Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Сабақ жоспары "Оңтүстік Американың ішкі сулары"

Сабақ жоспары "Оңтүстік Американың ішкі сулары"

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары

Сабақтың мақсаты:Оңтүстік Американың өзен- көлдеріне түсінік бере отырып, ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылар өздігінен ойлауға , қорытынды жасауға теориялық білімдерін қолдануға жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өзен -көлдерді ластанудан қорғау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдістері

Сабақ барысы:

Көрнекілігі:Оңтүстік Американың физикалық картасы, суреттер,филипчарт , маркер.

I Ұйымдастыру Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.Бағалау парағы таратылады.

II Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.

Кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереміз

Сұрақ қойып отырады. 5 мин 3 ұпай

1.Суық ағыстардың әсерінен пайда болған шөл? Атакама

2.Анд тауының батыс жағалауына мұхиттың жақындығына қарамастан жауын шашын неге аз түседі?

Перуан суық ағысының әсерінен

3.Оңтүстік Америка материгін қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді? Жауабы: Экваторлық, субэкваторлық , тропиктік, субтропиктік, қоңыржай.

4.Оңтүстік Американың климатын қалыптастырушы факторлар? Географиялық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттық ағыс.

5.Оңтүстік Американың климатына жер бедері қалай әсер етеді?

Жауабы : шығыс бөлігі жазықтар мен батыс бөлігі таулардың басым болып келуі.

5.Материктің солтүстік және шығыс бөлігінде қандай желдер басым? Пассат желдері . Материктің солтүстік және шығыс, оңтүстік шығыс жағалауларына әсер етіп, Амазонка ойпатына көп ылғал әкеледі.

6.Материк климатына қандай ауа массаларының ықпалы басым? Экваторлық, тропиктік, қоңыржай.

Үй тапсырмасын қорытындылау Сонымен біз өткен тақырып бойынша не білдік? Әрбір топтан бір оқушы тұрып бір- екі сөйлемнен қорытындылап жіберейік.

III Жаңа сабақ

Рахмет балалар ал, ендеше жаңа сабағымызға көшпес бұрын Ыбырай Алтынсариннің мына өлеңінен үзінді оқиын, сендер не жайлы айтылғанын айтуларын қажет.

1.Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды

Көңілің суын ішсең ашылады

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады

Тапсырма:осы өлең шумақтарында не туралы айтылған? –Өзен. Сабақтың мақсатын анықтау. Оңтүстік Американың ішкі сулары яғни өзен , көлдерінің орналасу, орналасу ерекшеліктері туралы түсінік аламыз.Осы мақсатқа жету үшін бірнеше кезеңдерден өтеміз

1.Топпен жұмыс Берілген тапсырманы филипчартқа салып,қорғау және картадан көрсету. 7 минут 5 ұпай

1. тапсырма

1 топ: Оңтүстік Американың негізгі өзендері,сарқырамалары, оларды картадан көрсету.

2 топ: Оңтүстік Американың көлдері, оларды картадан көрсету.

Әр топтан спикерлер шығып қорғайды.

2.»Танып алда, атын ата» Суреттерді анықтау. 1 Маракайбо, 2. Амазонка, .3Титикака, 4.Парана 5. Игуасу 6. Ориноко 7. Анхель 5минут 5 ұпай.

3 тапсырма: Американың көлдерін кестеге салып орындайды. Әрбір жауап 1 ұпай яғни 3ұпай

Титикака Анд тауындағы ірі тектоникалық көл.

Поопо --------- Титикаканың оңтүстігінде орналасқан жазда кеуіп қалатын тұзды көл


Маракайбо - Материк жағалауынан мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көл

Қорытындылау: Ой толғау Рахмет балалар, сендер барлық кезеңдерден сүрінбей өттіңдер.Енді сендер үшін ең негізгі кезең ой толғау яғни шығармашылық жұмыс. Бұл кезеңде қазіргі кездегі басты ғаламдық экологиялық проблема тұщы су проблемасы. Сол сияқты Оңтүстік Америкада да басты проблема ол тұщы су проблемасы.

Оңтүстік Американың ішкі суларының ластануы. 3 минут 5 ұпай

1 топ: Сулардың қолдану көздері анықтау

2 топ: Ластану көздерін анықтау. Шешу жолдары

IV.Бекіту

Геодиктант 6 минут 5 ұпай

  1. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі....... жаңбыр.

  2. Оңтүстік Американың ең ірі өзені......... Амазонка.

  3. Амазонка өзенінің ұзындығы .........км. 6480 км

  4. Амазонканың ең ірісол жақ саласы..... 2300 км, ең ірі оң жақ және жалпы ең ірі саласы..........3230 км Риу Негру , Мадейра

  5. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзені.....Парана.

  6. Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені...... Ориноко

  7. Оринаконың бастауын бірінші рет .... ... жылы ғана француз экспедициясы тауып, зерттеген. 1954

  8. Материктің ең ірі көлі......Анд таулы үстіртінде.....м биіктікте орналасқан . Титикака,3800

  9. Титикака көлінде ....., ал Поопо да...... өте болып келеді .тұщы, тұзды.

  10. Судың тұздылығын өлшейтін құрал......, промилле

V.Бағалау

Қорытынды. Рефлексия

VI Үйге тапсырма:58 оқу кескін картаға өзендері- көлдерін түсіру.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров155
Номер материала ДВ-485027
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх