Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ дайындамасы: Малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ дайындамасы: Малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез

библиотека
материалов

3.5 Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары. Бруцеллез

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды малдың бруцеллез ауруымен таныстыру.

Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов “Ветеринария негіздері”

Пәнаралық байланыс: химия, мал ауру негіздері, мал шаруашылық негіздері, еңбек қауіпсіздігі, фармакология негізі.

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

  1. Туберкулез тарихы

  2. Туберкулез ауруының қоздырғышы?

  3. Мал туберкулезін қалай анықтаймыз?

  4. Туберкулездің қандай түрлері бар, оның таралуы және дамуы?

  5. Клиникалық белгілерін атаңыз

  6. Туберкулез кезіндегі шектеу шаралары?

  7. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бруцеллёз (мальта қызбасы), қазақша: Сарып

Бруцелла бацилласы табиға ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда 4 айға дейін өмір сүріп өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады, тек қана жоғары температураға төзімсіз, 90-100 градусқа қайнатқанда сол бойда өледі. Адамдарға бруцеллез ауру малдарды күткенде, жемдегенде, олардың қораларын тазалағанда шаң-тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы әсіресе, қолдағы уақ жарықтармен ерін, көз кілегей қабық-тарына түскен бациллалар ауруды шапшаң қоздыра алады.

Ауру малдардың өнімдерін дұрыс қайнатпай тамаққа пайдаланғанда адамға жұғады.

Бруцелла бацилласы ауру малдың сүті, дәреті, сілекейімен, терімен бөлініп сыртқы қоршаған ортаны ластайды, сондықтан малдың жүнін қырыққан уақытта да немесе оны жинап басқа да әртүрлі өңдеу жұмыстарын жүргізген уақытта да ауру жұқтырады.

Жыл ішінде әсіресе, наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет етуі, мал мен адамның тікелей қатынасы ауруды жұқтыруға қолайлы жағдайды туындатады.

Бруцеллезден іш тастаған төлдің кеудесінде, ішінде сұйық көп болады, жүні жетіспеген, кілегей қабықтары қанталаған болады.

Бруцелла бацилласы организмге түскесін 6-10 күн ішінде қан ағзасы арқылы лимфа түйіндеріне кіріп 10-15 күнде көбейеді, 20-30 күннен кейін қанға тарап, нерв жүйесін, буындар, бұлшық еттерді, эндокриндік жыныс бездерін зақымдайды.

Бір айдан кейін дене қызуы көтеріліп, кешке қарай безгек пайда болады. Бұл кезде науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып-шаршау, әлсіздену, сүйек-буын және бұлшық еттер ауырлығы байқалады.

Бруцеллез адамнан адамға жұқпай тек малдан жұғатын болғандықтан жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар мал шаруашылығына арналған санитарлық-ветеринарлық профилактикалық комплексті шараларды қатаң сақтап ветеринарлық қызметтің белгілеген профилактикалық шараларын уақытында орындалуына көмектесіп отыру міндетіміз.

Әрбір қожалығында малы бар тұлғалар өз малдарының есебін дұрыс беріп, ветеринарлық қызметтің белгілеген кестесіне сай малдарын ектіріп отыруы қажет.

Сатылып алынған, саттыққа шығарылыған мал, еттің сүттің саудасы өнімі алынған малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс.

Төл алу науқаны, төлдеп жатқан малға көмек көрсеткен уақытта қолда резинка қолғап, кленкадан жең қап, фартук, аяқта етік болғаны жөн. Төлдеп жатқан малға шама келсе балаларды араластырмаған жөн, олар үлкен адамдарға қарағанда ауруды өте тез қабылдайды.

Отардағы малдың жаппай іш тастауы байқалса дереу мал дәрігерлеріне хабарлау қажет. Бақташылар, мал төлдетуге қатысқандар науқанды жұмыс біткесін бір айдан кейін міндетті түрде медициналық бақылаудан өтуі керек.

Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:

А) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;

Б) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;

В) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.

Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастару-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.

Ұйымдастыру-шаруашылық шараларға малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитариялық білімдерді насихаттау.

Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және аумақтарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы ереже бойынша жүргізіледі.

Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диогностиклық зерттеулер мәселелері кіреді.

Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пунктерге жатқызылған жануарлар табының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Сонғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген аумаққа кіреді.

Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым, немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.

Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организимдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйігі болып саналады.

Індет ошағы орналасқан елді мекенінің немесе шаруашылықтын аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.

Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген аумақ болып есептеледі.

Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшін уақытында бақылау зерттеулерін жүргізу қажет.

Бруцеллезге бейім жануарларды сатып алғанда, оларды 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және 2 рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіп, басқа жануарлармен бірге ұстауға зерттеулерден тек 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Егер зерттеулер кезінде бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар байқалса оларды оқшаулайды және диагнозын анықтайды, бруцеллез анықталған жағдайда ауру және олармен жанасуда болған жануарларды етке союға тапсырады.

Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жануарларды басқа адамдарға сату және басқа жаққа әкету, олардың аурудан тазалығын дәлелдегеннен кейін және паспортында қажетті белгілердің болуына байланысты жүзеге асырылады.

Сауықтыру шаралары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының басшылығымен ветеринариялық мамандар жоспарлайды және жүргізеді.

Тұрғындар бруцеллез ауруының таралуын және ол аурудың салдарын түсіне отырып, ветеринариялық іс-шараларға көңіл бөліп, ауыл шаруашылық жануарларын дер кезінде тексеруден өткізіп отырулары керек.

Патогенез: Бруцеллез инфекциясының патогенетикалық және клиникалық белгілері бірнеше факторлар арқылы бір – бірімен байланысып жатыр. Мәселен, адамдарда болатын бруцеллездің клиникалық белгілерін анықтайтын негізгі факторлар мыналар:

а) микроорганизмнің ауруға қарсы тұра алу қабілеті және оның әр түрлі бруцеллез инфекцияларына сезімталдығы мен қабылдағыштығы;

б) жұқпалы індеттің өсу қырқыны және қайталану жиілігі; ауру қоздырғышының организмге ену жолдары;

в) сенсибиляция дәрежесі және организмнің иммунологиялық белсенділігі, т.б. Бруцеллездің этиопатологиялық белгілерінің анықталуы бұл індетті эксперименталды жолмен зерттеудің қажеттілігін білдіреді. Бруцеллез патогенезін жүйелі түрде эксперимент жолымен зерттеу П. Ф. Здродовский мен оның шәкірттері жүргізген 30 – шы жылдардағы жұмыстардан басталады. Қазіргі уақытқа дейін бруцеллез патогенезі туралы сол алғашқы мәліметтер біздің Отанымыздың және шетел ғалымдарының зерттеулерімен толыға түсті. Лабораториялық жолмен зерттеуде болатын ұсақ жәндіктерге (теңіз шошқалары, ақ тышқандар), сондай – ақ, бұл жұқпалы індетті адамдар арасына таратушы негізгі иелері болып табылатын ауыл шаруашылығындағы жануарларға (қойлар, ешкілер, мүйізді ірі қара, шошқалар) эксперимент әдісімен инфекция егу мүмкіндігінің пайда болуы бруцеллез патогенезін толығырақ анықтауа жағдай жасады. Бірақ қазіргі ғылымда аталынған аурудың патологиялық қалыптасу механизмі мен дамуы, дәлірек айтқанда, бруцеллездің созылмалы және латентті түрлері жан – жақты толық зерттеліп болды деп айту қиын. Бруцеллездің бірден – бірге таралуы мен жұғуы әр түрлі болып келеді. Оның жануарлардан адамдарға көшуінің эпидемиологиялық жолдарының ең негізгісі – іш тастау немесе төлдеу кезеңінде ауру малдарды күтіп – баптау кезі. Сондай – ақ, бруцеллезбен ауырған малдардың етін, жүнін, терісін өңдеу барысында індет жұқтыру көрсеткіші 10 – 40 пайызға дейін болады екен. Мұнымен қатар, адамдар арасындағы эпидемиологиялық таралу сүт тағамдарынан, әсіресе бруцеллезбен ауырған қойлардың сүтінен дайындалған ірімшіктен де болады. Түйенің және бұғының сүтінен дайындалған тағамдардан да адамдардың ауру жұқтырып алуы мүмкін.

Ұзақ жылдар бойы жүргізілген эпидемиологиялық бақылау жұмысының нәтижесінде бруцеллез инфекциясының үш түрлі жолмен:

1) контактілі;

2) алиментарлы;

3) арогенді жолмен жұғатындығы анықталады.

Мұндай жолдармен індет таралу мүмкіндігін бірнеше авторлар өз эксперименттері арқылы дәлелдеп шықты. Бұл эксперименттер барысында бруцеллездің адамдарға жұғу «қақпасы», аурудың одан әрі даму механизмі т.б. анықталды.

Клиникалық белгілері: Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін не латентті түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізі белгісі – аборт. Буаз аналықтардың іш тастауы 3 – 4 айлық немесе 6 – 8 айлық кезінде болады. Аборттың болу мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Ал, бруцеллез микробтары буаз сиырларға 1 – 2 ай немесе 7 – 8 ай шамасында мезгілі көп жағдайда малдың туу қарсаңында болады және алғаш туатын құнажындарда бруцеллезбен ауырған жағдайда жаппай іш тастауы байқалады. Оның саны 30 – 50 пайызға дейін жетеді (К. П. Студенцов, 1975). Ауру сиырда аборт бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2 – 3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке, метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті жойылады. Ауырған ірі қараның белгісінің бірі – буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен – күнге ұлғая береді. Бара – бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісігі қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. Ісік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес тканьдер өсіп, ол извест тұздарымен қапталып буын қозғалысы бұзылады. Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артриттер және синовиттер болады. Бруцеллезді қойға эксперименталды жолмен жұқтырғанда бастапқы 3 – 4 күн ішінде организм температурасы 40,5 – 41 градусқа дейін көтеріледі, мал шөп жемейді, жалпы жағдайы нашарлайды. Одан әрі жайы жақсарып, ауру созылмалы түрге айналып, көп жағдайда ауру белгісі білінбей өтеді. Аурудың негізгі клиникалық белгісі – буаз қойдың іш тастап, шуы түспей, эндометритке айналуы. Қойдың іш тастауы қойда жаппай жүріп, аборт саны 20 – 60 пайызға жетеді. Іш тастар алдында саулықтардың сыртқы жыныс органынан және жатыр алды бөлігінен іріңді кілегей ағып, қабынады. Желіні ісіп, мал тынышсызданады. Буаз қойлар көбіне 4 – 5 айлық кезінде іш тастайды. Мал ұрығы кейде өлі туып, кейде өте әлсіз, өмір сүруге бейімсіз нашар қозы туады да, ол алғашқы күні – ақ өліп қалады. Егер егіз қозы тапса, біреуі – тірі (әлсіз), екіншісі өлі туады. Іш тастаған саулық қойлардың 10 – 20 пайызы енді ұрық көтермейді. Бруцеллезбен ауырған қойда желінсау мен артриттер кездеседі. Қой іш тастаған соң 1 – 1,5 айдан кейін тендовагинит, бурсит, ренит, бронхит конъюктивит, кератит, кейде парез не паралич болады (И. А. Тарасов, 1973). Қошқарда орхит, эпидидимит кездеседі. Мегежіндерде бруцеллез жіті түрде өтеді. Бірақ бруцеллезден таза емес шаруашылықтарда аналықтар тек бір рет іш тастайды, қалған уақытта ауру созылмалы түрде клиникалық белгілері білінбей өтеді. Мегежіннің іш тастауы әркез 1 – 2 айлық буаздығында болады. Іш тастауда сыртқы жынысының органдары ісініп, іріңді сұйық бөлінеді, мал әлсірейді, іш тастауы жеңіл түрде өтеді. Еркек шошқалардың бір жағының, кейде екі жағының ендері қабына ісінеді. Егер ауру созылмалы түрде өтсе, ендерінде атрофия болады. Ісініп қабынған ендер мен қосымша ендердің ішіне өзіне тән емес клеткалар өсіп, ол учаскелер известі тұздармен қапталады. Ішіндегі іріңді сұйықтың иісі болмайды, түсі сарғыш – қоңырлау болады. Егер ауырған ереке шошқада клиникалық белгілер білінсе, онда алынған патматериалдан міндетті түрде бруцеллездің культурасы бөлінеді. Кейде клиникалық белгісі жоқ, ауруы білінбеген еркек шошқалардың ендері мен қосымша ендерден алынған материалды серологиялық әдіспен тексергенде, бруцеллез қоздырғышын бөліп алған жайлар кездескен (И. В. Зубов, 1965). Ит қаншығының негізгі клиникалық белгісі – қарығаннан кейін 40 – 50 күндікте болатын іш тастау. Кейде эмбрион іште өліп, ауру ешқандай белгісіз өтуі де мүмкін. Іш тастайтын ит қаншығында ұзақ уақыт іріңді сұйық бөлінеді. Лимфа бездері, талағы көлемінен үлкейеді. Мұндай қаншықтар жиі – жиі күйлеп, ұрықтанбайды. Еркек иттерде эпидидимит, простатит болып, ен бездері атрофияға ұшырайды, бірақ бұл өзгерістер бір жақты болады. Иттің жыныстық қабілеті азаяды, қарыған кезде ұрғашы иттер тоқтамайды. Итте де басқа малдар сияқты артриттер кездеседі. Бруцеллез ауруы көбіне итте латентті түрде өтеді, ауырған иттің қызуы көтерілмейді. Бірақ организмде бактериемия бірқалыпты ұзақ уақыт сақталады, кейде іш тастаған соң бір жылға дейін созылуы мүмкін. Итте ешқандай белгі болмай, бруцеллез ауруының өте қауіпті көзі болуы да ықтимал, ондай иттерді тек жиі – жиі тексеру арқылы анықтауға болады. Жылқы ауру сиырлармен бірге жайылып, бір жерден су ішіп, мал қораларында бірге тұрған жағдайда бруцеллез ауруы жұғады. Бруцеллезбен ауырған биелерде іш тастау болмайды. Ауру жылқыда өте созылмалы түрде өтіп, кей жағдайда мезгіл – мезгіл ыстығы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмай, күйі төмендейді және үсті ұсақ ісіктер мен абцесстерге толады. Егер жара тым өршіп кетсе, желке және кеуде омыртқалар буындары қабынып, артрит, миозит болады. Қойдың эпидидимитінің клиникалық белгілері. Биберштейн және т.б. (1964) 48 жас қошқарды ауру микробтарын беріп, қолдан ауыртқан. Ауырған қошқарлардың ыстығы болмаған, негізгі белгілері тек 45 күннен кейін біліне бастады. Ішкі органдарда бактериялар шоғырланып, патологиялық өзгерістер кездеспеген. Аурудың клиникалық белгісін Мюррей (1969) өте толық жазды. Ол – 2332 бас бақыланған қошқардың белгілері анықталып білінгенде ұшасы өзгеріп, қосалқы неі зақымданғаны – 69,4 %, тестикульдің атрофияға ұшырағаны – 15,4 %, не жолының қалыңдауы – 9,5 %, ұма жарығы – 2,9 %, крипторхизм – 1,3 % және ұмаға сұйықтың жиналуы – 1,5 %. Аурудың саны оның жасына тығыз байланысты болды. Аурудың жіті түрінде мал жем жеуден қалады. Ұма терісі ыстық, қызғылт тартып, ұстап қарағанда қошқар ауырсынады. Ұмасы салбырап, жерге тиіп тұрады. П. А. Триленко (1964) Псков, Новгород және басқа облыстардың қошқарларын тексергенде ен мен қосалқы еннің қабат зақымданғанын байқаған. Осборн (1958), Эдгар (1959) және басқа да зерттеушілердің деректерінде ауырған қошқарлардың спермасынан овис культурасы бөліп алынғандығы туралы айтылады. К. Махамбетов (1971), Б. Н. Афанасьев (1974) ауырға қошқарлардың спермасын тексепгенде сперматозоидтардың өліп қалғанын анықтады, ал К. Бакьрджиев (1972) ауруға шалдыққан қошқарлар сау қошқарлармен салыстырғанда сперманы екі есе аз беретінін және оның 29 пайызы патологиялық сперматозоид екенін анықтады. Қорыта келгенде, эпидидимитпен ауырған қошқарлардың ені, қосалқы ені зақымданып, олардың функциясы бұзылады және сперманың сапасы төмендейді. Қосалқы ені сойып қарағанда үлкенді – кішілі қаптаған секвестрлар, оның іші көкшіл – сары қою массаға толы. Еннің тканьдері қатайған, кей жері патрификацияға ұшыраған, ал кейде атрофия да болады. Ауырған саулық қойдың негізгі белгісі – іш тастау. Қойдың іш тастауы төлдеудің екінші кезеңінде болады. Ауырған саулық қойлардан әлсіреген көтерем қозылар туады, ауыздың, мұрынның көрінетін кілегей қабықтары сұрғылттанып, бақайында ақшыл кілегей жабысып, кейде кіндігі жуандайды, тынысы әлсіреп, орнынан қозғалмай жатады. Егер қозы ерекше күтімге алынбаса өліп қалады.

Патологоанатомиялық өзгерістері: Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды органдарда және жыныс органдарында болады. Жыныс органдардың кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр – қызыл түсті кілегей ағады. Харион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді – фибринді эксудат пайда болады, харион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі геморрагия, кей жағдайда өлі планцент қалдықтарымен жабылады. Ұрықтың қабығы қалыңдап ісіп қызарады, үсті іріңді – фибринге, қиыршыққа ьолы, көп жері қанталаған. Харионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителйдің қалыңдығы көрінеді. Харион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциалық тканьдердің өскені байқалады. Кей жағдайда ұрық мумификацияға ұшырайды. Органдардың және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған, тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен лимфа бездері ісініп қабынады. Бауыр да күңгірт сары түсті некроздық дақылға толады, өкпенің әр жері іріңді – катаральды пневмонияға ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіңгі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибринозды желінсау түрінде өтеді. Лимфа бездері некрозды гиперплазиялы қабынады. Бүйректе интерстициальды нефрит кездеседі. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некроз бен ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы мүлдем жойылып не азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырайды, ен каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі. Бруцеллезбен ауырған иттерде негізгі патанатомиялық өзгеріс ішкі ретикулді – эндотелиальды және жыныстық жүйелерде кездесіп, ол органдар жарақаттанады. Күшік көтерген иттің қаншығы бруцеллезбен ауырғанда жатырдың хорионмен байланысқан жерлерінде жаралар пайда болып, эмбрион қабықтары және плаценттер инфильтрацияға ұшырайды. Жатырдың кілегей қабығының астында лейкоциттер мен ткань плазмасының инфильтрациясы болады. Бірақ бұл өзгерістер барлық көлемде болмай, әр жерден бір кездеседі, оның бездерінде гипертрофия және өлген тканьдерге толы нейтрофильдік инфильтрация пайда болады. Еркек иттерде эпидидимит, лимфогистиоцитарлық элементтердің пролиферациясына ұшыраған орхит, ен түтіктері дегенерацияға ұшырап, оның ақ қабығына қан шығады. Бруцеллезбен ауырған иттің екі жынысына бірдей негізгі өзгеріс – лимфа бездеріндегі гиперплазия бүйрек лоханкісінде, нәр жүретін каналдарда және зәр жиналатын органдарда инфильтрация болады. Биберштейн және т.б. (1964) қошқарды ауру микробтарын беріп, қолдан ауыртқан. Ауырған қошқарлардың ыстығы болмаған, негізгі белгілері тек 45 күннен кейін біліне бастады. Ішкі органдарда бактериялар шоғырланып, патологиялық өзгерістер кездеспеген. Аурудың патологиялық өзгерісі бәрінен бұрын қосалқы енде жүрген, ал енінде өзгеріс мардымсыз байқалды. Автордың хабарлауында, қосалқы енінің эпителийі гиперплазия және метаплазия болады. Эпителийдің гиперплазиясы қосалқы енді бұжырлы өзгертіп, соңынан кистіге айналады. Кистінің іші нейтрофильге толады. Бұл патологиялық өзгерістер созылмалы түрде жүреді. Сперма жүретін каналдар фибринге толып, эпителий гиперплазияға айналып, қабырғасы қалыңдап қатпарланады. Аналықтағы негізгі патологиялық өзгеріс – жатырда, желінде және өкпесінде болады. Жатырда эндометрит, котелидонды некрозды өзгерістер байқалады. Малдың желінінде бөлектенген іріңді төбешіктер, сыртынан қосымша тканьднр өсіп, іші көкшіл – сары массаға толып кетеді. Өкпе әр түрлі көлемді қатты төбешіктерге толы, жарып қарағанда ақшыл май сияқты ортасында кейде ірің кездеседі. Саулық қойларда эпидидимитпен ауырған қошқарлардың спермасымен ұрықтанғанда олардан алынатын төлдерден ауру қоздырғышын бөліп алуға болатынын анықтады. Қозылар бұл кезде жатыр ішінде зақымдануы мүмкін.

Алдын алу: Бруцеллезге қарсы күрес жүргізгенде мал дәрігерлік – санитарлық және ұйымдастыру – шаруашылық шараларды іске асыру үшін мал арасында аурудың таралуы және даму бағыттарына сәйкес әр шаруашылықты, мал фермалары мен елді мекендерді шартты түрде екіге бөледі: мал іші бруцеллезден таза және таза емес шаруашылықтар. Мал іші бруцеллезден таза табындарда, фермаларда, шаруашылықтарда, елді мекендерде, аудан және облыстарда кезекті тексерулерде ауру малдар бөлінбейді. Егер ауру малдар тұрғылықты бөлініп тұрса ол аурудан таза емес деп аталады. Ал алдыңғы тексерулерде ауру мал анықталмай, соңғы тексергенде ауру малдар шықса, онда ол табынды, ферманы немесе шаруашылықты мал іші аурудан таза емес деп есептеп, аудандық атқару комитетінің қарарымен бекітеді. Малдың эпизоотиялық таралу барысына сай әр фермада, шаруашылықта не ауданда бруцеллезді болдырмау және жою шаралары белгіленеді. Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру. Бруцеллездің алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды дер кезінде ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау аудан, облыс және республика көлемінде күн ілгері жасалып,бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі шараларға арналған жоспар әр елді мекенге, ферма шаруашылықтарына арнап жасалуы тиіс. Бруцеллез ауруы шыққан табын не ортаға елді мекендердегі, не фермалардағы аудандық бас мал дәрігерінің хабарламасына сәйкес аудандық әкімшіліктің қарары бойынша тежеме шаралар және бруцеллезді жою жөніндегі шаралары бекітіледі. Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі жоспарлы шаралар, жұмыстың түрі мен орындалу мезгілі, жұмысты орындауға жауапты адамдардың аты – жөні көрсетіліп, оны материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп, шаруашылық бастығы мен бас мамандардың, медицина және басқа да қатынасы бар органдармен келісіп жасалады. Шаруашылық басшылары мына шараларды орындауға міндетті: - жоспарда көрсетілген комплексті шаралардың көрсетілген мерзімде орындалуы; - шаруашылыққа қажетті объектілердің кезінде салынуын, мал орындарының жөндеуден өтуін, мал жайылымы мен су орындарын пайдалануда ауру салдар мен сау малдардың бір – бірімен қатынаста болмауы; - сырттан әкелінген малды тек қана күрделі санитарлық тексеруден өткізіп, жаңа орындарға орналастыруын, комплекстерде мал дәрігерлік режимдердің сақталуын, малды бір жерден екінші жерге (жазғы лагерге не қысқы орынға) айдағанда мал дәрігерлік заңдылықтың қатаң сақталуын; - ауруға шалдыққан малдың толық мал дәрігерлік ережеге сей бағылып, одан алынатын өнімдердің ауру таратуын жол бермеуіне қатаң бақылау орнатуы; - осы жұмысқа сай жүргізілетін егу, тексеру, дизенфекция жасау, патматериалды лабораторияға жеткізу, мал орындарын тазарту т.б. жұмыстарға тиянақты мал дәрігерлік көмек көрсетуі; - ауру малдармен жұмыс істейтін адамдарды киім (халат, етік) және басқа да гигиеналық заттармен қамтамасыз етуі; - елді мекендердегі осы ауруға қарсы жүргізілетін шаралардың толық орындалуына көмектесіп отыруы тиіс. Бруцеллезден таза шаруашылықтарда әдейі бекітілген жоспар бойынша малдардың қанын серологиялық тексеруден өткізіп отырады. Бұндай шаруашылықтарда сиыр, құнажын, саулық қой, мегежіндер, бұқа және шошқалар тексеруден міндетті түрде өтеді. Бруцеллезге алдын – ала тексеру жұмысы жылына бір рет өтуге тиіс.

Бруцеллез қоздырғышы

hello_html_72498132.png









Ірі қарадан қан алу (серологиялық зерттеу)

hello_html_m58966615.pnghttp://1news.az/images/articles/2009/08/16/thumb190_20090816120155818.jpg










Бруцеллез қойға эксперименталды жолмен жұқтырады

hello_html_67e86777.png







Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін не латентті түрде өтеді.

hello_html_6fc478d4.png








Қосымша мәліметтер

  • Балмұздақтан бруцеллез ауруы жұғама?


Сан.эпидимиолог мамандар балмұздақтан hello_html_m4ff604ff.png

бруцеллез және селиллиез ауруды жұғатынын

анықтаған көрнеді. Бұл ауру көбіне құйылмалы

балмұздақтарда көп кездеседі екен. Бруцеллезге

шалдыққан адамдардың 20 пайызы ауруды

балмұздақтан жұқтырады. Сондықтан кісі көп

жүретін жерлердегі құйылмалы балмұздақтан

абай болған жөн.




Жаңа сауған сүтті ішуге болама?

Жалпы адамдар арасында малдың жаңа сауған сүтін ішуді унататындар көп. Көп жағдайда олар оның қаупі бар екенін ескере бермейді. Ал ауру малдың сүті бруцеллеге үрындыруы әбден мұмкін. Бір біле жұретін нәрсе, бруцеллалар жоғары температураға төзбейді. Ол тамақта жақсылап қайнатқан кезде тез жойылады. Бруцеллалар төменгі температураға төзімді болып келеді. Мұздатқыш пен тоңазытқышта салқындаған азық- түлік тағамдарында ұзақ сақталатындықтан кез келген тағамды, мәселен сүтті бірнеше рет қайнату қажет. Егер сиырдың сау екеніне қөзіңіз жетіп жатса, жаңа сауған сүтті ешқандай күмәнсіз іше беруіңізге әбден боладыhello_html_ma925460.png

Пысықтау сұрақтар:

  1. Бруцеллез ауруының қоздырғышы?

  2. Мал бруцеллезін қалай анықтаймыз?

  3. Бруцеллез таралу жолдары?

  4. Клиникалық белгілерін атаңыз

  5. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

  6. Карантин қандай мерзімге қойылады?

  7. Мал сатып алынган кездегі ережелер

  • Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

  • Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. “Ветеринария негіздері”

Краткое описание документа:

Бруцеллез адамнан адамға жұқпай тек малдан жұғатын болғандықтан жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар мал шаруашылығына арналған санитарлық-ветеринарлық профилактикалық комплексті шараларды қатаң сақтап ветеринарлық қызметтің белгілеген профилактикалық шараларын уақытында орындалуына көмектесіп отыру міндетіміз. Әрбір қожалығында малы бар тұлғалар өз малдарының есебін дұрыс беріп, ветеринарлық қызметтің белгілеген кестесіне сай малдарын ектіріп отыруы қажет.Сатылып алынған, саттыққа шығарылыған мал, еттің сүттің саудасы өнімі алынған малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс.

Автор
Дата добавления 23.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1637
Номер материала 330530
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх