Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда»

«Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда»

Скачать материал

4c5b8f986382f15f91973cdd776a138c         

 

 

 

 

 

 

521245980fcf8191c0082378ba038394 

   cec85d8015c38696db5a225b7bcd8285

Овал: 2
Овал: 1
Овал: 3
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 http://kremvet.com/wp-content/uploads/2012/01/%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B7%D0%BD%D0%B8-%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%86%D0%BA%D0%B8%D1%85-%D0%BE%D0%B2%D1%87%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%BA-.jpghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTKxrwK9HMqPg1wrYTU_hrjcXkZMfRz7lLvIaWLMirmmoXSr9mflA 

 

 

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSWUWP33C4SELf_umlxBN9HYc7FDb0ljV9HMP2tUuZE3WI0Q-h_                   http://shkolazhizni.ru/img/content/i48/48793_or.jpg

 

 

 

 

 

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcROhphzGzoWil_1jKFJMhGd40ASt3NDv1Zd0uL5HMea1x8X3NP7kw

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу.

Сәйкестік бойынша сапқа тұру.

-жасы үлкен, жасы кіші бойынша сапқа тұрыңыздар

-туған күнніңіз бойынша сапқа тұрыңыздар

-қаңтардан-ақпанға дейінгі айлар бойынша сапқа тұрыңыздар

-шаштарыңыздың түстері бойынша сапқа тұрыңыздар

/қарадан-сарыға дейін/

Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды.Түстер бойынша топ құрып , үстелдерге жайғасып отырыңыздар.


  3.Ой жинақтау .

Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын  жағдайлар.

2 топ.   Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



    «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:

       1.   Балаңыздың туған  күні?



      2.    Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?



      3.    Балаңыздың парталас көршісі кім?



      4.    Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?



      5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?



       6.     Балаңыз кеше қандай баға алды?



      7.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?



       8.    Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

 


       9.    Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?



       10.    Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?



      11.    Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?



      12.   Балаңыздың ең жақын досы кім?
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары:

 

1. Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.

 

2. Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.

 

3. Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.

 

4. Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.

 

5. Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.

 

6. Баламның орнына өзімді қоя аламын.

 

7. Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.

 

8. Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.

 

9. Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.

 

10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.

 

11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.

 

12. Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.

 

13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған тест

 

       Бала тәрбиесінің сіздің өміріңізде алатын орны. Балаңызды қалай тәрбиелейсіз және тәрбие ісі  жөніндегі түсінігіңізді тексергіңіз келсе психологиялық тестке назар салыңыз.

 

Тестті  бастамас бұрын шартпен танысып өтіңіз.

 

Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.

 

а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).

 

б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).

 

в) қолымнан келмейді (1 ұпай).

 

 

Тестің кілті:

 

 

30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.

 

16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.

 

16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда»

ата-аналарға арналған баяндама
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады. 

Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. 

Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ана - отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-ананың тірлігінде көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол – перзенті.

Іштен ешкім біліп тумайды. Тәрбие ұлға да, қызға да бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым – дарақы, қызым – сорақы деп бармақ тістеп қалмау үшін әкеңнің қабағы, анаңның сылап- сипауы айрықша мәнге ие.

Ұлыңды – жарығым, қызыңды - жалғызым деп ішер-тамақ, киер-киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ етіп құр мәпелеу – бұл тәрбие емес. Ұлтымыздың ар-иманын, ынсап-қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ, алдымен ата-анасының, сосын өз бетін шиедей етеді. 

Ата-ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбие бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге еліктегіш келеді, көп нәрсені – жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, соны қайталайды. 

Кей жағдайларда кейбір ата-ана жұмыс-бастылыққа салынып, бұған мән бермейді, тіпті, кейбір ата-ананың бала алдында жаман сөз айтуы, баланың есейгенін аңғармауы, үйінің шырқын бұзуы – баланы теріс жолға итермелейді. 

Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек. 

1.    
Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.    
Білім алуына көмектесуге міндетті;

3.    
Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4.    
Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірмен танысуға міндетті;

5.    
Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6.    
«Баланы жетіне келгенше тыйма, жетіден он төрткекелгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.


Ата-ананың жауапкершілігі:

1.    
Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2.    
Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.    
Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;

4.    
Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;

5.    
Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты; 

6.    
Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.


Қазіргі мектеп балаларына қарап отырып, тәрбиеге үлкен көңіл бөлу керек екенін ата-аналарға жеткізгім, «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер» деп бабалар сөзін естеріне салғым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата-аналарға арналған сауалнама

 Сіздің балаңыз  мектепке  барғысы келіп пе еді?

1.      Оқу барысында Сіздің балаңыздың  мектепке деген көзқаарасы өзгерді ме? (ия десеңіз, онда қашан және неге?)

 

 

2.      Сіздің балаңыз қандай сабақтарға қызығушылық білдіреді?

 

 

3.      Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз тез орындайды?

 

 

4.        Қай сабақтың үй тапсырмасын балаңыз жай және еріксіз орындайды?

 

 

5.      Сіз үй тапсырмасын тексересіз бе?

а) әрқашан     ә) жиі        б) кейде    в) қажет деп есептемеймін

 

7.   Сіздің балаңыз таңертең (немесе түсте) сабаққа барарда:

а)  ынтамен     ә) еріксіз  б)  көңілсіз, қызықпайды

 

1.      Балаңыздың оқу барысында Сізді не уайымдатады?

 

9.  Сіздің ойыңызша оны қалай түзетуге болады?

 

1.      Ұстаздарға Сіздің тілегіңіз бар ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз қандай ата-анасыз?

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді?  Осыған орай, балаңызбен қарым қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгіліңіз.

 

1.  Саған қанша рет қайталап айтамын.                   2 ұпай

2.   Маған ақылыңды айта қойшы.                                1

3.  Мен сенсіз не істер едім.                                           1

4.  Соша кімге тартқансың                                             2

5.  Сенің достарың қандай тамаша.                               1

6.  Туу, ұқсағансың!                                                        2

 

7.  Мен сенің кезімде…                                                   2

8.   Сен менің тірегім көмекшімсің ғой!                       1

9.   Сенің достарың қандай адамдар…                          2

1.      Сен тегі не ойлап жүресің?                                      2

11.  Сен  менің ақылшымсың!                                       1

1.      Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың?                       1

13.  Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен…           2

14.  Сен қандай ойлап тапқышсың!                              1

Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине,  Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

Кілті:

7-8 – Сіз балаңыз екеуіңіз бір біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз  тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

9-10 – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен Сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.  Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін:

11-14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз Оның оқшаулануына,  балаңызбен конфликтік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді: ол тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

Ата-аналарға арналған тест

«Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?»

1.      Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?

а) Ол өзі маған бұл туралы айтты.

ә) Ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады.

б)  Мен ана болғандықтан бұны өзім сездім.

в)  Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым

1.      Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а)  Екінші анасы сияқты сезінеді.

ә) Сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді.

б)   Құрметпен,бірақ салқын қарайды.

в)   Құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.

1.      Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақыра ма?

а)  Кейде

ә)   Жоқ, ешқашан.

б)   Шақырды, бірақ мен келіспедім.

в)  Олардың жиналатын орны маған ұнамайды.

1.       Көптеген ата-аналар балаларды олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады.  Ал Сіздің жағдайыңызда:

а)   Бұлай болмайды, себебі бұл заттар сәннен шығып қалған.

ә)   Бұлай болмайды, себебі оған шақ келмейді.

б)   мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді

1.       Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығущылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) Оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ.

ә) Балаңыздан саған бұл хабар ұнай ма?» деп сұрайсыз.

б) Ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін.

в) Біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.

6.  Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: «біздің кезімізде бұлай болмаған» :

а)  1 немесе2 рет, бірақ мен бәрі-бір өзгеретінін мойындаймын.

ә)  Қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ.

б)  Аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын.

в)  мен бұлай айтқан жоқпын.

Тесттің қорытындысы:

4-6 рет «а» жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі  өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

3 немесе одан аз «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатанас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы: «Бақытты балалар мекені».

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйыммен ата – аналар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, баланың жеке тұлғасының дамуына жағдайлар тудыру.

 

Күн тәртібінде:

1. Есімдер тізбегі.

2. Сұрақ – жауап

3. Ойын «Балаңызбен қалай ойнар едіңіз?»

4. Балаға айтуға болмайтын 10 сөз.

5.«Балалық – шаққа саяхат»

Жиналыстың барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!

1. Есімдер тізбегі. Ойынды бірінші отырған қатысушы бастайды. Кейінгілердің міндеті осы бірінші ойыншының атын шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре атау. Барлық ойыншылардың аты аталады.

- Өз есімдеріңізді түрлендіре естігенде қандай сезімде болдыңыздар? Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді. Сондықтан бұдан былай үнемі бір – бірімізге қарап сөйлегенде әңгімемізді міндетті түрде есімімізді еркелете, жағымды атаудан бастайық.

2.Сұрақ – жауап.

1-сұрақ: Балаңыз белгісіз себеппен жылап, жұбанбай жатса қандай амал жасайсыз?

2-сұрақ:Бала берілген тапсырманы орындағысы келмегендей жағдайда қандай шара қолданасыз? Т.б.

3. «Балаңызбен қалай ойнар едіңіз?» ойыны.

(сурет бойынша ертегінің атауын тауып, сахналап көрсету)

Шалқан, Бауырсақ

Балаларды бір нәрсеге үйрету үшін алдымен оны ойында үйретуіміз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында былай деген: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз». Олай болса құрметті ата-аналар бала тәрбиесіне тек қана қоршаған орта немесе ұстаздар ғана емес, отбасы да жауапты.

4. Балаға айтуға болмайтын 10 сөз.

Психологтар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі де сіздің жеткізу мәнеріңізге қарап оның мағынасын түсінеді екен.

1.     Сенің қолыңнан түк келмейді – әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

2.     Ұста, тек тынышталшы!

Кей ата – ана бірнеше сағаттық «берші, алып берші» деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата – ана өздері байқамастан, баланың ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының «жоғына» мән бермеуге жаман үйретеді.

3.     Тағы да мұндайды байқасам – таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан – лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала бос қорқақ болатынын анық білу керек. Ал үлкендердің кенеттен ренжуі еш нәтиже бермейді.

4.     Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлеуге болмайды. Бұл сіздің балаңыз ғой. Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан «доғарудың» орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5.     Сен мынаны түсінуге тиіссің...

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала бұлай ақыл айтуды түсінбейді.

5. «Балалық – шаққа саяхат»

 

Құрметті ата-аналар бәріміз жайғасып, көзімізді жұмып бір сәт тынышталып отырып, еркін тыныс алып осы бір тынысымыз арқылы бақытты балалық-шаққа шолу жасайық:

«Жаздың әдемі шуақты күні. Сіз анаңызбен қол ұстасып келе жатырсыз. Үстіңізге ең сүйікті көйлегіңізді киіп, анаңыз екеуіңіз қуаныштысыз. Сіз ойнап жүгіріп анаңыздың алдына шығып кеттіңіз. Біраздан соң жақын адамыңыздан алшақтап кеткеніңізді сезініп, жүгіріп қолынан ұстадыңыз. Әлгі адам сізге күліп қарады. Көзіңізді көтеріп қарасаңыз алдыңызда мүлдем таныс емес адам тұр екен. Сіз тез ғана қолыңызды алып тастап, жан-жағыңызға қарадыңыз. Енді жайлап көздерімізді ашамыз». Қандай сезімде болдыңыз?

Ата-аналар жауабы:

·         Қорқыныш сезімі пайда болды.

Осындай қорқыныш сезімі балаларыңыздың бойында ешқашан болмасын - дей отыра барлықтарыңыз алақандарыңызды алға созуларыңызды өтінемін. Оң жақ алақанымыз отбасы болса, сол жақ алақанымыз мектеп болсын. Ал енді үнемі ауызбіршілігіміз мол болып, жұмысымыз алға қарай өрлей берсін деген мақсатта алақандарымызды соғып қояйық.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2017 1598
    • DOCX 175.4 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеилханова Гульнар Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27588
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой