Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар

Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар

Скачать материал

Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар

 

Сабақтың мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай әрбір баланың жеке өмірі туылған күнінен бастап мемлекеттің қорғауында және қамқорлығында болады. Бала дүниеге келгеңде оған ең бірінші құжаты «Туу туралы куәлік» беріледі. Бала жеке өмірге, білім алуға, денсаулығы болуға, өзінің атына құқылы және осы құқықтарын толық пайдалануға хақы бар. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кенейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

 

Көрнекіліктер: жұлдызшалар, жүрекшелер, суреттер, ойыншық жүрекше, отбасы мүшелерінің суреттері.

 

Сабақтың барысы:

 

Шатық шеңбері:

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көнілді боп жүрейік

 

— Балалар қандай ғажап өлең орындадық. Енді ыңғайланып отырыңдар. Әңгімелесу.

 

— Балалар менің қолымда сиқырлы қорапша бар және оның ішінде бір зат бар. Қалай ойлайсыңдар қорапшада не бар?

 

Балалардың жауаптары:

 

—  Менің ойымша сырға бар.

 

— Ол қорапта сақина бар деп ойлаймын.

 

— Ал мен ойыншық бар деп ойлаймын.

 

— Ал ендеше мен қазір тексеріп көрейін.(құжатты көрсету) Балалар бұл не? Бұл не қылған құжат?

 

Балалардың жауаптары:

 

— Бұл туу туралы құжат.

 

— Бала дүниеге келген соң осы құжатты береді.

 

— Дұрыс айтасыңдар! Ал бұл құжат баланың қаңдай құқығын білдіреді?

 

Балалардың жауаптары:

 

— Бала дүниеге келгең соң өзіне есім алуға құқылы туралы құжат.

 

— Жарайсың, дұрыс айтасың. Бұндай туу туралы құжат бәріңде де бар. Тағы қаңдай балардың құқықтары жайлы білесіңдер? Мына суреттерге қарап айтыңдаршы. (суреттер көрсету)

 

Балалардың жауаптары:

 

— Бала медициналық көмек алуға құқұлы.

 

— Бала тегін білім алуға құқұлы

 

— Бала демалуға құқұлы.

 

— Жеткілікті тамақтануға құқылы.

 

— Дұрыс, бала құқықтары жайлы жақсы айтып бердіңдер.

 

— Балалар қараңдаршы қаңдай әдемі жұлдызшалар ілініп тұр. Жұлдызшалар неге сонша көп?

 

Балалардың жауаптары:

 

Өйткені барлық балалардың есімдері бар.

 

— Ал сендер өздерің бір — бірлеріңді қалай атап айтасыңдар?

 

Балалардың жауаптары:

 

— Біз бір — біріміздің есімдерімізді айтамыз.

 

— Мен білемін, сендер өздерінің есімдерің туралы тақпақ білесіндер, қане айтып беріндерші.

 

Балалардың жауаптары:Әлиямын жайнаймын,

Тоты құстай сайраймын.

Ән де айта аламын,

Би де билей аламын.          Еркелеткен анам

Салтанат мен болам.

Жанымнан да қымбат

Ана тілі маған.

Данамын мен анаға,

Данамын мен әкеге

Жақын болғым келеді

Ақниетті адамға.     Тамерлан деген ұланмын.

Тәуелсіз елде тұрамын

Жас ұрпағы бүгінгі

Мен ертеңгі қыранмын.

 

 

Қалай тамаша айттыңдар! Ал үлкен адамдарды қалай атап айтасыңдар?

 

Балалардың жауаптары:

 

Үлкен адамдарға Сіз деп айтамыз.

 

— Тәрбиешілердің аты — жөнін айтамыз.

 

— Жақсы, Нұрмухаммед бізге өз отбасың туралы тақпақ айтып берші.

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар;

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар…

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

 

— Жарайсың, ал қазір мен сендерге осы әдемі жұлдызшаларға дайындап қойған өз суреттеріңді жапсыруларыңды ұсынамын. (балалар жұлдызшаларға өз суреттерін жапсырады)

 

Қараңдаршы балалар, жұлдызшаларға суреттеріңді жапсырғанан кейін одан сайын әдемленіп, жарқырап кетті. (Жүрек соғысының музыкасы ойнайды, ойыншық жүрек көрсету)

 

— Балалар, тыңдаңдаршы мына жүрек қалай соғады. Енді өздеріңнің жүректеріңді тыңдап көріңдер. (балалар өз жүрек соғысын тыңдайды)

 

Қалай ойлайсыңдар, жүрек қандай сезімді білдіреді?

 

Балалардың жауаптары:

Жақсы көру сезімін.

Махаббат сезімін.

Түсінік сезімін.

Біреуге қамқор болу сезімін білдіреді.

 

— Ал, сендерге кім қамқорлық көрсетеді?

 

Балалардың жауаптары:

 

Әке — шешеміз, өйткені олар бізді жақсы көреді.

 

— Аспазшылар, өйткені олар бізге тамақ пісіреді.

 

— Дәрігелер, өйткені олар бізді емдейді.

 

— Біз сендермен өткен сабақта жүрекшелер даындап қойғанбыз, енді сол жүрекшелерді мына біздің әдемі жұлдызшаларымызға қосып қояйықшы. (балалар жүрешелерді жапсырады)

 

Әңгімелеу:

 

— Мен сендерге Ә. Дүйсенбиевтің «Мен — осындай адаммын!» атты шығармасын оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.

Мен — осындай адаммын!

Мені ешкім жалқау демейді,

Жұмысым бүгін көбейді.

Папам мен мамам жұмыста

Әжем де кеткен туысқа.

Жалғыс қалдым үйде мен,

Қорықпаймын бірақ мүлде мен.

Болдым да жинап төсекті,

Еңбекке бердім кезекті,

Тетігін ашып сулардың,

Гүлдерді жайлап суардым.

Келтіріп үйдің сәнін де,

Ыдыстың жудым бәрін де.

Тамақ та түсте пісіп те,

Тойдырды қарнын күшік те.

Кінә тағады маған кім?

Мен — осындай адаммын!

 

— Шығармадағы баланы қандай бала деп айтуға болады?

 

Балалардың жауаптары:

 

— Шығармадағы бала еңбекқор бала.

 

— Ешкімнен қорықпайтын батыл бала.

 

— Анасына көмекші бала.

 

Ұқыпты бала

 

— Мейірімді бала.

 

— Шығармадағы баланы өте жақсы айтып бердіңдер. Ал сендер, өздерің кандайсыңдар, құрбы — достарың ше? Бәріміз отырып ойланып көрейік. (музыка ойнайды)

 

— Балалар ыңғайлып, жақсылап отырамыз. Көздеріңді жайлап жұмсандар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза да шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсандар да болады.

 

Қане енді айтыңдаршы сендер қандайсындар, достарың, құрбыларың қандай?

 

Балалардың жауаптары:

 

— Менің құрбым әдемі, мейрімді.

 

— Менің құрбым ұқыпты.

 

— Менің досым батыл, еңбекқор, шыншыл, қамқор.

 

— Ал енді балалар орнымыздан тұрып, тынығып алайық.

 

Сергіту сәті:

Қимылқозғалыспен көрсету

Мынау — менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау — басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау — менің оң қолым

Мынау — менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

 

— Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

 

Д/О «Санға байланысты отбасы мүшелерін құрастыру»

 

Қорытындылау:

 

— Бүгін сендердін жүлдыздарың жарқырап жанды, көңіл-күйлерің тамаша, көтеріңкі,ал енді осы көңіл-күйлерінді жұлдызшаларда көрсетіп, қонақтарымызға тілектеріңді білдіріп тарту етейік. (балалар сыйлықтарын сыйлайды)

 

Жүректен–жүрекке:

 

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, өлең жолдарын орындайды:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Қонақтармен қоштасу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ тақырыбы: Әрбір адамның өзінің атына құқығы бар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Бала құқығы туралы Конвенцияның талаптарына сай әрбір баланың жеке өмірі туылған күнінен бастап мемлекеттіңқорғауында және қамқорлығында болады. Бала дүниеге келгеңде оған ең біріншіқұжаты «Туу туралы куәлік» беріледі. Бала жеке өмірге, білім алуға, денсаулығы болуға, өзінің атына құқылы және осы құқықтарын толық пайдалануға хақы бар. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, ой-өрісін кенейту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Көрнекіліктер: жұлдызшалар, жүрекшелер, суреттер, ойыншық жүрекше, отбасы мүшелерінің суреттері.

 

Сабақтың барысы:

 

Шатық шеңбері:

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көнілді боп жүрейік

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2015 789
    • DOCX 53 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуханова Гульсум Киргизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12152
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе