Инфоурок Музыка СтатьиСтатья на тему "Дәстүрлі күй өнері"

Статья на тему "Дәстүрлі күй өнері"

Скачать материал

ШҚО Семей қаласы,

«№2 Балалар музыка мектебі»

Ақылтай Айғаным Асқарқызы - домбыра мұғалімі

 

 

«Дәстүрлі күйшілік өнер»

 

Тақырыбы: «Дәстүрлі күйшілік өнер»

 

1.Тәрбиелік мақсаты: «Күй өнері және онын алатын орны»

2.Қортынды.

 

Сабақтың мақсаты:

 

«Музыка мектептерінде қолданылатын негізгі аспаптар»

 

                                          Жоспар

 

1.     Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі

2.     Жетісу күйшілік дәстүрі

3.     Арқа күйшілік дәстүрі

4.     Қаратау күйшілік дәстүрі

5.     Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі

6.     Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі

7.     Қазіргі заман күйлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі

 

           Шығыс өңірінің күйшілік дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды. Өйткені Шығыс Қазақстан (Семей, Шыңғыстау, Шұбартау, Аягөз, Тарбағатай), Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, сонымен қатар, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы қазақтарының күй мұралары осы дәстүрге  жатады.  Бұл өңірдегі, негізінен, архаикалық үлгідегі аңыз-күйлерден тұратын күйшілік, домбырашылық өнердің тамыры тереңнен бастау алады. Әсіресе, теріс бұрауда (квинта)  тартылатын  «Шыңырау», «Тауқұдірет», «Ақсақ марал», «Ақсақ қыз», «Ақсақ аю», «Бұлғын-сусар», «Балжыңгер», «Сұрмерген» сияқты күйлер – аңыз-әңгімелерімен астасып жатқан көне жәдігерлер. Шығыс Қазақстан  домбыра  күйлерінің «Сары өзен», «Беласар», «Қорамжан», «Ащы күй» сынды тағы бір бөлігі – қазақ пен қалмақ шапқыншылығы дәуірінен көрініс беретін тарихи шығармалар. Ал «Салкүрең», «Телқоңыр», т.б. халық күйлері – өте ерте  замандардан  жеткен  туындылар.
              Қазақ халқының тарихындағы ең елеулі тұлғалардың бірі – Кетбұға күйші. Қаһарлы Шыңғыс хан заманында  өмір сүрген Кетбұғаның ержүрек батыр, ақылгөй би, дәулескер күйші ретінде  есімі белгілі. Осы жинаққа енген  «Кетбұғаның күйі» («Қара ала белдік   мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға») сол дәуірлерден жеткен  тарихи туындылардың бірі.
              Шығыс күйшілік дәстүріндегі ең ірі  тұлға – қазақ күй өнерінің, оның    ішінде шертпе күй саласының дамып, көркеюіне көп үлес қосқан Байжігіт күйші. Абылай  хан  заманында   өмір сүрген күйшінің жоңғар шапқыншылығы кезеңіне арналған күйлерін белгілі жазушы, тарихшы М.Мағауин қилы кезең симфониясы, тайғақ кешулі жаугершілік заманның музыкалық  шежіресіне теңейді. Жаугершілік   заман    тынысы  ғана  емес,  бейбіт тұрмыс лебізі де  сезілетін    Байжігіт  күйлерінің тақырыбы әр алуан.                 

              Оның «Көкбалақ», «Қайың сауған»,  «Шаңды жорық» сияқты күйлерінен жаугершілік заманның елесі көрініс берсе, «Ерке атан»  күйі мұңды тарихымен  есте қалады. Семей өңірінің Шұбартау ауданының   шегіндегі Бақанас, Балқыбек, Көксала өзендерінің бойында өмір сүрген күйші мұрасы Шұбартау, Аягөз өңірінде сақталған.

              Біздің заманымызға Байжігіт  мұрасының дені Жүнісбай домбырашы арқылы жетті. Байжігіт күйлерін  жаздырып,  насихаттап жүрген бүгінгі орындаушысы – домбырашы Таласбек Әсемқұлов.
               Шығыс күйшілік дәстүрінің бір тармағы – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай, Тарбағатай, Іле күйшілік мектептері. Алтай аймағында қалыптасқан күйшілік мектептің көрнекті тұлғаларының бірі  Бейсенбі  Дөненбайұлы күйлерінің тақырыбы сан түрлі.  
              Сонымен  қатар, жинаққа Алтай аймағында өмір сүрген Мүкей, Шақабай Шалап, Тайыр Белгібайұлы сияқты күйшілердің туындылары енгізілді.

                                         

Жетісу күйшілік дәстүрі


             Бұл өңірдің де аспаптық музыкасы қаншалықты қызықты, әрі стильге бай болғанмен, осы күнге дейін түбегейлі зерттеу нысанасынан тыс қалып келеді.  Жетісу  дәстүрі Шығыс күйшілік дәстүрімен өзектес. Жер жағдайы ұқсас, Алтай мен Алатау аралығында үзілмей, іркес- тіркес  жалғасқан тау сауырын қоныстанған елдің мәдени кеңістігі ортақ болғандығы байқалады.
Еліміздің  Жетісу  өлкесінде  ертедегі  аңыз күйлермен қатар авторлары ұмыт болып, ел арасында сақталып қалған халық күйлері молынан кездеседі. Мысалы: «Аққу», «Аққудың зары»,  «Жеті атан –  ерке атан», «Мұңлық – Зарлық», «Жетім қыз», «Жетім бала», «Жиренше шешен», «Тепеңкөк», «Шұбар киік», «Ақсақ қыз» сияқты көне күйлер ерте дәуірлерден сыр шертеді. Тамырын  тереңнен тартатын  Жетісу күйшілік өнерінде, бертін келе, үлкен екі мектептің қалыптасқандығын байқаймыз. Бұл мектептер дәулескер күйші-композиторлар–  Байсерке  Құлышұлы және Қожеке Назарұлы есімдерімен тығыз байланысты.

             Жетісу өңіріндегі тағы бір оқшау көзге түсетін мектеп – Шыңжаң өлкесі күйшілік дәстүрімен сабақтас, Қожеке Назарұлы бастаған домбырашылық үрдіс. Қожеке күйші Жетісудың төрі Қарқара   жайлауында  дүниеге  келген.  Қожекенің өмір сүрген заманы аумалы-төкпелі қиын кезеңге тұспа-тұс келді. Ресей  империясының қазақ елін  отарлау саясатына бағынбаған Қожеке тағдыр тауқыметімен Қытай асып кетеді.:
       

Арқа күйшілік дәстүрі


                Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің  атымен  аталатын Арқа күйшілік мектебінің ең көрнекті тұлғасы – Тәттімбет Қазанғапұлы.  Шертпе
күй  саласында екі ішекті алма-кезек даралап қағу, бір ішекті бойлай шерту әдістерін көбірек қолданып, бұл тарапта жаңашыл бағыт, оқшау мектеп қалыптастырған Тәттімбет күйлерін терең ойға, философиялық толғамға толы шертпе күйлердің үздік үлгісі деуге болады.  Небары 45 жас  қана ғұмырында өшпестей мұра қалдырған, қазақтың күй өнерін жаңа саз, соны өрнектермен байытып, түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан аса күй шығарған Тәттімбеттің философиялық ой-толғамдарға құрылған «Қосбасар» (9 нұсқасы), «Сарыжайлау», «Көкейкесті», «Бес төре» (І, ІІ түрі), махаббат сырын шерткен «Сылқылдақ», «Көш жанаған», «Балбырауын», тарихи оқиғаларға арналған «Айдос», «Алшағыр», «Азамат қожа», «Бозайғыр», т.б. күйлерін үйреніп, кейінгіге жалғастырған – өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай болған.
               Тәттімбет күйлерінің басым көпшілігі белгілі күйші, домбырашы Әбікен Хасенов арқылы жетті. Ұлы күйші мұрасын Аққыз Ахметова, Әпике Әбенова, Жақсылық  Омашев, Уәли  Бекенов, Мағауия Хамзин сияқты саңлақ өнерпаздар да кеңінен насихаттады.

               Ұлттық музыка өнеріндегі Тәттімбет бастаған жаңа дәстүрді оған ілесе шыққан Тоқа, Әбди,  Сембек, Қыздарбек  сынды күйшілердің өзінше жалғастыруы да – заңды құбылыс.

               Тәттімбет тәлімі  дегенде, ауызға ең әуелі әйгілі Тоқа Шоңманұлының  есімі ілігеді. Ел іші оны шыққан руына байланысты «Сайдалы сары Тоқа» атап кеткен. Тәттімбеттен он бес  жас  кіші Тоқа, ұлы күйшімен өнерде үзеңгілес жолдас бола жүріп, одан күйшілік өнердің қилы тағылымын меңгерген. Өзінің  біліп,  үйренгенін Тоқа айналасындағы ізбасарлары Қыздарбек, Әбди, Баубектерге табыстап отырған. Бұлардың барлығы  дерлік  Тәттімбеттің  ізімен  «Қосбасарлар»  циклын  жалғастырды.  Қыздарбектің «Өткінші», «Мұң» қосбасарлары – шертпе күй мектебінің ең бір сыршыл, мұңшыл шығармалары. Бұл күйшілердің Кеңес дәуіріне тірі  жеткендері көп қуғын-сүргін көрді, Әбди мен Сембек 30-жылдары атылып  кетті
               Табиғаттың бұла бір сәтін күй арқылы жеріне жеткізіп суреттеген Арқаның тылсым күйшілерінің бірі – Әшімтай еді. Оның соңында қалған бір ғана күй «Қоңыр қаз» деп аталады.  Атақты Дайрабайдың да күйлерінің көбісі бүгінге жетпеген.  Бұл екі күйшінің туындыларын  елге табыстаған – әйгілі күйші Мағауия Хамзин.

 

 

Қаратау күйшілік дәстүрі


                 Қаратау күйшілік мектебіндегі  негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы.  Шертпе  күй шебері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз сазын  домбыра күйімен қабыстыра  білуі үлкен жаңашылдық болды, қобыздағы мұңды әуеннің Сүгір күйлерінде домбырамен астасуы күйшілік дәстүрге өзгеше рең берді. Ол  өмір сүрген өңір – қарт Қаратау, көне  Отырар, қасиетті Түркістан аймағы – тоғыз жолдың торабы, түрлі мәдениеттің тоғысқан жері. Сондықтан қазақ музыкасындағы озық  жетістіктерді  бойына жинаған Сүгір шығармаларында Арқа, Жетісу, Алтай-Тарбағатай, Батыс әуен-саздарының кездесуі кездейсоқ құбылыс емес. Оның күйлері мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да  ерекше.  «Шалқыма», «Ілме»,  «Бес жорға» (5 тараудан тұрады), «Қаратау шертпесі», «Жолаушының жолды қоңыры» (2 тарау), т.б. туындыларының қай-қайсысын алсақ та, кемеліне келген көркемдік, мүлтіксіз жаңашылдығымен, соны сипатымен оқшау тұрады.

              Сүгір күйлерін алғаш республика жұртшылығына танытқан  дарынды  өнерпаз, қобызшы әрі домбырашы Жаппас Қаламбаев болды. Сүгірдің «Кертолғау»,  «Ілме», «Шалқыма», «Ыңғайтөк», «Аққу», т.б. күйлері Ж.Қаламбаевтың орындауында қайталанбас өрнегін  тауып, қазақ музыкасының алтын қорында мәңгі сақталып қалды.
              Сүгір күйлерін асқан  шеберлікпен  орындап жеткізушілер қатарында күйші, домбырашы Төлеген Момбековтің есімін айрықша атауға болады. Сүгірдің «Қосбасар», «Жолаушының  жолды  қоңыры» (2 тарау), «Бес жорға», «Қаратау шертпесі», «Телқоңыр», «Шалқыма», «Бозінген» сияқты күйлерін өзіндік мәнерімен орындап, өз жанынан да көптеген күйлер шығарған Төлеген Момбеков – Сүгір мектебінің көрнекті өкілі.  Антологиядан  Сүгір, Бапыш, Төлеген, Жаппас, Боранқұл, Айкен сынды қаратаулық күйшілердің туындылары қомақты орын алды.

 

                                      Сыр өңірінің күйшілік дәстүрі                


              Сыр  бойы күйлері көпке дейін қазақ музыкасы саласында аз зерттеліп, насихатталуы кемшіндеу болып келгенімен, соңғы кездері кеңінен қолға алына бастады.  Белгілі  жыршы, филология ғылымдарының кандидаты Б.Жүсіповтың «Жиделі Байсын күйлері» (А., 2000) деген еңбегінде осы орындаушылық мектептің күйлері алғаш жинақталып жарық көруі де – сең қозғалуының бір көрінісі. Сырдың  бойында  ертеректе өткен Құрманай Төремұрат, Асан Көнек, Бекпенбет сынды күйшілердің мұралары көнеден көшкен керуендей жалғасын тауып келеді.

             Одан  беріректе  Сыр өңірінде өмір сүрген күйші-композиторлардың ішінде үш дәулескер күйшінің есімін атауға болады.  Олар:  Мырза  Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бекпенбетұлы, Досжан  Құрақұлы. Сыр  бойы күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі Мырза Тоқтаболатұлының ғұмыр кешкен, музыкалық мұрасының молынан сақталған жері – Қызылорда облысының Қазалы өңірі. Бүгінгі күні Мырза күйшінің «Асанқайғы», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі»,  «Алпыс екі Ақжелеңнің бауыр шешпесі», «Ташауыз» сияқты бітімі, құрылымы бөлек, композициялық жағынан оқшау тұрған жиырмадан астам күйлері белгілі болып отыр.

            Мырза күйлерінің  басты   ерекшелігі,  көбінесе, транспозициялық  формада   құрылған. Күйдің өзі шағын 3 бөлімді шығарма іспеттес.  Бұны «Жемнің ағыс күйі», «Ташауыз», «Бұғының күйі», т.б. күйлерден байқауға болады.  Осындай  құрылымдағы күйлер, көбіне, сағасыз болып келеді. Яғни, батыс  күйлеріндегідей  кіші, үлкен сағаларда үстіңгі ішектегі стереотип тартылмайды. Осы әдіс Сыр бойы  күйлерінің көбіне тән.
            Мырза күйлерін, сонымен  қатар, Сыр бойында  сақталған халық күйлерін, Құрманай Төремұрат,  Жалдыбай күйшілер мұрасын шашау  шығармай, ерекше  нақышпен орындап,   насихаттаушы – қазалылық дүлдүл  домбырашы Нәби Жәлімбетов.
Жоғарыда аттары  аталған күйшілердің шығармаларымен қатар, осы антологияға Жалдыбай, Қобылаш,  Исламбек Ысқақов, Жалғасбай Аралбаев, Төлеген Қаражанов, Мұзарап Жүсіпов тәрізді Сыр бойында өмір сүрген күйшілердің туындылары да енгізілді.

 

                       

Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі


                 Қазақтың күйшілік өнері өркен жайып, ерекше дамыған өлкелердің бірі – Батыс Қазақстан аймағы.  Батыс күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілдері Махамбет, Боғда, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, Түркеш туындыларын қазақ өнерінің ғана емес,  бүкіл түркі әлемі музыкасының жетістігі деп айтуға болады. Батыс  күйшілік мектебінің қайнар көзінде күйші, әрі жырау, батыр бабамыз Махамбет тұр. Көнеден тамыр  тартқан жыраулық дәстүр өкілі Махамбеттің күйлері айбынды  жырларымен сарындас болып келеді. Ішкі  Бөкей ордасында  бүкіл ғұмырын өткізген Махамбет күйлерін сол Исатай бастап, өзі қостаған жорық жылдарының музыкалық портреті десе де болады.
                Махамбеттің толғау жырларындағы тегеурінді  сарындар  осы мектептің теңдессіз тұлғасы Құрманғазы күйлеріне де жат емес. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда Бөкей ордасында аса күшті домбырашылық мектеп  қалыптасты. Екі  үлкен бағытта дамыған Бөкей күйшілік дәстүрі Құрманғазы, Дәулеткерей есімдерімен  тығыз байланысты.

                Батыс  Қазақстан күйшілік дәстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлы – әлемдік өредегі алып композитор. Құрманғазының аса күрделі шығармашылығы дыбыстық бояуларының қанықтығымен,  алапат тегеурін,  ырғақтық иірімдерінің алуандығымен ерекшеленеді.
                Құрманғазының күйшілік тұлғасын, жан  дүниесін толық танытатын,  қуатты оттай
бұрқыраған «Сарыарқа», «Төремұрат», «Кішкентай», «Серпер», «Терісқақпай», «Балбырауын» сияқты күйлерінің әрқайсысы – қайталанбас, кесек туындылар. Құрманғазының күйшілік  дарыны  сан қырлы. Оның «Адай»,   «Төремұрат», «Терісқақпай»,  «Серпер»   сияқты күйлерінен асқақ батырлық  рух   сезілсе,  «Қайран  шешем», «Аман бол,  шешем,  аман бол»,  «Айда, бұлбұл  Айжан-ай»,  «Балқаймақ» сынды  туындылары ой-толғам, сырлы  сезім  толғаныстарына құрылған.
               Батыс өңірінде «қара қағыс» немесе  «тентек қағыс» деп аталған Құрманғазы дәстүріне мүлде ұқсамайтын өзгеше, оқшау мектеп, дара дәстүр қалыптастырып, әуендік тұрғыда сазды, сұлу күйлер қалдырған Дәулеткерейді А.Жұбанов: «Төре күйлерінің атасы», – дейді.
Дәулеткерейдің «Қыз Ақжелең», «Құдаша», «Ысқырма» «Керілме», «Ақбала қыз», «Бұлбұл», «Көркем ханым» күйлері лирикалық әуені басым, сырлы сезімге толы болып келсе, «Топан», «Салық өлген», «Охота», «Шолтақ»,

 

                                         Маңғыстау күйшілік дәстүрі

                 Бұл өңірде қалыптасқан күйшілік мектеп оқшау ыңғайда дамыған орындаушылық және шығармашылық әдістерінің ерекшелігімен көзге түседі. батыс күйшілік дәстүріне жататын Маңғыстау күйлері қағыс, тартысымен айрықшаланып, өз алдына бір мектеп болып қалыптасып кетті.
                Маңғыстау өлкесінде аңыз-әңгімелерімен  баяндалатын көне күй үлгілері, айтыс-тартыс, тармақты, тізбекті, тарихи күйлер мол сақталған. Әріден  келе жатқан ескі күйлермен қатар, «Қазақ пен ноғайдың  айырылысуы», «Ноғай сазы», «Бала ноғай сазы», «Алпыс тараулы Науаи» сияқты халықтық мұраға айналған домбыра саздары да аз емес.  Осындай  авторы  белгісіз  көне күйлердің бір шоғыры –  «Науайы».   Ерте  замандардан тамыр тартқан көне күйлердің бірі – Кетбұғаның «Ақсақ құлан, Жошы хан» күйі. Бұл күй Мұрат Өскенбаевтың  орындауында  «Құлан сарыны», «Естірту», «Айдаһармен арбасу» деп салаланып келеді. Сол сияқты аңыз-әңгімесімен  жеткен  халық күйлерінің бірі – «Нар идірген». Шалдың, жігіттің, баланың тартқаны  болып  келетін осы үш күй «Өрелі мая» деп те аталады.
                 Абыл, Қартбай,  Есбай, Есір, Құлшар, Қоңыр, Өскенбай, Шамғұл, Әлқуат, Мұрат сияқты Маңғыстау күйшілерінің есімдері қазақтың аспаптық музыка әлеміне әйгілі. Маңғыстау күйшілік дәстүріндегі көрнекті тұлғалардың бірі –  Абыл  Тарақұлы. Абылдың бізге  жеткен  «Абыл», «Нарату» күйлері – қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік, философиялық мәні терең, эпикалық сарыны басым кемел туындылар.
                  Айтыс,  тартыс күйлерімен аты  белгілі Құлшардың «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Сық-сақ», «Кебіс қалған» деп аталатын циклды күйлері қызғылықты әңгімесімен шағын театрлық қойылымға ұқсайды. Жинаққа Құлшардың бұдан басқа да әзілге құрылған «Тілемсек»,  «Жап та,  қымта» атты күйлері енді.
                 Абыл, Есір, Құлшар, Өскенбай, Қартбай сынды күйшілердің туындыларын, ертедегі аңыз күйлерді, өз күйлерін қосқанда, ұзын саны, үш жүздей күй тартқан. Бұл антологияға Абыл, Есір, Есбай, Құлшар, Өскенбай сияқты аттары  белгілі  күйші-композиторлар күйлерімен қатар, Жолды, Қартбай, Қоңыр, Мұрат Өскенбаев, Айдарбай, Самиғолла Андарбаевтың шығармалары да толық еніп отыр.

 

Қазіргі заман күйлері


               Қазақ музыкасының арнайы кәсіпқойлық жүйеде қалыптасуына, дамуына атсалысқан күйші-композиторлар шығармалары да осы жинаққа арнайы топтастырылды. Академик А.Жұбановтан бастап, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, Х. Тастанов,  Р.Омаров, Н.Тілендиев, К.Күмісбеков сияқты Қазақстан кәсіби музыкасының іргетасын қалауға үлес қосқан композиторлардың айшықты шығармаларымен қатар, осы буынға ілесе шыққан М.Әубәкіров, А.Мырзабеков, М.Қалауов, Ә.Есқалиев, С.Балмағамбетов, Ш.Әбілтаев, Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, Қ.Тасбергенов, С.Тұрысбеков, т.б. композиторлардың туындылары және С.Құсайынов, Ә.Желдібаев, М.Сыдықов сынды күйшілердің кең тараған күйлері де жинақтан орын алды.
           

              Қобыз және сыбызғы күйлері (Саян Ақмолда)
Күй жанрының мейлінше  професионалдық сипат  алуы, салқар дамуы домбыра аспабына қатысты және бұл – әсіресе, XVIII-XIX ғ.ғ. байқалған құбылыс. Алайда,  ең көне күйлер қобыз бен  сыбызғыда орындалғаны – даусыз ақиқат.
              Қобыз – қазақ халқы алабөтен қасиет тұтатын аспап.  Этномузыка  саласының білгірі  В.Бахманның  пікірінше, қобыз – жер  бетіндегі  ең ежелгі шекті, ыспалы аспап болса керек. ХХ ғ. соңғы ширегінде  европалық зерттеушілер В.Бахман  мен С.Дончев қобыздың, Орталық Азия көшпенділерінің соған ұқсас аспаптарымен қатар, бүгінде Европа ғана емес, күллі әлемге таралған скрипка, виолончель сияқты сұлу, сиқырлы аспаптардың түп атасы, төркіні екенін бұлтартпас дәйектерге жүгіне отырып, дәлелдеп шықты.   
               Қазір қобызды нарқобыз және қылқобыз деп екі түрге бөліп жүрміз. Қылқобыз – бүгінде жұртшылыққа әбден көзтаныс болған, күй тартуға арналған тұрқы шағын  аспап.  
Бірақ, қобыз күйі шынымен  түрленген уақыт, «алтын ғасыр» – ХІХ ғ.  еді. Бұл кезеңде Ханқожа,  Ерден, Дүкен сынды үлкен қобызшылар өткендігі айтылады.  Дегенмен,  арқалы, ұлы күйші Ықылас ғана қобыз күйін мүлде жаңа тарапқа бағыттап, өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен еді. Ықылас әулетін қазақ арасында жеті атасынан қобызшылар ұрпағы  деп  атайды.                 

               Қорқыт әуенін,  ежелгі  бақсылар сарынын жеріне жеткізе меңгерген Ықыластың қобызы жаңаша тыныс ашты, күңіренген даусы кеудесінен керемет сырлы күйге айналып ақтарылды. Ықыластың әйгілі шәкірттері дегенде, жадымызға бел  баласы  Түсіпбек, сондай-ақ Әбікей, Сүгір күйшілер оралады. Осы күйшілерден  тікелей  дәріс алған Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев – Ықылас өнернамасын небір ауыр өткелектен аман алып өтіп, келер ұрпаққа табыстаған абзал жан, ірі қобызшылар.
              «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты бұл жинаққа күй атасы Қорқыттың атынан тартылатын күйлер және оның өнерін жалғастырушы Баубек, Көзбен, Тілеп сынды бақсылардың күйлері толығымен енді. Құрылымы аса күрделі емес Қорқыт күйлері қысқа  сарынды  болып келеді. VIII-IX ғасырлардан  тамыр  тартатын бұл сарындарды ең көне қобыз күйлерінің қатарына жатқызуға болады. Қорқыт шығармаларының ішіндегі ауқымы кең, мағынасы терең күйлердің  бірі  – «Қоңырды» жинақта Жаппас Қаламбаевтың орындауында бердік. «Қорқыт» күйінің  келесі  бір  нұсқасын Дәулет Мықтыбаев орындаған. Қорқыттың «Желмая»,  «Ұшардың ұлуы», «Әуппай», «Елім-ай», сынды сарындары, бар қазаққа аты белгілі Баубек бақсының сарыны және оның «Қоңыржай» атты күйі, Тілептің «Бақсы» күйі белгілі қобызшы Мұсабек Жарқынбеков, Базархан Қосбасаров, Әлқуат Қазақбаев сынды белгілі қобызшылардың орындауында берілді.
             Қазақтың қобыз күйлерін жаңа  биікке көтерген – Ықылас Дүкенұлы. Ықыластың ең алғашқы күйлерінің  бірі – «Ерден».

           Ықыластың бірнеше  күйлері антологияға дәулескер күйшілер Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаевтың орындауында  енді. Дәулет Мықтыбаев көптеген күйлерді Ықыластың баласы Түсіпбектен үйренсе,  Жаппас  Қаламбаев Ықыластың шәкірті, Қаратау күйшілік мектебінің көрнекті өкілі Сүгір Әлиұлынан тәлім алған. Ықылас күйлерінің біздің заманға жетіп, нотаға түсуіне себепші  болған жандар  – Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев ұстаз тұтқан Сағынтай Елепанов күйтабақтағы «Кертолғау» күйінің бір нұсқасын орындаған...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.Ақселеу Сейдімбеков «Қазақтың әйгілі күйшілері»

2.Ақселеу Сейдімбеков «Кұй шежіре»

3.Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі»

4.Тоқтағанов «Домбыраға арналған хрестоматия.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему "Дәстүрлі күй өнері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 1370
    • DOCX 37.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ақылтай Айғаным Асқарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ақылтай Айғаным Асқарқызы
    Ақылтай Айғаным Асқарқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3305
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек