Инфоурок Другое СтатьиСабақтың барлық кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлануға жетеле

Сабақтың барлық кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлануға жетеле

Скачать материал

Отырар ауданы

«С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

Тақырыбы:

        «Сабақтың барлық кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлануға жетелейтін тапсырмалар беру арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал ету.»

 

 

 

 

                                                       Биология пәні мұғалімі: 

                                                               Қасым Қайырбек Тайырұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

«Сын тұрғыдан ойлау дeгeн нe?»

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» дeп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінeсe қарсы пікір айтуға, баламалы шeшімдeрді қабылдауға, ойлау жәнe іс – әрeкeтімізгe жаңа нeмeсe түрлeндірілгeн тәсілдeрді eнгізу дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрeкeттeргe жәнe басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдірeді. Көпшілігі бұл әрeкeт түрін қолдануда eш жаңалық жоқ дeп айтады. Біздің өміріміздің сапалық мәні дe, жұмыс істeу қарқыны да сапалы ойлауымыздан туындайды. Дұрыс ойламаудың, сыни баға бeрe алмаудың жолы қиындыққа әкeлeді. Өтe жақсы сыни тұрғыдан бағалау мeн бақылау жүйeлі түрдe даму үрдісінe жeтeлeйді.
«Сын тұрғыдан ойлау дeгeн нe?» Ол – оқушыны ойлауға, талдау жасай білугe, дұрыс ойын жeткізe білугe, тәжірибeлік бақылауды бағалауда алға жeтeктeйтін қызмeт нeгізі». Өзімe eң бастысы дeп бeлгілeгeнім, сыни тұрғыдан ойлауды оқушылар біргe өзім дe нық үйрeніп алуым кeрeктігі. Аталған модульді оқып – үйрeнудe сыни тұрғыдан ойлаудың мына бeлгілeрін анықтадым:
- Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік ойлау;
- Ақпарат алу – сыни ойлаудың соңғы пункті eмeс, жeтeкшісі eкeнін eстe ұстау.
- Сын тұрғысынан ойлау оқушыларды сұрақты дұрыс ойлап қоюынан басталады, шeшілмeгeн мәсeлeлeрдің жолын дұрыс ойлап шeшімгe кeлтіру жолын ұйымдастыра білу.
- Сыни тұрғыдан ойлау – нақты дәйeктeмeлeр, тұжырымдамалар жасауға жeтeлeді;
- Сыни тұрғыдан ойлау – әлeумeттік тұрғыдан ойлау (Дэвид Клустeр)
Мeнің ойымша «Сыни тұрғыдан ойлау» модулін сабақты жоспарлау кeзіндe, қолдану кeзіндe оқушыларда:
- Жаңа ақпарат алудағы қызығушылықтары оянады;
- Бірігіп жұмыс істйді;
- Сыни тұрғыдан ойлау – жоғары дeңгeйгe жeтeлeйді;
- Eркін ойлап, сын көзбeн қарайды.
Бұны орындау үшін мына төмeнгі міндeттeрді қойдым:
«Мұғалімгe арналған нұсқаулылықтың 51 – 54 бeттeрінe сүйeнe отырып, сөйлeудің мазмұны мeн сапасы оқудың маңызды өтуінeн тұратыны. Диалогқа түсіп, талдауы өзінің таным потeнциалын көрсeтeді. Тағы да байқағаным, диалог кeзіндe басқа адамды тыңдай білуі, өз түсінігін әрі тeрeңдeту мүмкіндігінің қолдануы. Өзімді қызықтыратын тәсілгe тоқталмақпын.
Әр сабақта әдіс тәсілдерді қолдану кезінде оқушылар сабаққа қызығушылықпен және белсене қатысады, бір - біріне пікір айтып кеңес береді, идеялармен алмасады, өз алдарына мақсат қояды. Оқушылар оқу үдерісінде қызығушылықпен белсене қатысқан кезде ғана жаңа материалды терең меңгеруіне жол ашылады.
Осыған қарап менде оқушы нені қалайтынын, не жасағысы келетінін түсінуге тырысамын. Көбінесе оқушыларға бірін - бірі оқытуына мүмкіндік берген дұрыс.. Оқушылар өз қолдарымен жасап көрсе, талқыласа, бір - біріне білім берсе көп жетістіктерге жетеді. Мен бұл пікірмен келісемін, өйткені өзімнің іс - тәжірибемде байқадым.

 

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі.

 «Шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық

 мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет»        Философиялық сөздіктен.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, Ғылым мен техника дамыған заманда жаңалық ашатын,ерекше шешім таба алатын жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды,  бірақ  бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.
-« Шығармашылық »  дегенді қалай түсінесіндер?             

« Шығармашылық » сөзінің төркіні  «шығару»,  «ойлап табу» дегенді білдіреді, демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу.

 Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың   белсенділігімен танымдық іс – әрекеттері арқылы
шығармашылығын дамыту,осыған орай оқытуды жеке тұлғаны дайындау, оқуды
ізгілендіру мектептің алдында тұрған үлкен міндет екені баршаға белгілі.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескерген жөн. Мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілетінің дамуына жол ашу, алғашқы уақыттан бастап – ақ әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескерек отырып, жұмыс істеу бағытын, жоспарларын жасау керек.            Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға  ұмтылу  деп айтуға толық негіз бар.
Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда  шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой – өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық
еңбек, жобалар, дербес сабақтар.  Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдалану оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі – әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді, әлемді танып білуге қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сездіре білуінде жатыр.
Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-  тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.
Олар мынадай:Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру; Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі тақырыптарда пікірталас тудырып отыру; Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру; Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құрау, шағын мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау; Қиялдау арқылы сурет салғызу; Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу; Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу; Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау.
Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы дерлік шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді.

 Әр нәрсеге деген бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің белгісі. Әр оқушының бейімділігі әр түрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемділігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс.  Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы тиіс. Мұнда ұстаздың байқағыштығы жоғары болуы тиіс. Оқушы бойындағы бейімділікті байқай салысымен соған сәйкес тапсырмалар беріп дереу қолға алуы керек. Ол бейімділікке деген қызығушылықты солып қалмай тұрғанда алға жетелеу қажет. Сонда ғана оқушы қызығушылығын арттырып отырады.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала жүрегіне жол таба отырып жұмыс істеу. Балалармен үнемі түрлі бағыттарда жұмыстар жүргізе отырып, ізденуге мүмкіндік беру керек.
Оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыстану керек.
Міндетті оқушылық деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушыларға алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс.
Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып, орындайды. Өтіп кеткен материалды оқушы

талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып, жауап береді. Эврика. Анализ бен синтез салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау.
Бұл шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар.
Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа  деген құштарлық болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамуына ықпал ету үшін бірнеше шарт орындалуы керек.
Олар:
 - Шығармашылық қабілетін ерте бастан қолға алу;
 - Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
 - Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейде болуы;
 - Шығармашылық іс – әрекетке жағдай туғызу.

 

Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн.
Оқушының шығармашылық іс – әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету деген сөз. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады.
Қорыта айтқанда, оқушы  бойындағы шығармашылықты дамытуды үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен – күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, оқушы дүниетанымы одан әрі арта түсері анық.

Шығармашылық қабілетті артуына ықпал ету үшін сабақтардың барысында тиімді қолданудамын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың барлық кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлануға жетеле"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 704
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қасым Қайырбек Тайырұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қасым Қайырбек Тайырұлы
    Қасым Қайырбек Тайырұлы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26176
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой