Инфоурок Другое Тесты5 сынып емтихан Қазақ тілі

5 сынып емтихан Қазақ тілі

Скачать материал

           Қазақ тілінен   5 - сыныптарға арналған емтихан сұрақтары

 

        Қазақ тілі пәнінен 5- сыныпқа арналған қорытынды аттестаттау емтиханы ауызша ұйымдастырылады. Емтихан материалдары 25 билеттен тұрады. Әр билеттің   бірінші сұрағында  теориялық,  екінші сұрағында  мәтіндік талдау берілді. Мәтін бойынша үш тапсырма  берілді. Тапсырмада  мемлекеттік оқу стандарты  бойынша  лексика, фонетика, сөзжасам тараулары қамтылған.

Әр оқушыға 20 минут беріледі.

 

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 1- билет
1. Әдеби тіл және оның формалары.
2. Мәтінді оқы.

       Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, ал бірі аласа бойлы екен. Сұлтан аласа бойлы баласын жақтырмайды. Оны байқап қалған баласы: «Ата, ұзын бойлы ақымақтан, аласа бойлы ақылды артық» , - деген екен.

1-тапсырма. Мәтіннен шығарылатын қорытынды ойды тап.

2-тапсырма. Мәтіннен антоним сөздерді тап.

3-тапсырма.Қарамен көрсетілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

                                        

 

 

 

                                             2- билет
1. Мәтін .Жазбаша  мәтін
2. Мәтінді оқы.

         Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді. Тіл арқылы  біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрпы, дәстүрі  бізге тіл арқылы жетті.

           Қазақ тілі – өте бай  әрі көркем тілдердің бірі. Елімізде тұратын барлық ұлттар қазақ тілін білуге ұмтылуы керек.

1-тапсырма. Мәтіннен шығарылатын қорытынды ойды тап.

2-тапсырма. Мәтіннен көп мағыналы сөзді тап.

3-тапсырма.Қарамен көрсетілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           3- билет
1. Лексика
2.Мәтінді оқы.

       Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығып, сөйлесіп тұрғанда  қасынан бір жарлы мұжық өтеді. Ол өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім онан да төменірек бас иіп сәлем алады. Қасындағы бай:

-         Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз. Қайдағы бір мұжыққа неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.

Сонда әкім:

-         Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – депті.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды айт.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздің синонимін тап.

3-тапсырма. «Әдептілік» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

                                      

 

 

 

                                             4- билет
1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
.
2.
Мәтінді оқы.

     Өткен ғасырдың орта шенінде Алматыға Орал өңірінен Редько деген орыс шаруасы көшіп келеді. Ол атарбасымен Алматыға бір жыл жүріп  жеткен екен. Ол Оралда апорт алмасын өсіріпті. Соның бір жас бұтағын құмыраға отырғызып алып келіп,Алматы жеріне отырғызады. Әлгі бұтақ аз жыл ішінде үлкен алма ағашқа айналады, жеміс береді. Бір ғажабы жаңа қонысында бұл апорт көлемі, дәмі жағынан өзінің атамекеніндегі күйінен әлдеқайда асып түседі. Жер шарында Алматыдан басқа жерде апорт өспейді.

1-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылған?

2-тапсырма. «Атамекен»  сөзінің синонимін тап.

3-тапсырма.Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

                                     

 

 

 

                                         5- билет
1. Көп мағыналы сөздер.

2. Мәтінді оқы.

    Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген.   Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға  көтеріп салыпты да, аттың қамытын мойнына іліп, шананы ауылға өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.

    Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен.

    Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік  Қазақстан облысында өткізді. Осы күнгі Бөген ауданы оның қартайған кездегі құтты мекені болған. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген адам әрқашан бақытты.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндап айт.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздің синонимін тап.

3-тапсырма. «Қажымұқан»  сөзіне фонетикалық талдау жаса.



 

 

 

                                           6- билет
1. Омоним сөздер.

2.Мәтінді оқы.

      Балалар циркке келді. Цирктің іші үлкен киіз үйге ұқсайды. Оның шаңырағының астында керемет ойындар көрсетіледі. Оркестр көңілді әуенді ойнап тұр. Ортаға акробаттар шықты. Олар бірін-бірі асықша атып лақтырды, керілген арқан бойымен жүрді, аспанға ұшты.

      Балаларға шабандоздардың, күлдіргіштердің ойындары қатты ұнады. Көңілді күлдіргіштер түрлі күлдіргі оқиғаларды айтты.Сиқыршылар сиқырлы істер көрсетті, неше түрлі қимылдар жасады. Цирк аренасындағы ойын балалар көңілінен шықты.

1-тапсырма. Мәтіннен термин сөздерді тап.

2-тапсырма. Қарамен көрсетілген сөздің синонимін тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

                                              7- билет
1. Көнерген сөздер және оның түрлері.
2. Мәтінді оқы.

       Ағаш пен сүйектен оюлап, тұрмыстық  заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін  ат арылтып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. 

       Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан  астау, шара табақ, тостаған, теген, саптыаяқ, ожау сияқты ыдыстар дайындаған.

1-тапсырма. Мәтіннен көнерген сөздерді тап.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздің синонимін тап.

3-тапсырма. «Шеберлер» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

    

 

 

 

 

 

 

                                                   8- билет
1. Антоним сөздер.
2. Мәтінді оқы.

     Қазақ халқы танымаса да,  «құдайы  қонақпын» деген адамды  құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез-келген ауылға, үйге қонақ бола береді.

     Қонақ күту – қазақ халқының  ең  жауапты ісі.  Қазақ үшін қонақты қарсы алмау , күтпеу – ұят,сондықтан олар келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай  ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың  көңілді отыруына үй иесі  бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың  көңілін көтереді.
      1-тапсырма. Мәтінге ат қой.

2-тапсырма.Мәтіннен синоним сөздерді тап.

3-тапсырма. «Қонақтар» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

                                           

                                             9- билет
1. Синоним сөздер.

2. Мәтінді оқы.

     Қыс. Күн суық. Ертең жексенбі. Мен ертеңгі күнімді бос жібергім келмеді. Сөйтіп кеше кешкісін түлкі, қояндарға тұзақ құрдым. Ол тұзақ құрылған  жер тоғайдағы терең сай еді.

     Түнімен қар жауды. Түлкілер, қояндар қай жерде менің тұзақ құрғанымды білмейді. Ертеңінде ерте тұрып, құрал- саймандарымды алып, жолға шықтым. Төрт айлық тазы күшігім жаныма еріп, қалмай келеді. Менің астымда дөненім бар. Аппақ қар  жылт-жылт етеді.

     Тұзаққа түскен қоян екен. Қасында түлкі жүр. Мен оны алыстан байқадым. Бірер уақытта түлкі, содан соң қоян қашып барады. Келсем, тұзақтың жібін тісімен қиып тастапты. Бұдан соң мен аңға қастандық жасауды қойдым.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

2-тапсырма. «Қояндар» сөзіндегі дыбыстар санын анықта.

3-тапсырма.Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

                                           10- билет
1. Эвфемизм мен дисфемизм
2. Мәтінді оқы.

       Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар.Біздің елімізде  теректің отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек, мырза терек  сияқты түрлері кездеседі.

        Терек өте тез өседі. Оның биіктігі он метрге дейін жетеді. Мұндай әсем де ірі ағаш көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызылады.Қалалар мен ауылдарды  көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады.

        Теректің бір айырмашылығы   көп күтім тілемейді. Терек ағашы жұмсақ болады. Одан сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі құрылыста кеңінен пайдаланады.

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып,оған ат қой.

2-тапсырма.Мәтіннен антоним сөздерді тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

                                           11- билет
1. Тұрақты тіркестер
2. Мәтінді оқы.

       Әкең мен анаң саған өмір сыйлады. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап. Көңілдеріне кейістік сала көрме.

       Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың -  ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл. Анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл қошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кейістікті көре біл.

       Ана мен әке алдында шыншыл бол.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды тап.

2-тапсырма. Мәтіннен бірігу жолымен жасалған туынды сөзді тап.

3-тапсырма. «Шыншыл»  сөзіне  фонетикалық талдау жаса.

   

 

 

 

 

 

                                              12- билет
1. Мақал – мәтелдер.
2. Мәтінді оқы.

        Жұртта бір көзі сынған ине жатыр екен, оны алды. Бір пышақтың сынығын, бір-екі уыстай қыл тауып, оны да алды. Содан соң сол ауылдың жұртын айнала жүгіріп жүріп, көштің кеткен сүрлеуін тауып, сол сүрлеуге түсіп жүре берді.

        Біраз жер өткен соң сүрлеу екі айырылды. Мұны көріп Асан:

   -Енді қайсысына түсеміз? - деп жылай бастады.Үсен қарап жүріп, біреуіне түсті.

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы, тақырып қой.

2-тапсырма. Мәтіннен көп мағыналы сөзді тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

  

 

 

 

                                        

                                              13- билет
1. Сөздік қор.

2. Мақал-мәтелдерді  оқы.

      Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.Түйменің инесіз күні жоқ.

Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.Суға кеткен тал қармайды. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Ауыртпалық ақыл қосар. Қыздың көзі қызылда. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген. Кәрі түлкі қақпанға түспес.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

   
1-тапсырма. Мақал мен мәтелді ажырат.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздің антонимін тап.

3-тапсырма.  «Оқу», «еңбек», «шешен»  сөздеріне фонетикалық  талдау жаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             14- билет
1.Термин сөздер, түрлері.

1-тапсырма. Мына диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып шық.

    Сүгірет, бәдірен, кеуірт, тұқым, маңлай, секер, нән, кеуіл, таңла, көпшік, жар, торлама, зілдей, құдағай, сым, жар.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөздердің әдеби баламаларын қатыстырып, сөйлемдер құрастыр.

3-тапсырма.  Тіл ғылымына байланысты термин сөздерді айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               15- билет

1.Дауысты дыбыстар, түрлері.

2.Мәтінді оқы.

   Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан үйде жалғыз болмайды. Әжейге күнде жақын жердегі мектеп оқушылары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін  жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары  ел басынан өткен оқиғалар туралы  әжейдің  қызық әңгімелерін  ынтыға тыңдайды.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.

2-тапсырма. Мәтіннен қазақ тіліне тән төл дыбыстарды тап.

3-тапсырма. Мәтіннен қосарлану жолымен жасалған туынды сөзді тап.

 

                                          16- билет

1.Дауыссыз дыбыстар, түрлері.

2.Мәтінді оқы.

     Күн күркіреп, жауын жауып тұр. Қараңғылық қоюлана түсті. Ешнәрсені көруге болмайды. Алмастың аяғына бірдеңе оралды. Ол еңкейіп, жерді қолымен сипалады. Қолына жаураған күшік ілінді. Бала оны үйге алып келді. Таңертең анасы күшікті далаға шығарып жіберді. Алмастың күшіктен айырылғысы келмеді. Сарайдағы шөптен үйшік жасады. Күшікті сонда әкелді. Күшік балаға үйір болып алды. Ол қайда барса, бұл да сонда барады.

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықта, тақырып қой.

2-тапсырма. Бірігу жолымен жасалған туынды сөзді тап.

3-тапсырма.Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

                                          17- билет

1.Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

2.Мәтінді оқы.

       Нан тарихының тамыры  ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда ол он бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы да , арпа да емес, кәдімгі емен екен.Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археологтардың  қазба жұмыстары дәлел. Дәнді дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар  бірте -бірте  меңгерген. Сұйық ботқа   қазіргі  нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде  осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.

1-тапсырма.Мәтінді мазмұнда.

2-тапсырма.Мәтіннен кейінді ықпалды тап.

 3-тапсырма. «Археологтар» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

                                                

 

                                       18- билет

1.Буын. Буынның түрлері.

2.Мәтінді оқы.

      Бөгенбай – қазақ халқының атақты  батыры. 1709 жылы  Бөгенбай батыр  ерекше көзге түседі. Сұлтан Әбілқайыр тұсында  Бөгенбай батыр  қолбасшы болып тағайындалады.Ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. 1723 жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды.

     Одан кейін он үш жылдай уақыт өтеді. Жоңғарлар тыныш жатқан қазақ еліне тағы да шабуыл жасайды. Олар Жетісу, Талас, Шу өңірлерін басып алады. Халықтан жасақ құрған  Бөгенбай батыр  қолдан түрлі қару-жарақ соқтырады.

       1728 жылы  Ұлытаудың оңтүстігіндегі  Бұланты өзені бойында жауға қатты соққы беріледі. Бөгенбай  батыр бастаған қазақтар жеңіске  жетеді.

 

1-тапсырма. Бірінші сөйлемді буынға бөліп жаз және  буын түрлеріне ажырат.

2-тапсырма.Мәтін ішінен біріккен  сөздерді тап.

3-тапсырма. «Ұлытау » сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

                                             

 

 

 

                                           19- билет

1.Үндестік заңы.

2.Мәтін.

       «Тоғызқұмалақ»  -  қазақтың ерте заманнан келе жатқан спорт ойыны. Тоғызқұмалақты арнаулы тақтада  ойнайды. Бұл тақтада он сегіз ұя бар. Ұяларды  «отау» деп атайды. Әрбір ойыншының тоғыз отауы, құмалақ жинайтын бір қазаны болады. Отаулар қарама-қарсы түске боялып қойылады. Осыған байланысты екі жақты отауды «ақ  жағы» , «қара  жағы»   деп атайды.

     «Тоғызқұмалақ» -  есеп ойыны. Ойын, негізінен, тақ сандар мен жұп сандардың  өзара тартысына құрылған. Ойынды бастау жеребе арқылы шешіледі.

1-тапсырма. Мәтін туралы өз ойыңды айт.

2-тапсырма. Қарамен берілген сөз қандай ықпал түріне жатады?

3-тапсырма. «Тоғызқұмалақ»  сөзіне дыбыстық талдау жаса.

 

 

                                               20- билет

1.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.

2.Мәтінді оқы.

          Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақ халқының  ұлы жазушысы. Мұхтардың атасы Әуез, әкесі Омархан - Абаймен ауылдары қатар болған сыйлас адамдар. Ақын Абаймен  қатар тіршілік кешкен Әуез қарт  ақынды қатты сыйлаған. Бұл – Мұхтардың  бүкіл талантына  әсер еткен еді. Мұхтардың  сауаты  Абай өлеңдерінің  қолжазбасынан  басталған. Оны Мұхтарға  атасы Әуез үйреткен екен.

 1-тапсырма.Мәтіндегі негізгі ойды тап.

2-тапсырма.Мәтіннен жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөзді тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            21- билет

1.Дыбыс үндестігі, оның түрлері.

2.Мәтінді оқы.

        Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып  құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары болып шығады.

       Сол жапырақтардың астары- бейне бір түкті барқыт. Бетінде тамшылар домаласа  да, жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап, сабағынан  құлап түсіп кеткенін көрмей қаласың.

1-тапсырма. Мәтінге тақырып қой.

2-тапсырма.  Мәтіннен көптік жалғауы  жалғанған  сөздерді тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

 

                                             22- билет

1.Орфография мен орфоэпия.

2.Мәтінді оқы.

          Туған жер – мекен тұрағың,  аяулы  үйің. Өз үйінің  сәулетті болғанын кім қаламайды?  Сондықтан туып-өскен жерінің гүлдене беруіне  үлес  қосу  - әр адамның,  әр баланың парызы. Сенің  бала екенмін  деп  қарап қалуға құқың жоқ. Қолыңнан келетін істі еліңе, жеріңе арна!  Туған  жеріңнің  гүлін, шалғынын, ағашын  қастерлеп  қорға! Жаңа гүлдер егіп, ағаш отырғыз! Солар өзіңмен бірге өссе, келешекте жеріңді нуға бөлейді. Үлкейген соң істермін демей, осы бастан кішкентай болса да   бір істі тындыра берген абзал.

 

1-тапсырма. Мәтінге тақырып қой, мазмұнда.

2-тапсырма. Бірінші сөйлемді буынға бөліп жаз және буын түрлеріне ажырат.

3-тапсырма. «Парыз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

 

 

 

                                          23 - билет

1.Сөзжасам және сөздердің жасалу жолдары.

2.Мәтінді оқы.

        Біздің Отанымыз – Қазақстан  Республикасы. Қазақстан  - ірі мемлекеттердің бірі. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанның жері кең байтақ. Шекарасы батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия Республикасымен шектеседі.

        Қазақстанның жер қойнауы толған байлық. Қарағандыда  көмір, Өскеменде  мырыш, Балқашта  мыс, Маңғыстауда  мұнай  өндіріледі. Еліміздің  табиғаты да ерекше, климаты континентальді.

       Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы

16 желтоқсанда алды. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз.

 

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы, мазмұнда.

2-тапырма. Мәтіннен тіркесу жолымен жасалған туынды сөзді тап.

3-тапсырма. «Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

                                         

    

                                             24- билет

1. Екпін, оның түрлері.

2. Мәтінді оқы.

       Жер шарының  үштен бір бөлігін су алып жатыр. Мұхит, өзен, көлдерге қоса жер асты сулары да бар. Су бұлт,  тұман, бу, жаңбыр түрінде атмосферада болады. Мұздықтар  мен  айсбергтер де су болып  есептеледі.  Адамдар, өсімдіктер, жануарлар денесінің белгілі бір бөлігі де судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре  алмайды.

       Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері өзгермейді. Су буға айналады. Будан бұлт  пайда  болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып  жерге қайта жауады. Яғни   қайтадан суға айналады. Ішуге жарамды су өте аз. Ол күннен-күнге азайып барады. Суға қамқорлықпен қарау керек. Су – тіршілік көзі.

 

1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды тап, тақырып қой.

2-тапсырма. Мәтіннен тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерді тап.

3-тапсырма. Қарамен берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

                                             25- билет

1.     Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер.

2.     Мәтінді мұқият оқы.

        Наурыз көже  жеті түрлі тағамнан пісіріледі. Соғымнан  қалған  сүр ет, қазы, жал-жая, қарта, қойдың басы асылады. Бидай, арпа, күріш, тары, кептірген құрт, қатық , сүт тағы басқалардан қазан толы көже пісіреді. Дастарханға жеті түрлі дәм қойылады: ақтан  сүт тағамдары, қызылдан    ет, қазы-қарта, шұжық. Көжені ішу салты бойынша  қойдың басы қарияларға тартылады. Бұл қыс тағамдарымен қоштасып, сүт  тағамдарымен қауышудың мәнісін білдіреді.

1-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөзді тап.

2-тапсырма. Мәтіннен көп мағыналы сөзді тап.

3-тапсырма. «Дастархан»  сөзіне фонетикалық талдау жаса.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5 сынып емтихан Қазақ тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 378 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2017 3311
    • DOCX 34.6 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Генжемуратова Лаззат Калбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10151
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой