Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс шара "Бақытты сәт"

Сыныптан тыс шара "Бақытты сәт"

Скачать материал

Тақырыбы: «Бақытты сәт» танымдық ойыны.

Кештің мақсаты: Тәрбие жұмысының жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың бойында сенімділік, мақсатқа ұмтылушылық, төзімділік жауапкершіліктерін қалыптастырып,бойындағы ерекше қабілеттерін көрсетуге және дамытуға жағдай жасау.

Міндеттері: *байқауды   сабақтан тыс уақытта ұйымдастырып,ынтасы бар оқушыларды қатыстыруға мүмкіндік беру;

*Балалардың бос уақытын мәдени шаралармен байланыстыру.Өздерінің бойындағы талантты көпшілік алдында көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау,( конструктордан модель жасау, саздан немесе сурет салу т.б.) арқылы көрсету.

Шарты: орындаушыға берілетін уақыт 2-3минут.

Кімнің   ұпай саны жоғары  сол  оқушы финалға өтеді.

1,2,3 орындар және көрермендер көзайымы номинациясы, «Алтын дауыс», «Жақсы биші» номинациялары  беріледі.

Көрнекілігі: слайдтар,музыкалық аспаптар, залды безендіру.

Барысы: 1.Ұйымдастыру.

               2.Өту кезеңдері:

1- жүргізуші:Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар!  Мектебімізде алғаш рет өткізгелі отырған «Бақытты сәт» танымдық шарамызға қош келдіңіздер!    

Мәңгі бақи есте қалар.

 Қызықты бір шара болсын.

 Адамдарды тамсандырар. 

 Өнерлілер алға озсын.                                                               

2- жүргізуші: Бүгін міне, тамаша күн! Оқушыларымыз өздерінің бойындағы талантты көпшілік алдында көрсетіп,шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдайды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шығармашылық байқауымызды бастаймыз.

1-      жүргізуші:  Бұл сынақта озып шығар қайсысың,

 Өнерлерің , алғырлығың  сыналсын- дегендей,  ортаға орындаушымызды шақырамыз. 6а сынып оқушылары. Ахон Айбек  өмірді математикалық дарындылық пен есептесе, Базарбаева Айжанды монолог оқуға және Алиханды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші:  Қара қылды  қақ жарып, қазыларым,

                        Еңбегін сайыскердің әділ сына –деп ,сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі

Өнерпаздар жарасып сан-салалы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Осы кештің өтілу құрметіне

Әуелеген әсем ән жолданады-деп 7ә сынып оқушылары Зарина мен Маринаға және Қуанышева Аидаға  кезек береміз.1-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазы алқасында. Рахмет.

Әсемпаз болма,әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Тетігін тап та бар қалан, -деп Абай атамыз айтқандай осы шарадан соң кейбір оқушыларымыздың өмірден өз орнын табуға мүмкіндік болар. Солай емес пе? Анеля.

2-жүргізуші. Иә,  менде солай ойлаймын. Олай болса, ортаға  6ә сынып оқушысы Утепова Таминаны және Бақытжан Әбдірахманды  шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Әділқазылар баға берсін.

«Бақытты сәт», даңққа санаулы уақыт ішінде адам өмірінде жиі кездессе, өздерінің әлемдегі ең бақытты адам деп сезінбей ме? Сондай бақытты сәтті басынан өткізу үшін ортаға 6 б сынып оқушысы Ибатов Б және 6в сынып оқушысы Ерекешов Әділеттің өнерлерін тамашалайық.2-жүргізуші: Өмір деген мәңгі гүлдеп жанатын,Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс.1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Анеля! Сайыстардан сәттілік пайда болады.Сол сәттілікті күтіп отырған қатысушыларымызды ортаға шақырайық. 7 г сынып оқушылары Есентаев Диас пен Қуатова Диляра.

2-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазы алқасында.

Қазақ халқы шебер әншісін бұлбұлға,қас сұлуын аққуға  теңеген.Қазақ өнерді киелі санаған. Сол киелі өнерді  пір тұтқан қыздарымызды ортаға шақырамыз.9 ә сынып оқушылары Мағзом Риза, Сапаргалиева Жанар мен Аймурзина Жібек.

1-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазы өздеріңізде.

 Мен бір қызық жасайын,

Өрге қарай  асайын.

Өнерімді көрсетіп,

Тамсандырып, тастайын –деп ортаға 8 б сынып оқушыларын Болатов Ермахан ,Сапуанов Жасұлан және 6г сынып оқушылары Баянов Жангир мен Қажымұрат Аслан фокус өнерін тамашалаңыз.

2-жүргізуші: Кәне, айтшы осы біздің көрермендеріміздің көңіл күйлері қалай екен? Ал көрермендер көңіл қалай? Сіздерге ұнады ма? (қол шапалақтау)

1-жүргізуші: Сен жаңағы  фокус өнерімізді бағалайтын әділқазылар алқасына сөз береміз.

2-жүргізуші: Денсаулық ол – күлуің,

 Көңіл – күйің жадырай.

Денсаулық ол –жүруің,

Ешбір жерің ауырмай- демекші келесі  кезекті гимнаст балаларға береміз.

8а сынып Болатов Ақтілек  пен Молдахметов Ернұр.

жүргізуші: Құрметті әділқазылар өз бағаларыңызды беріңіздер.

Қымбатты қатысушылар! Сіздердің өнерлеріңізге көрермендеріміз дән риза.

Өнердің таусылмайтын кереметі,

Баурап ап жаныңызды билетеді-деп, келесі ерекше өнерлерімен 8в  сынып оқушылары Нұрмуханова С және бір топ бишілерді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Осы сынға әділ бағасын беретін әділқазыларымыз сөз алсын.

1-жүргізуші: Келесі сайысымыздың қатысушысы 7б сынып оқушысы Оразымбетова Айнұр акробатика өнерін көрсетеді.

2-жүргізуші: Әділқазы бағасын тыңдайық.

1-жүргізуші: Адам баласы табиғатының тамаша туындысы. Оның бойында таң қаларлықтай қабілеттер болады. Осындай қабілеттерді өздеріңізбен бірге көріп, тамашаладық.

2-жүргізуші: Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыларды  дарынға айналдыра берейік! Ендеше «Бақытты сәт» танымдық ойынымыз осымен аяқталды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара "Бақытты сәт""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2017 655
    • DOCX 34.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжегалиева Райса Еркиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжегалиева Райса Еркиновна
    Кенжегалиева Райса Еркиновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11499
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой