1738990
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка внеклассного мероприятия на тему "Біз - болашақ белесіміз"

Разработка внеклассного мероприятия на тему "Біз - болашақ белесіміз"

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

1-жүргізуші: -Армысыздар, аяулы ұстаздар, қадірлі қонақтар , оқушылар!Қазақстан

Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай

«Біз-болашақ белесіміз» атты шығармашылық кешке қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: - Қазақ жері-қонақжай төрлер жері,

Қазақ жері-қас сақтай ерлер жері.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай шерлер жері.


Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері-өнерлі, өсиетті.

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі текті, киелі, қасиетті.


1-жүргізуші: Даудан қашық жүріңдер,дүрлікпе тек,

Жаудан қашып,қор болып, үрікпе деп.

Біріктірді қазақты Төле биі,

Бақыт, жеңіс, азат күн-бірлікте деп.


Абылайлап Сабалақ қол көтерді,

Абылай хан атанып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады-

Тәуелсіздік , елдіктің мол бастауы.

2-жүргізуші: сахнада «Жас әншілер» байқауының алғашқы қатысушылары Аркулова Диана мен Тәжікова Ақбота «Туған жер» әнімен. Қарсы аламыз.


1-жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де қиындықты азаппенен.


2-жүргізуші: -Азаттық! Осы азаттықты қаншама ата-бабамыз аңсап,армандап кетті?

Алысқа бармай-ақ,кешегі желтоқсанда жас өмірін жалау етіп, алаңға

шыққан жастарымыз да осы тәуелсіздікті арман етті емес пе?


1-жүргізуші: Қасқалақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.


Нашақор деп ,ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.


Қақаған қыстың ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қара көз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

2-жүргізуші: Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Озбырлық күштен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.


Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан мұң.

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

(ортаға авторлық шығармасымен Әуезханова Диана)


1-жүргізуші: Жыр менің жалғыз тарланым,

Аялап өтер ардағым.

Толықсып атар таңдарым,

Айымдай жалқы арман-үн.


2-жүргізуші: Қарқылдай берсін қарға мың,

Бұрқатсын боран-шаңдарын.

Тарттырсын дүлей зардабын

Жанымды жырмен жалғадым,

Өзімді соған арнадым-деп Фариза ақын жырлағандай келесі кезек мектебіміздің жас ақындарына беріледі

(сахнаға кезекпен «туған жер» тақырыбында авторлық шығармаларын оқуға Бақытжанов

Еркебұлан,Тоқтар Қолқанат, Сатыбалды Смағұл шақырылады)





2-жүргізуші: Біз-Жас ұлан-Отан-ана өркені,

Үміт артқан болашағы, ертеңі.

Туған жердің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп,жақсартамыз өлкені.


1-жүргізуші: Сарыарқаның самалындай есеміз,

Тайсалмаймыз,талай сынды кешеміз,

Бізді әлпештеп,еркелеткен туған ел,

Мақтан етер перзентің боп өсеміз.


2-жүргізуші: сахнаға «жас әншілер» байқауының келесі қатысушысы Сұлтанғалиева Әсемді «Саржайлау» әнімен шақырамыз.


1-жүргізуші: Бізге де кез келді ғой көктем шығар,

Зілзала, құйын заман өткен шығар.

Күндіз-түн шырылдаған құлын дауысың,

Құдайдың құлағына жеткен шығар.

Тебірентіп тұрса болды Жер-бесігім,

Дәулеттің тілемейміз көл-көсірін.

Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,

Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік,Отан тақырыптарында өз шығармашылығымен ортада


( шығарма оқушы 3 оқушы:--------------------------------------------------------------------------------)



1-жүргізуші: Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап.

Өйткені Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.


Отанды

Жас,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені , онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.


2-жүргізуші: Кезек «Көркемсөз шеберлеріне» беріледі.

(сахнаға кезекпен Кемелова Батима, Петр Салтанат, Самұратова Зарина, Қазбекова Махаббат, Марат Жанерке ,Мақұлбекова )


1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз тәуелсіздікке бейбіт жолмен жеттік.Біздің

Туымыз,тәуелсіздік тірегіміз-бейбітшілік» -деген.Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтары да бейбітшілікті қолдайды.


2-жүргізуші: Биік үш, бейбітшілік көгершіні,

Асып өт нелер мұхит,небір шыңды.

Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,

Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні.


(Мешітбаев Сағындық «Туған жер» әнімен)


1-жүргізуші: Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне.

Тәуелсіздік қамалын көрдік,міне.


2-жүргізуші: Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз,

Әрі биік,әрі кеңбіз,тереңбіз.

Әніміз бар асқақ тудай өрлеген,

Көтерілсе-тік көтерер халқымды,

Кең даладай кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз,еркін жанбыз,азатпыз!

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,

Ел намысын ешкімге де бермейміз!

Сертің осы,азат жігіт,азат қыз.


1-жүргізуші: Жасай бер, тәуелсіз менің Қазақстаным!

Гүлдей бер көркейе бер ,менің Қазақстаным!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құтты болсын,ағайын!-деп бүгінгі шығармашылық кешімізді аяқтаймыз.



Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Курс профессиональной переподготовки «Стандартизация и метрология»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее