Инфоурок Всеобщая история КонспектыРазработка урока на тему: "Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері"

Разработка урока на тему: "Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты

Білімділік : XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.Алған білімді терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену.Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.

Дамытушылық:  Дайын дерек көздерін,  сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.

Тәрбиелік:   Оқушылардың Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

11сынып. Қазақстан тарихы пәнінің “ Саяси  қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері” тақырыбы бойынша  оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау критерийлері

Критерий  А

Терминдермен  жұмыс  жасап, анықтамасын бере алады

Жылдарды ажыратып, нақты болған оқиға уақытын біледі

Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін  көрсете алады

Критерий   В

Ұлы адамдардың  өмірбаянынан  мағлұмат келтіру , оларға баға бере алады.

Саяси қуғын –сүргіннің  сипатын, барысын, нәтижесін   түсіндіре алады.

Жазалау лагерлері туралы  мағлұматтамен  жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді.

Критерий С

Фактілермен  жұмыс жасай алады.

Тақырыпқа қатысты сандық мәліметтерді саралай біледі.

Ұлы адамдарға  жеке қасиеттеріне  толық сипаттама жасап, тұжырым

жасай біледі.

Сабақ барысындағы толық тапсырмаларды орындап, алған білімі негізінде

өзіндік қорытынды  жасай біледі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , саяси қуғын -сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлерінің  фотосуреттері, буклет, видеопроектор, компьютер,  слайд, А 3 қағаз, фламастер

Сабақтың   жоспары

      1. Сталин және тоталитарлық режім .

      2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі  кезеңдері, себептері, барысы.

  1. Қазақстанның  “лагерлік  өлкеге ” айналуы.
  2.  Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған  қоғам қайраткерлері
  3. Саяси  қуғын – сүргіннің  нәтижесі 

Терминдермен  жұмыс

Тоталитарлық режім

Саяси репрессия

Геноцид

Тоталитарлық  режім  - Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында  шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

Репрессия - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.

Рисунок9Геноцид – бір халықты  және ұлтты   жойып жіберу саясаты.

 Сталин шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович , 1879 жылы 12 желтоқсанда  Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның                  отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршалы, Лениннің үміт  артқан  үзеңгілестерінің бірі . Сталин 3 рет Ленин орденімен , 2 рет “жеңіс орденімен”, Социалистік Еңбек  Ері және Кеңес Одағының  Батыры тағымен марапатталған.Астыртын  қызмет барысында  бірнеше рет тұтқынға алынып, , Шығыс Сібірге  жер аударылды. Айдаудан 1917ж Ақпан революциясынан кейін  оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына  Және “Правда” редакциясына енді.

Филипп Исаевич Голощекиннің шын есімі – Шая Исаекович Фрам, ұлты еврей. 1876 жылы Невель қаласында ауқатты отбасында дүниеге келген. Орал мен Сібірде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. Ленин, Сталинмен жақсы араласқан. ІІ Николай патшаның отбасын жазалағанда оның қатыгездігінен тіпті өз қаруластары  қатты шошынған. 1924 жылдың қазан айынан бастап 1933 жылға дейін ол Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған. «Кіші Қазан төңкерісін» жасаймын деп, Ф.И.Голощекин ұлтымыздың тең жартысын аштан қырды. Осы қылмысы үшін жазаланудың орнына КСРО Халық комиссарлары кеңесінің бас мемлекеттік төрешісі болып таға­йындалды. Тек 1941 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесіл­ген. 20 жылдан соң ақталды. Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.

Саяси қуғын  – сүргіннің  себебі, сипаты, барысы

“Корзина идей” стратегиясы

І- топ  себебі, сипаты

ІІ- топ  барысы

Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары:

Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады.

Мақсаты:

-   отаршылдық салдарын жою

-    саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру

-    тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру

-   Статистикалық мәлімет

-   Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам  сталиндік  репрессия құрбаны болған.  Олардың 500 мыңы  атылса , қалғандары

-    25 жылға дейін бас бостандықтарынан  айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 ж аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз  қуғындалған адам ақталды. Олардыңішінде қазақстанға жер аударылғандар бар.

Саяси қуғын-сүргін сипаттары:

-   1921 – 23 жылдарда  малды тартып алу

-    малдан айырылудың кесірінен болған аштық

-    шаруалар  көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан

-    бай –кулактарды  жою, олардың мүліктерін 

тәркілеу және жер аудару

-   1923-33 жж  арлығындағы дін өкілдерін жазалау

-    халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес

                                                                    

 

 

 

 

 

Сұрақтар: 1937-1938жж репрессияға ұшыраған алаштың біртуар азаматтарын ата?

1937-1938жж репрессияға ұшырағандарға тағылған айып түрлері ?

 

 

 

Айып түрлері :

-          халық жауы

-          Отанына опасыздық жасағандар

-          шпиондар

-           сатқын

-          буржуазияшыл -ұлтшыл

Сұрақтар: Жазаның түрлерін ата ?

Жаза түрлері 

  1. Жаппай өлім жазасына кесу
  2.  Түрмеге қамау
  3.  Тұтас жер аудару
  4.   Қылмыстық істерді  қолдану
  5.  Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау

 

                

 

 

 

Сонымен, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды, лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылы болды, оған 120 000 гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді. Карлаг аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. Оған қоса осы аумақтан сыртқары лагерьден 350 шақырым жерде Ақмола және 650 шақырым жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі – сол кезде қарқыныды дами бастаған Орталық ҚазақстандағыҚарағанды көмір бассейінінеЖезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осы өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды .

СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және  КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды.1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді.1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Бұлардың ішінде 1830-ы төңкеріске қарсы қылмыстылар, 548-і бандитизм және кісі өлтіргені, 108-і шекараны рұқсатсыз өткені, армиядан қашқан және әскери қылмыстары, 9050-і өзге де қылмыстары үшін сотталғандар. Сотталғандар негізінен кінәсіз жұмысшылар, колхозшылар, инженерлер, дәрігерлер және НКВД тізімі мен құрылысқа, шахталарға еңбек күші керек болғандықтан қамалған адамдар болды. Соғыстан кейін лагерьге 12 мың Кеңес тұтқындарына 8 мыңға жуық соғыста қолға түскен немістер мен жапондықтар келіп қосылды. Лагерь үш негізгі бөлімшеден тұрды: Кеңгір, Жезқазған және Қарсақбай бөлімшесі.

Жұмысының ауырлығы, лагерь ішіндегі қатаң тәртіп жағынан Степлаг басқа лагерьлерден де асып кетті. Бірақ адам төзгісіз ауыр каторгалық еңбек, аштық, жалаңаштық, ауру, мыңдаған адамдардың өлімі тұтқындардың еңсесін басып, рухын жасыта алмады. КСРО-ның барлық лагерьлеріндегідей, мұнда да зорлық-зомбылыққа, қатал тәртіпке қарсы наразылық үздіксіз бой көрсетіп отырды. Лагерьлер жүйесінде ең көлемді, әрі ұзаққа созылған тұтқындар көтерілісі осы СТЕПЛАГ-та болды.

Алжир . Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз жазаланған  «Отаның  сатқандардың әйелдері  азап  шекті. Сотталған аналар орналасқан лагерьді  көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. .

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс                                                                         

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0d/Adolf_Hitler_in_Yugoslavia_crop.JPG/200px-Adolf_Hitler_in_Yugoslavia_crop.JPG                                                                                                                                                     

 

 

                                    

 

 

                                                       Салыстыру

 Бекіту кезеңі:

Кеңес билігінің тұсында құғын – сүргіннің  қайталанып отыруының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Қазақстанның  құқығы жоқ мемлекет болғандығын неден дәлелдеуге болады?

Кері байланыс

  1. Бүгінгі сабақта мен үшін жаңа болған идеялар
  2.  Маған ұнаған идеялар
  3.  Менің көңілімнен шықпаған тұстары

Үй тапсырмасы : Эссе жазу

Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін  зардаптары, "Алаш " партиясының

 қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат жинау.

Бағалау.  Бағалау парағы арқылы бағаланады.  

 

 

                      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока на тему: "Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан тарихы пәні бойынша 11 сыныпқа арналған ашық сабақ. сабақтың тақырыбы. "Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері" Сабақтың мақсаты: Білімділік : XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігін іздеу барысында көз жеткізу.Алған білімді терендету, дамыту, мұғалімнің көмегінсіз оқып үйрену.Еліміздің талай қырылып, талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру.

Дамытушылық:  Дайын дерек көздерін,  сызбаларды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын аша білу дағдыларын  қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлап, әр түрлі тапсырмаларды орындай білулеріне бағыт беру.

Тәрбиелік:   Оқушылардың Отанға, елге,туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.

11сынып. Қазақстан тарихы пәнінің “ Саяси  қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері” тақырыбы бойынша  оқушылардың оқудағы жетістігін бағалау критерийлері

Критерий  А

Терминдермен  жұмыс  жасап, анықтамасын бере алады

Жылдарды ажыратып, нақты болған оқиға уақытын біледі

Саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін  көрсете алады

Критерий   В

Ұлы адамдардың  өмірбаянынан  мағлұмат келтіру , оларға баға бере алады.

Саяси қуғын –сүргіннің  сипатын, барысын, нәтижесін   түсіндіре алады.

Жазалау лагерлері туралы  мағлұматтамен  жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді.

Критерий С

Фактілермен  жұмыс жасай алады.

Тақырыпқа қатысты сандық мәліметтерді саралай біледі.

Ұлы адамдарға  жеке қасиеттеріне  толық сипаттама жасап, тұжырым

жасай біледі.

Сабақ барысындағы толық тапсырмаларды орындап, алған білімі негізінде

өзіндік қорытынды  жасай біледі.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы , саяси қуғын -сүргіннің құрбаны болған қоғам қайраткерлерінің  фотосуреттері, буклет, видеопроектор, компьютер,  слайд, А 3 қағаз, фламастер

Сабақтың   жоспары

      1. Сталин және тоталитарлық режім .

      2. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі  кезеңдері, себептері, барысы.

  1. Қазақстанның  “лагерлік  өлкеге ” айналуы.
  2.  Саяси қуғын -сүргіннің құрбан болған  қоғам қайраткерлері
  3. Саяси  қуғын – сүргіннің  нәтижесі 

Терминдермен  жұмыс 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2015 5007
    • DOCX 3 мбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абселенова Айжан Жакыпбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абселенова Айжан Жакыпбековна
    Абселенова Айжан Жакыпбековна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 25449
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе