Инфоурок География КонспектыСабақ жоспары "Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары"

Сабақ жоспары "Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары"

Скачать материал

"Оңтүстік Американың табиғат зоналары" география пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

ІІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, таратпа материалдар, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.

Сабақ тың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

·         Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

·         Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

·         Оқушылардың назарын  сабаққа аудару

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ішкі сулары

Географиялық диктант.

1.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – (Анхель )

2.Амазонкадағы ең ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200кг (арапаима)

3.Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)

4. …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

5.Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – … (Игуасу)

7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады.  (Поопо) 

Үлестірмелі материалдар:

ІІІ Өткен сабақты бекіту

ІV  Жаңа сабақтың мақсатын қою

V Жаңа сабақты түсіндіру

Сергіту сәті. Бейне -сюжет

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

1.     Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

2.     Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

3.     Саванналар мен сирек ормандар;

4.     Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

5.     Жалпақ жапырақты ормандар;

6.     Субтропиктік дала (пампа);

7.     Шөлейт және шөл;

8.     Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

 

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді

Қызыл-сары ферралитті

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп

Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас

 

Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады

Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы

Субтропиктік дала(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.

Құнарлы шымды қызғылт топырақ

Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс

Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.

Шөлейт зонасы

Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.

Сұр, қоғыр топырақ

Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.

Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

 

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу

Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Сабақты бекіту:

1.Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.«Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

3.Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

4.Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

5.Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта

Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала

Сельвас

+

Гилея

+

Льянос

+

Кампос

+

Пампа

+

 

VІІІ Сабақты қорытындылау

Картамен жұмыс:

1.      Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.

2.      Оңтүстік Американың картасын құрастыр.

3.      Қалайы –вольфрам белдеуін тап.

4.      Берілген номенклатураны орнына қойып шығыңыз.

5.      Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.

6.      Оңтүстік Американың  таулы қыраттарын белгіле.

7.      Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.

 Бағалау:

VІІІ Үйге тапсырма:

§41-42  Табиғат зоналары 

Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 1533
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймолдина Жансая Адилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баймолдина Жансая Адилхановна
    Баймолдина Жансая Адилхановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 40514
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 731 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе