Инфоурок Другое Другие методич. материалыСалт-дәстүрім таусылмайтын байлығым. Сайыс

Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым. Сайыс

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым» тақырыбында өткен сайыстың   материалдары

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

                                                                      

 

 

Дайындаған:    Жалпы білім беретін циклдық комиссия

оқытушысы   Б.Қ.Мұрат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы


Іс-шараны    өткізудін мақсаты

 

      - окушыларға қазақтын салт-дәстүрі , ұлттык   мереке, ұлттық ойындар 

туралы  мағүлмат беру.

-         жауапкершілікке, ұқыптылыққа, алдыға мақсат қойып, сол мақсатқа жете білу қабілеттерін, ұжым және жеке өзі жұмыс істей алу дағдысына тәрбиелеу, таңдаған мамандықтарына сүйіспеншілігін арттыру

-         көпшілік арасында өздерін ұстай білу, жаңа ортаға тез арада бейімделу дағдысын, ойлау қабілеттерін, қарсыластық сезімдерін дамыту

 

Сайыстмң өту барысы

1 - тур. Қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы

2 - тур. Таңғажайып  жетілік. 

3 - тур. Салт - дәстүрді білесің бе? Викторина

4- тур. Үй тапсырмасы.

 

Өтетін орыны -     Колледж   жатақханасының модениеі залы. Қатысатын оқушылар - Жатақханада тұратын оқушылар

 

1- жүрпзуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты дәстүріңді, салтыңды елім.
2- жүрпзуші:

Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің көргін.

 

1- жүрпзуші:

    Құрметті оқытушылар, студенттер  «Салт - дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2- жүргізуші:

Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз деп тастаған,
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы

 

1- жүргізуші:

Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабаларымыздың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

 

2- жүрпзуші:

Біз егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мұрасын, мәдениетін, әдет - ғұрпын білуіміз керек.

1- жүргізуші: Өте дұрыс айтылғын сөздер. Біздік колледждің студенттері  ата-бабаларымыздан қалған  салт-дәстүрді, қазақ халқының ырым-тыйымдарын, ұлттық ойын түрлері туралы кім көп білетіндігі анықтап көрейк те!

1- жүргізуші: Ең алдымен осы сайысымызды дұрыс және әділ  бағалайтын әділ казы алқасып таныстырып отейік! (Әділ қазылар алқасы тағайындалады)

 

2- жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастайық!

 

1- жүргізуші: Бүгіні сайысымыз 4 турдан тұрады.

1 - тур. Қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы кезеңі- Таныстыру

2 - тур. Таңғажайып  жетілік. 

2- жүргізуші

3 - тур. Салт - дәстүрді білесің бе? атты викториналық сұрақтар

4- тур. Үй тапсырмасы.

 

1- жүргізуші: Сонымен бірінші тур, Таныстыру.

2- жүргізуші: Ендігі кезекте осы сайысқа қатысатын топтарды ортаға кезектесіп шығып өздерінің топтарының атын, не себепті аттарын таңдағанын, топтарының төс белгісін және де топтық қатысушыларын таныстырулары керек.

1- жүргізуші: Сайыстың бірінеші кезеңінің шарттарын орындауларына байланысты  топтың  бірінші турда өз өздерін жақсы жағынан көрсете, таныстыра білулеріне байланысты 10 ұпайдан 5 ұпайға дейінгі аралықта бағалауға болады.

2- жүргізуші: Осы тур бойынша әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.

 

1- жүргізуші: Енді екінші турға кезек берейік. Бұл тур «Таңғажайып  жетілік» деп аталады. Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды.

2- жүргізуші: Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

1- жүргізуші:  Олай болса біз де осы сиқырлы санның бүгінгі қатысушыларымыздың тағдырына әсері бар екендігіне көздерін жеткіземіз. 

2- жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, осы турдың «Таңғажайып  жетілік» деп аталуы да бекер емес. Бұл турда сіздерге -«Жеті жетекші», «Жеті ғашық», «Жеті күн», «Жеті жетім», «Жеті ата»,  «Жеті қат көк», «Жеті жұт», «Жеті шәріп /Жеті әулие/», «Жеті қазына» және «Жеті жоқ», «Жеті амал» ды білулеріңіз керек.

1-жүргізуші:  Қазір әр топ басшысы біздің алдымызда жатқан карточкаларды алып, ондағы жетілікке жауап берулері керек. Әр карточкада 3 жетілік берілген.

2-жүргізуші: Топ басшысы тобымен ақылдасып жауап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 7 ұпайдан. Яғни карточкада 3 жетілік берілген, соның түгеліне дұрыс жауап берсе, 21 ұпайалады. Мысалға  «Жеті ата»ның 5 –еуін ғана атаса  бұл сұраққа 5 ұпай беріледі.

 

 1- жүргізуші:

Қазағымның дәстүрі,

Біледі оны жас- кәрі

Санаға биік ой салар

Қазақы дәстүр әрбірі

2- жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

1- жүргізуші:

Келесі турымыз викторина түрінде « Салт- дәстүрді білесің бе?» деп аталады. Бұл тур бойынша әрбір қатысушы топтарға кезектесіп сұрақтар оқылады.

 

2- жүргізуші:

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.  Топ сұраққа жауап бере алмаған жағдайда  басқа топ қатысушыларына жауап беруге  болады. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай.

   « Салт- дәстүрді білесің бе?»

  1. Рамазан айында айтылатын жыр қалай аталады? (Жарапазан)
  2. Қазақтың үрмелі музыклық аспабының атауы  (Сыбызғы)
  3. Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатыи ойыны калай айтылады?         (Ақсүиек)
  4. Қазақ қыздарының шашқа тағатын әшекей бұйымы (Шолпы)
  5. Көрімдік деген не?  (Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі)

6.     Бес байлықты атаңыз –(Әуелі байлық- денсаулық.Екінші байлық-еркіндік.Үшінші байлық- тіл байлық.Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.Бесінші байлық-балаңыз)

7.     Бес қаруға нелер жатады?(Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта)

8.     Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Бұл салт қалай аталады?(ат қою)

9.     Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа шақырады. Бұл салт қалай аталады? (Ерулік)

10. Сыбаға дегеніміз не?( Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын - жуығына сақтаған кәделі ет мүшелері)

11. Базарлық деген не?( алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы).

12. Байғазы дегеніміз не? ( балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый).

13. Үш тәттіні атаңыз (Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

14. Тыштырма деген салт туралы не білесің? (Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.)

15. Өлім -жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі қалай аталады? (ас беру)

1 - жүргізуші:
Ата - дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде.!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

 

2- жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

1- жүргізуші: Келесі кезекте топтардың үй тапсырмасын тексеретін боламыз.

2- жүргізуші: Топ оқушыларына қазақтың салт-дәстүрі немесе ұлттық ойын түрлеріне байланысты көрініс дайындап келу керектігі ескертіліп айтылған болатын.

1-жүргізуші: Олай болса келесі кезекте ұпай саны аз топтан бастасақ

 

1- жүргізуші: Осымен біздің сайысымыз аяқталды.  Осы сайыстың бағалаушыларын, яғни әділ қазылар алқасына сөз берейік.

2- жүргізуші:  Асықпаның, біраз біздің көрермендерімізді де сынасақ қалай болар екен.  Әділ- қазылар алқасына ой қортуға уақыт берейік.

1- жүргізуші: Құрметті көрермендер онда біздің сіздерге де шашуымыз бар. Келесі кезекте сіздердің де білімдерініңзді сынаймыз .

2- жүргізуші:  Олай болса құрметті көрермендер сіздерден белсене қатысып отыруларыңызды сұраймыз.

«3» саны
- Үш мақсатты ата.(жол мақсаты - жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту)

- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
- Үш алыс (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
- Үш даусыз (мінез, кәрілік, ажал)
- Жігіттің үш жақын жұртын ата.(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
- Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
- Үш сауап (шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен)
Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
- Үш тәтті (жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)

Қосымша:

2-сұрақ - Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

3-сұрақ - Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

4-сұрақ-Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

5-сұрақ-Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

6-сұрақ-Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

7-сұрақ-Үш даусыз.

Мінез, кәрілік, ажал.

8- сұрақ-Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

9-сұрақ-Үш арыс

Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.

10-сұрақ-Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған.

Жолға ағаш еккен.

11сұрақ-Үш байлық

Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.

12-сұрақ-Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

13- сұрақ-Төрт қонақ

Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,

Қылғыма қонақ.

14-сұрақ-Төрт түліктің пірін атаңыз.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.

15-сұрақ-Төрт қымбат не?

Алтын ұя Отан қымбат,

Құт- береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат.

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

16-сұрақ-Бес дұшпан

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.

17-сұрақ-Бес асыл

Талап еңбек, терең ой, қанағат .

18-сұрақ-Бес байлық

Әуелі баайлық- денсаулық.

Екінші байлық-еркіндік.

Үшінші байлық- тіл байлық

Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.

Бесінші байлық-балаңыз.

19-сұрақ-Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.

20-сұрақ-Бес қатер

От, жау, борыш,ауру, сөз.

21-сұрақ-Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

22-сұрақ-Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

23-сұрақ-Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын.

Іске аспаған серт қиын.

Ақылынан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды болса бас миың.

 

2- жүргізуші: Егер де әділ-қазылар алқасы дайын болса сөз кезегін берейік.

1- жүргізуші: Жеңіген топты құттықтаймыз,

2- жүргізуші: Қатысушыларымызға және де көрермендерімізге келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет айтамыз.                                                                                                            

 

1-    жүргізуші  Біз сіздермен қоштаспаймыз, біз сіздерге көріскенше күн жақсы дейміз!

2- жүргізуші Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.                                                                                                            

 

                             Оқытушы:                       Мұрат Б.Қ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым. Сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 265 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.06.2017 10385
    • DOCX 79 кбайт
    • 360 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурат Бибигуль Касылкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мурат Бибигуль Касылкызы
    Мурат Бибигуль Касылкызы
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76520
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные методы обучения русскому языку

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе