Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Презентация к классному часу "Астана- город мечты"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Презентация к классному часу "Астана- город мечты"

библиотека
материалов

Тақырыбы: « Астана – арман қала»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Астана – бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті, әсемдігі жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату;

  2. Дамытушылық: оқушыларды терең ойлауға, саяси саналарын ұштауға, өзін-өзі саяси мәдениетті басқара білуге, көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді еркін жеткізуге үйрету;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды саяси мәдениетілікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, елжандылыққа, елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: слайдтар, мультипроектор.

Барысы:

Әнұраны (хор) (видеоролик Елбасымыз Н.Назарбаев туралы )



hello_html_m4f7d5ea9.gif







  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: XXI ғасырдың ең жас астанасы келешекке батыл қол созды. Қазақ елінің айбыны асқақтап, Астана төрткүл дүние тамсанғандай ғажайып қалаға айналып келеді. Сондықтан келешекте Елордамыздың Еуразиялық кеңістіктегі үлгілі астанаға айналатынына сеніміміз мол.

бүгінгі іс-шарамыздың мақсатымен таныстыру.



  1. Негізгі бөлім.

1-жүргізуші: Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біздер.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы – біздің сүйікті де, ортақ Отанымыз! Отанымызды үлкен бір ақ отау десек, ауылдар – оның уығы, қалалар – керегесі, астана - шаңырағы.



1-жүргізуші: Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі – туған жер, қала, ауыл, аудан тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті талап етеді.

Қазақстанның бұрыңғы астаналарын еске түсіріп өтейік.


1-оқушы: Орынбор. (слайд) 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы болды. Кейіннен ол Ресей құрамына қабылданды.



https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTxpRC0tVHvO8qTQgn8Ra_rd9EeG7yR2kH0j0BcbP6fenrfnYoB2w







2-оқушы: Қызылорда. (слайд) 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Қызылорда қаласының бұрыңғы атауы Ақмешіт болатын.



hello_html_m2117580d.png



3-оқушы: Алматы. (слайд) Түрксіб құрылысы астанасы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде 1927 жылы, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.



https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSotM6JCsqpznsZ6-VlnGcva5N9J3lMclhmviyvTp91IEYKHfKP

1-жүргізуші: Міне, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Біз Қазақстанның бас қаласы болған өзге қалаларды да еске түсіре отырып, Астанаға да келіп жеттік.

2-жүргізуші: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана.



http://apozh.kz/uploads/2011/kz/astana/astana_photo_12.jpg



1-жүргізуші:

Достық пейіл – татулықтың тірегі.

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан

Елордамыз – Еуразия жүрегі!

2-жүргізуші:

Астана қаласының негізі 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. Алғашқыда Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы қала мәртебесі берілді.1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды.

1-жүргізуші:

Еліміздің тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола облысымен бірге қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырайды. 1960 жылы тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. 1997 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.





2-жүргізуші:

1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болды. 1998 жылы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілді. Бүгінде жас қала Астана мәдени дамудың жаңа сәулеттенуінің үлгісіне айналды.

1-жүргізуші: СЛАЙД (ЭМБЛЕМА)





https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRw2FCu1UG1aLT2Xd6aUUVH1ueaw6Yw9Fjh4VlAP_WANej2es26Ig



Бұл Астана қаласының эмблемасы немесе қаланың өзінің жеке таңбасы.

Онда бейнеленген аспанға атылған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның болашақтағы жарқын да бақытты болашағының символындай болып тұр. Астындағы «Астана» жазуы, оның таңбасы екендігін растап тұр. Астананың болашағы алда. Ол келешекте Еуразия құрлығындағы әйгілі қала болмақ.



2-жүргізуші: «Жасауы ғасыр жарасып»

1-оқушы:

Айқындар небір өткелін,

Кеңейтіп тарих беттерін.

Сенімін саған тапсырған,

Тәуелсіз елдің, текті елдің.

2-оқушы:

Мұздақпен жапқан жотасын,

Алатау – саған ата шын.

«Астана – кіші інім», - деп,

Алматы берген батасын.

3-оқушы:

Қастерлей тыңдап осы үнді,

Құлақтан еміп Есілді.

Қанатын жайып, көкке өрлеп,

Астана кеңге көсілді.

4-оқушы:

Қазақтың үлкен үйісің,

Шежіре, аңыз, күйісің,

Әділдік жақтап наркескен,

Дуалы сөздің биісің.

5-оқушы:

Өсірер әлі-ақ тербетіп,

Болашақ ұл-қыз бесігін,

Астана таңы арайлы,

Әлемге барша қарайды.



Бәрі бірге: Шығармай жұртты қақпадан,

Басылар соқса ақ боран,

Ортаймас ырыс – құттары.

Астана жайна, баққа оран.



1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

СЛАЙД ( ЕСІЛ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҒЫ МЕН ОҢ ЖАҒЫ)

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRfu_xSOqClWtj_c9GdrCCKx__Ubx5xuiJLUxgQannlp1B920lBfQ

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQezkQhKlGSt9aoBlTremlqZ7h16Lk9wT9ay0p4tg-YPh-YGe6CAA



1-жүргізуші: Есіл өзеңі қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында тұрғын үйлер, ал сол жағалауында Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.

2-жүргізуші: Сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа саяси орталықтар орналасқан.

1-жүргізуші: Айболат, сен Астана қаласында болдың ба?

2- жүргізуші: Жоқ, Аружан мен Астанада болғаным жоқ. Ал сен ше?

1-жүргізуші: Мен де болғаным жоқ. Астана қаласына саяхат жасағың келе ме?

2-жүргізуші: Иә.

1-жүргізуші: Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.

2-жүргізуші: Ел болдық, ерік алдық Астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?!

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі Астанаға.

1-жүргізуші:

Астана айбынды орда қазағыма,

Іліккен талай елдің назарына.

Есілдің етегінде бой көтерген

Тамсанып қарайды ел ажарына.

Тамсанбай кете алмас сенен ешкім,

«Бәйтерегім» - көз тоймас бір белессің.

Лондон, Париж, Вашингтон, Мәскеуден де,

Дубайдан да артықсың, кем емессің.



Көрініс «Астана – Бәйтерек монументі» (СЛАЙД «Бәйтерек» )



hello_html_m294e0c73.png



Атасы мен баласы «Бәйтерек» монументінің алдында тұрып, немересі атасына сұрақ қояды.

Немересі: Ата, осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған?

Атасы: Ой, балам-ай, Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.

Немересі: Ата, маған айтып беріңізші, мен білгім келеді.

Атасы: Онда тыңда балам.

Ол бірінші – «Астана-Бәйтерек» кешені болып табылады.Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі – өмір ағашы, депте атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстік» оқиғасы желісімен өрілген, балам. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын – қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты – баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаханға жария етіп тұрған «Бәйтерек» - бас қаламыздың символы. «Астана – Бәйтерек» үш бөліктен – тамыры, діңі және ұшар басынан құрылылыс, балам. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатынұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

Немересі: Ата, барлық нәрсе тарихқа байланысты құрылады екен ғой. Енді менің есімде әрқашан Бәйтеректің шығу тарихы сақталып қалады.

Атасы: Иә, еліңнің, жеріңнің тарихын білу, әрі оны қорғау сендердің парыздарың, балам.

Немересі: Ата, мен сізге өзімнің Бәйтерек туралы жаттаған өлеңімді айтып берсем бола ма?

Атасы: Айта ғой, балам, айта ғой.

Немересі:

Бәйтерек – Астананың төріндегі,

Өресі биіктіктің өмірдегі.

Аялы алақаны Елбасының,

Секілді өшпейтұғын сенім мөрі.

Самсаған қара орманым - байтақ елім,

Сыңға сап сан жақсыны байқап едің.

Еңсесін елдігіңнің биіктеткен,

Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегің.

Атасы: Бәрекелді, балам! Жүр, онан да Бәйтеректен Астананың қандай екенін тамашалайық! (шығып кетеді)



1-жүргізуші: Астана қаласында демалатын жерлер өте көп.

2-жүргізуші: Ол қандай демалыс орны екен?

(СЛАЙД «ДУМАН» КЕШЕНІ)



hello_html_m508142e6.gif





Гид: Елордамыздың келесі көрікті жері «Думан» ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанариум, кинозалдар. Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б. көруге болады. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры 3 000 000 литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда.

( деп айтып, спортшы туристерімен бірге өтіп кетеді)





1-жүргізуші:

Астана – бар қазақтың айбарысың,

Мерейін асқақтатар айдарысың.

Қаншама ұлт-ұлысты достастырған

Елордам, қонақжайсың, жайдарысың.



2-жүргізуші: Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық!

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.



1-жүргізуші: Қазір біз Астана қаласын аралап келе жатқан қонақтарымызбен сұхбаттасқымыз келіп отыр. Олар ағылшын елі мен орыс елінің ұлт өкілдері, қазақ болса да шет елінде тұрып жатқан өзіміздің қазақ ұлтымыз және беларусь делегаты.

Гид: Надеюсь, что экскурсия вам понравилась! Мне кажется, что не восхищаться этим городом просто невозможно! Совсем недавно никто и представить не мог, что Астана будет именно такой! Молодая столица достойна искреннего уважения и похвал! Она развивается каждый день, пытаясь стать лучше, чем есть, стать самой-самой! Каждое новое здание заставляет жителей искренне радоваться и гордиться, что город никогда не останавливается на достигнутом. Астана – процветающий город. Приехав однажды, вы захотите сюда вернуться.

Тілші: Қош келдіңіздер! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Қалай сіздерге Астана ұнап жатырма? Добро пожаловать! Как Ваше настроение? Ну как, Вам нравится наша столица?

Ағылшын: Of course I liked Astana.

Аудармашы: Астана маған өте ұнады.

Орыс: Конечно понравился. Нас очень удивила красота Астаны.

Қазақ: Әрине, ұнады, Астана қаласын аралап, үлкен әсер алдық.

Тілші: Сіздерге Астана қандай ерекшелігімен ұнады?

Действительно, Астана – это визитная карточка Казахстана. Она еще очень молода , но ее гордое, звонкое имя знает весь мир. Что вы можете сказать об Астане, поделитесь с ребятами своими впечатлениями.

Ағылшын: I have words describe this city. Astana is famas for it is beldings suchas. Baiterek, Akorda, The House of Parlament, We mast say “ thank you” to our President Nursultan Nazarbaev. In such short time he built a new sity. We are proud of our Astana.

Аудармашы: Бұл қаланы былай суреттер едім. Астана қаласы өзінің зәулім ғимараттарымен танымал. Олар «Бәйтерек», «Ақ Орда» , «Парламент үйі». Сіздер өз Президенттеріңізге рахмет айтуларың керек, өйткені аз уақыт ішінде ол мынадай қала тұрғызды. Астана мақтан тұтарлықтай.

Орыс: Красоту города нельзя описать словами. Ее по праву можно назвать жемчужиной Казахстана. Она – город сказка, она – город мечта, город будущего, где исполняются самые заветные желания.

СЛАЙД ( ПРЕЗИДЕНТ МУЗЕЙІ)



hello_html_7feb811c.gif















Қазақ: Маған Елбасының мәдени орталық мұражайы қатты ұнады. Мұражайдағы жәдігерлер көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға дейінгі уақытты қамтиды.



СЛАЙД ( ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ-АТАМЕКЕН)



hello_html_m3c15478f.gif

Содан кейін «Қазақстан картасы – «Атамекен» этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының объектілері кішкентай макет ретінде жасалған.

Беларусь делегаты: Мен шығыс тілдері маманымын. Арнайы осы жаққа келетін болғандықтан қазақ тілін үйрендім. Астананың көркі мені таң қалдырды.

СЛАЙД (БӘЙТЕРЕК)

hello_html_2264bab6.gif

«Бәйтерек» - құрылым биіктігі 105 метр, көрініс кешені 97 метр, салмағы 1000 тонна , 97 метр деген ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауыстырылды дегенді білдіреді екен.

СЛАЙД (ДОСТЫҚ ПИРАМИДАСЫ)

hello_html_da2ae58.gif



«Достық пирамидасы» өте тамаша, елбасының идеясы бойынша салынған екен.

СЛАЙД ( «НҰР АСТАНА» МЕШТІ)



hello_html_m1ee282a4.gif





Орыс: Меня поразила своей красотой мечеть «Нур Астана» здесь женские и мужские залы. Высота купола 43 метра, высота минаретов 63 метра. Общая площадь 3930 кв. метров.

Қазақ: Үш қабаттан тұратын «Тәуелсіздік сарайы».



hello_html_394e3c9f.gif



hello_html_cd5fb98.gif









hello_html_3361c51d.gif



hello_html_m4ff66359.gif

Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан.

Аудармашы: Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясы. Археология залында «Алтын Адам», «Сармат батыр», «Барел аттары», құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс болдық.

Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан екен.

Қазақ: Мен шет елде жүріп біраздан бері қазақтың күйлерін тыңдамаған едім. Концертке кіріп бір қазақтың күйлерін тыңдасақ қайтеді?

Гид: Олай болса, міне театрға да келіп қалдық. «Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра» дей отырып кезекті күйге берейік « » домбыра оркестрі.

2-жүргізуші: Көкжал мінез қазақтың жүрек құсы,

Таңғажайып тұғырды тілеп мысы.

Қарсы алыңдар жаңартау жабықпайтын,

Қаражорға елімнгің тіректісі.

Би «Қаражорға»



1-жүргізуші: Байқоңыр қаласындағы № 14 мектептің 5 «Б» сыныбындағы спортшылары Астана қаласына жолдама алып жарысқа барып келді. Жарыс арасында қалада саяхат жасап жүрді. Бүгін сіздермен көргендерімен бөліспек.

Тілші: Жарыстардың арасында қаланы аралап, Астананың әдемі жерлерін көрдіңіздер. Бірақ бізге спорт кешендері туралы не айтасыздар?

  1. Конькимен сырғанау жабық стадионында болдық.


hello_html_750a46d.gif


Орналасуы Есіл өзеңінің сол жағалауында футбол стадионының маңында. Коньки тебу спорты, шорт-трек, канадалық хоккей, керлинг, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт турлерін өткізуге арналған.



  1. Жабық футбол стадионында болдық.

hello_html_m99ea6b9.gif

Құрылысқа берілген телім Есіл өзенінің сол жағалауында. Осы жерде 2011 жылғы 7 қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстанда мұндай көлемді нысан құрылысы алғаш рет жүргізілді. Ол төбе құрастырмасының жылжымалығымен бірегей, қыстыгүні мұнда спорттың барлық түрлерін өткізуге болады. Стадион сыйымдылығы 30 мың көрермен орнын құрайды.

  1. «Қазақстан» спорт сарайын көрдік.

hello_html_162e6005.gif

«Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккей бойынша жарыстарды өткізу жүреді. Спорт сарайы 2001 жылы қолданысқа берілген. Ғимаратты қайта құру жоспарланып отыр, жайылма мұз айдыны салынған. 4050 отыру орны есептелген.

  1. Республикалық велотрек – спорт кешенін көрдік.

hello_html_m5fcb1484.gif

Ең бірінші ерекше спорт кешені. Оның 20 мың шаршы метр аумағында велотректен басқа волейбол, баскетбол, фитнес-орталықтары орналасқан. Сыйымдылығы 8000 отыру орындарын құрайды. Мұнда шорт-трек пен мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өткізілуде.





2-жүргізуші:

Есть много городов у нас в стране, их просто все не перечесть,

Но лучше и красивей в Казахстане есть,

Тот город, что зовем столицей.

Таким шедевром невозможно не гордиться.

1-жүргізуші:

С высоты орлинного полета,

Хорошо видна моя страна.

На степных просторах засияла,

Драгоценным камнем Астана.







1-оқушы:

В необъятной степи Сарыарка,

Славный город растет-Астана!

Здесь прекрасны бульвары,аллеи,

Нет нам города в мире милее!

Синей лентой течет здесь река,

Глубока, широка, холодна.

Новизной все блистают дома,

Ты, столица страны – Астана!

Зеленеют газоны, сады,

Там растут и пестреют цветы.

Чуден в ней многоликий народ,

Он в согласии, в дружбе живет.

Процветай и расти, Астана.

И сверкай и блещи, как звезда!

2-оқушы:

Астана – фантастаческий город!

Он похож на роскошный цветник,

В летний зной иль в ноябрьский холод

Красотою своей многолик.

Восхищаюсь тобою столица,

Удивительный город земли!

Это здорово, что в Казахстане

Город Мира построить смогли!

3-оқушы:

Сверкают снегом горные вершины,

Тернист и труден к славе, к счастью путь.

Мы с Президентом в помыслах едины.

И нам с Дороги Мира не свернуть!

2-жүргізуші: «Такова столица на Ишиме - прекрасный и мирный город с оригинальным архитектурным ландшафтом, уникальными скульптурными символами, с устремлениями в высокотехнологическое будущее, с многонациональным населением, которому свойственны исключительное чувство взаимного уважения, чувство национального достоинства и бесконечной гордости за свою столицу и за свою страну» - это слова Президента.

1-жүргізуші:

Мы не прощаемся с тобою, Астана!

Мы говорим тебе лишь : «До свидания!»

Пусть над тобой всегда горит звезда!

Звезда надежды, мира, созидания!



Қорытынды: «Дыбыстар сөйлейді»

«Арман қала Астана»

А – Астана-жастардың қаласы.

Р - республиканың орта тұсында орналасқан.

М – мыс, кварц құмдары, уран, алтын, боксит пайдалы қазбалары бар.

А - алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған.

Н – Нұра өзені ағады.



Қ қаланған жылы 1830 жыл.

А - Астана өмірі мен тарихы жайлы Ебласының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар.

Л лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.

А – алғашқы атауы – Ақмола.



А – алтыншы шілде Астананың туған күні.

С - символы – Бәйтерек.

Т - техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада.

А - Астанадағы «Бәйтерек» монументін сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.

Н – «Нұр – Астана» зәулім күмбезді мешіті бар.

А – Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурста «Бейбітшілік қаласы» аталды.



Бәрі бірге: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы.



«Астана» әні орындайтын Абдыханиев Абылай мен хор.























МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

ТОҚМҰХАМЕДОВ Қ.Қ. АТЫНДАҒЫ № 14 ОРТА МЕКТЕП













АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ:

«АРМАН ҚАЛА – АСТАНА»

(өткізілген күні 04.04.2014 ж)







5 «Б» СЫНЫП









5 «Б» СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:

ЖЕТРУОВА ГҮЛНАР ЗВАЙРАХАНОВНА



hello_html_1bbc572f.gif







БАЙҚОҢЫР

2013/2014 ОҚУ ЖЫЛЫ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: « Астана – арман  қала»

Мақсаты:

1.     Білімділік: Астана – бейбітшілік пен  достықтың қаласы екенін, Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен елордамыздың сәулеті, әсемдігі жөнінде шетелдіктердің жылы лебізі арқылы оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату;

2.     Дамытушылық: оқушыларды терең ойлауға, саяси саналарын ұштауға, өзін-өзі саяси мәдениетті басқара білуге, көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді еркін жеткізуге үйрету;

3.     Тәрбиелік: оқушыларды саяси мәдениетілікке, отансүйгіштікке, парасаттылыққа, елжандылыққа, елге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Түрі: саяхат сабақ.

 

Көрнекілігі: слайдтар, мультипроектор.

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров571
Номер материала 311690
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх