Инфоурок Другое Другие методич. материалыСайыс сабақ "Төл теңге"

Сайыс сабақ "Төл теңге"

Скачать материал

                                     

Сабақтың тақырыбы: «Төл теңге»

Сабақтың мақсаты: Ойын түріндегі сайыс сабақ баланы   жан – жақты ізденісте жүруіне ықпал жасай отырып, логикалық ойлау жүйесін дамытады. Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталауға, топ жарып көш бастаушы болуына ынталандырады.

Сабақтың түрі : Танымдық сайыс  сабақ.

Сабқтың әдісі: сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, сұрақ карточкалары, құм сағат.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу;

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

б) оқушыларды екі топқа бөлу.

І- кезең:

Екі топтың жетекшілері:

1)    топтың атымен;

2)    ұрандарын;

3)    қатысушыларын таныстырады.

ІІ – кезең:

Сайыс сабақтың барысына тоқталсақ, сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1.Топ жетекшілеріне сұрақтар.

2. Теңге туралы мақалдар сайысы.

3. «Кім жылдам» сайысы. Аннаграмманы шешу.

4. Ой жүйрік.  (сұрақ – жауап)

5. Бәйге жарыс.

6. Әр топ өздері дайындап келген  сұрақтарын қояды.

І- кезеңде қатысушыларға «Кім көп біледі?» атты сайыс сұрақтары:

1.«Қыран» тобының жетекшісіне:

1) Ақша тарихын зерттейтін ғылым?  (Нумизматика)

2) Мемлекеттен қарызға алынған ақша не деп аталады? (несие)

3) Қазақстан Республикасының валютасы. (теңге)

4) Теңгеде неше қорғаныш белгісі бар? (16 қорғаныш белгісі)

2. «Барыс» тобының жетекшісіне:

1) Теңгенің ең алғашқы нұсқасы қай елде жасалынып шықты? (Англияда)

2) Еліміздегі ең жоғарғы банк қай банк? (Қазақстан Ұлттық Банк)

3) Инфляция дегеніміз не? (ақшаның құнсыздануы)

4) Сауда түрлері? (ішкі, сыртқы сауда)

Әр кезеңнен кейін ұпай сандары хабарланып отырады.

ІІ. Мақалдар сайысы:

1.Жүз теңген болғанша,

   Жүз досын болсын.

2.Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.

3.Тегін тапқан теңгеден,

   Тер шығарған тиын артық.

4.Ақша санағанды, ал нан шақтап турағанды ұнатады.

5. Ақша төлегеннің алқымы үлкен.

6. Алаған қолым – береген,

    Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.

7. Ақылмен алтын табылар,

    Алтынмен ақыл табылмас.

8. Фәнидегі басты парызың – қайырым садақа,

    Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласын.

ІІІ. Кім жылдам сайысы. Анаграмманы шешу. Әріптерді экономикалық мәнді сөз шығатындай  етіп жазу керек.

І- топқа:

1.АРБСЙЫА – АЙЫРБАС.

2.ЫҚАНР – НАРЫҚ.

3.УШЫТНҰЫТ – ТҰТЫНУШЫ.

4. ЕНСИЕ – НЕСИЕ

5. ІШӨІУНДР - ӨНДІРУШІ.

6. ЕГТҢЕ – ТЕҢГЕ .

ІІ-топқа:

1.     ТІКҚЕЖАЛІТ – ҚАЖЕТТІЛІК

2.     МКЭНОАКОИ – ЭКОНОМИКА

3.     ЛҚАЫС – САЛЫҚ.

4.     АУСДА – САУДА

5.     АЮВТЛА- ВАЛЮТА.

6.     ҰАСНРСЫ – СҰРАНЫС.

ІV. Ой жүйрік сайысы:

І«Қыран» тобына сұрақтар:

1) Валюта дегеніміз не? ( Елдің айналымдағы жүрген ақша бірлігі)

2) Теңгені шығарушы авторларымыз кімдер?(Тимур Сулейменов, Хайрулла Ғабжалилов, Меңдібай Әминмен, Ағымсалы Дүзелханов)

3) ҚР ұлттық валютасы қашан пайда болды? (1993ж 15қараша)

4) Бәсеке дегеніміз не? (Өндірушілер арасындағы бақталастық)

5) Қазақстанда банкноттық фабрика қай жылы салынды? (1995жылы)

ІІ. «Барыс» тобына сұрақтар:

1.     «Теңге» сөзі қайдан шыққан? (Орта ғасырдағы түрік күміс монеталарының «таньга» атауынан )

2.     Ең алғашқы теңгемізде қазақтың ұлы  тұлғалары болды. Қай теңгеде кімдердің бейнелері болды? ( 200,500,1000,2000,5000теңгелерде Әл – Фараби,50теңге- Әбілқайыр хан, 100теңгеде- Абылай хан, 20теңгеде – Абай Құнанбаев, 10теңгеде – Шоқан Уәлихановтың, 5 теңгеде- Құрманғазы Сағырбайұлы, 3 теңгеде – Сүйінбай Аронұлы)

3.     Экономиканың үш басты сұрағы? (Не?, Қалай?, Кім үшін?)

4.     Ақшаның неше қасиеті бар? (6 қасиеті бар, жинақы, тұрақты, көпке шыдауы, бөлінгіш, біртекті, танымды)

5.     Алғашқы монеталар қай мемлекеттен келді? (Германиядан)

V. Бәйге жарыс.

Интерактивті тақтада 6 ұяшық белгіленген. Әр ұяшықта ұпай сандары көрсетіліп тұрады. Ішінен әр топ бір ұяшықты таңдап берілген тапсырманы орындайды.

1.     «Қыран» тобы 25 ұяшықты таңдады. (дұрыс шешімге 25 ұпай)

Кестені қара. Сол жақта ұлттық валюталардың аттары көрсетілген. Оң жаққа ұлттық валюталардың қай мемлекеттікі екенің анықтаңыздар?

Еске салу:Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қазақстан, Түкіменстан, Қырғызстан.

 

        манат

 

        юань

 

        рубль

 

        сом

 

        теңге

 

        сум

 

 

2.     «Барыс» тобы  40 ұяшықты таңдады ( дұрыс шешімге 40 ұпай)

1. Қағаз ақшаны, банкнотты қалай атауға болады?

 

 

 

 

 

 

(купюра)
2. Азаматттар мен кәсіпорындар жалақы немесе пайдадан мемлекетке төлейтін төлемдер қалай аталады?

 

 

 

 

 

       (салық)
3.Ақша салымдарын қабылдап, қарыз беретін қаржы мекемесі қалай аталады?

 

 

 

 

                 (банк)

1................... тауарлер мен қызмет көрсетулерді өндіреді?
2.  Тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін қабылданылатын нәрсе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         (фирмақша)
 

VI. Әр топ бір – біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.Әр кезеңнен кейін ұпай сандары хабарланып отырады.

Қорытынды. Кезек әділ қазыларға беріледі. Сонынан қатысушыларға алған ұпай сандары айтылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.

                                                                         

                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

ІІ «Болашақ» тобына сұрақтар:

1.Жұмыссыздық деңгейін қалай анықтаймыз?

   Жұмыссыздық  деңгейі= Жұмыссыздар саны_____

                                            Жұмыс күшінің мөлшері

2.Жұмысқа қабылдаудағы төменгі жас мөлшері  (16 жас)

3.Инфляция дегеніміз не? (бағаның төмендеуі, құлдырауы)

4.ҚР Ұлттық банкі туралы жарлық қашан қабылданды? (1995ж 30 наурызда)

5.Төмендегілердің қайсысы өндіріс факторларына жатады? (Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік)

Әр кезеңнен кейін ұпай сандары хабарланып отырады.

ІІІ – кезең «Кім жылдам»  сайысы.

Әр топ жетекшілері ортаға шығып жасырын сөздерді кезекпен алып өз топтарына жұмбақтап жеткізуі  керек.

І. .«Жас қырандар» тобының жасырын сөздері:

1.Жеке меншік

2.Ақша

3.Сауда

4.Қарыз

5.Еңбек

6.Уақыт

7. Баға

ІІ. «Болашақ» тобының жасырын сөздері:

1.     Банк.

2.     Жалақы

3.     Пайда

4.     Доллар

5.     Жүмыссыздық

6.     Жарнама

7.     Заң

ІV – кезең Сұрақ – жауап сайысы.

Әр топ өздері дайындап келген сұрақтарын қояды.

V. – кезең  «Ойлан тап» сайысы кроссворд шешу.

1. Еңбектің бағасы .........................(Жалақы)

2. Баға төмендегенде сол затқа ............көбейеді  (Сұраныс)

3. Елдегі билікті іске асыратын ұйым..........  ..... (Мемлекет)

4.Оны жақса көрмейді онсыз мемлекетте ақша болмайды....... (Салық)

5. Комерциялық фирма құрып, пайда алу үшін оның жұмысын

басқаратын адам............ (Кәсіпкер)

6.Мерекеде бір – бірімізге  .........   береміз.(Сыйлық)

7.Тауар, қызмет көрсетулерді, сатып алатын- сататын сауда келісімін жасайтын орын  .............. (Нарық)                                                                   

8 Кәсіпкерлік, іс, экономикалық қызмет, .............(Бизнес)

9.Тауарлардың елге әкелінуі мен елден тыс жерлерге

шығарылуын .......... реттейді. (Кеден)

10.Белгілі бір шартпен борышқа ақша алу ......... (Қарыз)

11.Қажетті заттарды сатып алу үшін ........ төлейміз (Ақша)

 

 

    Ж  А Л А Қ Ы

 С Ұ  Р А Н Ы С

                         М Е М Л Е К Е Т

                      С А Л Ы Қ

                          К Ә С І П К Е Р

                                 С Ы Й Л Ы Қ

                      Н А Р Ы  Қ

                          Б И З Н Е С

                          К Е Д Е Н

                       Қ А РЫ З

                             А Қ Ш А

 

VI – кезеңде  Қорытынды сұрақ;

1 Еліміздегі  бүгінгі  жұмыссыздық деңгейі қандай?

2. Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті?

3. Жұмыссыздықпен қалай күресу қажет?

Жалпы оқушылар осы сұрақ төнірегінде өз ойларны білдіреді.

Кезек әділ қазыларға беріледі. Сонынан қатысушыларға алған ұпай сандары айтылып, жеңімпаздар  марапатталады.

                                                                         

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жасөспірімдерді бұзатын не?

Мақсаты:  білімділік – жасөспірімдерді бұзатын не екендігіне жауап іздеу:

1)    Ішімдіктің  зияны; 2) темекінің зияны; 3) есірткінің зияны туралы ақпарат беру.

Дамытушылық – ішімдік ішу, темекі мен есірткі қолдану адамды аздыратындығы, оның денсаулыққа зияны туралы оқушыға ішімдік ішіп, темкі мен есірткі тартуға мүлде болмайтындығы туралы тереңірек түсінік беру, оқушының ой – пікірін ортаға салу, бір – біріне сын, ескертпе айтуға үйрету;

Тәрбиелік: оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, есірткі қолдану, ішімдік ішудің, темекі шегудің зияны туралы суреттер, адамның ағзалары (ми, бауыр, өкпе, жүрек)

 

Барысы:

Мұғалім: Маскүнемдік, темекі, тарту, нашақорлық адамның жанына да, тәніне де, әсіресе жастардың денсаулығына өте зиянды әдеттер болып табылады. Соған қарамай, соңғы кезде зиянды әдеттердің өрісі тартылмай келеді, барған сайын өршіп, бүкіл қоғамға қатерлі сипат алып барады. Жаман әдеттер жасөспірімдер, мектеп оқушылары арасында жайыла түсуде.

І. Бөлім. Ішімдіктің, темекінің адам ағзасына тигізетін әсері.

(Адам миына, жүрегіне, бауырына, өкпесіне, жүйке жүйесіне)

(Бірнеше оқушылар ішімдік, темекі, есірткі адамның ағзаларына қалай әсер ететінін әңгімелеп, рөлдік ойынды көрсетеді)

Рөлдік ойын: «Дәрігерге шағым»

Дәрігер: Сізге не болды? Ес түсіңізді білмейсізғой?

Бауыр : Мына адам темекі мен есірткі шегеді, ішімдік ішеді. Бұдан бұлай шыдай алар емеспін. Ішімдікті ішкен сайын мені келіп күйдіреді, жандырады. Ішімдікті қанға айналдырып қорытар жағдайым жоқ. Сап – сары болып өлуге даярмын. Дәрігер, мені емдей көріңіз! Жағдайым нашар.

Өкпе: Дәрігер, менің көрген күнімді жауыма да тілемеймін. Адам темекі шеккен сайын демалуға шамам келмейді. Жүрекке бұдан былай таза ауаны жеткізе алмаймын. Өкпемнің сау тамтығы қалмады. Өкпе қатерлі ісік ауруынан аз –ақ қалдым. Дәрігер көмек беріңіз емдей көр!

Жүрек: Маған жақсы жұмыс істеу үшін таза қан мен таза ауа керек.Қанның орнына ішкенім арақ, таза ауаның орнына демалғаным – никотин мен есірткі уы. Адамның барлық ағзалары ауру. Өлуге аз- ақ қалдым. Не жасаймын дәрігер, жалынамын емдей көр!

Ми: Адам ішімдік ішіп, темекі мен есірткіні тартқанда қатты өзгеріске ұшыраймын. Адамды басқаруға шамам жетпей қалады. Мінез – құлқым өзгереді. Ішімдікті ішкенде адам төрт күйге түседі екен. Ә дегенде адам тотықұсқа ұқсап, жұрт көзіне түсуге тырысады. Содан соң маймылдың қылығын шығарады, елдің бәрімен қалжыңдасып, қылжақтай бастайды. Одан кейін арыстан кейпіне кіріп, өз күшіне сенген болып, шатақ шығарады. Ең аяғында шошқа болып батпаққа аунайды. Жер бетінде қаншама жан – жануар бар десейші. Соның ішінде адам ең ақылды, керемет деуші еді. Бірақ адам ең ақымақ па деп кейде ойға кетем. Адамның миы болғаннан қатты қажыдым.

Дәрігер бір көмегінді бер жалынамын!

Жүйке жүйесі: Дәрігер көмек берші маған. 

Жүйке жүйемді ішімдік пен темекі, есірткі қолданып адамның өздері тоздырды. Өзімді өзім ұстай алмайтын халге жеттім. Дірілдеймін, селкілдеймін одан қалса не істеп не қойғанымды білмеймін. . Шаршадым, қажыдым мені  емдей көріңіз!

Дәрігер: Иә қалдарын мүшкіл екен. Қой болмас мына дамды тез арада емдеу керек. Мен қазір «Жедел жәрдемге» телефон шалайын.

1 оқушы:

Жүз бұрсаң нашақорлыққа,

Жүресің азап - қорлықта.

Шайтанның ісін оң санап,

Өзіңді досым қор тұтпа.

Әдетке теріс желеу көп,

Тауып ап өңің жүдеу боп,

Сорлатпа, досым , қинама,

Ананың жанын егеу боп.

2 оқушы:

Бұл тірлікте не тыңдырдым не көрдім?

Құрбанымын мына жаман кеселдің.

Ақтамай –ақ кетіп барам анамның,

«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі, аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе айтып кету борышым:

Ауырмандар бұл кеселмен,

Дәрігерде бере алмайды қол ұшын,

Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламандар сол үшін!

Мұғалім : Адамның денсаулығы – қоғамның байлығы. Халқымыз « Тәні саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар сендердің қолдарында. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.

Қорытынды :

ОЙ ҚОЗҒАУ

Сұрақ: Сонымен балалар, ішімдік, темекі мен есірткі қолдану денсаулыққа зиян келтіреді екен. Тағы да қандай зияндары бар?

Жауабы: 1) Еңбек етуге, 2) Қоғамға;3) денсаулыққа, 4) ұрпаққа, 5) отбасына зиянын тигізеді.

 Ал салауатты өмір салты дегеніміз не?

 

 

 

1)спортпен шұғылдану,2) Күн тәртібін сақтау,3) Жеке бас гигиенасын сақтау;4) жаман қылықтардан аулақ болу: а) шылым шегуден,  б) ішімдіктен, в) нашақорлықтан. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман әдеттерден аулақ болу. Сондықтан біздің тәрбие сағатымыз «Жасөспірмідерді бұзатын не?» деген тақырыпта болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Атакәсіп ұрпаққа аманат»

Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәстүрлі шаруашылығын, қол өнерін мәдениеті жайлы білімімізді пысықтау.

Көрнекілігі: Салт- дәстүрлерге арналған слайдтар.

Барысы:

1.Атакәсіп бағдарламасы.

2.Мақал – мәтелдер

І. Кіріспе сөз  6 «А» сынып жетекшісі: Жамбылбаева Ғ.Н

Сәлеметсіздерме қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Біз бүгін 6 «А» сынып оқушыларымен  «Атакәсіп ұрпаққа аманат»   атты тақырыпта брейн-ринг өткізгелі тұрмыз.

        Елбасы Н.Назарбаев 1999жылды «Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы» жылы деп жариялады. Осыған байланысты облыстарда «Атакәсіп бағдарламасы»  жарияланды.

        «Ата - асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. Атакәсіп - әкеден қалған қара шаңырақтың шайқалмауының, мал – мүлік, жер, байлық, салт- дәстүріміздің мәңгілік жалғастығының алтын қазығы.

Олай болса, осы жалғастықты ту етіп,жиырма бірінші ғасырға киелі дүниемізге ие болып, тарихы қалың, ынтымағы мол ел болып аталайық ағайын» міне осыған байланысты біздің бүгінгі ойың.

        Брейн- ринг ойың шарттармен танысайық. Бұл ойын

ІІ раундтаң тұрады.        

Біздің білім, біліктілігімізді бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлайық.

Уақытымызды белгілейтін тайм пикер.

Хуантай Фархат және Мұрагер тобы  қатысады.

1топ. Бірлік

2-топ Мұрагер

Әр топ өзін таныстырады.

Жүргізуші: Бақберген Амина:

-        Өте жақсы. Енді брейн – рингты бастаймыз.

1-   раунд. Сұрақ. Жауап.

Оның шарты: мен екі топқа бірдей сұрақ қоямын. Камертонның дауысымен 1минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топ өз жаубын береді.

Түсініктеме:

1-раунд. Сұрақтары:

1.Үлгісі көптің өрнегі көп.

Өрнегі көптің ермегі көп, дегендей балалар сендер құртты жақсы көресіндер ме? Олай болса құртты қалай жасау керек

2.Оюсыздан оюшы шықпайды.

Қандай ою өрнектің түрлерін білесіздер?

3.Көп жерде өнер де көп,

Теріден жасалатын бұйымдардың түрлерін атаңыз?

4.Білмеген нәрсенді сұрап ал?

Адам сұрап білмесе ештенені білмейді

Айран жасаау жолдары қандай?
5.Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемділікті таңдай да, талғай да білген. Әйелдердің сәндік бұйымдарын атаңыздар?

6. Асыл қойшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

Ата – бабамыздың қазақ үйдің жиһаздарын атайық?

7.Қазақтың саз аспабы, домбыра оның құрылысын атандар?

8.Егіншілікке пайдаланылатын құрал – саймандардың түрлерін атаныздар?

9.9.Жүннен жасалатын бұйымдардың түрлерін ата?

І раунд аяқталды әділқазы алқасы өздері  бағалар.

        Өнер алды қызыл тіл – деп Абай атамыз айтқандай ендігі кезен ІІ раунд топ басшылары айтысқа шақырылады.

        Әр топ осы кезде сөз жұмбақ шешеді.

ІІ раунд. Айтыс

1Қазақтың ұлттық киімдері

2.Ұлттық тағамдары.

Топ басшылары отырады сөз жұмбақ. Жауабын топ мүшелеріне түсіндіреді.

ІІІ раунд. Блиц – турнир.

І.Бірлік тобы.

1.Қазақ халқының жаңа жылы?(Наурыз)

2. Қымыз қай ауруға ем?(Туберкулез)

3 .Шиді қай уақытта жинайды?(таңертен)

4. Ер адамның бас киімі?(тақия)

5.Ағаш кесу үшін құрал? (ара)

6. Қыз бала киетін бас киімі?(сәукеле)

7. Шеге суыратын құрал? (кемпірауыз)

8. Тарыдан жасалатын тағам?(жент)

9. Қойдың пірін ата? (Шопан ата)

10.Қой еті неше мүшеден тұрады? (он үш)

ІІ.Мұрагер тобы.

1.Ананның анасы кім болады?(әже)

2.Бір сыпайы сөз айтыныз? (рахмет)

3.Жүнді иіретін аспап? (ұршық)

4.Бір сәндік бұйым ай? (білезік)

5.Уықтың үстіне жабылатын киіз? (Үзік)

6.Нәресте дүниеге келгендегі  той? (шілдехана)

7.Бесіктің түрлері? (Жел, жер)

8.Ас дайындайтын ыдыс? (қазан)

9.Жерден қазылған үй? (жер үй)

10.Оқ құюға арналған қалып? (корош)

Әділқазы алқасы білімімізді бағалағанша біз мына мақалға көңіл бөлейік.

«Қыз елдің көркі,гүл жердің көркі» дегендей қыз бала туралы сендер қандай мақалдар білесіңдер?

Енді сөзді біздің әділ қазыларға берейік.

Қорытынды: Сөз әділқазыларға. Женіп шыққан женімпаздарға сыйлықтар беріледі.

І орын Мұрагер тобы жетекшісі: Арызбай Нұрболат

ІІ орын Бірлік тобына жетекшісі Естаев Алмасқа бері

 

 

 

 

 

 

 

«Талдықорған қаласының №25 орта мектебі мектепке    дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жатдағдылардан
сақ болайық                                                                                    (Тәрбие  сағаты)

 

 

 

 

 

                                                                  Өткізген: :6 «А» сынып жетекшісі

                                                                                       Жамбылбаева  Ғ.Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          2012 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс сабақ "Төл теңге""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 3504
    • DOCX 102 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жамбылбаева Галия Нагметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жамбылбаева Галия Нагметовна
    Жамбылбаева Галия Нагметовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45202
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе