Инфоурок Другое Другие методич. материалы7 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты

7 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: «Қайырымды болып өссең – сауапқа кеңелерсің»

Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы ерекше қасиет туралы түсіндіру, қайырымдылық қасиетке, адамгершілікке тәрбиелеу.Менмендіктен, тәкапарлықта аулақ болуға үйрету. «Қайырымдылық», «Мейірімділік», «Адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақ түрі: аралас

Сабақтын әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілік: нақыл сөздер

1.     Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен шаттық шеңберін құру.

Шаттық шеңберінде тәрбиеші  оқушылармен амандасып, төмендегі А.Бейсебайдың өлең жолдарымен  сабақты бастауды ұсынады.

Адамдарға кешіріммен қарайтын

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

         Бұл өленді оқу арқылы тәрбиеші оқушы бойындағы кешірім болуды,кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсатын көздейді. Қайырымды болу жолдарына бастау алады.

         Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, сүйкімділігіне назар аудартады.

         Енді сағат тілінің қозғалысы бойынша балалар бір – біріне тілек айтып, қолдағы гүлдерін көршісіне ұсынады.Осылайша балалар жанындағы баланың гүлін өз гүлімен қосып, келесі балаға ұсынып отырып, жылы сөздер айтуын жалғастыра береді. Гүлдер бірте – бірте үлкейіп, шоқ гүлге  «Тілек шоғына» айналып, тәрбиешінің өзіне оралады. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, біреуге жақсылық тілеу, жақсылық жасау игі іс екендігін айтады. Жасаған жақсылық осы гүл шоғы сияқты үлкейіп, өздеріне одан да үлкен жақсылық болып оралатынын айтып, қорытындылауға болады.

 

2.     Баяндама

 

Қайырымдылық адам бойындағы айрықша ғажап қасиет. Ол әр адамның бойында туа бітеді. Өйткені адамдардың бәрі жаратылысынан теңдей, құқықтары бірдей. Алайда тәрбиенің өнегенің өзін – өзі ұстай алмауының салдарынан адамдардың бойында өзін өзгелерден артық санаушылық көрініс береді. Басқадан ойым артық, күшім артық, байлығым артық деп кеуде көтерушілік менмендікке, тәкапарлыққа соқтырады. Алла тағала адамдарды әр түрлі етіп жаратқан. Жынысы жағынан – ер, қыз. Нәсілі жағынан сары, қара, ақ, дәулеті жағынан кедей мен бай. Бұлар көзге көрініп тұратын ерекшеліктері.Көзге көріне бермейтін ерекшеліктері де бар. Ол ақыл мен мінез. Білім адамдардың таңдаған кәсібін үйретіп, жетілдіруге, ақылын толтыруға қызмет етеді. Ақылды болуға талпыну әр адамның қолынан келеді.Ол үшін жан – жағынды пайымдап, жақсы мен жаманды, зұлымдық пен ізгілікті ажырата білген жөн.Ол имандылықтан бастау алады.Дәулетін тасып тұрса, ол жаратқан иеміздің саған берген сынағы, саған дәулет берген екен, оның бір бөлігін қарап адамдарға бөліс сонда адамшылықтың биігінде боласың, бай екенмін деп әлсізге күш көрсетпе, бар екенмін деп кеудеге нан пісірме. Халқымыз ұлық болсаң кішік бол демейме.

         Қайырымдылықтың қасиетті қағидасы осы қайырымдылық адамдардың жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Қарапайым адам басын кекжейтіп, шалықтап жүрмейді.  Ол Алланың менде бір пендесімін дегені. Денені түзеу ұстап, басын сәл еңкейтіп жүреді. Мінезі сынық,сөзі жеңіл келеді. Ондай баланы да , адамды да жұрт жақсы көреді.Алла Тағаланың ең жек көретін қасиеті тәкәпарлық.

      

    Психотехникалық ойын «Кездесу».

Мақсаты: Адамға жағымды сөздер айту дағдысын қалыптастыру. Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады (ішкі және сыртқы шеңбер). Жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер бойынша қозғала бастайды (сыртқы шеңбер бір бағытқа, ішкі шеңбер екінші бағытқа). Жүргізушінің белгісімен қозғалыс тоқталады. Сыртқы шеңбердегілер мен ішкі шеңберлер бір-біріне бұрылып қарап жұптасып тұрады. Әр жұпқа тапсырма беріледі:

А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңіздер бұрын өте жақын болмағанымен жақсы қарым-қатынаста болыңыздар. Өз сезімдеріңізді көрсетініздер.

Ә)Бала кезде жақын жолдас болыңыздар. Біріңіздің ата-анаңыз басқа қалаға алып кетті делік, сөйтіп бір жылдан соң кездестіңіздер.

Б) Сенің алдыңда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп тұр. Көңілді орнықтыр. Алдымен ұялшақтар ішкі шеңберде тұрады да, сонаң соң сыртқы шеңберге шығады.

В)Мына адам сен үшін өте бір жағымды іс істеді, ал Сен оны енді ғана біліп тұрсын...

Г) Мына адамның керемет ісі жайлы ( біреуді өлімнен құтқарады, рекорд жасады, жаңалық ашты) жақында ғана білдің. Міне енді кездестіңдер...

Д) Мына адамның бүгін жолы болмады, бұл әділетсіздік. Сыр бермей-ақ тұр, ал Сен оның ең жаңын досысың, оның қандай күйде екенін тусінесің.

3. Оқушылармен пікірталас

         «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамаша – жақсы тәрбиеленген адам» дей келе отырып, оқушылармен пікір алмассақ.

- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіндер?

- Кешірімді адам қандай адам?

 - Мейірімділік деген не?

- Рухани байлыққа қатысты қандай мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді білесің?

Ойын: «Байқампаз болсан шатаспа»

Оқушылар ата-аналармен шеңбер құрып, дөңгеленіп тұрады. Бастаушы өзінің мына сөзбен(мен қысқы демалыста тауға шығуға барғанда өзіммен. Малақай,шанғы,қолғап аламын... ал сенше?) Әрі қарай сөзімен жалғастыруы қажет. Егер әрі қарай сөзін тастап кеткен ойыншы демалыста тауға бара алмайды. Оған ойыншылардың қойған шарттарын орындау қажет.

«Онға дейін санау»  ойыны

Жетекшімен қоса бәрі бір – біріне иықтарын, шынтақтарын тигізбей шеңбер құрып тұрады.Қазір «Бастадық» деген белгіден сон көздерінді жұмасындар. Мұрындарынды төмен салып, алты  жасар баланың ісін істеуге тырысасындар.Бірден онға дейін санайсындар. Біреу «Бір» дейді екінші адам «Екі» дейді үшінші адам «Үш» дейді, солай кете береді. Әйткенмен ойынның мынадай тәртібі бар.  Бір санды бірақ адам айту керек, Мысалы төрт дегенді екі адам қатар айтып қалса, ойын бұзылады да, қайта басталады. Әр жеңілістен кейін көздерін ашып, бір -  бірлерін қарауға болады, тек сөйлеуге болмайды.Бір – бірінді ыммен түсінуге тырысындар.

                                              

4.Қорытынды:

Қайырымды болып өсу, адамды адамгершілікке тәрбиелейді. Сондықтан арқашан қайрымды, мейірімді бола білейік. Кішкене кезімізде қалай қалыптассақ болашақта солай тәрбиеленеміз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2017 2299
    • DOCX 18.3 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Узбекова Бекзат Исламбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Узбекова Бекзат Исламбековна
    Узбекова Бекзат Исламбековна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8962
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой