Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»

«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»

Скачать материал

 

Ташенова Гульнара Узакбаевна

«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке ,Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел

                 рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы

                  аңсаған тәуелсіз тұғырын берік ұстауға , нағыз ұлтжанды, рухы мықты  

                 азаматтық қасиетті  дәріптеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:   плакаттар, суреттер, электронды тақта

 

Барысы

 Оқушы:

                                  Желтоқсан, тәуелсіздік-егіз ұғым сияқт

                                  Кеуделерден әуен шығып , күй атты.

                                 Тәуелсіздік таңынан біз көреміз,

                                 Алда тұрған асыл арман, мұратты.

                                 Жақсы арманның жалғасы,

                                 Мұнан да биік самғашы,

                                 Тәуелсіз Қазақстаным,

                                 Қанат қақ биік, талмашы.

Мұғалім:  «Ұрпаққа мақтан,

                         Дауылпаз дастан,

                                            Тәуелсіз Қазақстан»

                                           атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында  талай қанды 

          1           қырғындарды , зорлық-зомбылықтарды көрді.

1-оқушы:

 

                         Тәуелсіздік бізге оңай келмеді ,

                         Жұртым менің не қиындық көрмеді?

                         Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

                         Сан перзентін қара жерге жерледі.

 

Жүргізуші: Сонау дүбірлі батырлар заманынан (Абылай заманына) бері ел мен жер үшін

            2         қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. Найзаның ұшымен ,

                     қылыштың жүзімен  қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар

                     аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!

                    Жоңғар ханның ордасына барып, Қазыбек бидің айтқаны:

 

2-оқушы:

Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз...

 

 

 

Жүргізуші1:

Ақтаңдақ жылдарындағы қазақ деп қабырғасы қайысқан  қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

 

3-оқушы:        Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

                        Сталиндік тозақтарда жанғандар.

                        Ахметтер., Жүсіпбектер, Сәкендер

                        Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

Жүргізуші:  «Бәрі де майдан ушін , бәрі де жеңіс үшін»- бұл Ұлы Отан соғысы

           2           жылдарындағы бүкілхалықтық жүрекжарды ұраны

                      Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы 

                      осы Ұлы Отан Соғысы жылдарында аянбай шайқасты.

 

4- оқушы:  Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

                    Атақоныс санайды жұрттың бәрі.

                    Сол жерге Әлияның қаны сіңді,

                    Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

 

Жүргізуші: Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата –бабаларымыздың табанды

           1         күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып,  «Қазақ » деген іргелі елдің 

                     шаңырағы көтерілді.

                    Халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы  желтоқсан 

                    жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкіндірді.

Жүргізуші:Жылдар бойы іште жиылған төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған

        2           тасқын судай ақтарылды.

                    Жастар ұлт мүддесін тұңғыш рет күн тәртібіне ашық қойды .

                   Бұл – 1986 жылғы Желтоқсан.

                   Халқымыз үшін бұл оқиға қайғылы да  қаралы күндер болып саналғанмен ,

                   тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылды.

5-оқушы: Мұз жастанып азаттықтың жолында,

                 Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда.

                  Жеңіп шықтың, бас имедің, Қасардың,

                  Сойыл, таяқ ойнаса да жаныңда.

6- оқушы: Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

                  Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.

                  Күйінішпен ауырады жүрегім ,

                 Естігенде желтоқсанның ызғарын.

7-оқушы: Желтоқсан-ау , ұмытылмайсың жүректе,

                 Ұрпақ өсерайналатын тірекке,

                 Егемендік тиді бүгін еншіме,

                 Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

 

                                               Көрініс

                               (Тергеуші үстел басында отыр.)

Тергеуші (әскери адамға):  - Қайрат Рысқұлбековты алып кел!

                              (Әскери адам Қайратты алып келеді).

Тергеуші:- Ал, Рысқұлбеков , әбден ойланып , ақылға келген шығарсың?

                    Айтасың ба шындықты?

          (Пауза)

                  -Үндемейсің, иә!

                  Онда жазбаша жазып бер!

 

10-оқушы (Қайрат Рысқұлбеков):

 

Елбең, елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден

Алатаудай бабалар!

Аруағыңмен жебей көр,

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең , атыңдар!

 

Жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира

           1          Мухамеджанова, Арайлым сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан

                     ұмытылмайды.

                      Желтоқсан оқиғасының ақ-қарасына жеткен жазушылардың бірі – Мұхтар                           

                      Шаханов. Халықтың арқасында желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіштер

                      ашылып , көшелерге аттарын беріп, құрмет көрсетіп жатыр.

                     1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске

                     Алайық. (1 минут)

11-оқушы:

Мен қазақпын  мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

12-оқушы:

Мен қазақпын , биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

Шежіре (1991-2008ж.ж. –тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолына шолу)

 

1989 жыл 22 қыркүйек –тіл туралы заң  қабылданды

1990 жыл 25 қазан – “Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы ”

                                        Декларация заң  жүзінде бекітілді.

1991 жыл 29 тамыз – Семей полигоны жабылды

1991 жыл 1 желтоқсан – Қазақ КСР-нің алғашқы Президенті Назарбаев

                                              Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды.

 

1991 жыл 10 желтоқсан – Н.Ә. Назарбаев  мемлекетімізге Қазақстан

                                         Республикасы  атауын беру туралы заңға қол қойды.

1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі

                                                жарияланды.

1991 жыл 2 қазан – Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері  Тоқтар Әубакиров 

                                     ғарышқа ұшты.

1992 жыл 2 наурыз – Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына

                                     мүше болды.

1992 жыл 4 маусым  - Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы

                                       қабылданды.

1992 жыл 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Әнұраны

                                               Қабылданды.

1993 жыл 15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы 

                                         теңге айналымға енгізілді.

1994 жыл – екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

1995 жыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы

                                       қабылданды.

1997 жыл 6 мамыр – Ел астанасы Ақмола қаласына Астана деген ат

                                        берілді.

1999 жыл – “Халықтар бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жылы”

2000 жыл – “Мәдениет қолдау жылы”

2002 жыл – Денсаулық жылы

2003 – 2005 жылдар  - “Ауыл жылы”

2006 жыл 6 қаңтар  - Қазақстан Республикасының Әнұраны қабылданды

2006 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

                                                               15 жыл

2008 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

                                                               17 жыл

 

 

13-оқушы: Тәуелсіз ел атандық, биік даңқың.

                   Бар әлемге әйгілі, мәлім атың,

                   Ата-баба қанымен келген бізге .

                   Тәуелсіздік құтты болып қонды еліме.

                   Қорғап сені өтемін өле-өлгенше,

                   Мақтанамын әлемге- мен азатпын!

14-оқушы:          Өмірімізді, өзімізді көріп,

15-оқушы:          Әнімізді , жырымызды тыңдап ,

 16-оқушы:        Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.

17-оқушы:          Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

 

 Барлығы бірге:    Бұл «Қазақ» дейді!  Біз Қазақпыз!

 

Жургізуші 2: Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар – Тәуелсіз Қазақстан!

                 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне жастар «Менің Қазақстаным» әнімен

                  шыққан. Бұл күндері ол ән –біздің Әнұран.

 

Тәрбие сағаты Әнұран орындауымен аяқталады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұрпаққа мақтан, Дауылпаз дастан, Тәуелсіз Қазақстан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке ,Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел

                 рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бойы

                  аңсаған тәуелсіз тұғырын берік ұстауға , нағыз ұлтжанды, рухы мықты  

                 азаматтық қасиетті  дәріптеуге тәрбиелеу.

 

 

Көрнекілігі:   плакаттар, суреттер, электронды тақтаСонау дүбірлі батырлар заманынан (Абылай заманына) бері ел мен жер үшін

            2         қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды. Найзаның ұшымен ,

                     қылыштың жүзімен  қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар

                     аманатын жалғастырған боздақтар қаншама!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 111 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 858
    • DOCX 55 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташенова Гульнара Узакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташенова Гульнара Узакбаевна
    Ташенова Гульнара Узакбаевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 5915
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе