Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Презентация по казахскому языку на тему "Ананы ардақта,әкені сыйла " (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Презентация по казахскому языку на тему "Ананы ардақта,әкені сыйла " (8 класс)

библиотека
материалов

1

Сынып: 8г Мұғалімі; Абденова

Сабақтың тақырыбы: Ананы ардақта, әкені сыйла

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Отбасы мүшелері туралы сұхбат.

II. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;

  • Анықтамасы

  • Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

Жаңа сөздерді талдау: ерлі-зайыпты- супруги, сыйлау- уважать, тәрбиелі – воспитанный, өнегелі – образцовый, саналы – сознательный, ренжіту – обижать, қамқорлық – покровительство

Әке мен ана

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әке мен ана – өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Мәтіннен сөйлемдегі құрмалас сөйлемдерді табу

II деңгей

1. Айтылым. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара жұпта сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, оның жасалу жолын түсіндеріңдер.

3. Айтылым. Өз анаң туралы не айта аласың?

I деңгей

Жазылым. «Әке мен ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау


V. Үй жұмысы: сөздік жаттау, құрмалас сөйлем туралы білу.








2. Сынып: 8Г Мұғалімі: Абденова

Сабақтың тақырыбы: Дана ойдан шыққан сөз

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы ерекшеліктерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсініктерін толықтыру

Дамытушылық: үйренген жаңа сөздерді қолдана отырып, тақырып бойынша қарым- қатынасқа түсуге баулу;

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Менің атам мен әжем

Сөздік: Құрдас – ровесники, шымыр – крепкий, аққұба – светлокожий, аула – двор, азамат – гражданин, қарапайымдылық - скромность

Менің атам мен әжем алпыс жетіде. Олар – құрдас. Атам мен әжем ауылда тұрады. Атам аудандық емханада дәрiгер болып жұмыс iстедi. Әжем аудан әкімшілігінде қызмет атқарды. Олар – зейнеткерлер. Атам – ұзын бойлы, шымыр денелі, қалың қасты, түсі суық адам. Бірақ ол кісі өте мейірімді. Әжем – орта бойлы, толық денелі, аққұба адам.

Өткен аптада ауылға бардық. Ата-әжемізге көмектестік, көп жұмыс істестік. Жер қазыстық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинастық, оларды сыртқа шығарыстық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесістік. Үйдің алдындағы ауланы сыпырыстық. Шайға су әкелістік. Мен тамақ пісірістім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік.

Менің атам мен әжем бізге көп өсиет айтты. Мысалы:«Кешірім сұрағанға кешірім ете білу, кешірім беру – бұл да кісілік, қарапайымдылық белгісі. Кешірімшіл болсаң – кең боласың». Осы сөздердің астарында қарапайымдылық, ұлылық жатыр емес пе?

Алыстан туысқанымыз келді. Біз хал-жағдайымызды сұрастық, сонан соң шай іштік. Біраз сөйлестік те, қайтадан жұмысқа кірістік.

Халық арасында ризашылық – алғыс, бата түрінде беріліп жатады. «Ата-анаңның ризашылығын алсаң азамат боласың», - дейді халқымыз.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Етістіктерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңдер.

II деңгей

1. Сөйлесім. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

2. Айтылым. Мәтінді негізге ала отырып, ата мен әже туралы әңгімелеңдер.

3. Жазылым. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

I деңгей

Жазылым. «Менің атам мен әжем» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

V. Үй жұмысы: Өз ата-аналары туралы әңгімелеу




3. Сынып: 8Г Мұғалімі: Абденова

Сабақтың тақырыбы: Ұлың өсіп ержетер, қызың өсіп бойжетер

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-аналарын, жанұя мүшелерін, дәстүрлерін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Жанұядағы дәстүрлер туралы сұхбат.

II. Мәтінмен жұмыс

Жанұядағы дәстүрлер

Сөздік: асар – коллективная помощь в работе, ежелгі дәстүр - древняя традиция, талап етпейді - не требуют, киелі – святой, қарсы алу – встречать, шақыру - приглашать

Біздің жанұямыз өте тату. Жанұямызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, сәлем беру, асар, мерекелерді бірге қарсы алу.

Мысалы: Наурыз күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеміз. Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.

Аса киелі саналатын дәстүріміздің бірі – асар. Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы: үй көтергенде, егін салғанда, шөп шабуға тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырушылар еңбегі үшін ақша талап етпейді. Бұл тәрбиелік пен сыпайлықтың белгісі, әрі халық дәстүрі де солай үйретеді

ІІІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Жазылым. Төменде берілген сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар, сөйлемдер құрастырыңдар.

Семья, дружная, традиция, праздник, гости, помогать, встретить, весело проводить.

3. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

ІІ деңгей

1. Айтылым. «Жанұядағы дәстүрлер» мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

2. Жазылым. Мәтіндегі екі сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

І деңгей

Жазылым. «Жанұядағы дәстүрлер» тақырыбына өз жанұяңдағы дәстүрлер туралы әңгіме жазып беріңдер.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

V. Үй жұмысы: сөздік жаттау, диалог құру






4. Сынып: 8Г Мұғалімі Абденова

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Әдептілік.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Жанұядағы дәстүрлер туралы сұхбат.

II. Мәтінмен жұмыс

Әдепті бала

Сөздік: оқымысты – образованный, иілу – склонить, төменірек – низко, лайықсыз – неудобно, әдепсіз – не воспитанный

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған оқымысты басын одан да төменірек иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:

- Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты.

Сонда ғалым тұрып:

- Ешбір ғылым-білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, менің оған әдепсіз болып көрінгенім лайықсыз болған болар еді, - депті.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Оқылым. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақтар дайындап, оларға қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.

3. Жазылым. Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар. Кісі, жұрт, жарлы, сәлемдесу.

II деңгей

1.Мәтінді түсініп оқып, төл сөз бен автор сөзін төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.

Байдың сөзін, ғалымның сөзін.

2. Айтылым. Мәтінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

3. Жазылым. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз, оның қай шақта тұрғанын анықта.

I деңгей

Айтылым. Әңгіменің негізгі ойын анықтаңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

V. Үй жұмысы: тақырып бойынша өз ойларын айту.









5. Сынып: 8Г Мұғалімі Абденова

Сабақтың тақырыбы: Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының туыстық қарым-қатынас дәстүрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Туыстық қарым-қатынас

Cөздік: сүюшілік – любовь, жалғастыру – продолжить, қуану – радоваться, бұрын – давно, көргенділік – воспитанность, аталы сөз – изречение, өнегелі істері - образцовые дела

Тәртіп көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде (Жүсіп Баласағұн). Бұрын балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыруға, ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатқан. Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, Отан сүюшілікке баулитынын білген.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

Нағашы, бауыр, бажа, іні, аға, сіңлі, қарындас.

II деңгей

1. Жазылым. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Есімдік+зат есім

Зат есім+етістік

Сын есім+зат есім

Үстеу+етістік

2. Айтылым. Мәтін бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

I деңгей

Жазылым. Қосымша әдебиеттерді пайданалып, «Туыстық қарым-қатынас» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

V. Үй жұмысы: тақырып бойынша өз аға-інілері туралы қатынастары туралы айту, сөздік жаттау






6. Сынып: 8Г Мұғалімі Абденова

Сабақтың тақырыбы: Сезімталдық

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту. Құрмалас сөйлемнің түрлерімен таныстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Құрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру;

  • Анықтамасы

  • Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс


Сөйлеу әдептері

Сөздік: тым қатты - очень громко, ақырын – тихо, тістену - говорить сквозь зубы, бөлмеу - не перебивать, жаңылысу – ошибиться, түзету – исправить, сыбырласу - шептаться

Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз. Анық, қысқа сөйлеңіз. Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді. Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Адамның адамдығы тілін сақтау екенін ұмытпаңыз. Тіл тигізіп, сөз жүргізбеңіз. Білмеген нәрсені сөйлеуге кіріспеңіз. Біреудің сөзін бөлмеңіз. Біреу жаңылысса, сөкпей, жаймен түзетіңіз. Өзіңіз қателессеңіз, мойындаудан ұялмаңыз. Біреудің сөзін қайталамаңыз. Үлкен кісілермен биязы сөйлесіңіз. Біреудің сұрағына жауап бере алмасаңыз, кешірім өтініңіз, айып емес.

Түсінбеген сөзді әдеппен қайта сұрап, әнгімелесіңіз. Өзіңіз сөйлегенде, ойыңызды анық жеткізіңіз. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласпа. Жақсы кісі кешірімді болады.

IV. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Оқылым. Мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңдер.

2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Мәтіннен екі сөйлемді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

II деңгей

1. Жазылым. Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңдар: Тіл, оқу, адам, әдеп,ой,кісі.

2. Айтылым. Мәтіннің мазмұнын айтып беруге дайындалыңдар.

I деңгей

1. Айтылым. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

2. Төмендегі тыйым сөздерді оқып, мәнін түсіндіріңдер.

Көп сөйлеме. Сөйлеп тұрғанда есінеме. Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама. Даусыңды тым бәсеңдетпе, тым екпіндеп те кетпе.

V. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

VI. Үй жұмысы: құрмалас сөйлемнің түрлерін білу, сөздік жаттау.




7. Сынып: 8Г

Сабақтың тақырыбы: Отбасы- отанымыздың ошағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Отбасы туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету;

Дамытушылық: Тақырып бойынша сауатты сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Отбасымның демалысы

Сөздік: демалыс күн - выходной день, ұйқыны қандыру - выспаться, кейбір - некоторые , пайдалану - воспользоваться, айналасу – заниматься, жалқану - лениться

Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып теледидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып теледидардың алдында отырады. Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Сонан соң қыдырады, қонаққа барады, қаланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс күндерін босқа өткізгілері келмейді.

Көктем мен жазда біз демалысымызды таза ауада өткіземіз. Сенбі күні ата-анаммен саяжайға барамыз. Онда үйдің жанында өзен бар, сонда жүземіз. Өзеннің жағалауында тоғай бар, сонда саңырауқұлақ, жидек тереміз. Егер далада жаңбыр жауып тұрса, үйден шықпай, кітап оқып, теледидар көреміз. Мен үйде отырып демала алмаймын. Жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде жолдастарымды үйге шақырып аламын. Олармен музыка тыңдап, бейнетаспа көреміз, ғаламтор жүйесінен жаналықтарды оқимыз, әңгімелесеміз.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар. 2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Адамдардың, демалысымызды, жағалауында, жолдастарыммен.

II деңгей 1. Жазылым. Сызба бойынша тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрастырыңдар. Есімдік+зат есім Зат есім+етістік Сын есім+зат есім Үстеу+етістік 2. Айтылым. Мәтіннің көмегімен өз отбасыңның демалысы туралы әңгімелеп бер.

I деңгей Жазылым. Берілген тақырыпқа газетке мақала жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

Бағалау

V. Үй жұмысы: шығармашылық жұмыстар жасау (презентациялар)




8. Сынып: 8Г 18.09.13

Сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Отбасы туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету;

Дамытушылық: Тақырып бойынша сауатты жазу, сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-анасын, отанын сүюге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Біздің отбасымыз

Сөздік: көңіл бөледі - уделяет внимание, министрлік – министерство, тұрмыста – замужем, қызметкерлер – служащие, егде - пожилой

Қоғамның ең кішкентай бөлшегі – отбасы. Оның отбасылық қоры, қызметі болады. Отбасылардың тұрмысы арқылы мемлекеттің экономикасы мен мәдени деңгейін анықтауға болады. Әр ұлттардың отбасыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Қазақ халқында отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Отбасы мүшелерінің тәрбиесіне, әдепті болуына, қонақты күте білуіне, қарым- қатынастыққа аса мән беріп отырған.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, інім, қарындасым және мен. Атам және әжем – егде адамдар, олар – зейнеткерлер. Әкем – инженер. Зауытта жұмыс істеп жүр. Жасы 45-те.Шешем – мұғалім. Апам тұрмыста. Інім 9 жаста, мектепте оқып жүр. Мен мектепте оқып жатырмын. Екі ағам – қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте жұмыс істейді. Апам тұрмыста. Інім мектепте бірінші сыныпта оқиды. Қарындасым кішкентай, балабақшаға барып жүр. Ата-анам балаларды үлкен қуанышпен қарсы алған. «Ата – бәйтерек, бала – жапырақ»- дейді халқымыз. Менің отбасым тату-тәтті тұрады. Мен өз отбасымды жақсы көремін. Біздің үй қашанда думанға толы.

Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқы. Мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Айтылым. Өз отбасы мүшелерін атап, бес сөйлем құраңдар.

3. Жазылым. Мәтіннен тәуелдік жалғау бар сөздерді теріп жазып, жалғаулардың астын сызыңдар.

II деңгей

1. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

2. Мәтінді негізге ала отырып, өз отбастарың туралы әңгімелеңдер.

I деңгей

Жазылым. Қазақта «қара шаңырақ» деген қасиетті ұғым бар. Оны қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.


IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

V. Үй жұмысы: тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдер тауып, жаттау





9 сабақ Сынып: 8Г 19 09.13

Сабақтың тақырыбы: Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту. Құрмалас сөйлемдер интонациясымен таныстыру

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Құрмалас сөйлемнің интонациясы туралы түсінік беру. Анықтамасы. Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

Досымның отбасы

Сөздік: айналасу – увлекаться, шұғылданады – занимаются, белсене – активно, саяжай – дача, тырмалайды - разравнивать граблями, арам шөп - сорняк

Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың. «Көп көтерген жүк жеңіл», - дейді халық мақалы. Менің жан жолдасым бар, есімі – Айдос. Біз балабақшадан доспыз. Екеуіміз бір сыныпта оқимыз. Досымның отбасы үлкен емес. Отбасында бес адам бар. Олар: нағашы атасы, әкесі, шешесі, ағасы және досым. Отбасы спортпен айналасады. Қыста жексенбі күндері шаңғы тебуге кетеді, ал жазда велоспортпен шұғылданады. Айдос қоғам жұмысына да, мектептегі үйірме жұмысына да белсене қатысады.

Атасы – зейнеткер, ол 69 жаста. Әкесі – 42 жаста, ол дәрiгер. Әкесі қалалық емханада жұмыс iстейдi. Шешесі 40 жаста, ол экономика колледжiнде оқытушы болып қызмет атқарады. Ағасы Павлодар экономика және статистика институтының 2-інші курсында оқиды. Досымның отбасы тату-тәтті тұрады.

VI. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Дәптеріңе екі сөйлем жазып, тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.

II деңгей

1. Айтылым. Диалогты оқып, өзара жалғастырып сөйлесіңдер.

Сенің досыңның аты кім? Ол нешеде?

Сендер бір сыныпта оқисыңдар ма?

Досыңның отбасы үлкен бе ?

2. Жазылым. Мақалдарды аяқтаңдар, орыс тіліндегі баламасын табыңдар.

Досы ... сыйлас, досы ... сырлас.

Жаман аттан ... артық, жаман жолдастан ... артық.

Заттын ... жақсы, достың ... жақсы.

I деңгей

Достық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Осы тақырыпқа шығарма жазыңдар.

V. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

VII. Үй жұмысы: құрмалас сөйлемнің интонациясын білу, сөздік жаттау, тақырып бойынша әңгіме құру


11. Сынып: 8Г 25. 09.13

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Ата-ана не істесең, алдыңа сол келеді

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Отбасы туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету;

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс арқылы сауатты жазу, сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ата-анасын сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Менің туыстарым

Сөздік: ағайын-туыстар – родственники, нағашы – родственники по линии матери, қайын – родня жены по отношению к мужу и наоборот, құда – сват, жиен – племянник бөле – двоюродный брат, сестра по линии матери (дети родных сестер)

Мен өсе келе бауыр мен туыстарды ажырата бастадым. Сөйтсем, туыстар мынадай топтарға бөлінеді екен: нағашы, жиен, бөле, қайын, қайнаға, қайын ата, қайын ене, қайын сіңлі, бауыр, балдыз, келін, күйеу бала, қайын бике, құда, құдағи, құда бала, құдаша т. б.

Ал бауырға: аға, іні, сіңлі, апа, қарындас жатады екен.

Әрине, кез келген халықтың дәстүрінде той-думандарында, бауырлары мен туыстары келіп қуанышты бірге бөліскен. Әркім өз мерекесін, қуанышын бірге өткізіп, олармен бірге тойлап отырған. Менің әке-шешем көп ағайынды. Сондықтан біздің туыстарымыз өте көп. Шешемнiң екі сiңлiсi, екі бауыры бар. Бiр сiңлiсi мектепте мұғалiм, ол – 30 жаста, екiншiсi – 27 жаста, банкте бөлiм бастығы болып жұмыс iстейдi, екеуінiң жеке отбасылары бар.

Бiз мейрамдарда жиі кездесiп, бiр-бiрiмiзге көмектесiп тұрамыз. «Туысы бірдің – уысы бір» дейді халқымыз. Біздің отбасын олар барлық кезде өздерінің отбасылык мерекелеріне шақырып отырады. Біз тату-тәтті қарым-қатынастамыз.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Дәптерлеріңе екі сөйлем жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.

II деңгей

1. Айтылым. Мәтін бойынша диалог құраңдар.

2. Мәтінді негізге ала отырып, туыстарың туралы әңгімелеңдер.

I деңгей

Жазылым. «Менің туыстарым» деген тақырыпқа бір сахналық көріністің сценарийін жазыңдар


IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

V. Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, толық диалог құру


13. Сынып: 9Г 3009. 14

Сабақтың тақырыбы: Ана

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, бұйрық райды қайталау

Дамытушылық: Мәтін бойынша сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Ана туралы сұхбат

II. Бұйрық рай

  • Анықтамасы

  • Мысалдары

III Бес әрекетті тапсырмаларды орындау

Тыңдалым. Анашым

Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. Ананың жылы сөздері қуат, күш береді. Біз өз анамыздың ақ сүтін ақтауымыз керек. Аналарымызды ардақтап, құрметтеуіміз керек. Біз алысқа кетсек, ол әрқашан бізді ойлап, уайымдайды. Ол бүкіл өмірін балаларына арнайды. Мен «анам аман болса екен» деп үнемі тілеп жүремін.

Оқылым. Менің анам.

Менің анам Павлодар қаласының №39 мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол өзінің оқушыларын өте жақсы көреді. Биыл оның сыныбында отыз оқушы. Оқушыларының жартысы оқу озаттары. Анамның аты – Шолпан Елемесқызы. Оның көзі, шашы қара. Орта бойлы, аққұба адам. Ол кісі өте мейірімді, жұмыста оны бәрі сыйлайды. Біз де анамызды құрметтейміз. Менің анам тамақты өте дәмді пісіреді. Ол сурет салғанды, ән шырқағанды ұнатады. Үйде жүргенде көбіне әндетіп жүреді. Оның салған суреттері менің бөлмеме сән беріп тұр.

Сөздік:

Күш, қуат - сила, энергия

Уайымдау - переживать

Арнайды - посвящает

Үнемі - постоянно, все время

Оқу озаттары - ударники

Мейірімді - добрая

Айтылым.

  1. Мәтінді түсініп оқы.

  2. Мәтінде кім туралы айтылаған?

  3. Мәтіннің көмегімен өз аналарың туралы әңгімелеңдер.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап бер:

Сенің анаң қандай адам?

Ол қайда жұмыс істейді?

Анаңнің жасы нешеде?

Оның шашы, көзі қандай?

Сен анаңа қалай көмектесесің?

Ананы не үшін сыйлауымыз керек?

Сенің қандай арманың бар?

Жазылым.

1 тапсырма. Мәтін соңында берілген сөздіктегі сөздерді пайдаланып, бірнеше сөйлем құрап, дәптеріңе жаз.

2 тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талда.

Алақанына, ақ сүтіңді, жұмысыммен, үйімнің, жанында, баласын.

Ү л г і: алақанына-алақан (түбір сөз)+ы (т.ж.ІІІ ж.)+на (Б.с.)

3 тапсырма. Мына сөздерге мағыналас сөздерді тауып, жанына жаз:

Мейірімді - Алғашқы -

Ұстаз - Қуатты -

Мереке - Ана -

Тілдесім: Төменде берілген ана туралы мақал-мәтелдерді түсіндір.

1. Анаңды құрметтегенің, алланы құрметтегенің.

2. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

3. Ана жақсылығын, ауырсаң білесің.

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың.

5. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

V Үй жұмысы: сөздік жаттау, «Менің анам» тақырыбына монолог құру. Суретті жұмыстар.







































14.Сынып: 8Г 2.10. 13

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Үйді жинауға көмектесу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, рай түрлерін қайталау

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істету арқылы оқушылардың сауатты сөйлеу машықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тілге деген қызығушылықтырын ояту.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру. Райлар. Кестемен жұмыс.

II. Мәтінмен жұмыс

Үйде

Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шаңын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке-шешеме көмектесемін: жер қазамын, тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін, ағаштарды суарамын, үйдің айналасын сыпырамын. Мен жазда ауылға барамын. Ауылда әке-шешеме көмектесемін. Үйді ақтаймын, терезелерді, есіктерді сырлаймын, Перделерді жуамын, үтіктеймін және оларды терезелерге қайтадан ілемін. Қабырғаларға әдемі суреттер, сағат, кітап сөресін ілемін. Бөлмелердегі жиһаздардың шаңын сүртемін. Еденге тоқылған кілемдерді төсеймін. Төбеге жаңадан шам орнатамын. Содан кейін үйіміз жайнап кетеді!

Сөздік: үтіктеу – гладить, сырлау – красить (краской), тоқылған кілем – ковер ручной работы, төсеу – постелить (на пол)

III Тапсырмалар:

III- деңгей

  1. Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Әр адам үйде не істейді?

  • Саяжайға барып не істейсің?

  • Үйді қалай безендіресің?

  • Үйде қалай демаласың?

II- деңгей

Айтылым. Берілген мәтінді аудар.

Дома я провожу большую часть времени. Утром я просыпаюсь в 7 часов утра. Иду умываться, завтракаю, одеваюсь и иду в школу. После школы я прихожу, мою руки, сажусь обедать. В моей квартире 3 комнаты. Это спальная, детская, зал, а также есть прихожая. В зале я смотрю телевизор и отдыхаю. В детской комнате я сплю, делаю уроки, играю в компьютер. На кухне я люблю вкусно поесть. В общем квартира у меня уютная.

Сөздік

Большую часть времени – уақытымның үлкендеу бөлігін

В общем – жалпы

Уютная –жайлы

І-деңгей.

Жазылым. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып шағын әңгіме құраңдар. Отбасы мүшелері, құрмет көрсету, көмектесемін, қалыптасқан дәстүр, дастархан жаю.Етістіктерді рай түрлеріне қарай құбылту


IV.Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау

V. Үй жұмысы: тақырып бойынша жаңа сөздерді жаттау, өзінің үй ішіне көмегін суреттеу.



















































15.Сынып: 8в 3.10.14

Сабақтың тақырыбы: Ас әзірлеуге көмектесу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, сын есім туралы түсініктерін тереңдету

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істету арқылы оқушылардың сауатты сөйлеу, жазу машықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін ұғындыра отырып, асты қадірлеуге, ысырап қылмауға тәрбиелеу.Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тілге деген қызығушылықтырын ояту.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сұхбат: Үйге көмек

II. Мәтінмен жұмыс

Сөздік

қастерлеу - ценить

қағида - правило

құндылық - ценность

қалтқысыз - непоколебимо.

талас - спор

терең ұғым - глубокое значение

адамның арқауы - опора, сила человека

медицина саласы - отрасль, область медицины

Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

Ас – адамның арқауы

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт арасында «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен да жоғары қойған. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтынын білуіміз керек. Бірақ көп жағдайда дұрыс тамақтанбаудан ба, әйтеуір асқазанға «көрінгенді тығып», ақырында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар. Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы дәлелдеуде.

ІІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, өзара сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талдаңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

2. Мәтінге сүйене отырып, сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей

«Ас – адамның арқауы» деген мақал-мәтелді әңгімелеңдер.

ІІІ Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау , мәтіннің мазмұнын айта білу, не өз мәтінін құру.







17. Пән: қазақ тілі

Сыныбы: 8в 7.10.14

Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы көмек

Мақсаты: Оқушыларға еңбек туралы мақал-мәтелдер үйрету; жаңа сөздер үйрету; Үйренген сөздерін диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу кезінде еркін, сауатты қолдана білуге баулу; еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

в) Сұхбат. Ауылдағы көмек

2. Мәтінмен жұмыс

а) жаңа сөздерді талдау;

ә) сөз тіркестері, сөйлемдер құрастыру;

б) мақал-мәтелдерді оқу, түсінік айту;

Егіншілікке байланысты мақал-мәтелдер

    • Қыс азығын жаз жина

    • Ексең егін,

Ішерсің тегін.

    • Жемісті ағаштың басы төмен.

    • Не ексең, соны орарсың.

    • Шегірткеден қорыққан егін екепес.

    • Жері байдың – елі бай.

    • Жердің сәні – егін,

Ердің сәні – білім.

Еңбек пен кәсіп туралы мақал-мәтелдер

  • Еңбек түбі – береке

Көптің түбі – мереке.

  • Бейнет,

Бейнет түбі – зейнет.

  • Еңбек етсең, емерсің

  • Жан қиналмай,

Жұмыс бітпес.

Талап қылмай,

Мұратқа жетпес

  • Еңбексіз тапқан мал

Есепсіз кетер.

  • Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

3. Жаттықтыру, бекіту жұмыстары

Берілген мақал-мәтелдерден сын есімдерді табу

Морфологиялық талдау жасау

4.Диалог құру. Ауылдағы көмек

5. Үйге:

Бір мақал бойынша шағын эссе жазу.

Қорыту

Бағалау

Қоштасу










18. Сынып: 8Г 17.09.13

Сабақтың тақырыбы: Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Етістер туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Етістер туралы түсінік беру;

  • Анықтамасы

  • Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

Қарт атасы мен немересі

Cөздік: қартаю – постареть, шағу – разбить, зіркілдеу – бурчать, жылау – плакать, қайтадан - снова, келін – невестка, қызмет көрсету - оказать услугу, отырғызбау - не сажать , шыны аяқ - стеклянная посуда, үстел басына - за стол

Атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Тістен тіс қалмады. Ішкен асы езуінен ағып отыратын болды. Ұлы мен келіні оны үстел басына отырғызбай, тамағын тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжесін шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарт ыдысты жерге түсіріп алды. Келіні: «Үйдегі шыны аяқты шағып бітірдің. Бұдан былай тамақты итаяққа құйып берем», - деп зіркілдеді.

Бірде ерлі-зайыптылардың көзі ойнап отырған ұлдарына түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендерге қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын», - деді Мақсат.

Ерлі-зайыптылар жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қысылды. Содан бастап қартты қайтадан үстел басына жайғастырып, қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.

III. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар

III деңгей

1. Оқылым. Мәтіннің мазмұнын орыс тілінде айтып беріңдер.

2. Айтылым. Мәтін бойынша бес сұрақтар дайындап, оларға қасыңда отырған оқушыдан жауап алыңдар.

3. Жазылым. Мәтіннен септік жалғау бар сөздерді теріп жазып, жалғаулардың астын сызыңдар.

II деңгей

1. Жазылым. Мәтін бойынша күрделі жоспар құрап жазыңдар.

2. Айтылым. Мәтінді өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

3. Жазылым. Мәтіннен 3 етістікті етіс түрлеріне келтіру.

Төменде берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Ерлі-зайыптылар жылап жіберді.

Өздерінің қартты ренжіткендеріне қысылды.

I деңгей

Әңгіменің негізгі ойын анықтаңдар. Өз пікірлеріңді айтыңдар

IV. Үй жұмысы: етістерді білу, сөздік жаттау, тақырып бойынша диалог құру


19. Сыныбы: 8Г 16.10.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дастархан

Мақсаты:

  1. Тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, ұлттық тағамдар туралы түсініктерін тереңдету;

  2. Мәтін, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету; Оқушыларға тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету.

3. Ұлттық сана-сезімдерін ояту


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру


II. Тапсырмалар

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Сіз қандай ұлттық тағамдарды білесіз?

Сізге қымыз ұнай ма?

Сізге шұбат ұнай ма?

Сізге қандай ұлттық тағамдар ұнайды?

Сізге қымыз, шұбат ұнай ма?

Қымыз бен шұбатты жиі ішесіз бе?

Осы сусындар денсаулыққа пайдалы ма?

Мен қазақ халқының көптеген тағам атауларын білемін. Мысалы: қазақша ет, баурсақ, кеспе, шұбат, қымыз. Сіз қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіз?


2-тапсырма. Үлгі бойынша тест дайындау

1. Сіз қаңдай ұлттық тағам атауларын білесіз?

а) қазақша ет; ә) палау; б) манты; в) лағман; г) қымыз; ғ) шұбат

2. Сіз қандай тағамдарды дайындай аласыз?

а) қуырдақ ә) палау б) наурыз көже

в) бауырсақ г) қазақша ет ғ) ірімшік

3. Сізге ұллтық тағамдар ұнай ма?

а) ұнайды ә) ұнамайды

4. Қандай сусындар денсаулыққа пайдалы?

а) қымыз ә) айран б) шұбат в) шырын г) су ғ) сүт

5. Қымыз бен шұбатта қандай дәрумендер бар?

а) А ә) А, В1, В2, С б) С, Д


3-тапсырма. Сұхбатты құру

  • Бағжан, түскі асқа қашан келесіз?

  • Әнел, түскі асқа сағат 13:00 барамын.

  • Сүйікті асыңыз кеспені дайындадым.

  • Рақмет, Әнел!


4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Өзіңіз ұнататын ұлттық тағамдарың жайлы айт. Жаз.

Сен қандай тағамдарды дайындай аласың? Тізімін жаса. Дайындау әдісін жаз.


VI. Үй жұмысы: Тақырып бойынша қосымша материалдар әкелу, айта білу









20. Сынып: 8Г 16.10.13

Сабақтың тақырыбы: Әкеме көмектесу.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету. Есімше туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Есімше туралы түсінік беру;

  • Анықтамасы

  • Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

Менің отбасым

Сөздік: жауапты – ответственная, жағдай – условие, ұқпаған жерлерімді – непонятное, гүлтаж – цветочная корона, кеш батқан – вечером

  1. Оқылым. Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, сыныптасыңмен өзара сөйлесіңдер, сұрақ құрап жазыңдар. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер.

Менің отбасым үш адамнан тұрады. Әкемнің жұмысы өте жауапты. Отбасының жағдайын жасау үшін, көп жұмыс істейді. Демалыс күндері мен отбасыммен көп уақыт өткіземін. Менің отбасым – мәдениетті, тату және біз спортты жақсы көреміз. Біз кинотеатрға, бассейінге және спорттық кешенге барамыз. Менің анам өте мейірімді жан. Анам әрқашан көп көмек көрсетеді, ұқпаған жерлерімді түсіндіреді, үйге берген тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

Біздің отбасымызда бірнеше дәстүрлер бар. Әсіресе Наурыз мейрамына дастарқан жайылып, наурыз көже әзірлейміз. Үлкен-кішіні құттықтап, жақсы тілектер білдіреміз.

Жазғы демалыста біз табиғатқа шығамыз, балық аулаймыз, өзенде шомыламыз, әр түрлі гүлдерден гүлтәж жасаймыз. Кеш батқан кезде алау жағып, картоп күйдіреміз. Отбасымды сүйемін, қадірлеймін, мақтан тұтамын. Мемлекетімізде жақсы отбасылар көбейе берсін!

  1. тапсырма: Берілген сөздерді жалғау түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар Үлгі:

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

Көптік жалғау

Септік жалғау

Әкем

оқушымын

дәстүрлер

отбасымызда

Мейрамына, дәстүрлер, дастарқан, кешен, анам, үйге, гүлтәж, картоп, тапсырмалар біздің, жұмыс, уақыт.

  1. Жазылым. - «Туған» сөзі төменде берілген сөздердің қайсысымен тіркесе алады?

Үлгі: туған қала, туған бала.

Аға, ана, бауыр, Отан, дос, отбасы, халық, өмір.

  • Мәтіннен есімшелерді тауып, етістіктерді есімшеге келтіру.

IV. Үйге: Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, «Менің жанұям» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар. Қорыту. Бағалау . Қоштасу


22. Сабақтың тақырыбы: Көмек көрсету –әдептілік белгісі 8в 7.10.14

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сауатты жазуға үйрету,.

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсы қасиеттерге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс

Сөздік: қураған жапырақтар – высохшие листья, бұтақтар – стволы, туысқан – родственник, хал – жағдай – дела и здоровье, кірісу – приступить

Мен ата-анама көмектесемін

Өткен аптада саяжайға бардық. Әкемізге көмектестік, көп жұмыс жасадық. Жер қаздық, ағаштардың былтырғы жапырақтарын жинадық, оларды сыртқа шығардық, алма ағаштарының қураған бұтақтарын кесіп отқа жандырдық. Үйдің алдындағы ауланы сыпырдық. Шайға су әкелдік. Мен тамақ пісірдім. Содан кейін бәріміз отырып тамақ іштік, әңгімелестік. Алыстан туысқанымыз келді. Біз бір-бірімізден хал-жағдайымызды сұрасып, әңгімелесіп, біраз демалып, қайтадан жұмысқа кірістік.

III. Тапсырмалар:

1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқу, сұрақ құрастыру.

2. Жазылым. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

3. Айтылым. Сен ата-анаңа қалай көмектесесің? Шағын әңгіме жаз

IV. Үй жұмысы: тақырып бойынша диалог құру23































Сыныбы: 8в

18.10.14

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша сөйлемдер құрып, өзара сөйлесе білуге үйрету, құрмалас сөйлемді қайталау;

  2. Сөйлеу машықтарын қалыптастыру;

  3. Мектеп асханасында өздерін ұстай білуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

2. Оқулықпен жұмыс1тапс.53бет Мектеп асханасы

3. 1. Мәтінді жалғастыр.

Мен 39 мектепте оқимын. Біздің мектепте асхана бірінші қабатта орналасқан. Асханамыз үлкен, таза және әдемі. Аспаздар әр түрлі дәмді тамақ дайындайды. Асханада шырын, шай, кофе сатылады. Біз ас мәзірі бойынша тапсырыс береміз. Оқушылар таңертең тәтті тоқаш жейді, шай ішеді. Түскі уақытта ыстық тамақ алады.

Кезекші оқушы үстелге шанышқы, ас қасық, шай қасықты әкеледі. Маған манты, тұшпара, палау ұнайды. .....

2.Сұрақтарға жауап бер.

1. Мектепте асхана қайда орналасқан?

2. Асхана қандай?

3. Аспаздар не дайындайды?

4. Қандай сусын сатылады?

5. Асқа тапсырыс бересіңдер ме?

4. Оқушылар таңертең немен тамақтанады?

5. Түскі уақытта қандай тамақ ішу керек?

6. Кезекшінің міндеті қандай?

7. Мектепте тамақтанасың ба?

8.Асханада оқушылар неше рет тамақтанады?

9. Сен қандай тамақ ішесің?

3. Ситуациялық диалог құрып, өзара сөйлесіңдер

Жағдаяттар:

- Сен құрбыңмен не досыңмен түскі асқа бірге бардың ...

- Сен құрбыңды не досыңды түскі асқа шақырдың ...

- Сен тамақтанып алғансың, бірақ досың үшін асханаға бардың ....


4. Суреттермен жұмыс жасау.

Әңгімелерінде құрмалас сөйлем болуы керек.

Түрлерін анықтау


5.Үй жұмысы: «Мектеп асханасында» тақырыбына жағдаят құру




























































































24. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ас үй

Мақсаты:


1.Оқушыларға ас үйде жасалатын тәттілер туралы түсінік беру, жаңа сөздер үйрету;

2.Жаттығулар арқылы тіл үйрету;

3. Мәдениеттілікке тәрбиелеу

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру


2. Тапсырма: Таныс емес сөздерді сөздіктен тауып, аударып, жаттап алыңдар. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Тәттілер:


Қант – қант қызылшасынан өндірілетін ақ түсті тәтті.

Науат – балқыта қайнатып қатырған мұз түсті мөлдір қант.

Бал – гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың, шипалы тәтті тағам.

Халуа – күйдірген майға қуырылған ұнды шекер ертілген суға шылап әзірленген тәтті нәр.

Алуа – шекер-шырынды тәтті нәр.

Сарышекер – құмшекерге су, сүт құйып қайнатып дайындалатын тәтті.

Қауыншек – қауынның жіңішке тіліктерін ішекше өріп кептірген тәтті татым.

Қауынқұрт – қайнатылған қауыннан жасалған тәтті құрт.

Қауынқақ – қауынды жіңішкелеп тіліп, күн көзіне кептірген тәтті тағам.

Қақ – кептірілген жеміс.

Көк – көкөніс, жеміс тағамдарының жалпы атауы


ІІІ деңгей

Жоғарыда берілген «Тәттілер» тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырыңдар.


ІІ деңгей

"Тәттілер" тақырыбына сөйлесу құрастырыңдар.


І деңгей

Тәттілердің пайдасы мен зияны туралы өз пікірлеріңді айтыңдар


3. Үй жұмысы: "Тәттілер" тақырыбына шағын шығарма жаз.


25. Сынып:8

Сабақтың тақырыбы: Достарыммен асханада тамақтану

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету;

  2. Диалог арқылы тіл үйрету;

3. Мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ас ішу мәдениетін игерту.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

2. Сөздікпен жұмыс

дастарқан мәзірі - меню

қуырылған балық - жареная рыба

дүнген кеспесі - дунганская лапша

ыстатылған - копченый

қазы - колбаса из конины

жая - деликатес из конины

тәбетің ашылсын - приятного аппетита

3.Тапсырма: Сөйлесуді оқып, түсініп, өз диалогын құру

- Уақыт қанша болды?

- Сағат сегіз. Тамақтанайық.

- Әрине, Тамақтануға болады.

- Жүр кеттік.

- Не алайық?

- Кәне, дастарқан мәзірін көрейік.

- Мен дүнген кеспесін аламын, сен ше?

- Маған қуырылған балық ұнайды.

- Екіншіге не аласың?

- Ыстатылған жаяны жеуге болады, өзің ше?

- Маған да жылқы еті ұнайды. Мен қазы жеймін.

- Тәбетің ашылсын!

- Сенің де асың дәмді болсын!

- Рақмет, Ас дәмді болсын!


4.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

Сөйлесуді жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.

ІІ деңгей

1. Оқулықты жауып қойып, сөйлесуді қысқаша жазыңдар.

2. Үш сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

І деңгей.

«Асханадағы әңгіме» тақырыбына шығарма жазыңдар.

5. Үй жұмысы:Ас, денсаулық туралы мақал-мәтелдер тауып жаттап келу.


















26.

Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі

Мақсаты:

Сыныбы: 8Г 30.10.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Асханадағы ас мәзірі

Мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, алған білімдерін одан әрі тереңдету;

Дамытушылық: Тақырып бойынша сауатты жазу, сөйлей білуге үйрету, сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Мектеп асханасында өздерін ұстай білуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.


II. Мәтінмен жұмыс

-Жаңа сөздермен жұмыс: апталық, күнделікті, палау, тұшпара, ...қоса, тұрақты, аталғандар, сүт кеспе

-Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап дайындаңдар. Өзара сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табыңдар, екі сөйлемді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

ІІ деңгей

1. 4- тапсырма. Диалог толықтырып құраңдар.

- Түскі уақыт болды ма?

--------------------------

  • Ендеше асханаға барып тамақтанайық?

---------------------------------------------------

  • Сәлеметсіз бе!

----------------------------------------------------------

  • Сіздерде ұлттық тағамдардан не бар?

------------------------------------------------

  • Ұлттық сусындардан не бар?

--------------------------------------

  • Не алайық? Бізге қандай кеңес бересіз?

---------------------------------------------------

  • Кеңес берген үшін, рахмет.

--------------------------------------------------

І деңгей

Мектеп асханасының ас мәзіріне сүйене отырып, шығарма жазыңдар.


ІІІ. Жаттықтыру жұмыстары

2- тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.

1. Менің қарным ашқан кезде ........

2. Мен шөлдеген кезде ........


3- тапсырма. Сөйлемдерді мәтін бойынша мағынасына қарай толықтырыңдар.


IV. Үйге: 5- тапсырманы орындау, жаңа сөздерді жаттау

V. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау. Бағалау



27. Сыныбы: 8Г 31.10.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дастархан басында өзің- өзі ұстай әдебі

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету;

  2. Мәтінмен жұмыс арқылы тіл үйрету;

3. Мәдениеттілікке тәрбиелеу. Ас ішу мәдениетін игерту.


Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру


2. Сөздік

ескертпелер - напоминания

куә - свидетель

қастерлі - ценный

қасиетті - святой

кеңес - совет

тыйым - запрет

қонақжайлылық - гостеприимство

мырзалық - щедрость

адамгершілік – гуманность



Тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.


Дастарқан басында өзіңді ұстай аласың ба?

Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Соңдықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады.

Дастарқан қазақ тұрмысында қастерлі, қасиетті ұғым. Таза ұсталып, одан аттамайды, дастарқан басында жақсы кеңестер беріліп, ұрыс-керіске тыйым салынады. Дастарқанның жайылуы қонақжайлылықтың белгісі. Қонақжай қазақтың кең дастарқаны жиналмаған.

Қазақ адамның мырзалығын, адамгершілігін дастарқанына қарап бағалаған.



ІІІ деңгей

1. Мәтіннің идеясын ашатын бір сөйлемді оқып шығыңдар.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

2. Мәтінге сөйлесу құрастырыңдар.

І деңгей

«Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген мақал-мәтелді қалай түсінесіңдер?

3. Үй жұмысы: Мәтіннің мазмұнын айту


28. Сабақтың тақырыбы: Дастархан басында сақталатын дәстүрлер, ырымдар мен тыйымдар

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз халқының әдет-ғұрыптарын сақтауға тәрбиелеу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.


II. Мәтінмен жұмыс.

ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ – ҚАЗАҚҚА ТӘН 

Қазақ халқында дастарқанға жасына қарай отырады, яғни үлкенді сыйлаған. «Жасына қарай отырады, жағына қарай сөйлейді» деген де сөз бар. Алдымен ақ сақалды атаны, ақ самайлы әжені сыйлайды. Бірінші соларға төрден орын береді. Бұл – біздің халыққа ғана тән, қазақтың қанына сіңген, атаның тілімен айтсам, «дала этикасы». Өкінішке қарай, бүгінде қызметіне, лауазымына қарап, жап-жас жігіттерге төрден орын ұсынып, ақсақалдарымыз бен әжелерімізді босағаға жақын жерге отырғызып жүрміз. Айналып келгенде, ұлттық салт-сана, ұғым-түсініктің арқау жібі босап, көмескіленіп бара жатқандығынан туған білместіктер – бұл да.

Ал үлкен кісілер – қалай болғанда да, өмірді көрген, өмірдің ащы-тұщысын басынан өткергендер, талай бел-белестен өткен адамдар. Олардың назасы болуы мүмкін. «Әттеген-ай, мынаның тексізін-ай, жасына қарамай, жоғары шығып кетті-ау...» деген ойының өзі төрге ұмтылған жастарға жақсы болмайды. Сен де қартаясың, «атаңа істегенің алдыңа келеді» дейді, ертеңгі күні жастар орын берсін десең, жастар сені сыйласын десең, бүгін қартты ардақта! Қазақта «төріңнен қарт кетпесін» деген сөз бар. Өйткені қарт адам тілегін айтып, батасын беретін батагөй адам. Дастарқаныңның төрінде - қарттар, төменгі жағында жастар жайғасса, түсінген адамға бұл да – көргенділік. Дастарқан басында біреуді жамандауға, жаман сөз айтуға болмайтынын да кейінгілерге үнемі ескертіп отырыңыз. Бұл да – өзіңізден кейінгі ұрпағыңа көрсететін үлгі-өнеге.



ІІІ. Тапсырмалар:

  1. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар құрастырыңдар;

  2. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңдар;

  3. Сыныбы: 8 «Дала этикасы» ұғымын қалай түсінесіңдер;

  4. Мәтіннен туыстық атауларды теріп жазыңдар;

  5. «Ұрпақтарға көрсетілетін үлгі-өнеге» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар;

  6. Мәтіннен синоним, омоним, антоним болатын сөздерді табыңдар.


IV. Үй жұмысы: тақырып бойынша диалог құру

Бағалау

Қорыту

ы: Дұрыс тамақтану әдеб


Сабақтың тақырыбы Дұрыс тамақтану әдебі 8Г 13.11.13


Мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету, құрмалас сөйлемді қайталау;

  2. Сөйлеу машықтарын қалыптастыру;

  3. Эстетикалық тәрбие беру

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

2. Тамақтану әдебі

Үстел басындағы үйлесімді тәртіп:

1. Еш уақытта тамсанып, ерінді сылп еткізіп жеуге, тым үлкен порциялар салып алуға, шанышқыға тым үлкен кесектерді түйреуге, өз тәрелкеңізді ыбырсытуға, ауызға тамақ толтырып алып сөйлеуге, тым жылдам жеуге болмайды.

2. Орындықта қозғалмай, түзу отырыңыз.

3. Қолыңызды үстелдің астында емес, үнемі үстелдің үстінде ұстаңыз. Үстел басында шынтағыңызды тіреп отыруға болмайтынын ұмытпаңыз.

4. Асхана құралдарымен ойнамаңыз.

5. Үстелдің шетін саусақтарыңызбен тарсылдатпаңыз.


ІІІ деңгей.

Үстел басында өз-өзін ұстау туралы сұрақтар құрастырыңдар.

ІІ деңгей.

Үстел басында өз-өзін ұстау туралы сөйлесу құрастырыңдар.

3. Ас ішу тәртібі

Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

асықпай – не спеша

шектен тыс – выше нормы

шайнау – прожевать

жұту керек – проглатит

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

3. Тамақ ішіп отырып, кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5. Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

4. Сұрақтарға жауап дайыңда

1. Тамақты көп ішуге бола ма?

2. Тамақты қалай ішу керек?

3. Тамақ ішіп отырғанда не істеуге болмайды?

4. Тамақта не болады?

5. Қандай пайдалы сусындар бар?

6. Саған қандай сусын ұнайды?

5. Үйге:«Тамақтану әдебі» тақырыбына шығарма жазыңдар






30. Сабақтың тақырыбы: Асхананың тазалығын сақтау



Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.


II. Мәтінмен жұмыс.

Тазалық – денсаулық кепілі.

Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айналдырыңдар.

Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс. (65 сөз).

(Интернет желісінен. Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы.www.kyzdar-alippesy.kz.)

ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемнен қос сөздерді тауып, түрін анықтаңыз.

І нұсқа. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек.

ІІ нұсқа. Азық-түлік жабық ұсталуы тиіс.

ІІ деңгей. Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.

І нұсқа. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек.

ІІ нұсқа.Екінші-күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін сақтау керек.

І деңгей. Өзіңнің денсаулығыңды сақтауға қатысты ойыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңыз.

IV. Үй жұмысы: тақырып бойынша диалог құру

Бағалау

Қорыту



Сыныбы: 8Г 20.11.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Асхана

Мақсаты:

  1. Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау

  2. Сөйлеу машықтарын қалыптастыру;

  3. Эстетикалық тәрбие беру

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

2. Асхана

Сөздік:

мәнті - манты

қуырдақ - жаркое

  • Мынау – асхана. Асхана екі қабатты. Бірінші қабатта ұлттық тағамдар әзірлейді. Екінші қабатта өзге ұлт өкілдерінің тағамдарын даярлайды. Ұлттық тағам жеуге қалай қарайсыз?

Әрине, маған өте қызық. Не бар екен? Кіріп көрейік.

Мәнті, қуырдақ, палау, бар екен. Жас қияр, қызылша салаты да бар екен. Не жейсіз?

Білмеймін, сіз көмектесіңізші.

Ендеше мәнті жейміз. Сүт қосқан қазақша шай ішеміз.

Жақсы. Айтқаңыз болсын.

Ас дәмді болсын!

Рақмет.

Даулет, мәнті өте дәмді екен, маған ұнады. Бұны қалай даярлайды?

Ет, асқабақ, пиязды ұсақтап турап, оған бұрыш, тұз қосып араластырады. Содан кейін жайған қамырға орап, шетін жапсырады да, буға пісіреді. Оны пісіруге арнаулы ыдыс керек.

Тамаша. Маған мәнті жасауды үйретесіз бе?

Мәнтіні қалай жасауды білемін, бірақ өзім жасап көрмедім.

Менің үйіме қонаққа келесіз ғой, сонда бірге мәнті жасаймыз.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1) Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Асхана қанша қабатты?

2. Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

3. Мәнтіні қалай жасайды?

4. Дәулет не деді?

2) Мәтіннен екі сөйлем көшіріп жазып, оларға синтаксистік талдау жасаңдар.


ІІ деңгей

1) Бір тақырыпты таңдап, сөйлесу құрастырыңдар.

1.Тамақтанайық.

2. Ас дәмді болсын!

3. Өте дәмді екен.

4. Не жейсің?

5. Дәмін татыңыз?

2) Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.


І деңге. Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары 8Г 21.11.13


Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімдерін туғызу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс.

Ежелгі қалалар

Сөздік:

Ежелгі – древний,

Орта тұсындағы – по середине

саяси – политический,

щаруашылық – хозяйство

мәдени орталық – центр культуры,

кесене – мавзолей,

ғимарат – здание

сәулет өнері – архитектурное исскуство

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол ҮІ- ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталды. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

ҮІІ ғасырдан бастап Тараз деген тағы бір әйгілі қала Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі қалалардың біріне айналған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажы кесенесі. Әйгілі Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.

Х- ХІІ ғасырлар – қаланың ең гүлденген кезі.

ХҮІІ ғасырдан бастап бірте-бірте халқы азайып, шағын елді мекенге айналды.

І деңгей

  1. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын айтыңдар.



  1. Жазылым. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді теріп жазып, оны аударыңдар. Олармен сөз тіркестерін құрыңдар.

ІІ деңгей

  1. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңдар.

  2. Жазылым. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Өзенінің, ескерткіштері, ғасырларда

ІІІ деңгей

Сөйлесім. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Сен тұратын қала көне қалаларға жата ма?

  • Ол бұрын қалай аталды. Бұл қала облыс орталығы ма?

  • Өз облысыңда қандай аудандары бар?

  • Бұл жерден шыққан қандай атақты адамдарды білесің?

  • Оларға арналған ескерткіш, мұражайлар бар ма?

  • Қалаларыңда қандай өзен, көлдер бар?


Сыныбы 8Г 26.11.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің бас қалалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша мағлұмат беру, күрделі сөздер туралы түсініктерін тереңдету;

  2. Тақырып бойынша сауатты сөйлей білуге баулу, мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Өз Отанын қадірлеуге, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Күрделі сөздер

Анықтамасын беру

Түсіндіру, мысалдар


III. Қазақ елінің бас қалалары. Мәтінді оқу. Оқулық 91 бетте

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

2. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазыңдар, орыс тіліне аударыңдар.

3. Мәтін ішінен көне қалаларды теріп айтыңдар.

4. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тап, түрін ажыратыңдар.


IV. Деңгейлік тапсырмаларды орындату

  1. Мәтін бойынша сұрақтар дайыңдау

  2. Берілген сөздерге фонетикалық талдаулар жасау: ежелгі, астана, ғасыр, дәуір

  3. Мәтін бойынша берілген сөздермен мәтін құру, айту

Басқару үшін, алғашқы мәлімет, ірі қалалар, Суяб, Отырар, Түркістан, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола


V. Жазба жұмысы

2- жаттығу 93 бетте

Сөйлемдерді толықтыру

3- жаттығу

Сөздердің аудармасын табу: басқару, қағандық, шаһар, астана, іргетас, дәуір, сауда

VI. Үй жұмысы:

Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар













Сабақтың тақырыбы: Орынбор - тұңғыш астана

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша мағлұмат, біріккен сөздер туралы түсінік беру;

  2. Тақырып бойынша сауатты сөйлей білуге баулу, мәтінмен жұмыс істету арқылы тіл

үйрету36. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

  1. Елінің өткен тарихына деген қызығушылықтарын оята отырып, патриотттәрбиелеу.

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Біріккен сөздер

Анықтамасын беру

Түсіндіру, мысалдар

III. Мәтінмен жұмыс

Орынбор - тұңғыш астана

Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінде оқып, орыс тіліне аударыңдар

1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын.

1737 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл Орталық Азияны басып алуының кілті болған. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада шыққан.

Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, еңбектер жазған.


Сөздік:

Құрамындағы – в составе

Өлкесі – край

Бекінісі – крепость

Зиялылары – авторитеты, интелегенция

Қоғам қайраткерлері – общественный деятель

Үндеген – призвал

Жазылым. 2-тапсырма. Төменде берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Жарияланды, құрамдас, зиялылар.

Айтылым. 3-тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, мәтіннің мазмұның ашатын сұрақтар құрастырыңдар.

Жазылым. 4-тапсырма. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

  1. 1737 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берген.

  2. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» журналы осы қалада шыққан.


Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы 8В. 2.12.14

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету,ББД арттыру

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімдерін туғызу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру. Орыбор қаласы туралы әңгімелеу

II. Мәтінмен жұмыс. Алматы қаласы. Қазақстан астанасы – Алматы

Оқылым. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан – Сібір темір жолы іске қосылды. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.

Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60-70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет нысандары бар.

Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16-желтоқсанынан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.

Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы мәртебесінде болды.


2-тапсырма. Мәтіннен өзіңе таныс емес, жаңа сөздерді теріп жаз, оны аудар.


Айтылым. 3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға диалог ретінде жауап жаз.

  • Алматы қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

  • Алматы қаласы қай жылы астана болып тайындалды?

  • Қай жылы Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды?

  • Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

  • Медеу мұз айдыны туралы не білесің?Әңгімелеп айтып бер.

  • Алматы қандай қала?


Жазылым. 4-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар.


Жылдарында, көшірілді, нысандары.

5-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар

Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.

Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.

Үй жұмысы: 98бет,деңгейлік тапс. Бағалау. Қорыту.



Пән: қазақ тілі 8В сынып

Сабақтың тақырыбы: Қызылорда қаласы

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша мағлұмат беру, сөз қорларын молайту

  2. Тақырып бойынша сауатты сөйлей білуге баулу, мәтінмен жұмыс істету арқылы тіл үйрету;

3. Елінің өткен тарихына деген қызығушылықтарын оята отырып, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.


II. Мәтінмен жұмысы.

Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер,

мазмұнын айтып беріңдер.

Қала негізі Қамысқала атты елді мекенде 1817 ж. салынған Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды.

1854 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В.А. Перовскийдің атымен бекініс Перовск порты аталды. 1857 ж. Перовскіге қала мәртебесі беріліп, уъезд орталығына айналды. 1922 ж. қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен 1925 жылдың наурызында Қызылорда деп қайта өзгертіліп, Қазақстан астанасының мәртебесі берілді (1929 жылға дейін).

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры (қазіргі М. Әуезов ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық театры) ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді.


  • Қызылорда қаласы бұрында қалай аталды?

  • Қаланың ірге тасы қашан қаланды?

  • Ол қала қашан уъезд орталығына айналды?

  • Қай жылдары Қазақстан астанасы болды?

  • Қалада тұңғыш театр қашан ашылды?


III. Тапсырмалары

3-тапсырма. Мына сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.

Ақмешіт, ақындар.


4-тапсырма. Мына сөздерді тәуелдеңдер.

Бекініс, мекен.


5-тапсырма. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді.

Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры ашылды.



6-тапсырма. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар.

  • Қызылорда, астана, бастап, 1925 жылдан, арасында, 1929 жылдар, қаласы, болды.

  • Тұңғыш, қалада, ашылды, театры, қазақ.

  • Ақмешіт, аталды, Қызылорда, деп, қаласы, алғашында.

IV. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар


VI. Үй жұмысы: 5- тапсырма. Презентация жұмыстары





























































. Сыныбы: 8Г 10.12.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы. Бас қаланың бойтұмары

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша мағлұмат беру, сөз қорларын молайту

  2. Тақырып бойынша сауатты сөйлей білуге баулу, мәтінмен жұмыс істету арқылы тіл ү йрету;

  3. Елінің өткен тарихына деген қызығушылықтарын оята отырып, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.


II. Мәтінмен жұмыс

Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998)

1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6  мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық мәдени орталығы және елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.
Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.
Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.


Сөздік:

жарлық – приказ

жариялау – правозгласил

мәртебесі – статус

қабылданды – принят

салтанатты ашылу рәсімі – торжественное открытие

ескерткіштер – памятник

оң жағасында – на правом берегу

таң қалдырды – удевил

саналады – считает


III. Тапсырмалары

  1. Мәтінді оқыңыз, сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңдар.


  1. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, оларды есімшеге, көсемшеге айналдырып жазыңдар.

Мысалы: қойды – қойған – қойып (қойғалы)

  1. Мына сөздерді жіктеңдер:

Президенті, сұлу

  1. Мына сөздерді тәуелдеңдер:

Қала, болашағы

  1. Морфологиялық талдау жасаңдар.

Қонақтарды, экономикалық


IV. Үй жұмысы: 5- тапсырма. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар










































Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан табиғаты 8Г 11.12.13

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімдерін туғызу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс.

Туған жерімнің табиғаты

Сөздік:

құрылық - материк

ойпан - впадина

шын вершина

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол 1991 жылы орын алды. Біздің мемлекет Еуразия құрылығының тура ортасында тұр. Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде аспанмен таласқан таулар созылып жатыр. Ал елдің орталығында, шығыс бөлігіне таяу аумақта қазақтың алып даласы Сарыарқа орын тепкен.

Қазақстан – контрасттар елі. Республикадағы ең төмен жер – Қарақия ойпаты. Ол Әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен, Каспий маңы ойпатында орналасқан. Ал Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі 6995 метр. Ең ыстық жер – Қызылқұм, онда жазды күндері 47 градус ыстық болады. Ең суық жер де Қазақстанда. Жауын-шашын Алтай мен Жоңғар Алатауында көп жауады.

III. Тапсырмаларды орындау

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін мәндес сөздермен түсіндіріңдер

Ежелгі ел, орын тепкен, таяу аймақта, жауын-шашын, көп жауады, алып даласы

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Біздің мемлекет Еуразия құрылығының тура ортасында тұр.

5-тапсырма. Мәтіннен бір-бірімен байланысты екі жай сөйлем таңдап алып, олардан бір құрмалас сөйлем құрастырыңдар

IV. Үй жұмысы: Қосымша материалдармен жұмыс


. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстарының өнеркәсібі 8Г 12.12.13

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімдерін туғызу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс.

Солтүстік Қазақстан

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Петропавл Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, 1936 жылдан облыс орталығы.

Қазіргі кезде Петропавловск Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді.

Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-дің әскери бекінісі ретінде қаланған. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. Оның ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтан ықпал етті. Ол Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.



III. Тапсырмаларды орындау

2- тапсырма. Мәтінге сөздік құрастырып, олармен жаңа сөйлем құрастырыңдар.


3– тапсырма. Мәтінге диалог құрастырыңдар.


4-тапсырма. Төмендегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Патшалық, орталығын.


5 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Петропавл қаласы 1936 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы.

Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.

IV. Үй жұмысы: Қазақстан облыстарының өнеркәсібі туралы мәліметтер жинау

V. Бағалау

Қорыту




. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстарының табиғи байлықтары 8Г 18.12.13

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша жаңа сөздер үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу машықтарын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімдерін туғызу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

II. Мәтінмен жұмыс.

Қазақстан кен байлығы

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. 1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры бар және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалардың кен орындары ашылған. Республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен – екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан – алғашкы орында, ал мұнай, темір және қалайы қорынан – алғашкы он орынның біріне ие.

Сөздік:

Жүйелі - систематизированный; последовательный

мол - много

қор - накопленный запас; богатство

жуық - около

қойнау- недро

III. Тапсырмаларды орындау

2- тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.

3-тапсырма. Қарамен жазылған сөйлемді себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем түріне айналдырыңдар.

IV. Үй жұмысы:

V. Бағалау

Қорыту




45. Сыныбы: 8Г 24.12.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстарының халқы

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тақырып бойынша мағлұмат беру.Тәуелдік жалғауын қайталау.

  2. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

II. Тыңдалым.

Қазақстанның халқы

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Еліміздің халқы 17 млн. Республикамызда жүз отызға жуық ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ресми түрде орыс тілі қазақ тілімен бірдей қолданылады. Қазақстан халқы арасында қарым-қатынас, достық жақсы дамыған. Қазақ халқында туған ел және Отан сөздері бір ұғымды білдіреді. Қазақстанда барлық ұлттар ауызбірлікті сақтап, тату тұрады. Халқымыздың басты тілегі – бірлік, бейбітшілік, тыныштық.

III. Айтылым.

  1. Мәтіннен түсінгеніңді әңгімелеп айт.

  2. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Елімізде неше ұлт өкілдері тұрады?

  • Қазақстанда қанша халық бар?

  • Ұлттық құрамы қандай?

  • Елімізде халықтар өз ара қалай тұрады?

  • Ауызбірлік» дегенді қалай ұғасыңдар?

IV. Жазылым.

1-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жағында тұрған сөздерді

тіркесіп тұрған сөзімен көшіріп жаз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелде. Халық, ұлт.

3-тапсырма. Тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жағына мысалдар келтіріп, сөз

тіркестерін жаз. Үлгі: Еліміздің тілі.

V. Тілдесім: «Қазақстанның халқы» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

VI. Үй жұмысы: Мәтінің мазмұнын әңгімелеп бер.




. Сыныбы: 8г 25.12.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын қала

Мақсаты:

  1. Септік жалғауларын қайталау. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

в) Сабақтың мақсатын ашу. Диалог 123 бетте №1

II. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.


Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Алматы астана мәртебесін алғаннан кейін қала экономикасы өсіп, халықтың саны артты. 1930 жылы 19-шілдеде Түркістан – Сібір темір жолы іске қосылды. Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.

Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60-70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет нысандары бар.

1966 жылдың 21 қазанында қаладан 18 км жердегі Медеу шатқалында жарылыс жасалып, биіктігі 100 метр бөгет салынды. Ол 6-2 млн текше метр су мен басқа қауіпті заттарды ұстап тұра алады.

Еліміздің аса ірі, әсем де сұлу қаласы Алматы 1991 жылдың 16-желтоқсанынан 1997 жылдың 10 желтоқсанына дейін егеменді Қазақстан Республикасының бірінші астанасы болды.

Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.


2-тапсырма. Мәтіннен өзіңе таныс емес, жаңа сөздерді теріп жаз, оны аудар.

3-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға диалог ретінде жауап жаз.

  • Алматы қаласы Қазақстанның нешінші астанасы?

  • Алматы қаласы қай жылы астана болып тайындалды?

  • Қай жылы Түркістан-Сібір темір жолы іске қосылды?

  • Алматы қаласы қай жерде орналасқан?

  • Қай  жылы қаладан 18 км жердегі Медеу шатқалында жарылыс жасалып, бөгет салынды, оның биіктігі қанша метр?

  • Алматы қандай қала?

4-тапсырма. Мына сөздерді сөз құрамына талдаңдар.

Жылдарында, көшірілді, нысандары.

5-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар

Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.

Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.


III. Үй жұмысы: №3. Қала бойынша әңгімелеңдер.

Сыныбы: 8Г 26.12.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сен қай қалада тұрасың?Нәтиже сабақ

Мақсаты:

  1. Тұйвқ етістікті қайталау. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

в) Сабақтың мақсатын ашу. Диалог 125 бетте №1


II. Сөздікпен жұмыс. Сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін қолдану.

Біраздан соң, көшу, шағын аудан


2-тапсырма. Диалог құру.

Сен қай қалада тұрасың?


3-тапсырма.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.


4-тапсырма. Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөз тіркестерін құру.

керемет

оқиға

ыңғайлы

жаз

көрікті

бөлме

жеңіл

орын

орманды

табиғат

тарихи

қала

кең

жүк

ыстық

алқап


5-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар

Алматы қаласы 70 жыл бойы еліміздің астанасы статусында болды.

Алматы – Орталық Азиядағы өркениеттегі ірі қалалардың бірі болды.


III. Үй жұмысы: №5. Қала бойынша диалог құру.126 бет




48. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан

Мақсаты:

  1. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздігін мақтан етуге, өз елінің жеткен жетістіктерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру


II. Тәуелсіз Қазақстан

Мәтін мазмұнын мұқият тыңдап, мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.

Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Ата заңы, ұлттық валютасы (төл теңгесі) бар. 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Н. Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдау туралы» Президенттің Жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық ақша – теңге айналымға түсті.

Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлем тани бастады. Қазақстанда 50 мемлекеттің елшілігі бар. Біздің мемлекетіміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға, оның ішінде БҰҰ-ға (1992), Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Республикамыз мәдениеті мен ғылымы қатар өркендеген өркениетті елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келеді. Бүгінгі Қазақстан – тәуелсіз, дербес, егеменді мемлекет. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз.

III. Тапсырмалар

1. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Халықаралық, ауыл шаруашылығы.

2. Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңдар.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • ...

  • Жер көлемі қанша?

3. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар

Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстанда ауыр индустрия мен ауыл шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Біз Қазақстан азаматы екенімізді мақтан етеміз.


IV. Үй жұмысы: Қазақстан Республикасының рәміздерін қайталап келу

Сыныбы: 8г 9.01.14


Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров

Мақсаты:


  1. Оқушыларды Қазақстан балалар жазушыларымен таныстыру. Ілияс

Жансүгіровтің өмір жолы, шығармашылығы жөнінде білгендерін тиянақтау.


  1. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;


3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

в) Жаңа модульдің мақсатын ашу.

II. Сұхбат. Ілияс Жансүгіров деген кім?

Тапсырмаларды орындаңдар:

  1. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді тап.

  2. Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістікке келтір.

  3. Есімдіктерді тап, түрлерін ажырат.

  4. Мәтінге сұрақтар қой.

  5. Жай сөйлемдерді байланыстырып құрмалас сөйлем жаса.

  6. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

III. Өзара диалог құрыңдар.

IV. Сабақты қорыту.

Бағалау

V. Үй жұмысы: Ілияс Жансүгіров туралы айта білу.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия




50.






51 Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрманжанов Өтебай 

Мақсаты:

  1. Қайталау. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс, диалог құрғызу арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру

в) Сабақтың мақсатын ашу.



II. Тұрманжанов Өтебай

1-тапсырма. Мәтінді түсіп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Сөздік:

марапатталған – награжден 

Жазушылар одағы – Союз писателей

Тұрманжанов Өтебай  15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. 1927 жылы Мәскеудегі  Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген. 1927–1978 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы болып жұмыс істеген. Әрі оқытушы, әрі жазушы ол Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы болады. Шығармалары негізінен балаларға арналған: “Таң өлеңдері” жинағы, «Қошан кедей» әңгімелер жинағы, «Таң сыры» өлең кітабы және тағы басқа. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ө.Тұрманжанов қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданып, «Қазақтың мақал-мәтелдерін», «Асыл сөздер» атты балаларға арналған ақылдарды 1963 жылы құрастырып шығарған.

Ардақты азамат – ақын, жазушы Тұрманжанов Өтебайдің еңбегі лайықты бағаланған, ол Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 

2-тапсырма. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: шығармаларын

3-тапсырма. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді белгілеңдер.

4-тапсырма. Берілген сөздерге синоним жазыңдар: еңбек, тұңғыш, дүниеге келген.

III. Мәтінге диалог құрастырыңдар

IV. Үй жұмысы: Қала бойынша диалог құру.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия

53Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Әлімбаев Мұзафар

Мақсаты:

  1. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру. Автор туралы сұхбат

в) Сабақтың мақсатын ашу.

II. Мәтінді оқып, аударыңдар

Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Қазақ ақыны, публицист, әдебиет зерттеушісі, аудармашы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1948-58 жылдары «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1958-86 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңдерін 1939 жылдары жазды. Бірінші кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрді. «Менің Қазақстаным», «Құрыш қазақ» атты лирикалық поэмаларында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікті жырлайды.

Ол 140 әңгңме мәтіндерін жазды. Олар 19 тілге аударылған.

Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т.б. сондай кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал.

Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды. Жазушы А.Пушкин, М.Лермонтов, Фирдауси, Сағди т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаев қырғыздың әйгілі «Манас» эпосын қазақ тіліне аударушылардың бірі.

Сөздік:

Мемлекеттік сыйлық - государственная премия

Сүйіспеншілік - любовь

Танымал - известный


III. Тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Мұзафар Әлімбаев кім?

2. Алғашқы өлеңдер жинағы қашан шықты?

3. Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетіне қандай үлес қосты?

4-тапсырма. Түбірлес сөздерді жеке бағанаға жазыңдар.

Әнші, шебер, саз, көрме, сазгер, қалам, әншілік, саздылық, қаламгер, шеберлену, әндету.

5-тапсырма. Берілген сұлба бойынша сөйлем құра



.


. Сыныбы: 8Г 21.01.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев»Менің атым Қожа»

Мақсаты:

  1. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау.

  2. Мәтінмен жұмыс арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру. Автор туралы сұхбат

в) Сабақтың мақсатын ашу.

II. 1-тапсырма.

Мәтінді оқып, аударыңдар.

Сенің жазығың сол: біздің бірнеше шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкеттің. Нағыз азап халге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суалып, құрып бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата ма? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта саямызға паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астыңдағы орындығың мен алдыңдағы үстелдің, қалам-қағазына дейін – бәрі ағаштан істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің, неге бағаламайсың? - деді қарт емен.

Сөздік: шыбық - ветка; прут, түбі; түп; тамыр – корень, адамшылық - человеческие качества, қыстақ - зимовье; зимнее жилье

2- тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3- тапсырма. Мәтінді пайдаланып, төмендегі сөйлемдердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Экология, алдымен, өзіңен басталады. Ол үшін табиғат пен адамның біртұтас екенін ұмытпаған дұрыс. Ата-бабаларымыз жақсылықтың да, жамандықтың да адамға айналып келетінін білген.

  1. тапсырма. Жоғарыда берілген сөйлемдерге талдау жасаңдар. Екі жай сөйлемнен бір құрмалас сөйлем жасаңдар


III. Үй жұмысы: Тақырып бойынша диалог құру.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия



55. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Мақсаты:

  1. Берілген тақырыпты жалғастыра отырып, білімдерін тиянақтау. Есімдікті қайталау

  2. Мәтінмен жұмыс арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру. Автор туралы сұхбат

в) Сабақтың мақсатын ашу.

II. 1-тапсырма. Мәтінді түсіп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

«Менің атым Қожа»

Сөздік:

таңдай - нёба

иемдеу - присвоить

аймақ - округ

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселем, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да бұлар жоғары идеялы есімдер. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды. Әттең, қолдан келсе, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едім. Менің атым – Қожа. Бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі солай айтады.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңдар, мағынасына қарай түрін ажыратыңдар.

4-тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады.

5-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріңдер. Сөйлемдерден анықтауыштар табыңдар. Сұрақ қойыңдар.

Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін.

Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар.


IV. Үй жұмысы: Тақырып бойынша диалог құру.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия


57. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан балалар жазушылары

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «Қазақстан балалар жазушылары» тақырыбы бойынша

алған білімдерін тексеру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сабақтың мақсатын ашу.


ІІ. Сөздік диктант


III. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындаңдар, бір-бірлеріңді тексеріңдер:

  1. Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің ақын-жазушылары кімдер?

  2. Қ. Мырзалиев туралы не білесіңдер?

  3. Қ. Мырзалиевтің қандай шығармаларын білесіңдер?

  4. Қ. Мырзалиевтің «Сабақ» жинағында не туралы айтылған?

  5. Қастек Баянбаев деген кім?

  6. Оның шығармалары қандай?

  7. Е. Елубаевтың «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі қандай тақырыпқа жазылған?

  8. Б. Әділовтің қандай мысалдарын білесіңдер?

  9. « Асқақтаған кірпіштер» мысалы не туралы?

  10. Кітап туралы қандай ұлағатты сөздерді білесіңдер?

  11. Жалқы есім мен жалпы есімнің айырмашылығын табыңдар.

  12. Қ. Мырзалиевтің қазақ әдебиетіндегі орнын атаңдар.

  13. «Сабақ» жинағының мазмұнын айтып беріңдер.

  14. Қ. Баянбаевтың шығармашылығына сипаттама беріңдер.

  15. Ә Асқақтаған кірпіштер» шығармасының мазмұнын айтыңдар.

  16. « Балалар елін бағындыру» гшығармасының қндай тәрбиелік мәні бар?

  17. Ғұламалардың кітапқа берген анықтамаларының біреуін жатқа айтыңдар.



III. Үйге тапсырма: Тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар дайыңдау: сөзжұмбақ, тест, реферат, шығарма т.б.



Сыныбы: 8Г 25. 01.13

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кезең балалар әдебиеті

Мақсаты:

  1. Балалар әдебиеті тақырыбын жалғастыра отырып, оқушыларды Машқар Бахретдинұлы Гумеровтің өмірімен, шығармашылық жолымен таныстыру. Жалқы есімдерді қайталау.

  2. Мәтінмен жұмыс арқылы тіл үйрету;

3. Тілге деген қызығушылықтарын арттыру, жазушы өмірін үлгі ету.


Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сабақтың мақсатын ашу.

II. 1-тапсырма. Мәтінді түсіп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Машқар Гумеровтың өмірі мен шығармашылығы

(1927-2002)

  1. Машқар Бахретдинұлы Гумеров кім?

  2. Ол қашан, қайда туған?

  3. М.Гумеров қайда оқыған?

  4. Жазушының балаларға арналған қандай шығармалары бар?

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

3-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жазыңдар.

III. М.Гумеров шығармаларынан үзінділер

1 топ: М.Гумеровтың «Ерегес» повесінен үзіндіні түсініп оқып, басты кейіпкердің бірі Домбайдың сабаққа дайындалуы туралы айту.

2 топ: Өздерің сабаққа қалай дайындаласыңдар? Айтып беру.

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 3 деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Сөздікпен жұмыс жасау.


IV. Үй жұмысы: Тақырып бойынша диалог құру.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия



60. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев- ақын

Сабақтың мақсаты:
1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Өлең мазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық, ұлт туралы түсініктерін кеңейту.Оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу, ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу. Халқымыздың 
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сабақтың мақсатын ашу.


ІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақын өмірі.
2.Шығармашылығы.
3.Ой шақыру.

Мәтінмен жұмыс.
1.Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу.
2. Шығармашылығы туралы мәлімет.
Топтық жұмыс.
1-топ- Өлеңнің шумағына талдау.
2-топ- Ұйқас түрін табу.
3-топ - буын, бунақ санын анықтау.

III. 1 -тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

2 -тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жазыңдар.

Сергіту сәті.
Ақынның өлеңіне жазылған "Атамекен" әнін қосылып айту

IV. Мәтінге диалог құрастырыңдар

Ой түйін.
Венн диаграммасы.
Не білдік? Не таңқалдырды? Не білгім келеді?
Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Ақын туралы ізденіп келу.

Бағалау

Қорыту. Рефлексия








61. Сыныбы: 8

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сабақ» жинағы»

Сабақтың мақсаты:
1.Ақын шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру. «Сабақ» жинағы», «Септеу» өлеңінің мазмұнын игеру.
2. Оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу, ойын анық жеткізуге жетелеу.
3. Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сабақтың мақсатын ашу.


ІІ. Мәтінмен жұмыс.
1. «Сабақ» жинағы» мәтінімен жұмыс
түсініп оқу, түсініксіз сөздерді аудару, мазмұндау

III. 2 -тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

«Сабақ» жинағының әр сабағына сипаттама беру;

3 -тапсырма. «Септеу» өлеңін жаттау;

«Марат» сөзін септеу

4 -тапсырма. Жұмбақ, жаңылтпашпен жұмыс



Сыныбы: 8Г 1.01.14

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қастек Баянбаев- балалар әдебиетінің ақыны

Сабақтың мақсаты:
1.Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
«Баламен сырласу» өлеңінің мазмұнын игеру.
2. Оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу, ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Ақынның өмірін, шығармашылығын оқушыларға үлгі ету.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Сабақтың мақсатын ашу.


ІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақын өмірі.
2.Шығармашылығы.
3.Ой шақыру.

Мәтінмен жұмыс.
1.Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу.
2. Шығармашылығы туралы мәлімет..

III. Тапсырмалар.

  1. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қойыңдар.

  2. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жазыңдар.

  3. «Баламен сырласу» өлеңінің мазмұнын игеру.

  4. Жұмбақтармен , жаңылтпаштармен жұмыс

Сергіту сәті.

IV. Диалогты толықтырып, өзара әңгімелесу. №5

4- тапсырма. Сөйлемдердегі тұйық етістіктерді теріп жазу


Ой түйін.
Бағалау.

V. Үйге тапсырма: Ақын өлеңін жаттау













Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ананы ардақта, әкені сыйла

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ отбасы дәстүрлерімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Қазақ халқының салт-дәстүріне деген танымдық қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды өз ата-аналарын сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Кезекші жауабы

б) Үй жұмысын тексеру.

в) Отбасы мүшелері туралы сұхбат.

II. Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру;

-          Анықтамасы

-          Мысалдары

III. Мәтінмен жұмыс

 Жаңа сөздерді талдау: ерлі-зайыпты- супруги, сыйлау- уважать, тәрбиелі – воспитанный, өнегелі – образцовый, саналы – сознательный, ренжіту – обижать,  қамқорлық – покровительство

Әке мен ана

  Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әке мен ана – өзіңді өмірге әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Әр ұл мен қыз ата-анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айрықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті. Ананың өз балаларына «ақ сүтімді ақтады» деуі үлкен баға. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелеріне қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.

 Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III деңгей

1. Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Айтылым. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.

3. Жазылым. Мәтіннен сөйлемдегі құрмалас сөйлемдерді табу

II деңгей

1. Айтылым. Мәтінбойынша диалог құрастырып, өзара жұпта сөйлесіңдер.

2. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, оның жасалу жолын түсіндеріңдер.

3. Айтылым. Өз анаң туралы не айта аласың?

I деңгей

Жазылым. «Әке мен ана» мәтінін әрі қарай өз ойларыңнан жалғастырып жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту. Рефлексия жасау

                                     Бағалау

 

V. Үй жұмысы: сөздік жаттау, құрмалас сөйлем туралы білу.

 

 

Автор
Дата добавления 24.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров3061
Номер материала 332989
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх