Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация "Эффективные способы групповой работы на уроках казахского языка"

Презентация "Эффективные способы групповой работы на уроках казахского языка"

Скачать материал


Қостанай әлеуметтік – техникалық колледж

Костанайский социально – технический колледж





hello_html_m34aed400.gif



«Қазақ тілі сабағында

топтық жұмысты жүргізудің тиімді жолдары»

(Эффективные способы групповой работы на уроках казахского языка)











Дайындаған: Кәсіби қазақ тілінің

оқытушысы Жулдубаева Г.И.









Қостанай 2018 ж.







ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Демек, әр ұстаз, жас маман біріншіден, педагогикалық шығармашылық пен шеберлігін арттыру қажет, екіншіден әдістерді сол қалпында қолданбай,оны жағдайға байланысты тиімді сәйкестігін таба білу керек, үшіншіден, үздіксіз шығармашылық ізденісте болу керек, төртіншіден, сабақ заман талабына сай құрастырылған жөн.

Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті.

Қазақстан мұғалімдері танысып, қолдау көрсетіп, өз тәжірибесіне кіріктірген шетелдік танымал технология, бағдарлама, әдістемелер де бүгінгі ізденісімізге арқау болуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу – бүгінгі заманның талабы.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, туған елінің тыныс тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, тілдерін дамыту.Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірімен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.

«Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» - деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:

- интерактивті тақта арқылы

- мұғалімнің кіріспе әңгімесі;

- мәтінді мұғалімнің оқуы;

- сөздікпен жұмыс жүргізу;

- мәтінді оқушылардың оқуы;

- мәтінді оқығаннан кейінгі қысқаша әңгіме өткізу;

- мәтінді бөліктерге бөле оқу;

- сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып оқыту;

- мәтінді рөлге бөліп оқыту;

- мәтінге тақырып қою, оның мәнін түсіндіру.

Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтіндермен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де кұнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.

Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейді.

Осындай айтылған әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде мынадай білім сапасының көрсеткіштеріне жеттім.

1. Мәтіндегі жаңа сөзбен жұмыс. Сөздер әр түрлі әдістермен меңгертіледі.

2. Өлеңді дауыстап мәнеріне келтіріп оқу.

3. Өлеңнің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалана отырып, тірек сөздер беру арқылы оқушыларға түсінгенін айтқызу.

4. Мынадай тірек сөздер беріледі: жазғытұры, масатыдай, құлпырар, көбелек. Оқушылар сөздер арқылы сөйлем құрып, суреттен көріністерді сипаттап береді.

Міне, біздің жоғарыда айтып отырған ойларымыз баланың тілін мәтіндер арқылы сөйлетуге, сөздік қорын байытуға бағытталған. Бұл әдістерді қолдана отырып, оқушының сөйлеу дағдысын меңгергендігін жоғарыда берілген диаграмма бойынша байқауға болады.

Тілдің қажеттігі оқушының сөздерді түсініуне, есіне сақтау қабілетінің артуына, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді.

Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.



Әдебиеттері:


1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2008ж.

2. Ж.Д. Адамбаев «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» 2000 ж.

3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы 2003, №5; №1, №2,№10, 2010жылы., №2 - 2004 ж

4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл

5. Облыстық ғылыми – практикалық конференция жинағы, Қарағанды қ., 1997ж.

6. «Қазақстан мектебі» журналы. № 6, 2010.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Эффективные способы групповой работы на уроках казахского языка""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 412 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.09.2018 361
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жулдубаева Гулия Имашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жулдубаева Гулия Имашевна
    Жулдубаева Гулия Имашевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2728
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 136 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе