Инфоурок География Конспекты«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту "

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту "

Скачать материал

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» модулін қолдану жайлы

РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП

 

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 13 бет ) демек сыни тұрғыдан ойлау оқушыларда ақпарат пен идеяларды талдауда, дәлелдеуде, сұрақ қоюда ойлау қабілетін дамыту болса, мұғалім өз тәжірибесінде қолданатын тәсілдерін анықтау, туындаған мәселелер болса, тиімді жолмен шешу, өз тәжірибесінде болып жатқан өзгерістер жайлы дәлелдемелер жинақтау, оқушы жетістіктерін бағалауда сыни тұрғыдан қарап бағалау жатады.

         Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.(Үлестірме материал үшінші апта) Сын тұрғысынан ойлау (Critical thinking)- қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолдануын көздейтін ойлау түрі. (Глоссарий, 34 бет) менің пайымдауымша, сыни тұрғыдан ойлау оқытуды балаларға негіздеп, сұрақ қоюдың, дәлелдеудің, айтқандарын негіздеудің, бұрынғы алған білімдерін пайдаланып талдау жасай алатын және өз шешімін қорғай алатын дағдыларын дамыту деп ойлаймын, міне сондықтан да мен өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау модулін таңдап алдым. Оған себеп, өз пәнім, яғни география пәні  әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар физикалық географияны, адамдар мен қоршаған ортаның өзара  әркеттестігін қамтитын және аналитикалық  ойлауды қажет ететін пән, сондықтан оқушыларды  оқудағы іс-әрекет арқылы логикалық ойлау, алған ақпаратына анализ жасай алу, болжам жасау, моделдеу дағдыларына жаттықтыру қажеттілігі туындады, ал ол қажеттілікті қамтамасыз ету үшін осы аталған модуль көмек бере алатындығына көзім жетті. Сөйтіп,  өз тәжірибеме өзгерістер енгізуді өздігінен білім алу үрдісінде бірлесе әрекет етуден бастадым, яғни оқушылардың мақсатқа жетуі өзінің жасаған әрекеттері арқылы және ол сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылды.  Мысалы: Эдвард де Бононың «6 қалпағы», Марилис Виттің «Жауап беруді талап ететін сұрақтар» немесе CLIL бойынша «Шығыс базары», Блум таксономиясы, сын тұрғысынан ойлаудың түрлі стратегиялары «Сэнквейн», «Күрделі және қарапайым сұрақтар», «Жылжыма суреттер», «Интеллектуалды карта».

Мектептегі тәжірибемнің алғашқы күндерінен бастап, «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» (Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмалар, 11 бет)         деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық ортаны құрып алу керектігіне көзім жетті, себебі топ мүшелері бірлесіп кез-келген ақпаратты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды. Тәжірибемде ең алдымен оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау және тақырыпты өздігінен анықтау, сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлап жауап беруді үйрету, жалпы оқушыларда өздігінен ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасындағы әр сабақта бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға жол аштым. «Жер қыртысының қозғалысы» сабағымда «Жер сілкінісі», «Цунами» бейнефильмдерін, «Климат қалыптастырушы факторлар» атты екінші сабағымда «Африканың климаты», ал «Климаттың өзгеруіне табиғи және антропогендік факторлар әсері» атты төртінші сабағымда «Глобальное потепление или ледниковый период»  сияқты көрсетілген бейнефильмдерде қойылған сұрақтарға жауап беруде сабақтың мақсатын оқушылардың өздері анықтады. Мысалы:- қандай апат түрі?,- не себептен болады?, - қай жерлерде орын алады?, бұдан байқағаным,  ең бастысы - оқушылардың дамуына жағдай жасалды және оқушылар шамасына қарай білім алды және дифференцациялы жұмыстар жүргізілді, яғни берілген ақпараттарды қабылдап,сұрақтарға жауап беру кезінде әр оқушының жауабынан оның қай деңгейдегі бала екендігі байқалды.   Тізбектелген сабақтарымның алғашқы кезеңінде  оқушылардың табысқа жетуіне жағдай туғызу үшін, сабаққа деген ынталарын арттыру үшін, өткен мен жаңаны байланыстыра отырып түрлі жағдаяттар, сұрақтар  ойластырдым, ол жаңа сабақпен байланысын тапты, бұдан менің көргенім оқушылар географиялық ғылымның өзара байланысын көреді және және ескіні қайта жаңғыртады,  осы жерде маған қиындық туғызған мәселе өткен мен жаңаның арасындағы байланысты табу, себебі ол өткен сабақтың материалы емес, ол бүгінгі өтетін сабақпен байланысты ақпарат болуы керек және ол оқушыларға таныс болуы керек, бұндағы қиыншылық алғашқы сабақтарда оқушылар өткенде алған ақпараттарын еске түсіруде аздап мүдіріп қалуы және басқа пәннен алған ақпарттарын қолдана алмауы, бірақ ол қиындықты көп ізденістің арқасында шештім, кейінгі сабақтарда оқушылар сабаққа бар ынтасымен қатыстыру үшін тақырыпты өздеріне ашуға бағыттадым. Жер сілкінісі туындаған аймақтардағы апаттар бойынша «жылжыма суреттер» 1-2 сурет көрсетіп, өз бойларында туындаған сезімдерін сипаттайтын сын есімдерді жазуға бердім, оқушылардың туындаған сезімдері арқылы әрқайсысының ойларын талқыға салдық та, бүгінгі сабақтың тақырыбын «Жер қыртысының қозғалысы» екендігін тауып айтып берді. Сабақта оқушылардың бір-бірін оқыту, бірін-бірі тыңдау дағдысын қалыптастыру үшін,  жұптық  және топтық формада өткіздім. Тізбектелген сабақтың 2-ші сабағы «Тау жыныстары» тақырыбы барысында сыни тұрғыдан ойлау модулін кіріктіруде оқушылар жұптастарымен  тау жыныстарының түрлерін анықтап, олардың қалыптасу жолдарын зерттеу жұмысы нәтижесінде «Галерея» әдісі арқылы, әр топ өз тақырыбын түсіндірді,  соның барысында оқушыларда диалогтық оқыту, тыңдалым және айтылым дағдысы қалыптасады. Тізбектелген үшінші сабағым «Климат қалыптастырушы факторлар» тақырыбында оқушыларды табысқа жетуіне жағдай жасау мақсатында өткен мен жаңаны байланыстырып «Жылжыма сурет» әдісі арқылы әр топтың жеке пікірлерін тыңдай отырып, сабақтың тақырыбын соған сәйкесінше мақсатын анықтап алдық, яғни  4 топқа суреттер көрсетіледі және  соған байланысты сұрақтар қойылады. 1 сурет- ең ылғалды материк Оңтүстік Америка, 2- ең құрғақ материк Аустралия, 3- Ең суық Антарктида, 4- ең ыстық Африка. - Не себептен Оңтүстік Америка ылғалды, Аустралия құрғақ, Антарктида суық, Африка ыстық? Әр топ өзіне берілген сұрақтарға өздерінің бұрынғы бар білімдері негізінде жауап берді, бірақ нақты себептерін анықтай алмады, бұдан тақырыпқа шықты, ал  климатты қалыптастырушы қандай  факторлар бар екендігін білмеді, содан мақсат анықталды. Сондай-ақ бұл сабағымда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік беру үшін «Африканың климаты» бейнефильмі бойынша «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі арқылы   оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту көзделді. Оқушыдан егер берілген тақырыпқа ой-пікір сұрасаңыз оқушы нақты дұрыс жауап таба алмайды, ал бұл әдіс арқылы зерттеу ұсынатын болсам, кез-келген тақырыпты зерттеуде жоғары нәтижеге  қол жеткізуге болады. Бұл әдіс тілді дамытуға үлкен әсер ететін құрал, оқушылар өз ойларын жеткізер уақытта берілген талдау түрі бойынша шебер ойнап берді, себебі әр қалпақ иесі тек өзіне берілген ой өрісі арқылы сөйледі, бір-бірін қайталаған жоқ,  ақ қалпақтағы Әліби  берілген ақпаратты нақты түрде айтып берді, сары қалпақтағы Шадияр жағымды жақтарын тізбелеп айтып берді, қызыл қалпақтағы  Жанболат эмоциялық сезімді өте жоғары деңгейде ойнап берді, жасыл  қалпақты Алинур дарындылығын көрсетіп шығармашыл кейіпте суреттеп берді, қара қалпақтағы Медина суреттің көлеңкелі жақтарын, яғни өзіне ұнамайтын пікірлерді айтты, көк қалпақтағы Қуандық жалпы өмірмен байланыстыра отырып, суретке баға берді. Оқушыларға әдіс өте қызықты болды, әдісті ойлап тапқан Эдвард де Боно ойлаудың түрлі үрдістері бойынша түрлі шешімдерді әзірлеген. Бұндағы кездескен қиыншылықтар оқушылардың эмоцианалдық сезімге бой алдыра алмауы және көлеңкелі жақтарын дұрыс таба алмауы байқалды. Модулдің тағы бір ерекшелігі берілген  ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалау  және талдау мақсатында проблемалық сұрақтарды қою, соның негізінде оқушылардың ақпаратты талдау, дәлелдеу,  алған мәтіндеріне сұрақ қою сияқты   қабілеттерін дамыту жүзеге асырылды, мысалы осы сабақта не себепті әр материктегі климат әртүрлі, деген сұрақ арқылы өткен біліммен жаңа білімді байланыстыра отырып, алдарына мақсат қойғызу, себебі әр материктің климатына сипаттама бергенмен, нақты факторларды атай алмайды. Тізбектелген төртінші  «Клиамттың өзгеруіне табиғи және антропогендік факторлар әсері» сабағымда  оқушылар Ұлыбританияның метеорологиялық қызметінің мәліметтері бойынша орташа дүниежүзілік температурасының диаграммасын  құрастырды, оны талдап, болашақтағы   климаттың өзгеруі мүмкін бе, не себепті?  деген сұраққа жауап бере отырып, оқушылар өздері құрған диаграммаға қарай отырып, болжау жасады және бұл жерде  қабілеті жоғары оқушылар қазіргі уақытта болып жатқан өзгерістерге мысал келтіре отырып айтты. Сыни тұрғыдан ойлауды ақпараттық коммуникативтік модулмен кіріктіре отырып әрі қарай дамыту үшін және оқушыларда зерттеушілік дағдыны қалыптастыру мақсатында  алған ақпаратты қолдана отырып   тележүргізілім жасау жұмысын ұйымдастырылды, бұндағы мақсат    оқушылар  сценарий жазу және хабарламаны бейнеге түсіру кезінде  оқудағы іс-әрекет арқылы логикалық ойлау, алған ақпаратына анализ жасай алу, болжам жасау, моделдеу дағдыларын қалыптастыру болды. Берілген климатолог, журналист,  синоптик, тұрғын, мемлекет басшысы  рөлдерін ойнауда оқушылардың шығармашыл болуына мүмкіндік берді және бұл шығармашылықты дарындылықпен байланыстыруға болады, сомдаған рөлдері бойынша болашақтағы мамандықтарына ой салды.

Сабақта географиялық негізгі ұғымдарды  ғылыми тілде жете меңгеру мақсатында, сабақтың әр кезеңінде  түрлі белсенді әдістер таңдалынып алынды. Сын тұрғысынан ойлау модулі  мен үшін  оқушыларды сұрақ қоя білуге үйретті, қойылған сұрақтары өз деңгейіне сай болмаса да,  «Шығыс базары» әдісі кезінде күрделі және қарапайым сұрақтардың ара жігін ажырата білді. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сұрақтың қандай екендігін анықтап баға берсе, сұрақ қойған оқушы жауап берген оқушының жауабын бағалады. сұрақтар қоюды әрі қарай жалғастыру мақсатында «Интелектуалды карта» әдісін қолдана отырып, Литосфералық тақталардың құрылымына талдау жасады, олар өзара оқи отырып, бір-бірінің білімдерін толықтыра түсті, атап айтар болсам, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған жұптық жұмыс кезінде оқушыларға берілген идеяларды талқылауға мүмкіндік берілді, яғни Литосфералық плиталар картасын қолдана отырып, жер бетіндегі сейсмикалық аймақтарды анықтап, олардың не себепті  осылай аталуына талдау жасады. Бұл тапсырмалар оқушыларды ойлантуға, өздігінен білім алуына өте зор ықпал етті, біріншіден, оқушылар мұғалімнің берген бағыты бойынша картамен жұмыс жасап, шартты белгілерді пайдаланып аймақтарды   тауып берді, екіншіден алдыңғы алған білімдерін қолданып, яғни литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде жер сілкінулер  осы аймақтарда болатындығына талдау жасап, өз пікірлеріне дәлелдеме жасады, жұптық жұмыс өзіне сенмсіздеу болған Камилаға өте жақсы көмегін берді, оқушыларға жеткіліксіз болса да өзінің пікірін айтуға мүмкіндік берді, ал қабілеті жоғары оқушылар Данияр, Әліби, Алинур сияқты балалар сейсмикалық аймақтардағы болып жатқан үдерістерді өте жоғары деңгейде дәлелдеме жасап берді,   дегенмен көпшілігінде жасаған талдаулары мен дәлелдемелері өте таяз, географиялық тілді қолдану аясы өте тар  және жұптасуда алғашқы кезде тек қана өздеріне ұнаған жұппен отырғысы келді, бұл мәселені шешу үшін, мен сабақтарымды көбінесе жұптық және топтық формада өткізуге тырыстым, яғни бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы, сондықтан оқушылар ақпаратты игереді, бұған дейінгі алған білімдерімен байланыстырады, жұптасының  көзқарасын тыңдап, өз идеяларын айтады және оны қорғауға мәжбүр болады. Топтық формада өте әсерлі де, тиімді өткен сабағымның бірі «Жер қыртысының қозғалысы» сыныпты фигуралардың пішіндері бойынша  4 топқа бөлдім, тапсырма:  «Сіздер тұратын аймақта 1 ай ішінде жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат бар. Жер сілкінісінің болатын кезін жануарлардан, адамдардан байқауға бола ма, сіз баратын қауіпсіз орынды таңдап,  «дабылды» сөмкеге не алатыныңды анықта, жауаптарыңды дәлелде», тапсырманың құрылымы қарапайым түсініктен күрделі ұғымдарды  меңгеру мақсатында тапсырмалар жүйелі, яғни жеңілден ауырға қарай құрастырылды, тапсырманың құрылымы Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға негізделген, оқушы өз көзқарастарын пайдаланып, не қажет екендігін анықтау керек және оны дәлелдеу керек. Оқушылардың қызығушылықтары жоғалып немесе жалығып кетпес үшін және нақты жауап алу үшін, бірнеше сұрақтар ұсындым. Литосфералық плиталардың қозғалысының қандай түрлері бар? - Қирауды тудыратын қандай себептер бар? - Жер сілкінісі кезінде неғұрлым қауіпсіз болатын орындарды зерттеу; - Аса қауіпті аудандарда тұратын адамдарға кеңес беру; - Жер сілкінісінің адам өміріне әсерін зерттеу. -  Жануарлардың, адамдардың қандай әрекетінен байқауға болады?; - жер сілкінісі болатын уақытта өзіңізбен бірге қандай заттарды аласыз және не үшін, дәлелде; Электр, су және жылумен қамту, кәріз желілері мен ғимараттардың бұзылу салдарын талқылау, соңында жер сілкінісі апатына баға беру тапсырмасы берілді. Бұл жұмысты орындау оқушылар үшін де мен үшін де өте қызықты өтті,  оқушылар бір топ постер құраса, екінші топ буклет жасады, соңынан өздерінің жасаған өнімдерін «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі бойынша бағалады. Бұл сабақтың құрылымынан сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданудың тиімді тұстарын көруге болады, яғни сұрақ қоюдың, дәлелдеудің, өз айтқандарын негіздеудің, бағалаудың басты дағдыларын дамыту көзделді, ең бастысы көрнекі нәтиже алынды. Бұл әдістің тағы бір ерекшелігі сабақта көп сөйлемейтін оқушылар, жеке жүретін оқушылар басқа қырларынан көріне бастады, атап айтсам Наргиз ешкіммен қосыла қоймайтын, жұппен жұмыс жасау барысында өте жақсы жұмыс жасады, Шадияр мен Тарлан үнемі бөлінбей бірге жүретін, бірақ тәсілдерді қолдану барысында басқада оқушылармен жақсы тіл табысып кетті, басқаларға қарап, өздеріне берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысты. Бірақ қандай да бір істі бастаған уақытта кедергісіз, кемшіліксіз болмауы мүмкін емес, сондықтан мен де біршама  қиындықтар туындады, өз деңгейіне , болмысына байланысты оқушылардың кейбіреуі берілген тапсырмаларды толығымен орындай алмай қалды, сосын сабаққе енгізген әдіс-тәсілдерге үйреніп алғанша, ережені дұрыс сақтай алмады, соның салдарынан сабақта уақыт жетпей қалды. Кейіннен  аталған қиындықтарды жою үшін, әр-бір сабақты заманауи тұрғыда өткізуге тырыстым, тапсырмаларды өте қызықты етіп дайындау қажеттілігін түсіндім, себебі егер оқытуды сыни тұрғыдан өткізетін болсаң өзің де сыни тұрғыдан ойлауың қажет қағидасын жете түсіндім.  Сабақтың соңында кері байланыс орнаттым, оқушылардың сабақтан алған білімдерінің қаншалықты қабылдағандығын  білу мақсатында, - бүгінгі сабақтан қандай жаңа 2 ақпарат алдың?, -жұмыс барысында қандай қиыншылықтарға тап болдың? Кері байланыс кезінде нақты сұрақ қою өте орынды деп білдім, себебі жалпылама сұрақтан оқушыдан нақты жауап ала алмайсың, кері байланыстың маңыздылығы оқушының іс-әрекетінен кейінгі өз- өзіне есеп беруі,  сондықтан бұған өте мұқият қарау керек. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдемелерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады, ондай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық,  54 бет), соның салдарынан,   сыни тұрғыдан ойлауды сабақтарыма кіріктіру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаландым, соның арқасында оқушыларым ойлауға, өздігінен ізденуге бет бұра бастады, бұрынғыдай мұғалім айтып береді деп тосып отырмай, шамалары жеткенше берілген тапсырмаларды орындайтын болды, сондықтан бұл модулді қолданып жұмыс жасау мен үшін өте қызықты болды, себебі оқушылардың көзқарастарын тыңдау, өздеріне еркіндік беру, бірін-бірі оқыту, топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықта жұмыс жасау, бағалау кезінде сенімділік арту, кері байланыс  кезінде өз қателерін мойындау секілді бірқатар   істер бастау алды. СТО модулін өз  тәжірибеме енгізу барысында оқушыларда белсенділік қалыптасты, араларында бәсекелестік байқалды, топта жұмыс жасау кезінде бірін-бірі тыңдау, сөзін бөлмеу мәдениеттіліктері қалыптаса бастады.

Қорыта айтсам, Үшінші базалық деңгейінің алғашқы бетпе-бет кезіңінен кейінгі тәжірибе сабағымдағы сыни тұрғыдан ойлау модулі  «Литосфера» және «Атмосфера» тарауы бойынша таңдап алынған тізбектелген сабақтар топтамасының әрбір кезеңінде көрініс алды. Сыни тұрғыдан ойлау қазіргі заман талабына сай білім сапасын көтеретін басты әдістің бірі, яғни пәннің ғылыми тілдік мақсатын қамтамасыз ету үшін  әлеуметтік, экономикалық, экологиялық  өмірге белсене араласатын, ойлау қабілеті жоғары, кез-келген саладағы мәселені өздігінен шеше алатын жан-жақты тұлға дайындау, сондай-ақ дайын білімді меңгерудің орнына, өздеріне бағыт беріп, іздену, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырдым, бұдан оқушылар білімді өздігінен меңгерудің жолын түсініп, оның маңыздылығын жете түсінгендігін байқадым. Тағы бір маңыздылығы сабақтың тақырыбын, мақсатын бейне фильм арқылы және жетелеу сұрақтары арқылы, оқушылардың өздерінің анықтауы, оқылатын тақырыпты өздері анықтап, алдарына өздігінен мақсат қойса, сол мақсатқа жетудің амалын ойластырып, жетуге  бар күштерін салады, бұдан оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады. Ендігі сабақтарымда сыни ойлауды  қолдану арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау біліктіліктерін дамытуға жағдай жасаймын және оның тиімділігін көремін деген үміттемін.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық 

2.     Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмалар

3.     Үлестірме материал, 3 апта

4.     Глоссарий  - 34 бет

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 805 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 482
    • DOCX 35.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусбаева Марал Турмысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусбаева Марал Турмысовна
    Жунусбаева Марал Турмысовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 43608
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игровые приемы и методы обучения в школьном курсе физической географии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 146 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек