Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Үлкенді сыйлау-ұлылық.

Сабақтың тақырыбы: Үлкенді сыйлау-ұлылық.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үлкенді сыйлау-ұлылық.

8 «б» сынып.

Мақсаты: Қазақ ұлтының ұрпағына тән имандылық, ибалық, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге, амандаса білуге, мейірімдікке, өз тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар амандасу әдебін үйренеді.

- Тансу мен өзгені таныстыру жолдарын біледі.

- Оқушылар өзінің әдептілігін бағалайды, өзін-өзі жақсы қасиеттерге үйретеді.

І. Кіріспе

Мақсаты:

Имандылық, үлкенге құрмет, сыйластық туралы оқушылардың көзқарастарын анықтау.

Сұрақтар:

1. Абайдың «Адам болам десеңіз» деген өлеңінен жақсы және жаман қасиеттерді атап көрсетіңіз.

(Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.)

2. Жаман қасиеттерді демонстрациялап (көрініс, сықақ, күлкілі әзіл, дыбыссыз қимыл, т.с.с.) көрсетіңіз.

3. Автобусқа мінген қыз бен жігіт құшақтасып екі кісілік орынға отырды. Бір аялдамадан әжей автобусқа енді. Орын болмағандықтан тұрып тұр. қыз бен жігіт құшақтасқан күйлерінде құлақтарына екеуі құлаққа тыңдағыш арқылы музыка тыңдауда. Кондуктор жігітке орын берсейші деп сұрады. Ол оны естімеді. Не істеу керек? Дұрыс па№ сіз сол жерде болсаңыз не істер едіңіз?

4. Сыныптағы екі қыз үздік оқиды. Біреуі қоғамдық жұмысты белсенділікпен атқарады, көптің қамын ойлайды, сыныптың намысын қорғайды. Екіншісі өз интеллектісін көтеруді ғана ойлайды, өзімшіл, өзіне атап берілген тапсырманы орндайды. Қайсысы сыныптастарына сыйлы?

5. Имандылық, сыйластық, әдептілік туралы қандай ұлағатты сөздерді білесіз?

6. «Көргенсіз», «ақымақ», т.с.с. сөздерді кейде естіп жатасыз. Бұл сөздердің мағынасын қалай түсіндірер едіңіз. Сіздің осындай сөздерді естуге лайық кездеріңіз бола ма?

II. Сабақтың негізгі бөлімі.

Мақсаты: ұлттық тәрбиені дәріптеу. Өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Үлестірме мәтіндермен жұмыс

1

Тапсырма. Әдептілік қағидаларын оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек сызбаларын құрыңыз. Тірек сызбалары арқылы тұрмыстық жағдаяттармен байланыстыра түсіндіріңіз.

Әдептілік қағидалары

Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:

1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас¬талады. Бұл әр адам¬ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал, өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақа¬шықтықта ұстағаның жөн.

2. Өзіңнің көңіл-күйіңді бір қалыпты кө¬теріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі.

3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса, шала таныс адам¬дар да Сізді жауапты, шынайы деп су¬реттейтін болады. Сыртыңыздан айтыл¬ған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, еш уақытта түсірмейді.

4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айт¬па. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын пікірлерің болса, мүм¬кіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған неме¬се өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сынайтпас бұрын жақсы тұстарын ақкөңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді әзілсіз атап өтуге тырыс.

5. Сөзің де, өзің де сыпайы болсын. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс.

6. Киімге де жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті және жа¬расымды киін.

7. Кеңпейіл бол, жасандылықтан қаш. Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол.

8. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл, бас¬қаларды мұқияттың дауға тырысып, олардан (не екенін айтпасаң да) әлдене үй¬рен¬геніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды бол.

9. Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме. Қай кезде де сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілділік пен алға қарай баса бер.

2

Тапсырма. Ұлдардың сәлемдесу жолдарын оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек сызбаларын құрыңыз. Тірек сызбалары арқылы жиі кездесетін тұрмыстық жағдаяттармен байланыстыра түсіндіріңіз.

«Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен танимын»

Ұлдар үшін

1. Үйге үлкен адам келгенде орныңнан тұр.

2. Одан кейін қос қолыңды ұсынып: «Ассалаумағалейкум, аға» немесе «ата» деп алдынан шық. «Ассалаумағалейкум» деген сөз «Алла оны жарылқасын және қолдасын» деген мағына береді. («Намаз тағылымы» 5-бет, К.Лакашәріпов).

3. Келген адам жасы кіші болса кішісі ұмтылып, қос қолын ұсынып амандасады. (Үлкен адам орнынан тұрмайды). Әрине, «Уағалейкумсалам» - деп жауап беруі тиіс.

4. Көпшілік отырса (үлкен кісілер болса), кірген адамның жеке – жеке қол беруі шарт емес, сол жақ кеудесін оң қолымен басып, иіліп немесе тізесін бүгіп «Ассалаумағалейкум, ақсақалдар», немесе «қариялар» не «көпшілік» десе де болады.

5. Егер, көпшілік әйел затына болса немесе жасы үлкен аналар болса «Есен – саусыз ба, шеше?» немесе «апа, жеңгей» деп амандассаң, нұр үстіне нұр болар еді.

Көпшілікпен отырғанда, мейлі қонақта отыр, мейлі жиында отыр үлкен адам кіріп келгенде, жасы кішінің тұрып амандасып, орын беруі қазақ ұлтының қанына біткен қасиеті. Сенің тұрып орын бергеннен ештенең кетпейді, ұзаса басқа орынға барып отырарсың, оның есесіне мерейің өсіп, бір саты болсын адамгершілігінің, инабаттылығың жоғары екенін көрсетесің.

Әрине, тек қана үлкенге ғана емес, әйел затын, соның ішінде замандас қыз баланы сыйлағаның – өз қарындасыңды, анаңды сыйлағаның. Мұхаммед пайғамбар өзінің өсиетінде (хадисінде): «Әйелге өз туған ана – қарындасына қарағандай мейір – шапағатпен қара» деген екен.

6. Көшеде кезіккен кезде үлкен ер адамдарға, замандастарыңа, әйел адамдарына етене жақын болмасаң, сол жақ кеудеңді оң қолыңмен басып, басыңды иіп ишарат білдірсең де болады.

7. Сыныпқа мұғалім кіргенде қолыңды кеудеңе қойып, партадан шығып басыңды исең, қандай жарасымды болар еді?!

3

Тапсырма. Қыздардың сәлемдесу жолдарын оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек сызбаларын құрыңыз. Тірек сызбалары арқылы өздеріңе белгілі тұрмыстық жағдаяттармен байланыстыра түсіндіріңіз.

«Қызым, саған айтам»

Қыз балалар үшін

Әдетте, қазіргі кезде қыз балаға қойылатын сын көп. «Қызға қырық үйден тыю» дегендей, қыз баланың тәрбиесіне ата – бабамыз көп мән берген. «Қыз өссе, елдің көркі» деп тегін айтпаған, ұлтты өрбітетін де, халықтың атын шығарар ұрпақты дүниеге келтіріп, тәрбиелеп, мейірімін төгетін де қыздар. Сондықтан, қазақ атына заты сай азаматтар өсіру үшін қыздардан мейірімділік, инабаттылықты талап етеді.

Балалар, өздерің үнемі ауылдарыңда өтетін тойлардан көріп, көңілдеріңе түйіп те жүрген шығарсыңдар, әдетте қыз келін болып жігіттің үйіне түсерде «Беташар» айтылады. Той басқарушы асаба немесе той иелеріне етене жақын туыстары беташарды айтқанда, мысалы:

«Беташарға келгенде,

Сөз сөйлеймін сарнатып,

Ана отырған атасы –

Қара жердің жотасы.

Келіні келіп түскенде,

Үйіңнің толды ортасы.

Қолын жайып бата етесе,

Бізге тиер батасы.

Ана отырған атаңыз,

Атаңызға бір сәлем» - деген кезде жаңа түскен қыз – келін көп жағдайда иіліп сәлем сала алмайды. Бұл қазақ қыздарына үлкен сын, ұят қылық. Сондықтан, сәлемдесуді үйреткім келіп тұр.

1. Қыз бала келін болып, сәлем бергенде оң тізесін бүгіп, оң қолын оң тізесінің үстіне қойып, иілуі керек. Міне, былай деп иіліп сәлем беріп көрсетемін.

2. Әдетте қыз бала көпшілік отырған ер адамдар арасына кірмейді.

3. Сол үйдің келіні шай құюы керек болып үстел жасауға кірсе, кеудесіне оң қолын қойып, тізесін бүгінкіреп «Сәлеметсіздер ме?» немесе «Есенсіздер ме?» деуі керек.

4. Қазақ қыздары үлкен адамдарға, тіпті жасы үлкен ер адамдарға тіке қарамаған, көзін төмен салып отырған, бұл – көрегенділікктің, инабаттылықтың белгісі.

5. Әдетте, қазақтың әйел заты (қыздар емес) келін болған соң, шашын көрсетпей басына шәлі орамал байлап жүрген.

Өздерің білетін шығарсыздар, қазақтың атақты батыры бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суреттеген: «Бірде, Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау – мынау жұмыстармен жүргенде, есікті өте қатты тарсылдатып, біреу қаққан соң аяғындағы шақайына сүріне – қабына есікке барып қалса, Баукең екен. Сонда есікті ашпай, сыртында тұрып, «бар киін» дегенін де өзімше түсіндім. Жасыратыны жоқ, кейде жеңіл болсын деп, кеудесі ашық халат киіп, жалаң аяқ, шашымыз қобырап жүре береміз. «Көшеде емес, өз үйімде жүрмін ғой» деп, өзімізді өзіміз жұбатып салатын әдетіміз тағы бар. Атам мен осындай келісімсіз, ашық – шашық күйде көргісі келмеді дейді. Міне, осы сөздерде қаншама мағына, тарбие жатыр. Сондықтан ашық –шашық қалай болса жүрмей, жинақы, таза, ұқыпты жүрсендер ғана маңайдағы жақын адамдарға сыйлы боласыңдар.

6. Араларында «Привет» немесе «Чао» деп бір қолды көтере салатындарымыз да кезігеді. Бұдан арылу керек, «қыз қылығымен көрікті» деген бекер айтылмаса керек.

7. Сабаққа кірген мұғалімдерге қыз балалар орындарынан тұрып үстел шетіне шығып, тізесін сәл бүгіп басын исе де болады.

4

Тапсырма. Таныстыру әліппесін оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек суреттерін құрыңыз. Тірек суреттер арқылы немесе сахналық көріністер қою арқылы түсіндіріңіз.


Мына қамшының сабындай ғана қысқа өмір танысулар мен қоштасулардан тұрады. Әрбір күні жаңа адамдармен таныссақ, келесі күні енді бірімен қош айтысып жатамыз. Қоштасу деген сөздің өзі қиын, ал таныстық достыққа айналып жатса, әрине жақсы. Кейде достарыңызды өзге жолдастарыңызбен немесе бауырыңызды, ата-анаңызды құрбыңызбен таныстырып, түрлі игі қарым-қатынастардың себепкері болуыңызға тура келіп жатады. Таныстыра білу де – өнер.

Қай жерде және қашан таныстыру қажет?

1. Өзіңіз бұрыннан білетін танысыңыз жұмысқа орналасып, әріптес атанып жатса, оны өзгелермен таныстырғаныңыз жөн. Қызметкерлер саны көп мекемеде жұрттың бәрімен таныстырып шығу ақылға сыймайтын жағдай. Қызмет кезінде, өз міндеттерін орындау үстінде оны өз мекемесінің атынан таныстырыңыз. Бұл жағдайда таныстырғыңыз келген адамның есімін атау міндетті емес.

2. Көшеде де танысу ережелерін ұстану кажет. Егер көшеде досыңызбен келе жатып бір танысыңызды кездестіріп калған жағдайда,өз серігіңізді таныстырып жатудың қажеті жоқ. Оның алысырақ барып, күтіп тұрғаны жөн. Егер әңгімеңіз ұзаққа созылса, оған серігіңізді де тартып, бейтаныс адамдарды бір-бірімен таныстыру керек. Егер сіздің олай еткіңіз келмесе, ол күтіп қалмас үшін әңгімені мүмкіндігінше тез аяқтауға тырысыңыз.

3. Жол үстінде (поезда, ұшақта, кемеде және т.б.) өз серіктеріңізді өзгелермен таныстыру аса қажеттілік етпейді, онда бейтаныс адамдар да бір-бірімен әңгімелесе береді.

4. Аз уақытта мейманханаға ат басын бұра қалып, жалпы үстел басында құрдастарыңызбен кездескенде оларды бір-бірімен таныстыру міндетті емес. Мұнда дастархандастар аздап иіліп сәлемдесумен шектеледі. Ал егер біреу танысымен амандасу үшін үстеліңізге келсе, оны өзгелермен таныстыруыңыз керек.

5. Жеке адамды топ адамға таныстырады. Лекторды – аудиторияға, жаңа мұғалімді – сыныпқа, сөз сөйлеушіні – жиналыста отырғандарға таныстырған жөн.

5

Тапсырма. Танысудың жолдарын оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек суреттерін құрыңыз. Тірек суреттер арқылы немесе сахналық көріністер қою арқылы түсіндіріңіз.

Таныса білу де өнер

Адамдармен танысудың реті, жөні бар. Өйткені, кейбіреулерге танысу өте қиынға түседі. Өзінен үлкен кісіге бата айтпайды немесе мінезінің бұйығылығына байланысты бірден өзі сөз бастауға ұялады. Шынында, «Сізбен танысқым келеді» деп бастау қиын ғой. Ал, ол «жок, менің сізбен танысқым келмейді» десе, сіз үшін қандай ыңғайсыз. Сонда не істеу керек? Танысудың да реті, жөні юар дейтініміз осыдан. Өзіңіз қалаған адаммен танысу үшін:

1. Ең алдымен, ол адамға ізгілік көрсеткеніңіз немесе сөзге тартқаныңыз жөн. Мысалы: тұрып орын беріңіз не уақытты, бүгін ауа райының қандай болатынын немесе пәлен жерге қалай барамыз деген сияқты сұрақтар қою керек те, содан кейін ғана ол кісімен өзіңіздің танысыңыз келетінін білдіресіз.

2. Егер ол адам сізге жөнін айтудан бас тартса, бұлталақтаса немесе сөзге айналдырып, сіздің сұрағыңызға мән бермесе, оны қыстау ұят, қайта мазалағаныңыз үшін әдеппен ғана кешірім сұрағаныңыз жөн.

3. Ер адам әйелге өз атын – жөнін айтып танысады.

4. Жасы кішіге ер де, әйел де (қыз бала да) өзінен үлкенге аты – жөнін айтып, қолын ұсынады немесе әйел адам атын айтып басын изесе де болады.

5. Қонақтарды, әдетте жас мөлшеріне қарай (атақ – абройына қарай емес) бір – біріне үй иесі танысырады.

6. Егер меймандардың арасында сізге онша ұнамайтын немесе сіз тәуір көрмейтін біреу отырса, таныстырған кезде сіз де, ол да бұл жағдайды басқаларға сездірмеуге тырысқан жөн. Өйткені, үй иесінің маңайыңыздағы адамдардың көңіліне қарауға тиіссіз.

7. Таныстыру кезінде әрбір адамның өмір тарихын, жасын айтудың қажеті жоқ, тек аты – жөнін, қызметін, сізге қалай жақын екенін (інім, ағайым, апайым, досым т.б) білдірсе жеткілікті.

8. Үй иесі қонақтарын бір – біріне таныстырғандарға ат аталған адам басын изеп ізет білдіреді.

9. Ерлі – зайыпты жастар туған – туыстарына өздері барып сәәлемдесіп, таныстыруларына болады. Мұндай жағдайда жігіт өзі жақын – жуықтарына келіншегін, ал келіншек (зайыбы) өз туыстарына күйеуін (жолдасын) таныстырады.

10. Біреумен танысқанда: «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын» немесе «өзімді бақыттымын деп санаймын» деген сияқты артық мақтау сөздердің қажеті жоқ. Қуанышыңыз ішіңізде болсын, оны кейін жаңа танысыңызға деген қадір – құрметіңіз, ізгі ниетіңіз, жақсы қарым – қатынасыңыз арқылы білдіргеніңіз жөн.

11. Өзін таныстырғанда адамды көзінше жер суға сыйғызбай мақтап, бүкіл өмірбаянын сол жерде айтып беру де онша қолайлы емес, ол кісіні өте ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз.

12. Сонымен бірге, жаңа танысқан қыздың басынан аяғына, аяғынан басына қарап, бірінші рет көрген болмаңыз бұл – өте әбестік, мәдениетсіздік.

III бөлім. «Ой түю, өз ойын білдіру»

Мақсаты: оқушыларды ұлттық дәстүрді бойына дарытуына тәрбиелеу.

Тапсырмалар:

1

Қазақ халқының амандасу, танысу, таныстыру сияқты дәстүрін басқа ұлттардың дәстүрімен салыстырмалы қараңыз. Жағымды және сізге ұнамайтын тұстарын анықтап, ойыңызды ортаға салыңыз.

2

Халық даналығынан имандылық сыйластық, ибалылыққа қатысты мақалдар мен нақыл сөздерді естеріңізге түсіріңіз. Қойын дәптеріңізге жазып алыңыз. тапқан табысыңызды ортаға салыңыз.

Мысалы,

1. Сыйлағанның құлы бол.

Барған жерге сыйлы бол.

Сыйласуға жат жаксы,

Жыласуға өз жақсы.

2. Өзін сыйлай білмеу - бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу - ақымақтық.

3. Өзіңді өзің қадірлемесең, қадіріңе кім жетеді.

Пайдалы кеңес

Кейде балалар өздерінің ата-аналары мен өзге ересек адамдарды классикалық әуендерді немесе бала күнінен үйренген музыкасын ғана тыңдайтын қазіргі ән өнерінен хабары жоқ «артта қалған» адамдар ретінде қарайды.

Сенсеңіз өзгенің талғамына менсінбеушілікпен қарау ақылсыздық болар еді. Сондықтан өзгенің талғамымен де санасуды ұмытпаңыз! «Талғамға талыс жоқ» деген мақал есіңізде ме? Сенің де талғамың ата-анаңа ұнамауы мүмкін ғой. Сенің сағаттап тыңдаған әуендерің үй ішіңдегілерге ұнамай, жағымсыз әсер етіп, бастарын ауыртуы мүмкін.

Өздерің жақсы көріп, қаламаған нәрсенің бәріне бір-бірлеріңе тиым салсаңыз, одан жақсылық бола ма? Мұндай жағдайдан әрқайсыларыңыздың қызығушылықтарыңыз қысымға ұшырайды.

Егер де өзінді және өз қызығушылығыңды сыйлатқын келсе, онда олардың да көзқарасын да құрметтей біл!

Қорытынды.

Осы сабақты қорытындылай отырып сыйластықтың не екенін, қандай құндылықтары бар екенін түсіндік. Өзiңдi сыйлау дегенiмiз ол - адамның жүрiс турысы, жан тазалығы және тән тазалығы. Егер адам алдымен өз өзiне карап, таза журсе, киiмдi де жарасымды кисе, өзi үшiн әрқашан iзденiп бiлiмдi болса, әрине ол жан жағындағыларға сыйлы болады. Сол үшiн әр адам өз орнын бiлiп өз жолымен жүрсе адамдардың барi оны сырттай да iштей де силайтын болады. Өзiн өзi сыйлау деген осы. Ал өзiмшiлдiк дегенiмiз ол мүлдем басқа, яғни бiреудi менсiнбеу, тек өзiнiкiн дұрыс санау өзiмшiлдiкке жатады.Адам өзін сыйлату үшін, өзгеге паңдана қарау міндет емес. Өзін сыйлату үшін, өзін де, өзгені де сыйлай білу керек әрине. Ол сыйластық әке, жәке, көке деген сияқты жылпылдақ жағымпаздықтар емес, қарапайым шыншылдық. Әділ болу. Ақиқатты мойындай білу. Шындықты мойындата білу. Себебі, ұлылық - қарапайымдылықта. Арыстан арыстан екенін білдіру үшін аңдарға тәкаппарлана қарамайды ғой, оның жаратылысы, характері мен мінезіне қарап аңдар өздері мойындайды. Қоян қанша тәкәппарланса да, арыстан болмаған соң, амал не сырт көзге қоян болып қала береді. Дегенмен, адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Басқаларды сыйлату үшін өзіңнің тән сұлулығыңды ғана емес жан сұлулығыңды да ойлау. Өзіңді өзің сыйлап жақсы нәрселер жасасаң, басқаларға көмек берсең, олар да саған барынша көмектесіп, олар да сені сыйлайтын болады.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

 

Тапсырма. Әдептілік қағидаларын оқып, оны сыныптастарыңызға түсіндіру үшін слайдтарға тірек сызбаларын құрыңыз.  Тірек сызбалары арқылы тұрмыстық жағдаяттармен байланыстыра түсіндіріңіз.

 

Әдептілік қағидалары

 

 Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық  табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:

 

1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен  сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас¬талады. Бұл әр адам¬ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал, өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақа¬шықтықта ұстағаның жөн.

 

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2151
Номер материала 521297
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх