Инфоурок География ПрезентацииСабақ Презентация "Оңтүстік Американың органикалық дүниесі"

Сабақ Презентация "Оңтүстік Американың органикалық дүниесі"

Скачать материал
Скачать материал "Сабақ Презентация "Оңтүстік Американың органикалық дүниесі""

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 2 3 4 1 2 3 4 2 Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратыла...

    1 слайд

    1 2 3 4 1 2 3 4 2 Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы. Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. User8:

  • Хинна ағашы Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең ж...

    2 слайд

    Хинна ағашы Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады. Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен тукандар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай құс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі. Шоколад ағашы .

  • Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шы...

    3 слайд

    Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады. Солтүстік жарты шар саваннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы - кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды. Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

  • Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт т...

    4 слайд

    Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа депе атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен терісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған. Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы,магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар гуанако ламасы мен пума кездеседі. Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішке алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

  • Анд тауларының жануарлар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлі...

    5 слайд

    Анд тауларының жануарлар дүниесі эндемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш - шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м - ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі. Магеллан пингвиндері Кондор

  • Ең үлкен су өсімдігі, жапырағының диаметрі 2 метрге жететін - Виктория Регия

    6 слайд

    Ең үлкен су өсімдігі, жапырағының диаметрі 2 метрге жететін - Виктория Регия

  • Ең кішкентай құс - колибри (салмағы-1,6-1,8 г, ұзындығы - 5,5 см) Балапандар...

    7 слайд

    Ең кішкентай құс - колибри (салмағы-1,6-1,8 г, ұзындығы - 5,5 см) Балапандарының қанаттарының ұшында 2 саусағы болатын жер бетіндегі жалғыз құс - Гоацин

  • Ұзындығы 28 см болатын ең үлкен өрмекші – құсжегіш. Әлемдегі ең үлкен қоңыз -...

    8 слайд

    Ұзындығы 28 см болатын ең үлкен өрмекші – құсжегіш. Әлемдегі ең үлкен қоңыз - Геркулес, денесінің ұзындығы – 20 см – ге жетеді.

  • Кеміруші Вискаша таулы жартастар арасындағы тастардың қуысында тіршілік етеді...

    9 слайд

    Кеміруші Вискаша таулы жартастар арасындағы тастардың қуысында тіршілік етеді. ШИНШИЛЛА кеміруші жануардың бірі, негізінен таулы жерде тіршілік етеді. ШИНШИЛЛА сұрғылт – күміс түсті түктері өте жұмсақ,үлбіреп тұрады. Құлағы қызғылт түсті. Бағалы терісі үшін, көптеген адамдар оларды қолға ұстайды.

  • Гуанако – биік тау бастарында тіршілік етеді. Дене тұрқы шағын жылқы тәрізді,...

    10 слайд

    Гуанако – биік тау бастарында тіршілік етеді. Дене тұрқы шағын жылқы тәрізді,мойыны мен аяқтары ұзын,арқасы қоңыр – сарғыш, басы мен бауыры ақ түсті болып келеді. Гуанако Түйе мен лама туыстас, жүнінен жылы бұйымдар жасайды. НАНДУ – ұша алмаса да ұзын да, мықты аяқтарының көмегімен жақсы жүгіретін құс. Балапандарын жұмыртқадан басып шығарып,оларға қамқорлық жасайтын аталық нандулар.

  • Ламаның түйелерден айырмашылығы — өркеші болмайды. Дене тұрқы 120 — 175 см, ш...

    11 слайд

    Ламаның түйелерден айырмашылығы — өркеші болмайды. Дене тұрқы 120 — 175 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 90 — 100 см, салмағы 48 — 95 кг. Лама Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының биік беткейлерінде қолда өсіріледі. Лама Оңтүстік Америкада (негізінен Перуде) бұдан 2000 — 2500 жыл бұрын қолға үйретілген. Ламаның жабайы екі түрі (гуанако,викунья) және Перу мен Боливияда қолға үйретілген екі түрі (лама, альпака) бар. Қорегі — шөптесін өсімдіктер. Жыныстық жағынан 2,5 — 3 жылда жетіледі. 11 ай буаздық мерзімнен кейін жалқы төл туады. Лама мен альпаканы таулы жерде көлік ретінде және бағалы жүні, дәмді еті үшін қолда ұстайды. Жылдан жылға саны азаюда. Олардың арасынан викунья қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Викунья - ламалар туысына жататын жабайы сүтқоректі жануар. Оның денесінің ұзындығы 1,5метрдей, шоқтығына дейінгі биіктігі - 70-90 см, салмағы шамамен 65 кг. Денесі - қысқа, жұмсақ əрі жіңішке жүнмен қапталған. Əр қайсысынан 800-1000 грамм жүн қырқылады. Өсіру шаралары жүргізілуде, оларды қорғау мақсатында арнайы қорықтар ұйымдастырылған. 

  • Лама мен Викунья өнімдері

    12 слайд

    Лама мен Викунья өнімдері

  • Алып Құмырсқажегіштер денесінің ұзындығы 1 м, құйрығының ұзындығы да 1 м жете...

    13 слайд

    Алып Құмырсқажегіштер денесінің ұзындығы 1 м, құйрығының ұзындығы да 1 м жетеді. Термиттердің ұясын мықты алдыңғы аяқтарымен соғып бұзады да 0,5 метрге жететін ұзын тілдеріне жабысқан термиттерді қорек етеді. Сауыттылар денесі сүйекті қалқаншалармен қапталып,қорғаныш қызметін атқарады. Олар да термиттер мен құмырсқаларды, басқа да бунақденелілермен қоректенгенді ұнатады. Жерден ін қазып, кең апандарда тіршілік етеді.

  • Жабайы теңіз шошқасы АГУТИ кемірушілерінің мөлшері біздегі қояндар тәрізді. О...

    14 слайд

    Жабайы теңіз шошқасы АГУТИ кемірушілерінің мөлшері біздегі қояндар тәрізді. Оның артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ. Денесін тегіс,қоңыр түк басқан. Суда жақсы жүзеді.

  • Амазонканың ең қауіпті балығы - пиранья Көзілдірікті кайман дене ұзындығы 2,...

    15 слайд

    Амазонканың ең қауіпті балығы - пиранья Көзілдірікті кайман дене ұзындығы 2,5 м. Балықтармен,ұлулармен және тұщы су шаяндарымен қоректенеді.

  • Ең алып кеміруші – капибара - салмағы 100кг, ұзындығы 1 м дейін жетеді. Ең кі...

    16 слайд

    Ең алып кеміруші – капибара - салмағы 100кг, ұзындығы 1 м дейін жетеді. Ең кішкентай маймыл- ергежейлі ойнақы маймыл – салмағы 50-75г, ұзындығы 30 см.

  • Анаконда – ең үлкен жылан. Оның ұзындығы 8,5 – 12 м және салмағы 250 кг дейін...

    17 слайд

    Анаконда – ең үлкен жылан. Оның ұзындығы 8,5 – 12 м және салмағы 250 кг дейін жетеді.

  • Тапирлар су өсімдіктерімен қоректенеді. Жалды қасқыр иттұқымдастар өкілі. Гр...

    18 слайд

    Тапирлар су өсімдіктерімен қоректенеді. Жалды қасқыр иттұқымдастар өкілі. Гривистый волк — родственник пампас пен батпақты жерлердегі биік шөптер арасын мекендейді. Құстармен, ұсақ жануарлармен, бунақденелілермен және жеміс-жидектермен қоректенеді.

  • Ең жайбасар сүтқоректі – Жалқауаң. Оцелот шағын денелі мысық тұқымдас жыртқыш...

    19 слайд

    Ең жайбасар сүтқоректі – Жалқауаң. Оцелот шағын денелі мысық тұқымдас жыртқыш. Негізінен маймылдарды қорек етеді.

  • Ягуар Бақырауық маймыл

    20 слайд

    Ягуар Бақырауық маймыл

  • Табиғат зоналарына сипаттама беру: Табиғатзонасы Табиғатжағдайы Топырағы Өсі...

    21 слайд

    Табиғат зоналарына сипаттама беру: Табиғатзонасы Табиғатжағдайы Топырағы Өсімдігі Жануарлары Ылғалдыэкваторлықорманауыспалыдар (гилея) менылғалдыормандар(сельвас) Орманішіөтеыстық,әріқапырық,оныңтөменгібөлігінежарықжетпейді Қызыл-сарыферралитті Ағаштардыңбиіктігі80 м-гедейінжетеді.Мұндашөптесінөсімдіктерөспейді.Лиана,папоротниктер, орхидея, гевея,бальсағашы, хинаағашы, какао,сейба,қауынағашыөседі. Бақырауықжәнеілмекқұйрықмаймылдар,жалқауаң, тапир, опоссум,құмырсқажегіш,қансорғышжарқанаттар, пекаришошқасыменеңірісушошқасы–капибара, ягуар, пуна,тотықұс, тукан,гаоцин, колибри,ұзындығы12 м-гежететінанакондакездеседі.Жәндіктерөтекөп Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас   Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады Льяноста –пальмалар, акация,биікшөптесінөсімдіктертаралған.Кампоста –ағаштараз,көбінетікенекті кактус, мимоза,сүттіген,бөтелкеағашы,кебрачоөседі. Пекари,ергежейлібұғылар, тапир,жалдықасқыр,сауыттылардыңбірнешетүрі,құмырсқажегіштер, нандутүйеқұсы Субтропиктік дала(пампа) Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады. Құнарлы шымды қызғылт топырақ Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс Пампабұғысы, пампамысығы, пампатүлкісі, оцелот,кеміргіштер.Өзенжағаларындатеңізшошқасы,терісібағалысазқұндызымекендейді. Шөлейтзонасы Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды. Сұр, қоңыр топырақ Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі. Сауыттылардыңбірнешетүрі,кемірушілер, пампабұғысы, пампамысығы,магеллантүлкісі,іріқұстар, гуанаколамасымен пума

  • Сельва

    22 слайд

    Сельва

  • Саванна

    23 слайд

    Саванна

  •  Шөлдер

    24 слайд

    Шөлдер

  • Пампа

    25 слайд

    Пампа

  • Ориноко өзені жағалауындағы кең жазықты биік шөп өскен саванналар – Льянос д...

    26 слайд

    Ориноко өзені жағалауындағы кең жазықты биік шөп өскен саванналар – Льянос деп аталады.

  • Кампос – бұл құрғақ бұталы саванналар.

    27 слайд

    Кампос – бұл құрғақ бұталы саванналар.

  • Сәйкестерін тап: Гилея Пампа Сельва Льянос Кампос Парамос Құнарлы қызыл шым т...

    28 слайд

    Сәйкестерін тап: Гилея Пампа Сельва Льянос Кампос Парамос Құнарлы қызыл шым топырақта орналасқан шөптесін өсімдік басқан жазық Бразилия саваннасы Ориноко саваннасы Ылғалды экваторлық ормандар Ит тұмсығы батпайтын ылғалды ормандар Биік таулы жердегі шалғын

  • «Амазонияның жануарлар және өсімдіктер әлемі» чайнвордын шеш Жауабы: 1.Виктор...

    29 слайд

    «Амазонияның жануарлар және өсімдіктер әлемі» чайнвордын шеш Жауабы: 1.Виктория. 2.Арапайма. 3.Пирания. 4.Крокодил. 1.Атауы Британия патшайымының құрметіне қойылған «ғажайып лала гүлі». 2.Дүние жүзіндегі ең үлкен тұщы су балығы 3.Бұл жануар туралы неміс зоологы былай деп жазған: «Оларды көргенде тіпті крокодилдің өзі бас сауғалап қашады, онымен қоймай, жыртқыш қарнын жоғары қаратып,шалқасынан жата қалады!». 4. Алып бауырымен жорғалаушы Р Р Р Р

  • 30 слайд

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 595 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2016 3602
    • PPTX 5.7 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Самарбаева Жаннат Халеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Самарбаева Жаннат Халеловна
    Самарбаева Жаннат Халеловна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14459
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 26 регионов

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе