Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы

Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы

Сабақтың тақырыбы: Құстар класы. Кластың жалпы сипаттамасы, тіршілік ортасы.
Жалпы мақсаты:
- Құстар класына жалпы сипаттама жасай отырып, олардың тыныс алуы мен қауырсындарының түрлері және қауырсындарының атқаратын қызметтері жайлы білу сонымен бірге олардың тіршілік ортасы жайлы түсінік қалыптастыру.
- Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, соның ішіндегі диалог, ассоциация, кері байланыс әдістері, сыни тұрғыдан ойлау модульдерін пайдалана отырып, негізгі идеясын түсіну.
- Оқушы тақырыптың негізгі түйіндерін меңгеріп, оқыту арқылы білім деңгейлерін анықтай отырып, шығармашылыққа баулу.

Сілтеме: 6 (7) сынып биология оқулығы( Р. Әлімқұлова. Р. Сәтімбекова. А. Соловьева), АКТ.
Оқыту нәтижелері:
Топтаса алады, пікір айта алады, пікірлесе алады, ойлау қабілеттері артады, құстар класына жалпы сипаттама жасай отырып, олардың тыныс алуы мен қауырсындарының түрлері және қауырсындарының атқаратын қызметтері жайлы біледі, сонымен бірге олардың тіршілік ортасы жайлы түсінік қалыптастырады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануы арқылы өздерін - өздері реттеп, білімді меңгереді, АКТ – ны пайдалана отырып, мұғалімнің көшбасшылығы мен оқушылардың дарындылығын анық тау.
Негізгі идеялары:
Оқушылар құстар класына жалпы сипаттама жасай отырып, олардың тыныс алуы мен қауырсындарының түрлері және қауырсындарының атқаратын қызметтері жайлы білу сонымен бірге олардың тіршілік ортасы жайлы білу.
Міндеті:
Құстар класына жалпы сипаттама жасай отырып, олардың тыныс алуы мен қауырсындарының түрлері және қауырсындарының атқаратын қызметтері жайлы білу соныменбіргеолардың тіршілік
ортасы туралы білу.

Сабақта орындалатын тапсырмалар:
1 тапсырма. «Ой түйін»
1 - топ.
Ең алғашқы жорғалаушылар қай кезде пайда болған? Олар қай жануарлардан таралған?
2 - топ.
Ертедегі жорғалаушылардың өкілдері қандай жерлерде мекендеді және немен қоректенді?
3 - топ.
Неліктен ертедегі алып жорғалаушылардың көпшілігі суда және жартылай суда тіршілік етті? Ертедегі жорғалаушылардың өліп біту себептері неде?
Мұғалімнің электрондық мәлімдемесі:
Құстар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Құстар (лат. Aves)[1] – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
1. алғашқы құстар – археоптерикс;
2. тісті құстар;
3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
4. қырлы төсті құстар.

Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ - қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты - шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1, 8 м - ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір - бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1 - ден 20 – 25 - ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау - бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттікрулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

2 тапсырма. Барлау стратегиясы.
1 топ.
Құстарға жалпы сипаттама. Оның ерекшеліктері.. (әңгімелеу немесе постер арқылы қорғау)
2 - топ.
Құстардың тыныс алу жүйесі мен ұшуға бейімделген белгілері және қан айналым жүйесі.
3 - топ.
Құс қанаты және қауырсындарының түрлері мен атқаратын қызметтері.

Сергіту сәті «Қаңқалар биі»

3 тапсырма. «Биологиялық диктант»
Құстарды зерттейтін ғылым саласы - *** (орнитология). Олардың денесі ***,*** және*** бөлімдеріне бөлінген.
(бас, мойын, тұлға). Құстардың жақ сүйектері тұтас мүйізді тақташалармен қапталған. Оны құстардың *** деп атайды. (тұмсығы). Құстұмсығы ***,*** бөлімдерден құралады. (тұмсықүсті, тұмсықасты). Өнештің кеңейген бөлігі*** деп аталады.(жемсау)
4 тапсырма. «Шығармашылық стратегиясы» Топтағы әр топ мүшелері тақырыпқа байланысты түйіндеме, өлең, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ құрап топ болып қорғайды.
1 - топ. Құстар және біз.
2 - топ. Құстар және табиғат.
3 - топ. Құстарға қамқор болайық..

5 тапсырма. «Лидерді анықта» Берілген бірнеше әріптерден тақырыпқа сай сөйлем құрау.
Топтар өздері топ арасынан лидерлерін анықтап, сыныптан сабақ лидерін шығарады..
1 - топ лидеріне – А - Ы - Н - Д - Ш - З - У
2 - топ лидеріне - С - Р - Н - Д - Л - Б - У - И
3 - топ лидеріне – Д - П - Е - Н - Г - Р - А - У
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау.
Кейінгі тапсырмалар: Үйге тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау және интернеттен мәліметтер жинақтау.
Кері байланыс: ИНСЕРТ кестесі.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Оқушылар кестеге сабақтан алған әсерлерін сұрақтарға жауап беру арқылы кері байланыс жасайды.

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров491
Номер материала 528678
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх