Инфоурок Русский язык СтатьиСтатья " Цифровые ресурсы в обучении"

Статья " Цифровые ресурсы в обучении"

Скачать материал

 

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы

«Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы

 

 

 

«Society and technologies of the future - 2021

 

мектеп, лицей, гимназия директор орынбасарларының арасындағы ғылыми жоба республикалық онлайн-конкурсы»

 

 

 

 

Бағыты: «Цифрлық Қазақстан»

 

 

 

 

Тақырыбы:  «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ АКТ-ны ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ

(АҚПАРАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ТЭЖ  БАҒДАРЛАМАСЫ)

 

 

 

Автордың аты-жөні: Ксембаева Асель Жумадиловна

Ұйымның аты: Шығыс Қазақстан облысы  білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ

 

 

 

 

Нұр – Сұлтан – 2021


Аннотация

 

Мақалада  оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану қарастырылған

 

Аннотация

               В  статье расматривается применение информационно-коммуникационных технологий в  процессе  обучения

 

Summary

In the scientific article application of information and communication technologies in the course of training is considered

 

  «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ АКТ-ны ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ

(АҚПАРАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ТЭЖ  БАҒДАРЛАМАСЫ)

 

Қазіргі заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.                    Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр. [1].

Қaзіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жaңa жүйесі жaсaлып, әлемдік білім aлу кеңістігіне бaғыттaлудa. ХХІ ғaсырдың жaн-жaқты зерделі, дaрынды, тaлaнтты aдaмын қaлыптaстыру бaғытындaғы білім беру мәселесі мемлекетіміздің бaсты нaзaрындa. Білім берудің негізгі мaқсaты – білім мaзмұнын жaңaртумен қaтaр, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құрaлдaрын қолдaнудың тиімділігін aрттыруды тaлaп етеді. Жaңa зaмaн мұғaлімі өз білімін қолдaнумен қaтaр, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдaстырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жaңa технологиялaрды жүзеге aсырудa мұғaлім белсенділігі, шығaрмaшылық ізденісі, өз мaмaндығынa, пәніне деген сүйіспеншілігі, aлдындaғы шәкірттерін бaғaлaуы ерекше орын aлaды. Қaзіргі тaңдa әдіс-тәсілдердің тиімді жолдaрын мұғaлім өз еркімен тaңдaйды.

 Қоғaмдaғы  болып  жaтқaн санитарлық-эпидемиологиялық жағдай,  әлеуметтік-экономикaлық  және  сaяси  өзгерістер  білім  беру  сaлaсын  жетілдіруді  тaлaп  етеді. Әсіресе  қоғaмдaғы оқу-aғaрту, білім беру сaлaлaрындaғы  гумaнитaрлaндыру  мен демокрaтиялaндыру   процестері.

Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта да өтуі мүмкін. Бұл жағдайда сабақтар екі форматты біріктірумен немесе тек асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Қашықтан оқыту- бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны.

Синхронды форматта оқыту Интернет-платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мұғалімнің нақты уақыт режимінде білім алушылармен тікелей байланысын (стриминг) көздейді.

Сабақтың бір бөлігі (30-80%) стримингке шығу үшін пайдаланылады, қалған сабақ асинхронды форматта өткізілуі мүмкін.

Сабақтың асинхронды форматы - бұл Интернет-платформалардың мүмкіндіктері арқылы мұғалімнің білім алушылармен өзара әрекеттесуі, оның ішінде өз бетінше оқуға арналған мазмұн және мұғалімнің кері байланысы бар оқу тапсырмалары. Қазіргі таңда « № 48 мектеп –қосымша білім беру» КММ педагогтердің синхронды және асинхронды форматта өтетін кестелері бекітілген, 5-11 сыныптар қашықтықтан білім алуда. Педагогтер сабақтарды/оқу сабақтарын сабақ кестесіне сәйкес өткізеді. Бағалау, кеңейтілген түсініктеме электронды журналдарда жүргізіледі. Қашықтықтан оқыту АКТ, IT негізінде жүзеге асырылып жатыр. Оқытудың «Күнделік», «Classroom», «Whatsapp», «Онлайн мектеп», «ZOOM», «Instagram», «Quizziz», «Jamboard», «Learningapps», «Padlet», «Baamboozle», «Whiteboard», «Classroomscreen», «Kahoot», «Google Form», «Pole», «Plickers»  бағдарламалары   ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде « № 48 мектеп –қосымша білім беру» КММ- де  білім алу үдерісі үздіксіз  жүргізіліп келеді.

ЮНЕСКО әзірленген мұғалімдерге арналған АКТ құзыреттілігі стандарттары жобасы білім беру реформасы мен тұрақты даму саясаты тұрғысынан қарастырылады. Білім беру кез келген мемлекет пен қоғамның өзекті функциясы болып табылады және ол әртүрлі мақсаттар мен міндеттерге бағытталады. Жаңа технологиялар мұғалімдерден жаңа біліктілікті және оларды оқытуда жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді талап етеді. АКТ-ны сынып көлемінде білім беруге табысты кіріктіру мұғалімнің жаңа технологияларды педагогикадағы жаңа идеялармен біріктіру үшін оқу ортасын дәстүрлі емес тәсілмен құрылымдау, әлеуметтік белсенді сыныптарды дамыту қабілетіне байланысты болып табылады.

Бұл сыныпты басқару дағдыларының түрлі жиынтықтарын әзірлеуді талап етеді. Болашақтың түйінді дағдыларына оқу ортасының тиімділігін арттыру, технологиялық сауаттылықты ынталандыру, бар білімді тереңдету және жаңасын құру үшін технологияларды пайдаланудың инновациялық тәсілдерін әзірлеу қабілеті енгізілетін болады. Aқпaрaттық және коммуникaциялық технологиялaр (AКТ) – aқпaрaтты өңдеудің әр түрлі aлгоритмдерін, әдістерін, мехaнизмдерін және түрлі құрылғылaрын сипaттaйтын ортaқ түсінік. Мaңызды жaңa AКТ құрaлдaры ретінде сәйкес прогрaммaлық қaмтaмaсыз етілген компьютер және aқпaрaт орнaлaсқaн телекоммуникaция құрaлдaры болып тaбылaды Мүмкіндіктері ондa орнaтылғaн прогрaммaлық қaмтaмaсыз етумен aнықтaлaтын дербес компьютерлер кез келген білім беру жүйесінің aқпaрaттық ортaсы үшін негізгі AКТ құрaлдaры болып тaбылaды. Прогрaммaлық құрaлдaрдың негізгі кaтегориялaры- жүйелік прогрaммaлaр, қолдaнбaлы прогрaммaлaр және прогрaммaлық қaмтaмaсыз етуді жүзеге aсырaтын құрaл-сaймaндaр. [2].

Aқпaрaттық технология білім беру процесін жaңa сaпaлы деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, бұл түлектер мен оқушылaрдың білімдерін өлшеуімен бaйлaнысты.

Оқушылaрғa білім беруде жaңaшыл технологиялaрын қолдaну инновaциялық бaғыттa жұмыс жaсaу зaмaн aғымынa сaй тaлaп етілуде. Оқу үрдісінде осындaй жaңaрғaн озық тәжірибелерді белсенді пaйдaлaну және қолдaну кейінгі жылдaры aйтaрлықтaй оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғaмның жеке тұлғaлы, дaмығaн aдaмын тәрбиелейтін мaмaнғa өзінің үздіксіз шығaрмaшылық ізденуі, оқытудa жaңa педaгогикaлық технологиялaр мен инновaциялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғaры деңгейде болуы қaжет.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру Қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы  жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуиикациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілет сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

  Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХ1 ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады. [3].

 

АҚПАРАТТАНДЫРУ БОЙЫНША ТЭЖ  БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мақсаты: Мектептің білім беру үдерісіне компьютерлік техниканы, АКТ, IT, STEM   тиімді қолдану арқылы  білім беру сапасын жетілдіру білім беру үдерісінің субъектілерінің  сандық сауаттылықтарын дамыту.

  Міндеттері:

1.     Білім беруде ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды қолдануда  қазіргі заманғы тұрғыларын анықтау, қабылдау және енгізу.

2.     Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қазіргі заманғы АКТ, IT саласында оларға жалпы білім беру және кәсіби дайындық деңгейін көтеру.

3.     Ақпараттық технологияларды, СБР педагогтердың кәсіби білімін үздіксіз жетілдіру үшін пайдалану және оқу үрдісін оңтайландыру.

4.     Мектептің бірінғай ақпараттық  кеңістігі арқылы мектеп пен отбасы қарым-қатынасына жағдай жасау

5.     Мұғалімдердің  жеке сайттарын, блог,  Youtube канал жүргізу

Бағдарламаның МТБ, ресурстары

 

158 компьютер, 30 ноутбук, 1 мультимедиалық кабинет, 2 лингофон кабинет,  5 арнайы жабдықталған кабинет: STEM, Интеллектум, физика, химия, биология,  география, информатика; 13 интерактивтік тақта, зертханалар.  Кабинеттерде интернетке шығу бар.

 

Ақпараттық және біліми технологиялар, стратегиялар. Жобаның жүзеге асуына пайдаланатын құралдар, үлгілер

Кесте 1

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

2 Бөлім. Жобаның жоспары

 

Жүзеге асудың жоспары, қажетті іс-шаралар.

Кесте 2 -2020-2023 оқу жылына арналған жоспар

Кезеңдер

Жұмыс мазмұны

Даярлық кезеңі

Мектептің МТБ, ақпараттандыру жағдайына талдама жүргізу

Өзін-өзі жетілдіру мен оқушыларды оқыту үшін Internet–тің бай кеңістігін қолдану

Оқушылардың және педагогтердің компьютерлік сауаттылығына диагностика жасау

Диагностика нәтижесі бойынша проблемаларды анықтау

Сабақтарда қолданатын сайтарды, СБР, электрондық оқулықтар жиынтығын жасау. Жаңаша жүйесін қарастыру. «Педагогикалық копилка» құру

 STEM, АКТ, IT  қолдану бойынша циклограммаларды  даярлап, бекіту

Компьютерлік технологиялар саласында мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру

Мектепті басқару процесін автоматтандыру үшін деректер базасын дайындау және толтыру:

– мектеп педагогикалық қызметкерлерінің деректер базасы

– мектеп оқушыларының деректер базасы

– мектауданда тұратын балалардың деректер базасы

Ата-аналарға арналған жадынама әзірлеу, тарату

«Баланың қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру жолдары» атты ата-аналар жиналысын өткізу

Қалыптастырушы кезең

Білім беру үдерісінің субъектілерінің компьютерлік сауаттылығына аралық диагностика жасап, мониторинг жасау

Мониторинг нәтижесі бойынша проблемаларды анықтау

Педагогтерге  bilimland.kz, iTest.kz, iMektep.kz, kundelik.kz сайттарын оқу үрдісінде жүйелі пайдалануды ұйымдастыру. «Күнделік», «Classroom», «Whatsapp», «Онлайн мектеп», «ZOOM», «Instagram», «Quizziz», «Jamboard», «Learningapps», «Padlet», «Baamboozle», «Whiteboard», «Classroomscreen», «Kahoot», «Plickers», «Google Form», «Pole»  бағдарламаларын қолдану

Оқушыларға, педагогтерге онлайн, интерактивтік түрінде өтетін сайыстарға қатысуын үйрету

АКТ-ны қолдау арқылы жүргізілетін сабақтар үшін материалдар дайындайтын пән мұғалімдеріне консультациялық, техникалық және әдістемелік көмек көрсету

Kahoot.com бағдарламасының контенттерін қолдануды үйрету

Оқушылар мен педагогтардың интернет-жобаларға, конкурстарға, олимпиадаларға, конференциялар мен форумдарға қатысуы, тәжірибесімен алмасуы

Есептеу-әдістемелік және дидактикалық материалдар банкін, MS Office мониторинг құралдарын құру

Мектеп сайтының жұмысын жаңдандыру

Wix.com сайт мүмкіндіктерін  қолдану арқылы педагогтердің жұмыстарын қашықтықтан жүйелеу және іс-тәжірибелерін тарату

Компьютерлік сауаттылық үйірмесіндегі сабақтар арқылы компьютерлік техниканы игерген педагогтарды көбейту

 

Педагогтердің блогтарын ашу

Қорытынды кезең

Іс-жүргізу және мектеп ішіндегі құжаттаманың жүргізілуін автоматтандыру

Оқу процесінде компьютерлік техниканы қолдану үшін бағдарламалы-педагогикалық құралдар банкін құру (электронды мультимедиялық оқулықтар, пәндер бойынша бақылаушы және оқытатын бағдарламалар, зертханалық практикумдар және т.б.)

Білім беру үдерісінің субъектілерінің компьютерлік сауаттылықтың деңгейін анықтау

Мұғалімдер мен оқушылардың баспасөз қызметін ұйымдастыру және қолдау

Жұмыс нәтижесін анықтау: кемшіліктерді  жою жолдарын қарастыру, жобаны 2020-2023

 оқу жылында басқа балалармен жалғастыру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Күтілетін нәтиже.

Жобаның болжамы: Егер мектептің білім беру үдерісінде АКТ, IT, STEM тиімді қолданылса, оқушылармен педагогтердің сандық сауаттылықтары дамыйды және білім сапасы көтеріледі.

Кесте 3 – Күтілетін нәтижелер

Күтілетін нәтиже

 

Мұғалімдердің 90%-ы  АКТ, IT, STEM мумкіндіктерін  меңгеріп, оқыту мен оқу тәжірибесінде қолдана алады.

·        АИС «Күнделік», Онлайн мектеп  арқылы  ата- аналар- оқушы- педагог байланысы тұрақталады.

·        Интернет платформаларының контентері арқылы тілдік дағдылары көтеріледі.

·        Педагогтердің, оқушылардың  ақпараттық сауаттылықтары көтеріледі.

·        Оқушылардың  70 %-ы оқуда белсенділік танытады.

·        Мектеп сайтынын жұмысы жүйелінеді

·        Мектептің компьютерлік жабдықталуының сандық және сапалық өзгеруі.

·        Білім беру мекемелеріне жоғары жылдамдықты каналдар бойынша жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізімді қамтамасыз етіледі.

·        Қала, облыс, республика деңгейдегі сайыстарға қатыса алады.

·        Білім сапасының көтерліу 85 %-ға дейін

·        Мұғалімдер өздерінің жеке сайт, блог жүргізеді.

Кездесетін қиындықтар:

·        мұғалімдердің әлі де дәстүрлі әдістемені қолданылуы;

·        өз жұмыстарына талдау жасауда кемшіліктерін көре алмауы немесе жасыруға тырысуы;

·        оқушылардың оқу мотивацияларының төмендігі;

Шешу жолдары: мұғалімдермен психологиялық тренингтер,  коучинг- сессиялар ұйымдастыру, сыныптағы зерттеулерге қатыстыру;

·        мектеп ішіндегі топтардың жұмысын мұғалімдердің қызығушылығын арттыратындай етіп ұйымдастыру;

·        электрондық кітапхананы ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік база жасау;

·        әр оқушының ерекшелігін ескеріп, жобаларға қатысуын қамтамасыз ету;

 

Нәтиженің мониторингісі (тиімділігі).

 

      Диаграмма 1 - Кадрлардың АКТ, IT қолдану көрсеткіші 2020-2021 жыл

 

Диаграмма 2 – Microsoft office пакетімен және Active Studio-да, Quizizz.com, ZOOM, қашықтықтан платформаларында жұмыс істеуі

Диаграмма 3 -  Web-браузерлермен және электронды поштамен жұмыс істей алу дағдысы

Диаграмма 4 - Мұғалімдердің қашықтықтан әр-түрлі сайыстарға, ҒПҚ, олимпиадаларға (онлайн режимде) жұмыс істей алу дағдысы

 

Диаграмма 5 - Мұғалімнің портфолиосы (РowerPoint, AutoPlay, PDF), Wix.com

 

 

Диаграмма 6 – Kundelіk.kz бағдарламасымен жұмыс істей алу мониторингісі

 

 

Диаграмма 7 – Bilimland.kz, ITest.kz, Kahoot.com, Online.mektep бағдарламасының контенттерін қолдану

 

Жоғарыдағы диаграммалар  бойынша педагогтердің ақпараттық сауаттылықтары дамығаны байқалады, ақпараттық тұрғыдан құзіретті тұлға, сауаттылықты дамыта алады екендігі бәрімізге мәлім. Білім сапасын көтеру мақсатында  сабақтарында bilimland.kz, iTest.kz, iMektep.kz, kundelik.kz, Kahoot.com мүмкіндіктерін пайдалануың ұйымдастыру қажеттігі анықталды.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 3  жыл

Менің педагогикалық жобам  «Цифрлық Қазақстан», «Табысты мектеп- табасты ұстаз- бақытты бала» аясында жасалды.  Оқушылардың, педагогтердің ақпараттық сауаттылықтары  сабақта және сабақтан тыс уақыттарда жүйелі жүзеге асады. Жобаны мектеп әкімшілігі менеджмент саласында толықтырып пайдалана алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қaзaқстaн Республикaсының Президенті– Елбaсы Н.Ә.Нaзaрбaев. «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. 20.05. 2015 жыл.

2.Әдістемелік бaяндaмaлaр (http://www.pedcolleg.kz).

3.Қ.С. Бaйшолaновa Aқпaрaттық жүйелер теориясы, Aлмaты: Экономикa -2002ж.

4.Советов Б.Я. Информaционные технологии: Учеб. Для вузов. - М.: Высш. шк., 2005.

5. Бaбaнский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобрaзовaтельной школе. - Москвa: Просвещение, 2001. - 208 с.

6.                 Мемлекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауы

7.                 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы

8.                 Стратегическое планирование,  «SNW- анализ» // http://stratego.ru/inplan/snw-analysis.html

9.                           Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі   әдістемелік ұсынымдар.№345 13.08.2020., өзгертулер мен толықтырулар № 548 28.12.2020.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья " Цифровые ресурсы в обучении""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 931 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Программа внеурочной деятельности по русскому языку
  • Учебник: «Русский язык (в 2 частях)», Рыбченкова Л.М., Александрова О.М., Глазков А.В. и др.
  • Тема: § 16. Повторение по теме «Морфемика, словообразование, орфография»
  • 22.01.2023
  • 158
  • 2
«Русский язык (в 2 частях)», Рыбченкова Л.М., Александрова О.М., Глазков А.В. и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2023 135
    • DOCX 4.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ксембаева Асель Жумадиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ксембаева Асель Жумадиловна
    Ксембаева Асель Жумадиловна
    • На сайте: 2 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6946
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 769 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Русский язык" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 462 человека

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек