Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка сценария "Ақ жүректі ана"

Разработка сценария "Ақ жүректі ана"

Скачать материал



«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі»КММ















Тақырыбы:

«Ақ жүректі- Ана»













Әзірлеген: Хасаинова Л.М















2016ж

Мұғалім сөзі: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухына сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар! Мереке құтты болсын!!! «Ақ жүректі - Ана» атты мерекеге қош келдіңіздер!!! Бүгінгі мерекеміз екі бөлімнен тұрады

  1. Бөлім. Анама көңіл- күй сыйлаймын.

  2. Бөлім.Біздің мықты әкелер.





АЙДОС: Армысыздар,ардақты аналар,асыл әжелер,білімді ұстаздар, сұлу қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.



РАЙЫМБЕК: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз.

Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

ДИАС:

Қош келдіңіздер қонақтар!

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

АЙДОС: Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ән жолдайтын аналардың баласы бар. Хор: «Ақ мамам» .

РАЙЫМБЕК: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: -Анаң бар ма? -деп сұрайды. -Бар,-дейді әлгі адам. -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса күй күмбірін тыңдаңыздар.

ДИАС: Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

АЙДОС: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов. Амина мен Інжудің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар

РАЙЫМБЕК: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген. Сыныбымыздағы сулу қызымыз Жансая анасымен «Ана» деген қонақ кәде әкелген екен, қошеметпен қабылдайық

Диас: Хадисте: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді. Нартайдың орындауында «Сенің анаң алтын»

АЙДОС: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем ән ырғағымен көктемдік көңіл- күймен біздің сыныптың сылқым қыздарын қабыл алыңыздар.

Райымбек: Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды.Барлық оқушы: АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!!!

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. «Біздің мықты әкелер» Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше . Осымен концертіміз аяқталды.

ІІ-бөлім «Біздің мықты әкелер»

  1. Марат Құнапияұлы

  2. Алыпбек Қабылұлы

  3. Дидар Әділбекұлы

Сайыстың шарттары:

  1. Таныстыру

  2. Қол өнер

  3. Өнер көрсету

  4. Сұрақ- жауап

  • Мақал- мәтелдің жалғасын тап

  • Жылқының түрі қандай болып бөлінеді?

  • Аттың құралы

  • Бес қаруды ата





Қорытындылау.

Марапаттау.







Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка сценария "Ақ жүректі ана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 605
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасаинова Лаура Матлкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасаинова Лаура Матлкановна
    Хасаинова Лаура Матлкановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8683
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой