Инфоурок Другое СтатьиРазработка воспитательного урока на тему "Жігіт сұлтаны"

Разработка воспитательного урока на тему "Жігіт сұлтаны"

Скачать материал

Сыныпішілік «Жігіт сұлтаны» байқауы
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

Халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

Жүргізуші Ал енді бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1
2
3
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:

1.      «Таныстырсам өзімді» - таныстыру

2.      «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету

3.      «Ескірмейтін есті сөз» - танымдық сұрақтар

4.      ««Мақал – мәтелді толықтыр» үш тілде айту

5.      «Күш атасын танымас» - кір тасын көтеру

6.      «Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу

Енді сайыскерлеріміз әділ қазы алқасынан жеребе алсын.

1 - жүргізуші Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға
«Таныстырсам өзімді» - таныстыру
Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.

Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.

2 - жүргізуші Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
Сайысымыздың келесі түрі

«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету. 1-ші талапкерімізді шақырамыз.

Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.

Жігіттеріміздің өнерлерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз сұраққа жауап береді.

  1. Жеті атаңызды атаңыз
  2. Жеті қазынаға нелер жатады?
  3. Үш ұғымына байланысты. Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
  4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
  5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
  6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
  7. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіз?
  8. Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?
  9. Төрт түліктің пірін атаңыз.
  10. Қазақтың салт-дәстүрлерін атаңыз.

 

Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелді толықтыр» және ол сөзді үш тілде айту

1. Ағайын алтау, ана......(біреу, один, one)
2. ............... өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. (Қыз, цветок, flower)
3. ................сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды. (Ана, мать, mother)
4. Інісі бардың тынысы бар, .............. ағасы бардың жағасы бар. (Ағасы, брат, brother)
5. Балалы ............ базар, баласыз ................ қу мазар. (үй, дом, house)
6. Ерді намыс өлтіреді, ................. қамыс өлтіреді. (қоянды, заяц, rabbit)
7. Малың көкке тоймай, аузың .............тимейді. (аққа, белый, white)
8. Ел көркі –мал, өзен көркі - ...............(тал, дерево, tree)

9. ..............қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны. (Әкесіне , отец, father)

10. ...................... болмай, тәуір болмас. (Сәуір, апрель, april)

Келесі шартымыз: «Күш атасын танымас». Кір тасын көтеру. Әр көтергенін 1 ұпай деп белгілеу.

 Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.

Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы – дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан» нысана көздеу шартына береміз. Нысананы 4 рет көздеп ату, ұпай санын қосу.  Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.

Ортаға жігіттерімізді шақырамыз. Сайысымызды қорытындылау үшін тәрбие ісінің меңгерушісі ____________________________________  береміз.
Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка воспитательного урока на тему "Жігіт сұлтаны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2017 982
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Гульайм Елбасыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сариева Гульайм Елбасыевна
    Сариева Гульайм Елбасыевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2444
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой