Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс "Бақытыңды балаңнан ізде"

Сыныптан тыс "Бақытыңды балаңнан ізде"

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Бақытыңды  балаңнан ізде» 
Мақсаты: Балаларға  отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін ұғындырып, әкеге деген сүйіспеншілікке    тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі  ыстық байланысты ұғындыру.

Дамытушылық: Балалардың ой өрісін, танымын, әкеге деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Әке махаббатын аялауға  тәрбиелеу.

Әдістері: Сайыс, пікірлесу, ойын, әңгіме, мадақтау

Барысы:

1. Кіріспе сөз.
Армысыздар, құрметті әкелер! 
Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ – деген мақал өмір шындығы екені анық. Олай болса, тәрбиенің ең мәндісі, ең маңыздысы – отбасынан басталуға тиіс. Отбасындағы шаңырақтың тірегі - әке. Отбасының қамқоры, басқарушысы отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды. Әке ер баланың – досы, әрі ақылшысы, қыз баланың қамқоршысы. Сонымен, баланы баулу, тәрбиелеу – әке мойнына жүктелген парыз .Құрметті әкелер, сіздерге арналған «Бақытыңды балаңнан ізде» атты сыныптан тыс жұмысымызды  ашық деп жариялаймыз.


Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
«Әке - бәйтерек» дейміз. Олай болатын болса, құрметті әкелер, мына бәйтерек ағашынан өздеріңізге ұнаған түсті / қарды/ таңдауларыңыз сұралады.Осы таңдаған түстеріңіз бойынша орындарыңызға жайғасуыңызды сұраймын.

Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын сайыс шарттарымен таныс болайық

Жоспары:

1.Таныстыру «Сіз кімнің әкесісіз,ал сіз кімнің баласысыз?»

2.Сұрақ-жауап  «Сіз білесіз бе?»

3. «Бұл менің балам» (әке баласының жазуын көп жазудың арасынан ажырату  керек)

4. «Мектепке  жиналдық».( Ереже: Әкелер  кызының шашын 1 минуттың ішінде  өріп, мектепке жіберуі керек)

5. «Күлкі – көңіл ажары». Кәне, бір күліп алайық!!! Бір әріп таңдап, сол әріп бойынша жауабын беріп отырады.
6.Мақал-мәтел айту  (Балаңыз 3 мақал айтады,сол мақал арқылы сіз балаңызға ақыл-кеңес бересіз)



 

 

 

 

Мұғалім сөзі: Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң, ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін сезесің. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық.

Олай болса 1 бөліміміз танысуды бастайық.

1.Таныстыру «Сіз кімнің әкесісіз,ал сіз кімнің баласысыз?»

«Әке көрген оқ жонар» бұл да әкеге байланысты  айтылған ардақты  сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. Қарап отырсақ әкенің түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да, батыл қайсар болып келеді.

Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.Олай болса келесі бөлімге кезек берейік.

2.Сұрақ-жауап «Сіз білесіз бе ?»

1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы
2. Балаңыздың сізді қатты қуантқаны есіңіздеме? әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Балаңыздың ізгі қасиеттері
4. Балаңыздың жаман қасиеттері
5. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?
6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері не?
2)Балаңыздын сүйікті асы ?
3)Отбасының басшысы кім ?
4)Балаңыздың ең жақын досы?
5)Балаңыздың арманы
6)Сынып жетекшісінің толық аты-жөні ?
7)Қай пәнді жақсы көреді ?
8)Мектептің мекен-жайы ?
9)Балаңыз  қандай газет журнал оқиды ?
10) Отбасы дегенді қалай түсінесіз т.б
(балалар мен әкелер плакаттарға постер құрайды бала әкенің қасиеттерін,әке баланың қасиеттерін)

11. Балаңыздың туған күні қашан? 
12. Балаңыздың парталас көршісі кім? 
13. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды? 
14. Балаңыздың сүйікті асы не? 
15. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай? 
16. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі? 

3. «Бұл менің балам» (әке баласының жазуын көп жазудың арасынан ажырату керек)

4. «Мектепке  жиналдық».( Ереже: Әкелер  кызының шашын 1 минуттың ішінде  өріп, мектепке жіберуі керек)

5. «Күлкі – көңіл ажары». Кәне, бір күліп алайық!!! Бір әріп таңдап, сол әріп бойынша жауабын  беріп отырады.

 

 

 

 

 

• Жарыс ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңыздар ба?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?

• Әділқазы шаршады ма екен?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Мектепке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты осындай іс-шараларды ұнатасыз  ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Мектеп ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ішесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?

6.Мақал-мәтел айту  (Балаңыз 3 мақал айтады,сол мақал арқылы сіз балаңызға ақыл-кеңес бересіз)

1. Әке –асқар тау

2. Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

3. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық

4. Әке шаңырақты

4. Әке- шаңырақтың негізгі тірегі

5. Әке-балаға сыншы

6. Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар атаджан өте туады, бір бала бар кері кете туады.

7. Әке ұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

8. Әкесі құрдастың баласы құрдас

9. Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды

10. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

11. Атадан жақсы ұл туса , елінің қамын жейді.

12. Атадан ақыл алса, тентек ұ л да жөнделер

13. Атадан –ақыл, анадан-мейірім.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Жақсы – жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата – ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы ата – аналар , сіздерге байланысты.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып, әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық.

ХОР: «Әке туралы жыр»

Сабағымның соңын  Ф. Оңғарсынованың «Әке» өлеңімен аяқтағым келіп отыр:
Әкем – біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен,
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да, адамдар таппаса да,
Әке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жақсы әкесін бере ме басқа бала?!
Әке - білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады

 «Бір құрмет»
Әке қатал болса да,
Сыйлау оны – бір құрмет.
Әке қандай болса да,
Қорқу одан – бір құрмет.
Әкенің бір сөзіне
Ешқандай тыйым жетпейді.
Әке қатты сөз айтса,
Есіңнен еш кетпейді.
Әкесін сыйлай білгендер
Көгереді, көктейді.

Мадақтау рәсімі: «Өнерлі әке»

                                 «Ақылшы әке»

                                 «Мейірімді әке»

                                 «Үлгілі әке»

 

 

 

 

 

 

 

 

Құмжарған орта мектебі

 

Бекітемін:                  ТІЖО:  Идрисова Ж.Қ.

Тексерілді:                 Ә\Б жетекшісі: Қожанова К.Е.

 

 

 

 

 

 

                            

                                  «Бақытыңды балаңнан ізде»

Сыныптан тыс  жұмыс

9-сынып

 

 

 

Өткізген: Сидагалиева А.С

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс "Бақытыңды балаңнан ізде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 338 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2017 604
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cидагалиева Айжан Салауатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cидагалиева Айжан Салауатовна
    Cидагалиева Айжан Салауатовна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9003
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой