Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

библиотека
материалов

hello_html_5b5293ac.gifhello_html_m10b8c311.gifСабақтың тақырыбы: §13. Ньютонның үшінші заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Ньютонның үшінші заңын тәжірибе жасап отырып, түсіндіру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Кинематика қандай тарау?

  2. Динамика қандай тарау?

  3. Қозғалыстың қандай түрлері бар?

  4. Үдеу қандай шама? Түрлерін ата.

  5. Ньютонның бірінші заңы.

  6. Ньютонның екінші заңы.

  7. Күш қандай шама?

  8. Күштің түрлерін ата.

  9. Есеп: №141

Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?

Шешуі: m1/m2=а21 а2=(m1а1)/m2=(4кг*2м/с2)/10кг=0,8м/с2


  1. Есеп: № 144

Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигателінің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?

Шешуі: а=F/m=90000Н/60000кг=1,5м/с2

  1. Есеп: № 143

    а

    4м/с2

    ?

    0,4 м/с2

    ?

    0,1 м/с2

    5 м/с2

    m

    5 кг

    3 кг

    200 кг

    10 т

    ?

    ?

    F

    ?

    6 Н

    ?

    20 кН

    20 Н

    1. кН

  2. Есеп: № 146

Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін тап.

Шешуі: F= mа=mʋ/t=(0,5кг*10м/с)/0,02с=250Н

ІІІ. Жаңа материал енгізу.

Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады: Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

F1=-F2

Әрекет және қарсы әрекет күштері әртүрлі денелерге түсіріледі. Сондықтан олар ешқашан теңеспейді және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға немесе қосуға болмайды. Бұл екі күштің тағы бір ерекшелігі — олардың табиғаты қашан да бір. Егер F1 серпімділік күші болса, онда F2 де серпімділік күші болады.

Күштер бір денеге түсірілген жағдайда ғана олар теңеседі деп айтуға болады, мысалы, тіректе жатқан денеге Fа ауырлық күші және үстел тарапынан ол күшке қарама-қарсы бағытталған серпімділік күші (тіректің реакция күші) әрекет етеді.

Бұл күштер тең және қарастырылып отырған денеге түсірілген. Бұл күштердің тендігі Ньютонның екінші заңының салдары болып табылады және олар үшін N+Fа теңдігін жазуға болады. Бұл жағдайдағы дененің үдеуі нөлге тең, ал бұдан F=-N болады да, дене тыныштық қалпын сақтайды.

Бұл күштердің табиғаты әртүрлі болғандықтан, "әрекет" және "қарсы әрекет" күштері бола алмайды. Ал әрекет және қарсы әрекет бір ғана өзара әрекеттесуді, мысалы, дененің тірекпен әрекеттесуін сипаттайды: тіректің N реакция күші модулі бойынша дененің тіректі кысып басатын күшіне, яғни P салмағына тең. Әрине, бұл күштер әртүрлі денелерге түсірілген және қарама- қарсы бағытталған.

Сонымен, біз Исаак Ньютон тұжырымдаған қозғалыстың негізгі үш заңымен таныстық. Олар айналамызда болып жатқан алуан түрлі механикалық қозғалыстар үшін бірдей. Алайда Ньютонның екінші және үшінші заңдары тек инерциялық санақ жүйелерінде және материялық нүктелер ретінде алынуы мүмкін баяу қозғалыстағы денелер үшін ғана орындалады. Ал жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын денелер үшін релятивтік механика заңдары орындалады.

ІV. Жаңа материалды пысықтау :

  1. Мысалдар келтір.

  2. Тәжірибе жаса.

V. Есептер шығару.

1. Есеп: № 139

  1. Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу

береді? Шешуі: F11=F22 F2=F1а21=(60Н∙2м/с2)/0,8 м/с2=150Н


2.Есеп: № 140

Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу

береді. Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай

үдеу береді?

Шешуі: F11=F22 а2=F2а1/F1=(60000Н∙0,5м/с2)/15000Н=2 м/с2


VІ. Оқулықпен жұмыс.

VІІ. Өзбеттік жұмыс.

9(Б). Массасы 2 т автомобиль орнынан қозғалып, 10 с ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін тап.

VІІІ. Сабақты қорытындылау.

Ньютонның үш заңын айту.

ІХ. Қайталау: Тест жұмысы.

1. Физика зерттейді...
А) физикалық құбылыстарды.
Ә) химиялық құбылыстарды.
Б) табиғат құбылыстарын.
В) жердегі өмір жағдайын.

2. Астрономия пайда болды:
А) қызығушылықтан.

Ә
) уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін.
Б) адамдардың тағдырын болжау үшін.
В) физикадан.
Г) жаңа материалды алу үшін.

3. Төмендегі құбылыстардың механикалық құбылыстарға
жататыны:

А) жапырақтың сарғаюы.
Ә) найзағайдың жарқырауы.
Б) автомашинаның қозғалысы.
В) судың қайнауы.
Г) картоптың бүлінуі.

4. Кез келген затты құрайтын молекулалардың бір-бірімен әсерлесуі:
А) тебіледі.
Ә) тартылады.
Б) аз қашықтықта тартылады, ал үлкен қашықтықта тебіледі.
В) аз қашықтықта тебіледі, ал үлкен қашықтықта тартылады.
Г) молекулалар бір-бірімен әсерлеспейді.

5. 100⁰С-де қандай температура
қабылданған?

А) қалыпты жағдайда судың қайнауы.
Ә) ащы судың қайнауы.
Б) будың конденсациясы.
В) судың булануы.
Г) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнауы.

Х. Үйге тапсырма: §10-13. Ньютонның үш заңы. № 11(4,5)

ХІ. Оқушыларды бағалау.

















































Сабақтың тақырыбы:  Жарықтың шағылу, сыну заңдары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімдік: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жинақтау.  Есеп шығаруда білім мен білік дағдыларын жетілдіру.

ә) Дамытушылық: Ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе білу бағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі, ассоциация әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба-нұсқалар, карточкалар, стакан суы бар, карандаш, калькулятор.

Пәнаралық байланыс: Математика, география, тарих, химия пәндері.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы.

Жарық жылдамдығы тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Кубизм әдісін пайдаланып үй тапсырмасы сұралады. Кубиктің алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды.

1-сұрақ.

Жарық дегеніміз не?

Жарық дегеніміз табиғаты ерекше бөлшектер ағыны немесе фотондар деп атайды.

2-сұрақ.

Жарық көздерінің түрлерін ата.

Жарық көздері үш топқа бөлінеді: жылулық, люминесценциялық және плазмалық.

3-сұрақ.

Жылулық жарық көздерінің люминесценттік жарық көздерінен қандай айырмашылығы бар?

Жылулық жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы жоғары, ал люминесценттік жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы төмен болады.

4-сұрақ.

Ай жарық көзі бола ма?

Ай шағылған жарық көзі болып табылады.

5-сұрақ.

Кітап оқығанда өздерің пайдаланатын жарық көздерін ата.

Табиғи және жасанды жарық көздері, олар: Күннің және электр шамдарының жарық сәулелері.

6-сұрақ.

Жарық жылдамдығының өлшем бірлігі қандай?

Жарық жылдамдығының өлшем бірлігі с=300000 км/с=300000000 м/с=3∙108 м/с.

7-сұрақ.

Күн жөнінде мағлұмат бер.

8-сұрақ.

Жарықтың таралу заңын айт.

Біртекті ортада жарық сызық бойымен – түзусызықты таралады.

9-сұрақ.

Жарық сәулесі деген не?

Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.

10-сұрақ.

Жарық шоқтары деген не?

Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

11-сұрақ.

Күн тұтылу деген не?

12-сұрақ.

Ай тұтылу деген не?

13-сұрақ.

Есеп. Күннен Жерге дейінгі қашықтық 150 млн. км. Күннен Жерге дейін жарық қанша уақытта жетеді?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарықтың шағылу, сыну заңдары

Жоспар

  1. Жарықтың шағылу заңы.

  2. Жазық айна.

  3. Сфералық айна.

  4. Жарықтың сыну заңы.

  5. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі.


  1. Жарық бөлшектері – бұл фотондар бұлар денелерге түсіп, заттың бөлшектерімен әсерлеседі, яғни жарықтың әсерінен денелер қызады. Маталардың бояуы оңады, фототопластинкалар қараяды.

Мысалы: Күннің жарығы барлық денелерге әсер етеді.

Ваккумдегі жарық жылдамдығы дүниедегі ешбір дененің жылдамдығынан артық бола алмайды. Яғни 3·108 м/с.Мұны есте сақтау керек.

Заттарда жарық жылдамдығы ваккумге қарағанда аз, мысалы ауада жарық жылдамдығы 299711 км/с, суда 225000 км/с, шыныда- 200000 км/с.


  1. Шағылу заңы.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған.

Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған.

Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

 α – түсу бұрышы, β – шағылу бұрышы.

hello_html_m4b1575c2.gif hello_html_m43c5cac2.gif


  1.   Сыну заңы.

Сыну құбылысы қалай болады. Егер стаканға су құйып, оған қарандаш салып, бүйіріне қарасақ, бір бөлігі әрігерек жылжып кететін сияқты. Сұрақ, бұл неліктен олай болады?

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығына байланысты: с װ γ

α – түсу  бұрышы                           γ – сыну бұрышы                                 

Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп атайды.

 

n-тұрақты шама, сыну көрсеткіші

с- ауадағы жарық жылдамдығы

v-әр ортадағы жарық жылдамдығы.

n=с/v n=Sinα/Sinγ


ІV. Бекіту.

Оқушыларға карточкалар беріп, жауап алу.

Ия-жоқ әдісімен сұрақтар беру.

  1. Шағылу заңын ұсынған ғалым Гюйгенс пе? (ия)

  2. α-бұрышы – түсу бұрышы ма? (ия)

  3. Жарықтың сынуы судың көлеміне байланысты ма? (жоқ)

  4. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең бе? (ия)

  5. Егер  α=450 болса, онда β=500 бола ма?(жоқ)

  6. Су мен ауа арасындағы бет шекара ма? (ия)

  7. Түскен сәуле мен шағылған сәуле тең бе? (ия)

  8. Жарық жылдамдығының мәні 300000000 м/с па? (ия)

  9. Есеп: Жарықтың түсу бұрышы 45, сыну бұрышы 30. Жарықтың шағылу бұрышын, абсолютті сыну көрсеткішін және таралу жылдамдығын анықта.


1.Сұрақ :  Күн көкжиектен батқанда неге бірден қараңғы түспейді?

Жауап: Жарықтың шағылуымен түсіндіріледі.

Күн көкжиекке батқанда атмосфераның беткі қабатын жарықтандырады, ал Күн сәулелері сол қабаттан шағылып, жер бетіне түседі.

2.Cұрақ: Дененің беті қандай жағдайда: қызыл, жасыл, ақ, қара болады?

Жауап: Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

V. Үй тапсырмасы.

§64 - 67, 69. 201 беттен 217 бетке дейін.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Физика 8 сынып.

2. Физика есептер жинағы

























8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Сабақтың мақсаты: қайтымды және қайтымсыз құбылыстар ұғымын беру және оның салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптерінің физикалық мәнін ашып көрсету; оқушыларды іштен жанатын қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыру; теориялық білімнің практикалық қолданымуын көрсету;

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

  1. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Изопроцестер дегеніміз не?

  3. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы.

  4. ТД-ның бірінші заңынан туындайтын салдарлар.

  5. Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?

  6. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптері.

  7. Жылу қозғалтқыштарының түрлері.

V. Жаңа материалды меңгерту:

1 .Табиғаттағы қайтымсыз процестер (оқушылар оқулық бойынша өзбетінше оқып үйренеді).

Термодинамиканың бірінші заңы жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы екендігі мәлім.

2.Жылу машиналары және техниканың дамуы.

Энергетиканың дамуы ғылыми техникалық прогрестің маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп пен транспорттың қарқынды дамуы жылу машиналарының жасалуы мен оның жетілдірілуімен тікелей байланысты.

Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналар жылу машиналары деп аталады.


Іштен жанатын қозғалтқыштар





Жылу қозғалтқыштары






Турбиналар
























Дизелді


Карбюраторлы




Бу машиналары


Газ


Бу


Жылу машиналарының тарихынан:

1698ж – анг.Т.Севери

1707 ж – фр.Д.Папен. Бу машиналары

1763ж – орыс И.И.Ползунов.

1774ж. – анг. Дж.Уатт

1860ж. – фр.Ленуар. ІЖҚ

1876ж. – неміс Н.Отто.

1889ж. – швед К.Лаваль – бу турбинасы.

З.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеуінің негізгі ерекшеліктері.

1) Отын энергиясы – механикалық энергия.hello_html_3f1856b7.png

Осы кезде отынның энергиясы жоғары температураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына айналады;

2)Температурасы әртүрлі екі дененің болуы: олар қыздырғыш және салқындатқыш деп аталады. Сонымен қатар жұмыстық дене (газ немесе бу) қажет. Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу процесінде жұмыстық дене қыздырғыштан қаңдай да бір Q1 жылуды алады және біраз бөлігін механикалық А жұмысқа айналдырады, жылудың Q2 қалған бөлігін салқындатқышқа береді.

Энергияның сақталу заңына сәйкес Q1= Q2

3)Кез-келген жылу қозғалтқышының жұмысы циклді. Әрбір цикл түрлі процестерден тұрады:

  • қыздырғыштан энергияны алу;

  • жұмыстық жүріс (жұмыстық дененің ортаюы және алынған энергияның бөлігІн механикалық энергияға айналдыру);

- пайдаланылмаған энергияның бөлігін суытқышқа беру;
Қыздырғыштың, жұмыстық дененің және салқындатқыштың болуы кез-келген жылу қозғалтқышының үздіксіз циклді жұмыс істеуінің принципті қажетті шарты болыл табылады.

Термодинамика заңдарының техникада қолданылуының бір түрі – ЖҚ-тары.

І. Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі – іштен жанатын қозғалтқыш ОЖҚ).

  1. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың құрылысы.

  2. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың жұмыс істеу принципі.

  3. Төрт тактілі, бір цилиндрлі ІЖҚ-тың жұмысы. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар және олардың артықшылықтары. ІЖҚ-тың қолданылуы.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. §22, §23 сұрақтарын талдау.

  2. Оқулық бойынша жұмыс (ІЖҚ-тың әрбір тактісінде орындалатын процестерді жазу)

а) сору тактысы- б) сығылу тактысы- в) жұмыстық жүріс тактысы- г) шығару тактысы-

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §21, 22, 23.





7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға молекулалық-кинетикалық теория тұрғысында заттық күйлерін жете түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, шыны түтік, су.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Әтір исі не себептен бөлмеге тарайды?

  2. Диффузия деген не?

  3. Молекула дегеніміз қандай бөлшек?

  4. Молекуланың көрнекі кескіні.

  5. Қандай жылу құбылыстарын білесің?

  6. Тапсырманы ауызша оқыту жекелей.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

А) Қандай заттың түрін білесің?

Ә) Атап шығыңдар.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты электрондық оқулық арқылы түсіндіру.

1. Қатты денелер.

2. Сұйық денелер.

3. Газ тәріздес денелер.

4. Әрқайсысының молекулаларының қозғалысы.

Заттың агрегаттыќ күйлері

Қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су сұйық күйде ќалады (76-сурет). Бұл жерде бір мезгілде судың әр түрлі екі күйі қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судың үшінші газ тәрізді күйі де бар: күзге көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады.C:\Program Files\Просвещение-Казахстан\ЭМОП\HTML\Courses\7\Chapters\images\Ph7_p30-076.png

Суды мысалға ала отырып, біз заттың үш агрегаттық күйде — қатты, сұйық және газ күйінде бола алатынын көрдік.

Сұйық сынапты термометрдің резервуарынан көруге болады. Сынаптың үстінгі жағында оның булары болады, ол сынаптың газ күйін көрсетеді. Температура 39 С болғанда сынап қатады да, қатты күйге айналады.

Оттегі біздің қоршаған ауада газ күйінде болады. Бірақ 193 С температурада ол сұйыққа айналады екен. Бұл сұйықты 219 С-ға дейын мұздатсақ, онда біз қатты күйдегі оттегіні аламыз.C:\Program Files\Просвещение-Казахстан\ЭМОП\HTML\Courses\7\Chapters\images\Ph7_p30-077.png

Керісінше, темір қалыпты жағдайда қатты күйде болады. Алайда 1535 С температурада ол балқып, сұйыққа айналады. Балқыған заттың үстінде оның атомдарынан түзілген газ болады.

Заттардың ќасиеттері әр түрлі агрегат күйде түрліше болады.C:\Program Files\Просвещение-Казахстан\ЭМОП\HTML\Courses\7\Chapters\images\Ph7_p30-078.png

қатты денені қалыпты жағдайда сығуға немесе созуға болмайды. Сыртқы әсер болмағанда ол өзінің формасы мен көлемін өзгертпей сақтайды.

Сұйық өзінің формасын оңай өзгертеді. Қалыпты жағдайда ол өзі тұрған ыдыстың формасын ќабылдайды. (77-сурет). Бірақ салмақсыздық жағдайында (мысалы, орбиталық космостық станцияда) сұйық өзінің меншікті – сфералық формасымен сипатталады. Жаңбырдың кішкентай тамшыларының формасы да сфералық формада (тәріздес) болады.

Сұйықтың формасын оңай өзгертетін қасиетін балқыған шыныдан (78-сурет) ыдыс дайындауда қолданады.

Сұйықтың формасын өзгерту оңай, бірақ көлемін өзгерту қиын. Судың сығылмайтындығын тексерген бір тарихи дерек сақталған. Суды қорғасын шарға құйып, оны дәнекерлеп тастайды, қысқан кезде төгілмеу үшін. Одан кейін болат шарды ауыр балғамен соғады. Не болған? Су сығылмайды, керісінше қабырғасы арқылы сыртқа төгілген.

Сонымен, сұйықтар өз формасын тез өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды.

Газдың меншікті көлемі де формасы да болмайды. Ол өзі тұрған ыдысты толтырып тұрады.

Газдардың қасиетін зерттеу үшін оның түрлі түсті болуы міндетті емес. Мысалы, ауа түсі жоқ, біз оны көрмейміз. Бірақ біз тез қозғалғанда, автомобиль немесе поиыз терезесінің алдында тұрғанда, сол сияқты жел соққанда біздің айналамызда ауа бар екенін байќаймыз. Сол сияќты оны тәжірибе көмегімен сезуге болады.C:\Program Files\Просвещение-Казахстан\ЭМОП\HTML\Courses\7\Chapters\images\Ph7_p30-079.png

Суы бар ыдысқа төңкерілген стаканды бастыратын болсақ, оның ішінде су кірмейді, себебі оның ішінде ауа бар. Егер суға шыны түтікпен резеңке шланг арқылы жалғасқан вороканы салсақ (79-сурет), онда ауа сыртќа шыға бастайды.

Газдың көлемін өзгерту қиын емес. Резина допты сығу арқылы, біз ондағы ауаның көлемін әжептеуір азайта аламыз.

Газ өзі тұрған ыдыс немесе өзі орналасқан бөлменің ішін толтырып, формасы да сол бойынша аныќталады, яғни газдың формасы мен көлемі өзі орналсқан ыдысқа тәуелді.

V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

1. Қатты денеге не жатады?

2. Сұйық денелерге не жатады?.

3. Газ тәріздес денелерге не жатады?

4. Мұз неше күйде болады?

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Электрондық оқулықты көру.

  2. Сол арқылы сұрақтар қою.

  3. Заттар қандай күйде болады?

  4. МКТ-ның негізгі қағидалары.

VІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

А). Ең маңызды сұрақтарды оқушылардан сұрау.

  1. Атом.

  2. Молекула.

  3. МКТ-ның негізгі қағидалары.

  4. Диффузия.

  5. Броундық қозғалыс.

  6. Заттың күйлері.

  7. Температура.

Оқушылардан ауызшы сұрау.

Ә). Карточкамен жұмыс.

1 К. Киімге жаққан әтір иімінің ауаға жайылуын қалай түсіндіресің?

2 К. 0,8=? см; 2,9 дм =? м; 380м=? км;

3 К. Сынған қарындашты қайта біріктіруге болмайды. Себебін түсіндір.

Б) «Лото» ойыны.

Сұрақтар қойылады, пән аралық байланыс, басқа да мәні бар сұрақтар қоюға болады.

  1. Қазақтың ұлт аспаптары?

  2. Желтоқсан күні.

VІІІ. Үйге тапсырма. №45, 53, 84. №2 зертханалық жұмысқа дайындық.


























10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Электростатика тарауына бақылау жұмысын өткізу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.

Сабақтың түрі: білімдерін тексеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сынақ тапсыру

Сабақтың көрнекіліктері: үлестірме жұмыстар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Бақылау жұмысы №3 Ф-10(тех)

І-нұсқа

1.Зарядтары q1=0,5мкКл және q2=-0,1мкКл болатындай бірдей екі кішкене шар ауада бір-бірінен r=10 см қашықтықта орналасқан. Шарларды бір-біріне түйістіріп, содан кейін оларды қайтадан бұрынғы қашықтыққа апарып қойса, олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді?

2.Шамалары бірдей екі кішкене шарлар r=0,2 м қашықтықта бір-біріне 410-3Н күшпен тартылады. Ол шарларды бір-біріне түйістіріп, одан кейін бұрынғы қашықтыққа ажыратқанда, олардың бір-бірін тебу күші 2,2510-3Н болды. Шарлардың бастапқы q1 және q2 зарядтарын анықта.

3. 210-8Кл зарядтан 210-2м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?

4. Ауада тұрған сыйымдылығы С=4,5пФ болатын металл шар q=180нКл заряд алған. Шардың радиусы мен потенциалын анықта.

5. Астарындағы кернеуі U=1кВ, ал сыйымдылығы белгісіз конденсаторды сыйымдылығы С2=2мкФ, астарындағы кернеуі U2=0,4кВ болатын конденсатормен параллель жалғаған. Егер жалғағаннан кейінгі кернеу U1=570В болса, бірінші конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жалпы зарядты анықта. Электр өрісінің энергиясын есепте.

ІІ-нұсқа

1.Зарядтары q1=2 мкКл және q2=-4 мкКл болатын екі кішкентай металл шарлар ауада бір-бірінен r=30см қашықтықта орналасқан. Шарларды бір-біріне түйістіріп, содан кейін оларды қайтадан бұрынғы қашықтыққа апарып қойса, олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді? Ауаның диэлектрлік өтімділігі ε=1.

2. Бір-бірінен r=0,1м қашықтықта орналасқан екі бірдей шар өзара 510-5Н күшпен тартылады. Ол шарларды бір-біріне түйістіріп, сосын бастапқы қашықтыққа ажыратқанда, олардың өзара әрекеттесу күші 410-5Н болды. Шарлардың зарядтарын анықта.

3. Радиусы r=30см металл шарға q=6нКл заряд берілген. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін тап.

4.Сыйымдылықтары 6пФ және 9пФ болатын шарлардың потенциалдары сәйкесінше 200В және 800В. Шарларды жалғағаннан кейінгі қосынды заряд пен потенциалын тап.

5. Сыйымдылықтары С1=0,3мкФ, С2=0,2мкФ және С3=0,12мкФ болатын тізбектей жалғанған үш конденсаторға U=120В кернеуінің қалай жіктелетінін, сонымен қатар батареяның жалпы сыйымдылығын, барлық зарядтарын және электр өрісінің энергиясын анықта.

IІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: қайталау


Краткое описание документа:

8 сынып                                        

Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жанатын қозғалтқыш.

Сабақтың мақсаты:  қайтымды және қайтымсыз құбылыстар ұғымын беру және оның салдары ретінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдау жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптерінің физикалық мәнінашып көрсету; оқушыларды іштен жанатын қозғалтқыштың құрылысы мен жұмыс  істеу   принциптерімен таныстыру; теориялық білімнің практикалық қолданымуын көрсету;

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.  Білімді жан-жақты тексеру.

ІV.  Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

1) Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

2)Изопроцестер дегеніміз не?

3)Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы.

4)ТД-ның бірінші заңынан туындайтын салдарлар.

5) Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?

6)Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принциптері.

7)Жылу қозғалтқыштарының түрлері.

V.  Жаңа материалды меңгерту:

1 .Табиғаттағы  қайтымсыз процестер (оқушылар оқулық бойынша өзбетінше оқып үйренеді).

Термодинамиканың бірінші заңы жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы екендігі мәлім.

2.Жылу машиналары және техниканың дамуы.

Энергетиканың дамуы ғылыми техникалық прогрестің маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. ХІХ ғасырдағы өнеркәсіп пен транспорттың қарқынды дамуы жылу машиналарының жасалуы мен оның жетілдірілуімен тікелей байланысты.

Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналар жылу машиналары деп аталады.

 

Іштен жанатын қозғалтқыштар

 

 

 

Жылу қозғалтқыштары

 

 

 

 

Турбиналар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дизелді

 

Карбюраторлы

 

 

Бу машиналары

 

Газ

 

Бу

 

                                       

Жылу машиналарының тарихынан:

1698ж – анг.Т.Севери

1707 ж – фр.Д.Папен.                           Бу машиналары

1763ж – орыс И.И.Ползунов.

1774ж. – анг. Дж.Уатт

1860ж. – фр.Ленуар.                        ІЖҚ

1876ж. – неміс Н.Отто.          

1889ж. – швед К.Лаваль – бу турбинасы.

З.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеуінің негізгі ерекшеліктері.

1) Отын энергиясы – механикалық энергия.

Осы кезде отынның энергиясы жоғары температураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына айналады;

2)Температурасы әртүрлі екі дененің болуы: олар қыздырғыш және салқындатқыш деп аталады. Сонымен қатар жұмыстық дене (газ немесе бу) қажет. Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу процесінде жұмыстық дене қыздырғыштан қаңдай да бір Q1 жылуды алады және біраз бөлігін механикалық А жұмысқа айналдырады, жылудың Q2 қалған бөлігін салқындатқышқа береді.

Энергияның сақталу заңына сәйкес Q1= Q2

3)Кез-келген жылу қозғалтқышының жұмысы циклді. Әрбір цикл түрлі процестерден тұрады:

-    қыздырғыштан энергияны алу;

-    жұмыстық жүріс  (жұмыстық дененің ортаюы және  алынған энергияның бөлігІн механикалық  энергияға айналдыру);

пайдаланылмаған энергияның бөлігін суытқышқа беру;
Қыздырғыштың, жұмыстық дененің және салқындатқыштың болуы кез-келген жылу қозғалтқышының үздіксіз циклді жұмыс істеуінің принципті қажетті шарты болыл табылады.

Термодинамика заңдарының техникада қолданылуының бір түрі – ЖҚ-тары.

І. Жылу қозғалтқыштарының кең тараған түрі – іштен жанатын қозғалтқыш ОЖҚ).

2. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың құрылысы.

3. Іштен жанатын қозғалтқыштың (ІЖҚ)-тың жұмыс істеу принципі.

4. Төрт тактілі, бір цилиндрлі ІЖҚ-тың жұмысы. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар және олардың артықшылықтары. ІЖҚ-тың қолданылуы.

VІ.  Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

1) §22,  §23 сұрақтарын талдау.

2)Оқулық бойынша жұмыс (ІЖҚ-тың әрбір тактісінде орындалатынпроцестерді жазу)

а)сору тактысы-  б)сығылу тактысы-  в)жұмыстық жүріс тактысы-  г)шығару тактысы-

VІІ.  Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту

VIІI.  Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §21, 22, 23

Автор
Дата добавления 20.02.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров1050
Номер материала 400179
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх