Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсіндіру. 2.Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін ұштау, тіл байлықтарын жетілдіру. 3. Оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабаққа қосымша: Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне схемалар Үлестірме қағаздар Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ тілі» оқулығы 8 - сынып Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық) ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз қандай мүше? Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш дегеніміз не? Шығармаларын оқу Мысал келтіру. Сөйлем талдау ХV ғасырда Күлтегін ескерткішіне мынадай жолдар жазылған екен. Қызыл қанымды ағыздым, Қара терімді төктім. Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым. Тізеліні бүктірдім Бастыны еңкейттім Түрік болғаным үшін Бұл жай сөйлем құрамында сөйлем мүшелері бір - бірден болса, сөйлемде бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы мүмкін. ІІІ. Жаңа сабақ Бірыңғай мүшелер: Өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен айтылатын. Ортақ бір сұрауға жауап беретін, яғни, бір сөз табынан жасалатын, кейде жалғаулықсыз, кейде жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын көп мүшелер Қазақтың ақын - жазушылары Қазақстанды сай - бұлақ, тау - қыраттарына шейін жырлап өткен, жырлайды да. Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды. Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін. Қазақстанның әрбір азатының өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын.
6 672 064 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Старченко Светлана Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.