Инфоурок Другое Другие методич. материалы5-сынып "Фольклор әлемінде" ашық сабақ

5-сынып "Фольклор әлемінде" ашық сабақ

Скачать материал

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

« Төле би атындағы орта  мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Г.А.Кулжонова

5 «а»  сынып.
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Фольклор әлемінде…»
Мақсаты: Оқушылардың ауыз әдебиеті үлгілерінен алған білімдерін қайталата отырып, ана тілі мен әдебиетін сүюге және құрметтей білуге тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: сыныптан тыс сабақ
Әдістері: репродуктивті, сахналық көрініс, проблемалық сұрақтар.
Көрнекілігі: суреттер,  кітаптар, ертегі, көрініс,мақал-мәтелдер т.б
Техникалық – құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта.

Барысы:

1.     Мұғалімнің кіріспе сөзі

-Балалар, бүгінгі «Фольклор  әлемінде....» атты сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер. Сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің түрлеріне байланысты 3 топқа бөлеміз. Әр топқа ауыз әдебиетіне байланысты ат қоямыз.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет - асыл сөз» деп баға берген. Асыл сөзді, дарынды сөзді көп тыңдап, көп оқысаң жаның сұлуланып, сезімің байып, бойындағы күш - қуатың арта түседі, өзің де көркемдеп сөйлеуге үйренесің.
Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді:
Біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті - елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі, мәнді әңгімелермен айтылған. Араға сан ғасырлар салып, атадан балаға ауызша жеткен. Ауыз әдебиетінің үлгілерін шығарушылардың аты - жөндері бізге белгісіз. Ауыз әдебиеті арқылы халқымыздың даналығынан, танымынан, тәлімінен, мінез - құлқынан, тұрмыс - тіршілігінен хабардар боламыз.

2. Қонақта «Тазша бала»
(Есік қағылып Тазша бала кіреді де, балалармен сәлемдесіп, өтірік өлеңнен үзінді оқиды). Тазша бала ауылдарды аралап қонақ болады.
3. Ауылдар: 1)  Мақал-мәтел ауылы

                      2)  Жұмбақтар ауылы   
                       3) ертегілер ауылы

            Тазша бала:...

            Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім - талдым әрең шештім.
Міндім де ақсақ қоңыз аяндадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырмай, сол қоянның семізін - ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!...
Мұғалім:
- Балалар, бұл кім болғаны?
- Тазша бала.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Тазша бала бізге ертегі әлемінен қонаққа келіпті және әр ауылды аралап сендердің халқымыздың бай ауыз әдебиетінен қаншалықты хабардар екендеріңді білгісі келеді.(Тазша баланы «Мақал-мәтелдер» аулына  қонаққа отырғызады).

           1 - оқушы: «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал - мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.
Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді.
Мұғалім: Отан, туған жер, халық туралы мақал - мәтелді кім біледі?
Оқушылар жауабы тыңдалады. Мұғалім мақал - мәтелдердің тақырыптарына тоқталып, оқушылар сол тақырыптарға сай мақал - мәтелдер айтады.
 А) Отан, туған жер, халық туралы
Ә ) Еңбек, ерлік, батырлық туралы
Б ) Достық, оқу, білім, адамгершілік туралы
В ) Үнемшілік, ата - ананы қадірлеу туралы
Г ) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы
Одан соң «Жұмбақ, жаңылтпаштар» аулына барады.

            1 - оқушы: Жұмбақ - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол - адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Интерактивті тақтадан сурет көрсетіліп оқушылар шешуі суретке сай келетін жұмбақтар айтып жарысады.
Мұғалім: Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш жеке баланың ермегі емес, ол - көбінісе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуіне дағдылануына үйрететін өлең - ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бір - бірімен жарыса кезекпе - кезек айтысуында жатыр. Ертеректе жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердің де ермегі болған. Бірақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған.
«Ерте кезде ойын - сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»,- деп жазады белгілі фольклорист ғалым М. Ғабдуллин.

А ) Сурет бойынша жұмбақ айту.
Ә ) Жаңылмай жаңылтпаштар айту.
6. «Ертегілер» аулы

            1 - оқушы: Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріп отырған.
Халық ерте кезде - ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған, қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған.
Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде, кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтап айту жиі қолданылады. Олардан «Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде» деген сияқты ұйқасымды келетін сөздерді көптеп табуға болады. Ертегілердің хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар.
Мұғалім: Оқушылардың қатысуымен «Ер Төстік» ертегісінен көрініс тамашалайық.
Балалар, көріністен байқағанымыздай және жалпы ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікке жеңіл келеді. Ертегілер арқылы халқымыз өз өмірін жақсартудағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын білдірген. Ертегілерді оқи отырып өзің де қиялдауға, армандауға үйренесің. Ертегінің көркем де жеңіл тілі қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге өз ойыңды әдемі баяндауға үйренесің.
Әр уақытта асыл қазынамыз - ауыз әдебиетіміздің үлгілерін көбірек оқып, халқымыздың асыл қасиеттерінен нәр алайық
Тазша бала оқушыларға рахметін айтып, қоштасады.


А) Көрініс «Ер Төстік» ертегісінен үзінді
Ә )«Аяз би» ертегісінен үзінді  әңгімелеп береді
Б) Ойын: сұрақтарға жауап береді
7. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Тазша бала оқушыларға рахметін айтып, қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет - асыл сөз» деп баға берген. Асыл сөзді, дарынды сөзді көп тыңдап, көп оқысаң жаның сұлуланып, сезімің байып, бойындағы күш - қуатың арта түседі, өзің де көркемдеп сөйлеуге үйренесің.
Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді:
Біріншісі - ауыз әдебиеті, екіншісі - жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті - елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі, мәнді әңгімелермен айтылған. Араға сан ғасырлар салып, атадан балаға ауызша жеткен. Ауыз әдебиетінің үлгілерін шығарушылардың аты - жөндері бізге белгісіз. Ауыз әдебиеті арқылы халқымыздың даналығынан, танымынан, тәлімінен, мінез - құлқынан, тұрмыс - тіршілігінен хабардар боламыз.
(Есік қағылып Тазша бала кіреді де, балармен сәлемдесіп, өтірік өлеңнен үзінді оқиды).

Тазша бала:... Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім - талдым әрең шештім.
Міндім де ақсақ қоңыз аяндадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырмай, сол қоянның семізін - ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!...
Мұғалім:
- Балалар, бұл кім болғаны?
- Тазша бала.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Тазша бала бізге ертегі әлемінен қонаққа келіпті және әр ауылды аралап сендердің халқымыздың бай ауыз әдебиетінен қаншалықты хабардар екендеріңді білгісі келеді.(Тазша баланы «Тұрмыс салт аулына» қонаққа отырғызады).
Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы - тұрмыс - салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан та тұрмыс - салт жырлары деп атайды. Тұрмыс салт жырларының түріне бесік жыры, тұсау кесер жыры, жар - жар, той бастар, беташар, бата - тілек, жоқтау сияқты салтқа байланысты туған жырлар жатады.
Тұрмыс - салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп. Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы «Қой сүйеді баласын қоңырым» адам баласы өзінің де малға ерекше сүйсінуін жырлайды.
1 - оқушы: «Малдың баласын сүюі» мәнерлеп оқыды
2 - оқушы: Тұрмыс – салт жырларының ең көп түрінің бірі наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз наурыз жырлары дейміз.
3 - оқушы «Наурыз өлеңдері» мәнерлеп оқу.
4 - оқушы: Бата - тілек жырларынан үзінді.
Тазша бала: Керемет, мен балаларың терең біліміне өте ризамын.
Мұғалім: Тазша бала, «Тұрмыс - салт аулының» балаларының өнерлерін тыңдап болсаңыз, келесі ауылға қонаққа барайық.
1 - оқушы: «Сөздің көркі - мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал - мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады.
Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді.
Мұғалім: Отан, туған жер, халық туралы мақал - мәтелді кім біледі?
Оқушылар жауабы тыңдалады. Мұғалім мақал - мәтелдердің тақырыптарына тоқталып, оқушылар сол тақырыптарға сай мақал - мәтелдер айтады.
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озыпты.
3. Ерлік білекте емес, жүректе.
4. Татулық - табылмас бақыт.
5. Жігітті - жолдасынан таны.
6. Өнер алды - қызыл тіл.
7. Ақылды адам - батпан - ақ
Ақылсыз адам - сасқалақ.
8 Қасықтап жинағанды
Шөміштеп төкпе.
9. Әке - асқар таудың
Ана - шалқар таудың.
Келесі ауылымызға жол тартайық «Жұмбақ, жаңылтпаш» ауылы.

1 - оқушы: Жұмбақ - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол - адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Интерактивті тақтадан сурет көрсетіліп оқушылар шешуі суретке сай келетін жұмбақтар айтып жарысады.
Мұғалім: Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш жеке баланың ермегі емес, ол - көбінісе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуіне дағдылануына үйрететін өлең - ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бір - бірімен жарыса кезекпе - кезек айтысуында жатыр. Ертеректе жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердің де ермегі болған. Бірақ ол үлкендер арасында басқашалау қызмет атқарған.
«Ерте кезде ойын - сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»,- деп жазады белгілі фольклорист ғалым М. Ғабдуллин.
Тазша бала «Ертегілер» ауылында.

1 - оқушы: Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріп отырған.
Халық ерте кезде - ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, амалдар қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған, қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған.
Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде, кейде өлең сөз түрінде де кездеседі. Қара сөзді әңгіме күйіндегі ертегілерде тақпақтап айту жиі қолданылады. Олардан «Ерте, ерте, ертеде ешкі құйрығы келтеде» деген сияқты ұйқасымды келетін сөздерді көптеп табуға болады. Ертегілердің хайуанаттар туралы, қиял - ғажайып, шыншыл ертегілер сияқты түрлері бар.
Мұғалім: Оқушылардың қатысуымен «Аяз би» ертегісінен көрініс тамашалайық.

Балалар, көріністен байқағанымыздай және жалпы ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікке жеңіл келеді. Ертегілер арқылы халқымыз өз өмірін жақсартудағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын білдірген. Ертегілерді оқи отырып өзің де қиялдауға, армандауға үйренесің. Ертегінің көркем де жеңіл тілі қиялыңа қанат бітіріп, арманыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге0өз ойыңды әдемі баяндауға үйренесің.
Әр уақытта асыл қазынамыз - ауыз әдебиетіміздің үлгілерін көбірек оқып, халқымыздың асыл қасиеттерінен нәр алайық
Тазша бала оқушыларға рахметін айтып, қоштасады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-сынып "Фольклор әлемінде" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2017 1059
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулжанова Галия Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулжанова Галия Аманжоловна
    Кулжанова Галия Аманжоловна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2677
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой