Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка по самопознание на тему "Табиғатқа қамқорлық" 6 класс

Разработка по самопознание на тему "Табиғатқа қамқорлық" 6 класс

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Еңбек орта мектебі КММ

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатқа қамқорлық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән атауы: Өзін-өзі тану

Мұғалім: Кешубаева. К.С.

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 Мектеп: Еңбек орта мектебі

 Тақырып:    Табиғатқа қамқорлық

 Құндылық:  сүйіспеншілік              

 Қасиеттер:   мейірімділік,адалдық.

 Мұғалiмі:   Кешубаева. К.С.

 Сыныбы:  4 

  

 Сабақ мақсаты:

 Риясыз сүйіспеншілік адам-өмірінің мәні екенін түсіндіру.

Міндеттері:

-Табиғатқа қамқорлық жасау арқылы өмірді сүю туралы түсінік беру.

-Мейірімділік,бауырмалдық қасиеттерін дамыту

-Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі

а) Сәлемдесу.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

5т ережесін еске салу.5 оқу құралын түгендеу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық  

        

                  Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

                              Әуен ойнату

    Ыңғайланып отырыңыздар. Денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Көздеріңізді жұмып көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер.Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып сіздің әрсезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сіздің бойыңызға ақырын тарай бастады.Оймен нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді.Нұр аяқтарымызға тарайды.Олар сендерді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Одан ары нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек жақсы сөздерді ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз. құлақтарымыз тек жақсы сөздер мен әсем әуендерді ғана естиді.Нұр көздерімізге

де жетті,тек жасыға қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді.Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқан дарыңызға, мұғалімдеріңізге таныстарыңызға  бағыттаңыз. Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға жан-жануарларға, өсімдік терге барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».Осындай нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрсын...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуыңызға болады.

Рахмет.

      Ресурстар:

флипчарт,дәптер,

бейне таспа суреттер,

үнтаспа.

 

 

 

 

                

                    ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  Табиғаттың адамға қандай өтініш білдіретінін ойланып .Қазақстанның қорыққа айналған жерлерін іздеп, жазып келу тапсырылған болатын.

а) Табиғатты аялаудың мәні неде?

ә) Өздеріңнің ерекше жақсы көретін жерлерің бар ма?  болса қандай?

б)Табиғатты қалай аялауға болады?

Балалардың жауаптарын тыңдау,мадақтау.

 

Сабақ барысын талқылау:

                              ІІІ.Дәйексөз

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға,ал болашақ  ұрпақтан қарызға алдық»

                                          (халық даналығы)

  Оқушылармен бірге қайталап айту. Ұл балалармен,қыз балалармен бірге қайталап айту.

        

     Көзқарас                              себеп

Табиғат өмір нәрі               Табиғатқа жақсылық қылған

табиғаттан бәрін                   адамның жақсылығы қай

   аламыз,адам                            кезде де сақталады

 табиғаттан сұлу

лықты да үйренеміз.

 

          Мысал                              Қорытындылау

Табиғат бізге сүюді                  Табиғатқа әрдайым

 кеңпейілді болуға                    жақсылық жасай

       үйретеді                         білейік,қамқор болайық

 

Біздің ата-бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап күтіп-баптап сақтап бізге жеткізіп отыр.Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз болып есептеледі балалар.Ол үшін өз аулымыз бен қаламыздағы ағаш,бұталарды кеспей санын молайтып жыл сайын ағаш егіп ,су көздерін тазалап отыру біздің міндетіміз.Жер-ананы күтіп баптай білейік .

     

       ІV.Әңгімелеу. мұғалім сыйы  «Қорықтар» бейне таспада көрсету

    

Еліміздегі қорғауға алынған қорықтың бірі  Ақсу-Жабағылы қорығы

Табиғатты қорғаудың ең ұтымды жолы-қорықтар салу,ендеше сол қорық туралы бейнекөріністі көрейік.

Ақсу-Жабағылы қорығы
Aksu Jabagly 2.JPG

Ақсу-Жабағылы қорығы

Kazakhstan locator blank.svg

Орналасқан жері

Үлгі:Қазақстан байрағы ҚазақстанОңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы

Координаттары

42°19′00″ с. е.70°37′00″ ш. б. http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/55/WMA_button2b.png/17px-WMA_button2b.png

Көлемі

131 934 га

Құрылған

1926 ж шілденің 14

       Талас Алатауының  Батыс ,солтүстік-батыс бөлігін алып жатқан  Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.Ол 1926 жылы құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу – Жабағылы қорығының жерін  Ақсу аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Ақсу-Жабағылы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Теңіз деңгейінен 1000 м-ден 4280 м аралығындағы биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен. Ақсу-Жабағалы сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны. Бұл жерден тау қойын, ешкісін, маралдарды және еліктерді, сілеусіндер мен қар қабыландарын, қасқырлар мен түлкілерді, аюлар мен тағыландарды, ақкүмістерді таба аласыз. Осы жерлерде сарышұнақтарды да көруге болады.

Балалардың ойлары бейнекөріністен кейін тереңдетіледі.

-балалар өздерің айтқандай қазіргі таңда табиғатты қорғаудың негізгі жолы қорықтар салу.Қорықтарға алынған

жерлерге шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді.Табиғат байлықтары ерекше бақылауда болады.

-Бұл жер табиғатына сәйкес ерекше аймақтың бірі болып табылады.Қорықта  өсімдік,құстардың неше түрі бар.Ал,сирек кездесетін жануарлардың сан түрі кездеседі.Мұндай табиғат байлықтарын сақтап қалуда қорықтың орны үлкен.

                                                     

 

                                     V.Дәптермен жұмыс

1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.

Ту ...ан жер таби...аты – хал... ымыздың ұлт..ық мақтанын...шы.Сонд...қтан оны а...лап қор... ауға үлес қ...су – бізд..ң азама...тық бор...шымыз.

2.Сөйемдерді толықтыр.....

Адам баласы табиғатты ... .

Біз бұлақтардың көзін ... .

Су мол болса, астық та ... .

Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .

Экология төмен аймақтарымыз көбейіп ... .

Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады.

 

                        VІ.  Шығармашылық жұмыс

                                                

             1.«Табиғат-ана »   сөзін топтастыру

 

             2. Дөңгелек жасап ілу

            балалар дөңгелек жердің жан-жағына жан- жануарды,суды,

            ағашты ,гүлді іледі.

           

                                    

 

                                                 

 

 

                                        YI.     Топпен әндету

                        «Атамекен»  әні  Е.Хасанғалиев

                                                          

Жасыл жайлау түкті кілем ,көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем

 

Қайырмасы

 

 Қайда жүрсең Атамекен

 Көкейіңде жатады екен

 Күннің өзі ұясына

 Қимай оны батады екен.

 

                           VII.     Үйге тапсырма беру

 

             Табиғат ғажаптары туралы суреттер салып келу

 

                                     YIII.   Тыныштық сәті 

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемге тыныштық.

 

 

 

 

           

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка по самопознание на тему "Табиғатқа қамқорлық" 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 405 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2017 443
    • DOCX 73.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аширов Ербол Сапарбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аширов Ербол Сапарбаевич
    Аширов Ербол Сапарбаевич
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1908
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек