Инфоурок Другое СтатьиСтатья на тему: "ӨЗГЕ ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ"

Статья на тему: "ӨЗГЕ ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ"

Скачать материал

ӨЗГЕ ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

 

Жунусов Куаныш Мейрамович

 

«Теміртау қаласының №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы

 

     «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік

емес,  ол – жанадан жананы табатын өнер»

Ж.Аймауытов                                                                                                 

 

      Сыни тұрғыдан ойлау әдісі ерекше, өйткені – бұл әдіс әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктірді. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл әдіс оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және ойымен қабылдауын көздейді. [МАН, 2012.49б].  Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіснің тиімділігі - оқушыға үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренушінің қызығушылығын, сенімін арттыратын әдістердің бірі.

     Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің мақсат - барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке (оқу материалына) мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау, сындарлы ойлау арқылы оқушыны сыни ойлаудың биік шыңына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

    Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің міндеттер:    

Сыни ойлау арқылы барлық жастағы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуды  іске асыру;

Сын тұрғысынан ойлаудың озық әдістерін игеру арқылы оқушыларға терең білім беру;

Әрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу;

      Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырып келемін. Орыс тілді аудиторияға қазақ тілін меңгерту оңай жұмыс емес. Дегенмен, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  - менің сабақ беру әдісімді, оқытуға деген түсінігімді өзгертті.

    

      Менің зерттеу назарымда сыни сауаттылық және біздің қазіргі қоғамда, яғни оқушы назарында оны қалай түсінеді деген мәселе. Мен үшін Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ұғымы деңгейлік курсты аяқтағанға дейін аса таныс болмаған еді. Ал қазір деңгейлік курсты аяқтағаннан кейін екі-үш жыл көлеміндегі тәжірибемде «Сыни» сөзі көптеген сұрақтарыма жауап тауып, әлі де сұрақтар тудырды және тудыруда.

      Жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме еніп, шыңдалып, нәтижесін беріп  келе жатқан әдіс - Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету әдісі. Аталған әдістің басты мақсаты - оқушылар кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің шешіміне келуі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің тиімділігіне келер болсақ, менің оқыту кезінде назар аударған тұсым, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.  Мені қызықтыратыны аталған әдіс арқылы оқушыларымның өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Әсіресе, әдістің тиімді тұсы-оқушыларым еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге дағдыланып келеді. Оқушыларымның Сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасай алуы сияқты жан-жақтылық іс-әрекеті тәжірибемде көрініс тауып отыр.

 

     Сонымен сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді тәжірибеде қалай анықтауға болады? Мен ұстанатын сыңдарлы оқытуды жан-жақты қарастырып, бір ойға, әрі анықтамаға келуім, тәжірибемдегі үш өзгерісті байқатады.

     Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Сабақты сыни тұрғыдан ойлау принципі мен құрылымы негізінде жүргізетін болсақ, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын бір-бірінен тәуелсіз құратын болады. Мысалға, бір оқушы, барлық оқушылар үшін сыни ойлай алмайды, Себебі, әркім барлығына өзіндік ойлайды,  жеке жауап береді, өзіндік, жеке іс-әрекет жасай алады. Сонымен өзіндік, жекелік ойлау, ол сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің алғашқы, әрі маңызды сипаты болып табылады. Яғни ойлау, өзіндік сипатқа ие болғанда ғана оқушыда сыни тұрғыдан ойлағандық пайда болады деп есептеймін.

      Екіншіден, сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады.  Менің ойымша, сұрақ қою, жауап алу - мұғалім мен оқушының мағына мен білімді игеруде, бірлескен іс-әрекетке түсуіне ықпал етеді. Мен осы уақытқа дейін  сұрақ қоюды «бастама-жауап-кейінгі әрекет» моделі бойынша ұйымдастырып келдім. Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары  деңгейде дамыту үшін сұрақтарды қолдануға қатысты түсінігім өзгерді. Мен сабақтарымда үнемі сұрақ қою әдістерін жүйелі пайдаланып, оқушының тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етуді кеңінен қолданамын. Мысалы, жаңа тақырыпты  ашу, ой салу үшін оқушыға түрткі сұрақтар қоюға болады немесе басқа оқушыларға қайта сұрақ қою, дұрыс жауап қабылдау, толығырақ жауап алу үшін қайта бағыттау сұрақтары қойылады. Ал мағынаны танып, өз ойларын анық білдіріп, идеяларын дамытуға көмектесетін, толық жауап беруін дамытатын сынақтан өткізуге арналған сұрақтар қоюға болады. [МАН, 2012.49б]. Сұрақ қою арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттап отыруды үйрендім. Менің аңғарғаным, дұрыс сұрақ қою оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Олардың қалай ойлайтыны бізді ойлантқан емес. Ал, сұрақ қою әдісінің мүмкіндіктері жоғары, әрі қойлған сұрақтар оқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады,  бірден оқушының сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді. Сонымен сұрақ қойып, жауап алу кезінде оқушылар жауабына шектеу қоймай, әрбір оқушының пікірі құнды екеніне назар аудару қажет деген ойға келдім.

     Үшіншіден, оқушыға сыни тұрғыдан ойлау принципі негізде берілетін ақпарат- сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің соңғы шешімі, білім қорытындысы сипатына ие болмайды. Оқушы көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді. Яғни оқушы сыни тұрғыдан ойлау принципі негізде берілетін ақпаратты қорытындыламайды, оны керісінше алған білім және алатын біліммен ұштастырады. [Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. С. Мирсеитова мен Ә. Іргебаева. Алматы. «Верена», 2009ғ 14б]. Ал меніңше, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі - мұғалім тәжірибесіндегі оқушының ойын, ойлауын шыңдау деп түсінемін. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімімен, жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Шыңында, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы бірден білімнің іргесін қалап тастай алмайсын ғой. Білімді бірден қорытындылай алмайсын. Игеретін білімнің, оның уақыты шексіз. Өйткені нақты білімнің оны тауыспайтындығы анық.   Сыни тұрғыдан ойлау принципі негізде, берілетін ақпарат сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің соңғы шешімі, білім қорытындысы емес. Керісінше, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі - оқушылардың берілген ақпарат бойынша сыни, сындарлы ойлай алатын, жаңа білімнен жаңасын анықтайтын, жаңалықтан жаңашылдық ашатын, жан-жақты шығармашылыққа баулитын, бірден-бір тиімді әдіс деп есептеймін. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету  әдісі – бұл мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана деп білемін. 

 

       Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісін – пәндік нәтижеге бағытталған түсіндік деп қарастырамын. Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. Өз тәжірибемде диалог арқылы сыни тұғыдан ойлауды дамытуа оқушыларға «Жұптық әңгіме» стратегиясын жиі қолданамын. Оқушыларым әр сабақта сұрақ-жауап арқылы жұптасып әрекеттесті. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту  және жұптық әңгіменің жүзеге астып отырады. «Жұптық әңгіме» стратегиясының басты міндеті оқушылардың мұғалім ұсынған сұрақтарды тыңдап және оларға жауап беру ғой. Оқушыларымның ауыз екі сөйлеу қабілеттерінің шыңдалуы мен сұрақ-жауаптарының дұрыс болуына, тапсырманы мұқият, әрі жақсы деңгейде орындаған оқушыларға жауапты мақтау, жауапты түзету әрекеттерін өз тарапымнан қолдандым. Себебі, оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра аламын. Аталған стратегияны өз тарапымнан оқушылардың жауаптарына ұсынған әрекет түрі деп бағалаймын.

      Мен сабақта Сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолданғанда оқушының рөлі мүлде өзгереді. Менің түсінігімде ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру. Менің  сабағымның мониторингісі көрсеткендей, оқушылар тек белсенді жұмыс атқармайды, олар табысқа жеткеніне қуанады. Ең бастысы, оқушылар сабаққа немқұрайлы емес! Бұл туралы менің әр сабақта көретінім: Мені сыныпқа кіргендегі оқушылардың қуанышты көзқарастары қуантады. Олар сенің әр қимылыңды, сөзіңді бақылап отырады. Әр жаңа нәрсені ашып, өлең оқыған, әдебиеттегі шығармалардың кейіпкерлеріне ену қызықтырады. Мен өз оқушыларымның  талабын көремін, сөйтіп олар өздері жаңа білім ашады, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы сенімділік пен сыйластық орнаған жақсы қарым-қатынас пайда болды. Дегенмен, ең ұнайтыны – оқушылардың қойылған сұраққа жауап іздейтіні, жоғары нәтижеге жетуге тырысатыны, өз ойын еркін жеткізіп, нағыз зерттеушіге ұмтылғаны. Менің сабағымда өзге ұлтты оқушылар өз ойларын ана тілінде жеткізіп жатады. Өз тарапымнан оқушының өз ойын қай тілде болсын еркін жеткізе алуына мүмкіндік беремін, шектеу қоймаймын. Оқушының көп тілді меңгеруі заман талабы ғой. Оқушыларым ұсынған ақпаратты талдауда жан-жақты ізденеді, яғни жаңа білім қосады, бірін-бірі тыңдауға үйренген, ұжымдыққа қалыптасқан.

      Тәжірибеде байқағаным, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін оқушыға сыни тұрғыдан ойлауды тудыру, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауы үшін уақыт керек. Яғни оқушыларға жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда, өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.

 

      Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі - менің сабақ беру әдісімді ғана өзгертіп қойған жоқ, менің терең сенімімді қанағаттандырып, кәсіби намысымды оятты. Менің оқушыларым өздерінің сенімділіктерімен, еркін ұстауларымен таң қалдырады. Тақырып туралы сөйлеуге қорықпайды, сұрақтар қояды. Ал өздерінің еңбегінің жемісін көргенде, жақсы баға мен мақтауларға бөленгенде, қуанғандарын көрсеңіз. Әр баланың жан-дүниесіне үңілсеңіз бір нәзіктікті сезінесіз, ал егер оны абайлап түртсеңіз, олар сөйлейді және де бар даусымен сөйлейді. Сондықтан менің міндетім – осы нәзіктікті тауып, оларды жақсы көру.

     Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің принципі мен тұжырымдамасын іс-тәжірибеммен ұштастырғанда Қандай нәтиже береді? деген сұрағымның жауабын өз тәжірибемде тауып келемін. Себебі, мұғалімнің сындарлы білімі, жаңа заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттерінің бар болуында. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі - оқушының дамуына ықпал ету мен нәтижеге бағыттап қана қоймай,  өз жұмысыма сыни тұрғыдан қарауды және «Рефлексивтік практик» деген ұғымды тәжірибемде түйсіне білуіме ықпал етті. Жаңа  бағытта жұмыс жасау (заманауи мазмұндағы сабақтар, іс шараларға рефлексифтік есеп беру, шеберлік сабақтар, байқауларға қатысу), білім сапасын арттыра отырып, әр оқушының сыни, сыңдарлы ойлау мен дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, білімді жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру  - менің міндетім.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. С. Мирсеитова мен Ә. Іргебаева. Алматы. «Верена», 2009, 13-145-230 бет.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, 49 бет.

3. Ұ. Жазықбаева. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары.   «Бастауыш мектеп» №10 2003, 19 бет.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему: "ӨЗГЕ ТІЛДІ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 244 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2016 729
    • DOCX 57 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жунусов Куаныш Мейрамович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жунусов Куаныш Мейрамович
    Жунусов Куаныш Мейрамович
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28094
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой