Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»

«Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»











Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Білімділік: Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтары мен қоғамдық - әлеуметтік мәселелерге қөзқарасын, тұрмысын бейнелеуіндегі ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны, өлеңдерінің ерекшелігін орнын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, теориялық талдау жасай білуге, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге, халықтық дәстүрге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекті құралдар: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд, интерактивті тақта, кітаптары

Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, шығармашылық - танымдық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. (сынып оұушыларының сабаққа дайындығы және сабақтың тақырыбы мақсат міндеті хабарланады.)

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқалы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Қызыларай» ауылы. Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсеттің әлі жас кезінде әке – шешесі Семейге көшіп келіпті. Әсеттің ескіше, яғыни мұсылманша оқығаны және жай ғана оқып қоймай, білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме – дәл шешеді. Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап», тәрізді қисса – дастандардың сюжетін, шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды терең білгендігін көрсетеді. Ел арасына кең тараған «Інжу – маржанның» қайырмасында «Сейфіл – Жамалдай бейнетіңе көнсем- ай, Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем – ай »,- деген сөздердің айтылуы оның ауыз әдебиетінде, шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгендігін көрсетеді.

С.Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндері үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтады. «Ақырғы сөзінде» Әсет:

Бозбала, осы әнімде үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің...

...Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,- деген жолдардан байқауға болады. А.Жұбановтың баға бергенде : «Әсеттің ақындығы әншілігінен кем емес»,- деп, әншілігін даусыз ақиқат санап негізіне алуында да үлкен сыр бар. Әншілік қнерін әбден меңгерген соң ғана Әсет ән шығара бастаған. Өйткені оның алғашқы, жас кезіндегі шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу - маржан» әні- құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі. А.Жұбанов : «Орындауы келіссе», «Әсеттің әні - сахнаның сәнінің бірі, шыңы болады» - деген («Замана бұлбұлдары») кітабында.

Әсеттің әдемі әндері көп. Атап айтсақ «Қисмет», «Мақпал», «Үлен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» т.б.

Ендеше осы әндерінің бірі «Інжу - маржанды» тыңдап көрейік.

А.Жұбанов сөзімен айтсақ «Інжу - маржан» әні сөзі мен әдемі бір – бірімен шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін құрылысы, ырғақ жүйесі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі.

I I.Ой шақыру. Әсет қандай тұлға? Ақын, талантты әнші, сазгер, айтыскер, өз дәуірінің суреткері.

а) Шығармашылығы: қисса дастандары, өлеңдері, ән өлеңдері, айтыстары, арнау өлеңдері

ә) Арнау өлеңдерін атаңдар.

«Маманға», «Күшік болысқа», «Жасболат болысқа», «Қанағатқа», «Қызыр төреге», «Елшібай байға», «Мешбетті көгендегі сөзі», «Жабықбайға айтқан сөзі», «Мешбет пен Жабықбайды татуластырған сөзі» бар.

II. Мағынаны таны (сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа ақын өлеңдерін талдау беріледі)

I.1т. «Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы» өлеңі.

Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы,

Бұл қазақ кіндік кесіп, кірін жуды.

Өлген мола, туған жер қонысығнан,

Кездескен қиын жағдай бізде туды

Жас болдым, ардақтымен айқастастым,

Хан мен бай – өткізейін талай нуды, деген өлең жолдарынан ақынның қоғамдық ой – пікірі айқын байқалады. Ел ішіндегі аласапыран кезеңді суреттеген. Көзі көрген теңсіздіктерді көріп отыра алмайды. Ашынғанда Абаймен үндесіп кетеді.

2т. Арғынмын, атым – Әсет арғындаған.

Арғынмын, атым – Әсет арғындаған

Арындап ән сала ма дарымаған.

Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.

Көмекей көк қапысын әнмен ашса,

Төгіліп мерует, маржан сауылдаған.

Тұлпармын топтан озған, тосырқамын,

Шаршы топ қарсы өрім жоқ шабылсаған.

Жорғамын, жұрттан озған жортарманмын,

Майдамын, майда желіс мамырлаған.

Жұртымның аса топыр жиынында

Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!...

3т. Арнау өлеңдерінің мәні

«Кәріпке айтқаны»

Күнқақты сұр шолақсың шыр бітпеген,

Кісідей өрт қшірген түр бітпеген немесе

Асаудай аптық басып арындайсың,

Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың,

Терідей шыбын жаққан жылп –жылп етіп,

Шіркін – ай, қойған жерден табылмайсың,- деп өзінің қара басын ғана ойлайтынын бетіне баса айтады. «Жасболат болысқа» өлеңінде :

Қалыпты бір мың жылы Бәйті байдан

Қосылды зор бәйгеге атқа тайдан

Жұтаған тқрелерге қыстақ беріп

Асырп еді Әбілпейіз Көкенайдан – деп аталары төрелерден жеріне аямапты деп көпшік қоя сөйледі, ал сен жат жұрттық қызыңды азаматқа неге қимай отырсың деп кедей жігітке қызын бермей отырғанын айтады. Сөз төркінін түсінген масаттанған болыс құдалыққа келісіпті.

Әсет – ескілікті кертартпа әдет – ғұрыпқа сын көзбен қараған ақын.

І. Қисса – дастандары, айтыстары

«Әсет пен Ырысжанның» айтысы – Әсеттің ақындық мүмкіндіктерін, тіл шеберлігі мен ой ұшқырлығын айқын танытатын туындысы. Жұмбақ айтысында жұмбақты айтушы мен шешуші де халық үстінен күн көрген жағымсыз адамдарды құстарға теңеп, оларға ара – тұра мінездеме де беріп кетеді. Қазақ ауыз әдебиетінде қалыптасқан бейнесі бар құстарды әдейі астарлап жұмбақтайды.

Құзғын дегені – елубасы, жапалағы – жасауыл, күйкентайы – онбасы.

Ел мазасы кетеді мұндайлардан т

Халыққа тынышталмас ығайлардан

Жемтік жеген құзғындай желөкпелер

Он қаршыға – старшын ыңғайланған, - дейді.

Айтыста адамның дене мүшелері де өте шебер жұмбақталып, асқан тапқырлықпен шешіледі. Жылды, аптаны жұмбақтаулары да осындай тапқыр. Айтыс қиссаның басталуы да ерекше: ынтықтырып, қызықтырып, Ырысжанды әбден мақтан алавды да, өзінің одан да жүйрік екенін айтыс барысында аңғартады. Айшықты, әдемі тіркестер Ырысжанда да мол кездеседі.

Ақынның мол мұрасының бірі – қисса – дастандары. Зертеуші Е.Байтоқов

Шығыс Түркістан қазақтарының әдебиеті мен өнері мақаласында: «Әсет ақын жырлаған «Ағаш ат», «Салиқа - Сәмен» дастандары халық қазынасын байтып, ел игілігіне айналды» - деп, авторға еш күмән келтірмейді.

«Үш жетім қыз» дастанының кейіпкері Сәмсая жетім қыз,«Ағаш атта» бас кейіпкер хан ұлы, «Жәмсап», «Шаһи Ғаббас», «Нұғыман - Нағым» дастандары да махаббатты жырлайды.

Пушкиннің «Онегин мен Татьянасын» қазақша жырлаған.

«Ағаш ат» дастанында қарапайым шебердің қиялынан туған ғажайып ағаш ат бірін – бірі шынайы сүйген екі жастың махаббаты үшін қызмет етеді. Намыстанған қатыгез ханның өлім жазасынан екі жасты құтқарады. Ағаш ат халықтың ақылы, әділеттің қорғаушысы сияқты үлкен мәнге ие болады. Ағаш атқа бола әке – шешесінен айырылған Хасен тағы сол аттың көмегімен сүйгеніне қосылып, ата – анасымен қайта табысады. Егер ағаш атты ақылдың жемісі, өнердің күші дейтін болсақ, оның тетігін білмеу жамандыққа жетелейді де, оны меңгеру күшіңді арттырады, мүмкіндігіқді молайтады деген ой тастайды ақын.

Ой толғау. «Әсеттің әдеби мұрасы – аса бай мұра»

Қорыта келгенде, Әсеттің асқақ әндері мен алуан тақырыпты өлеңдері, қисса- дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар мәдениетімізді көтеруге ықпалы зор ұлттық құндылықтарымыз боп әдебиет тарихында мәңгі сақтала бермек.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Краткое описание документа:

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы»

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Білімділік: Ақын Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Әдебиетке әкелген жаңалықтары мен қоғамдық - әлеуметтік мәселелерге қөзқарасын, тұрмысын бейнелеуіндегі  ақын – әншінің әдебиет тарихындағы орны, өлеңдерінің ерекшелігін орнын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, теориялық талдау жасай білуге, ізденушілік қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, өнерді бағалай білуге, халықтық дәстүрге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Көрнекті құралдар: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд, интерактивті тақта, кітаптары

Сабақтың әдістері: оқу, мәнерлеп оқу, сұрақ – жауап, шығармашылық - танымдық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. (сынып оұушыларының сабаққа дайындығы және сабақтың тақырыбы мақсат міндеті хабарланады.)

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша, Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқалы уезінің Темірші болысына қарасты сегізінші ауылда туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Қызыларай» ауылы. Әсеттің әкесі Найманбай, шешесі Кермеқас кедей адамдар болыпты. Әсеттің әлі жас кезінде әке – шешесі Семейге көшіп келіпті. Әсеттің ескіше, яғыни мұсылманша оқығаны және жай ғана оқып қоймай, білімді болғаны байқалады. Ырысжанмен айтысқанда, ол білімділігінің арқасында ғана қыздың жұмбақтарымен қатар діни жұмбағын да дәлме – дәл шешеді. Оның «Ағаш ат», «Шеризат», «Барат қыз», «Француз», «Шаһи Ғаббас», «Жәмсап», тәрізді қисса – дастандардың сюжетін, шығыс әдебиеті үлгілерінен алуы да оның мұсылманша оқуды терең білгендігін көрсетеді. Ел арасына кең тараған «Інжу – маржанның» қайырмасында «Сейфіл – Жамалдай бейнетіңе көнсем- ай, Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем – ай »,- деген сөздердің айтылуы оның ауыз әдебиетінде, шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгендігін көрсетеді.

С.Мұқанов: «Біржанның әндері сияқты Әсеттің әндері де аса биік, ырғақты қайырымы қиын болған. Сондықтан оның әндері үйрену де қиын еді»,- деген пікір айтады. «Ақырғы сөзінде» Әсет:

Бозбала, осы әнімде үйренерсің,

Ырғаққа келтіре алмай күйзелерсің...

...Асау ән жетегіңе жүрмеген соң,

Біріңнен бірің көріп сүйрелерсің,- деген жолдардан байқауға болады. А.Жұбановтың баға бергенде : «Әсеттің ақындығы әншілігінен кем емес»,- деп, әншілігін даусыз ақиқат санап негізіне алуында да үлкен сыр бар. Әншілік қнерін әбден меңгерген соң ғана Әсет ән шығара бастаған. Өйткені оның алғашқы, жас кезіндегі шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу - маржан» әні- құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажаптарының бірі.  А.Жұбанов : «Орындауы келіссе», «Әсеттің әні - сахнаның сәнінің бірі, шыңы болады» - деген («Замана бұлбұлдары») кітабында.

Әсеттің әдемі әндері көп. Атап айтсақ «Қисмет», «Мақпал», «Үлен Ардақ»,  «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» т.б.

Ендеше осы әндерінің бірі «Інжу - маржанды» тыңдап көрейік.

А.Жұбанов сөзімен айтсақ «Інжу - маржан» әні сөзі мен әдемі бір – бірімен шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін құрылысы, ырғақ жүйесі жағынан қазақ әндерінің  ғажаптарының бірі.

I I.Ой  шақыру. Әсет қандай тұлға? Ақын, талантты әнші, сазгер, айтыскер, өз дәуірінің суреткері.

а) Шығармашылығы: қисса дастандары, өлеңдері, ән өлеңдері, айтыстары, арнау өлеңдері

ә) Арнау өлеңдерін атаңдар. 

«Маманға», «Күшік болысқа», «Жасболат болысқа», «Қанағатқа», «Қызыр төреге», «Елшібай байға», «Мешбетті көгендегі сөзі», «Жабықбайға айтқан сөзі», «Мешбет пен Жабықбайды татуластырған сөзі» бар.

II. Мағынаны таны (сынып үш топқа бөлінеді, әр топқа ақын өлеңдерін талдау беріледі)

I.1т. «Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы» өлеңі.

Сарыарқа салқын тауда тәтті сулы,

Бұл қазақ кіндік кесіп, кірін жуды.

Өлген мола, туған жер қонысығнан,

Кездескен қиын жағдай бізде туды

Жас болдым, ардақтымен айқастастым,

Хан мен бай – өткізейін талай нуды, деген өлең жолдарынан ақынның қоғамдық ой – пікірі айқын байқалады. Ел ішіндегі аласапыран кезеңді суреттеген. Көзі көрген теңсіздіктерді көріп отыра алмайды. Ашынғанда Абаймен үндесіп кетеді.

 

   

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров978
Номер материала 504188
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх