Сынып:
7 «Г» Тексерілді:
__________
Күні: 18.02.2017 Пән
мұғалімі: Жаксыбаева А.А.
Сабақтың тақырыбы: §44. Архимед күші
Мақсаты:
1. Білімділік
мақсаты: Архимед күші үғымын, формуласын, шығу
тарихы туралы мағлұмат беру
- Дамытушылық
мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және
білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлікті қалыптастыру.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке,
ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштік пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа
білімді қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме,
кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Архимед
шелегі, әмбебап штатив, шыны банка.
Сабақтың
барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің
тазалығын тексеру;
4.Оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін
тексеру.
Ә) есептерін тексеру.
ІІІ. Жаңа
материалды меңгерту
Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы
күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын
қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед
(б.з.д.287-212жж.) есептеп шығарған болатын.
Динамометр ілгегіне цилиндр тәрізді дене және осы дене
ішіне толық сиятындай ыдыс ілейік. Осыдан кейін денені суға батырғанға дейінгі
динамометр көрсетуін белгілеп алайық. Үстелге шүмегінің деңгейіне дейін су
құйылған ыдыс және оның қасына кішігірім сауыт қояйық. Енді денені абайлап
ыдыстағы суға батырамыз. Ығыстырушы күштің әрекетінен динамометр серіппесінің
көрсеткіші жоғары көтеріле бастайды. Дене суға батқан сайын суды ығыстыра
түседіде, ығыстырылған су сауытқа құйылады. Дене суға толық батқан кезде,
динамометр дененің судағы салмағы қаншаға азайғанын көрсетеді.
4.Қорытындылау. Сабақты бекіту
Архимед күші дегеніміз не?
Архимед күші мен ауырлық күшін салыстыр?
Архимед күшін білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?
5.Үйге тапсырма: §44. 23-жаттығу (3-4)есептер. Өзін-өзі тексеру
сұрақтары
6.Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.