі.

Ол  ай  мен   күн,олжарық   аспандағы,

Елестетер көзіне жас  баланы

Білім   менен  ғылымның бәйшешегі

Тек  Абайдан бүр жарып басталады.

Мұғалім:

Әрқашан   жақсылық   жасар жақсы   адам болу үшін   аталар  өсиетін,ақылын  көп оқыған,  көңіліне  тоқыған,соны    үнемі орындап жүретін    оқушы болуымыз керек.  «Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай» — дегендей Абай ата  туралы оқушыларды  тыңдайық.

Марат:

  Дана десең  болады,

Дара   десең   болады

Қазағымның кемтігі

Абайменен  толады

Қара  сөзі құрандай

Өлеңдері   тұмардай

Биіктейді  ұлы   Абай

Шыңға  шыққан  шынардай

Аян:

Өлеңі-ақыл, өзі-аңыз,

Абай-  біздің бабамыз.

Өсиетін сондықтан,

Санамызға    жазамыз.

Шен-шекпенге   жасыңнан

Құмар болма  депті  Абай

Милары    жоқ   масылға

Сыңар болма депті   Абай.

Айжан:

 Бүкіл абзал адамның,

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Өсиетін   Абайдың,

Орындап жүр кім қалай?

Мұғалім:

-Абай   атамыздың  жыл  мезгілдерінде   арнап  жазған  өлеңдерін    тыңдап  көрейік.

                                       Күз. (Лаура)

 

Сұр бұлт түсі   суық  қаптайды  аспан

Күз болып  дымқыл   тұман жерді  басқан

Білмеймін   тойғаныма,  тоңғаны  ма

Жылқы  ойнап,   бие   қашып,тай   жарысқан

Бәйшешек,   жасыл   шөп  жоқ  бұрынғыдай

Жастар   күлмес,жүгірмесбала   шулай

Қайыршы шал-кемпірдей   түсі кетіп,

Жапырығынан  айрылған  ағаш қурай

 

                                  Қыс.  (Алмазхан)

Ақ   киімді   денелі   ақ   сақалды,

Соқыр , мылқау  танымас тірі жанды

Үсті-басы   ақ қырау,  түсі   суық

Басқанжері   сықырлап   келіп   қалды.

Дем   алысы үскірік,аяз бен   қар

Кәрі  құдаң қыс  келіп әлек   салды

Ұлпадай  бөркін   киген   оқшырайтып

Аязбенен    қызарып   ажарланды.

 

                                        Жазғытұры.  (Нұрасыл )

 

Жазғытұры   қалмайды   қыстың  сызы,

Масатыдай құлпырар  жердің  жүзі,

Жан-жануар адамзат анталаса

Ата-анадай   елжірер  күннің   көзі

Түйе боздап,қой қоздап,   қорада   шу

Көбелек  пен құстар   да   сайда ду-ду

Гүл  мен  ағаш  майысып  қарағанда

Сыбдыр қағып,бұраңдап  ағады су.

 

                                                 Жаз.(Инабат)

Жаздыкүн  шілде болғанда,

Көкорай   шалғын, бәйшешек

Ұзарып   өсіп  толғанда,

Күркіреп  жатқан  өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны   қылтылдап.

Арасында  құлын-той

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен  үйрек,қаз

Ұшып тұрса сымпылдап

Мұғалім:

Абай шығармалары жастарды  білім алуға,оқуға,еңбекке  шақырады және жас ұрпаққа айтар ақыл-кеңестерге толы.  Сондай өлеңдеріне тоқталайық.

—         Сауат  ашу пәнінен  Абай атамыздың қандай өлеңдерін жаттадық?

—         Әсемпаз  болма   әрнеге.  Сегіз  аяқ.

—         Қане   есімізге түсіріп, айтып   жіберейікші.

                                Сегіз    аяқ.  (Шыңғыс)

Болмасын   кекшіл,

Болсайшы көпшіл.

Жан  аямай  кәсіп қыл

Орынсыз ыржаң  ,

Болымсыз   қылжаң

Бола  ма   дәулет,нәсіп бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды  қарның   тіленбей.

 

                                  Әсемпаз болма  әрнеге. (Қ.АЯН)

Әсемпаз  болма  әрнеге

Өнерпазболсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш  дүниеге

Кетігін тап  та  бар қалан.

                         -Қазір А. Құнанбаевтың  «Ғылым  таппай мақтанба»  деген   өлеңін тыңдап   көрейік

                               Ғылым  таппай  мақтанба.(Наргиза)

Ғылым  таппай  мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып        шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес   нәрседен  қашық  бол

Бес    нәрсеге асық бол

Адам болам   десеңіз

Тілеуің,өмірің   алдыңда

Оған қайғы жесеңіз

Өсек өтірік,   мақтаншақ,

Еріншек, бекер   мал шашпақ

Бес   дұшпаның   білсеңіз

Талап, еңбек,  терең   ой

Қанағат,  рақым,ойлап  қой

Бес асыл іс көнсеңіз

--------------Балалар   оқып   білім   алмай, үйренбей   мақтануға   болмайды.Ғалым   болудың   ең   басты   шарты-ақылды,білімдіболу.  Енді   осы    өлеңде бес дұшпан   және  бес  асыл іс туралы   айтылыпты.

-Қане,  атап   айтып   жіберейікші.

Сызбамен жұмыс.

-өсек

-өтірік

-                                       Бес  дұшпан                                -  мақтаншақ

еріншек

                                              бекер мал шашпақ

 

                                                                             Бес асыл іс                                             талап

                                                           терең ой

еңбек

                                                                                                   қанаға

рақым

Бес  дұшпан     деп отырғаны   адамның  бойындағы жағымсыз,жаман    қасиеттер. Адамдарды  осы бес   нәрседен  сақтандырмақ болған.   Осылардан аулақ  болуға  шақырған.

Бес   асыл   іс деп   отырғаны   адамның бойынан табылуға тиісті жақсы    қасиеттер.  Осыны  бойымызға  сіңіре   білуіміз   қажет.

Қазір  біз   бес дұшпанымыз    туралы тыңдап   көрейік.

                               Өсек.(Мирас )

Адамгершілікке   жатпайтын   жаман  қылықтың бірі- өсек  айту.Өсек  — бұл пыш-пыш  деп  біреуді жамандап  айтылатын сөз екен. Өсек  айтудан   әркез аулақ болайық!

                                Өтірік.  (Еркеш)

Өтірік- өрге   баспайды.  Өтірікші   болу-өліммен   тең.

Расы  жоқ  сөзінің,

Ырысы   жоқ   өзінің

Өңкей  жалған  мақтанмен

Шынның  бетін бояды- деп  өтірік  айтудан  сақ болып, шындықпен өмір   сүру  керек.

                                         Мақтаншақ. (Нұрасыл)

Мақтаншақтық-бұл да  жаман қасиет

«Жағымпаз   адам-   жасқаншақ,

Жаман    адам-  мақтаншақ»    дегендей     жаман     әдеттерден  аулақ   болайық!

                                         Еріншек  (Алмазхан)

Адамның бойына  біткен  жаман   қылықтардың  ішіндегі  ең   жағымсызы-еріншектік.   Талапсыздық,    жігерсіздік,   ұятсыздық,  кедейлік-  бәрі  осыдан   шығады.

                            Бекер   мал   шашу (Гүлназ)

Бекер   мал   шашу-   бұл   ысырапшыл   деген   мағынаны    білдіреді. Мысалы,   нан   жеп   жүріп,   оның   жартысын итке   лақтырып,  ысырап   жасаушы болма.   Оқу    құралдарын да тиімді  пайдаланбай,   жыртып   тастап, не    лақтырып   ысырып   жасама!

Мұғалім:

-Осы  жаман  әдеттерден аулақ  болу үшін  қазақ халқы таудай сөзден тобықтай  түйін  сөз мақал-мәтел қалдырған.

-Кәне,осы  жаман әдеттерден   аулақ болып  ,жақсы    қасиеттерді  бойымызға сіңіру туралы қандай  мақал-мәтел білесіңдер?

1)   Өтірік   сөз өрге    баспас.

2)   Өтіріктің    құйрығы  бір-ақ   тұтам.

3)   Ұрлық,  ұрлық    түбі  қорлық.

4)    Еріншектің   ертеңі   бітпес.

5)     Ұлдың    аңқауынан,    қыздың  жалқауынан  сақта.

6)     Жақсыдан үйрен,  жаманнан  жирен.

7)     Есер   бала  шоқпар   жинар,

Есті бала  ақыл   жинар.

Ал,  осы жаман   қасиеттерге қарама-қарсы Абай    атамыздың өлеңіндегі   нағыз   адам    болу   үшін     қажетті  5  нәрсеге  асық болу  керектігін   айтқан. Енді осы жақсы қасиеттер туралы тыңдайық.

                                     Талап  (Марат)

Талап-бұл  адамның   өз   алдына мақсат  қойып, болашаққа талаптануы.  «Талапты   ерге нұр жауар» деп  бекер айтылмаған.

                                     Еңбек ( Аян)

Еңбексіз дүние   жоқ.

Ерте   тұрған жанның бір ісі бар

Еңбек   етсе көретін    ырысы бар

Еңбек-бақыт,  қуаныш.Сол   үшін   де

Еңбек   етіп  жақсыға  тырысыңдар.

                                    Терең    ой  (Наргиза)

Терең  ой-бұл  білім,  ғылымға   ұмтылу

Адам  үнемі,  үздіксіз ойлау қажет.

Көп    оқу ,    іздену    арқылы  жүзеге    асады.

Кітап- білім    бұлағы,

Білім-өмір   шырағы.

Оқудың   әр құралы

Ой-білімді  құрады

Білсең,  досым, бұларды,

Бізге     қымбат  тұрады.

                                  Қанағат.  (Шыңғыс)

Қанағат-ысырапты болмау.Қанағат-барға риза болу,нысаптан  шықпау.

«Қанағат қарын   тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын  сойғызар»-деп ақын  қатты қынжыла  айтты.

                                            Рақым (Жанерке)

Рақым-дегеніміз   адамның   үлкенге  құрмет көрсетіп,кішіге   қамқорлық  жасауы,   жақсылығы, мейірім-шапағаты   мен  көмегі.

Бәрі:  (бесеуі  қосылып)

Біз   намыскер-Қазақ   елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді  Отан,қыранымыз.

Талап,  еңбек,  терең  ой,қанағат қыл,

«Рақым  ет»  деп  Абай айтқан ұранымыз.

Өнерлі болу үшін   оқу,білім,еңбек    қажет. Яғни  Абай атамыз айтқан  «бес   асыл іс»    жадымыздан  шықпағаны абзал

Қорытынды.  Еріншек   екі  істер.

Жалқау   болсаң   жасыңнан,

Ұйқы  қалмас  қасыңнан

Еңбек   сүйсең  табылар

Бар жақсылық   басыңнан.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование по классному часу на тему " Бес нәрседен асық бол" (1 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 799 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2018 396
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қасқырбекова Мәдина Мұратбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5419
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека