Инфоурок Другое Другие методич. материалыСынып сагаты "Салтым - асыл казынам" 7-сынып

Сынып сагаты "Салтым - асыл казынам" 7-сынып

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Сынып  сағаты

 

Салтым – асыл қазынам

 

 

                         өткізген:Қабылқақова Ж.Б.

 

 

 

 

 

 

                    Онды орта мектебі  

 

Тақырыбы: Салтым – асыл қазынам.

 

Мақсаты: білімділік – білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

 

тәрбиелік – оқушыларды жан –жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;

 

дамытушылық – атамұраны, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, этика – эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

 

Көрнекілігі: киіз үй, нақыл сөздер, қоржын, асық, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар, қазақтың ою- өрнектері, буклеттер, дайын қол бұйымдары т.б.

 

 

Барысы.

 

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;

ә) қонақтарды қарсы алу;

б) «Салтым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастау.

Сабақ «Бастаңғы» салт – дәстүрімен басталады.

Әжесі мен немересі әңгімелесіп отырады.

 

Немересі: Әже, осы әкемнің атын неліктен Жолдыбай деп қойғансыз?

 

Әже: Е – е , балам, ертеректе адамның есімін ырымдап, қай уақытта туылса, сол мезгілге лайықтап қойған. Ол кезде тауға көшіп жатқан кезіміз еді. Сол жолда келе жатып болған жағдай болғаннан кейін осылай қойғанбыз. Ондай есімдер көпқой.

 

Немересі: Әже, бүгін әкем мен апамның қыдырып кеткенін пайдаланып балаларға бастаңғы жасап жіберейікші.

(Әжесі ойланып отырып рұқсат береді).

 

Әже: Жарайды, балам, шақырсаңшақыра ғой, тек шуламай тәртіпті өткізіңдер.

Немересі жүгіріп кетіп құрбыларын шақырып келеді. Барлығының қолдарында тағамдары бар. Дастарханға қойылады.

 

Нан – тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан да үлкен, сондықтын дастарханға бірінші нан қойылады. Нан бар жерде ән бар.

 

Бауырсақ. «Бауырмал, туысшыл, жақыншыл деген мағынаны білдіреді» деп бауырсақ қойылады.

Қымыз, айран, сүзбе, саумал шұбаты,

Қатық, тосап, жент адамның қуаты.

Қаймақ, көже, ақ ірімшік, сүт, уыз,

Қазағымның сүт тағамы – бұл аты.

Сүттен істелінген тағамдар қойылады.

 

Немересі: Әже, осы біз білмейтін салт – дәстүрлеріміз көп  - ау деймін.

Өткенде біздің әжеміз «Енді күн жылынса киіз басамыз, соған «қой бастыларыңды» дайындай беріңдер» деп көршілерге айтып жатыр, ол қандай дәстүр?

 

Әже: Ә-ә, «қой басты» деген ... ертеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезіндеоны үй арасында домалата жүріп, бір үй тұсына келгенде «Қой басты» деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.

 

Қыз:  Ал «Шарғы» деген не?

Әжесі жауап береді.

 

Әже: «Шарғы» деген – дәстүр. Өзіне таяу сіңлісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл «Ендігі кезек сенікі» деген мағына екен. Бұрын қыздар басына орамал тағып шыққан.

 

Қыз: Қыздар, сендер «біз шаншар» деген салтты білесіңдер ме?

 

Қыздар: Жоқ, жоқ, ол қандай салт?

 

Қыз: Мен өткенде кітаптан оқыдым. «Біз шаншар» салты «жаушы» орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішін аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «Бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді екен.

 

 

Қыздар: О,о, біз білмейтін салт  - дәстүрлер көп екен ғой, ол кітапты оқиық.

 

 

Қыз: Әй, құрбылар, енді жұмбақ шешіп, мақал – мәтелдер айтайық. Қане, кім жасырады?

 

 

 

Жұмбақтар

1.     Бір итім бар қабаған,

Аузына темір жамаған. (Кебеже)

2.     Атқа арта салдым,

Ішіне толтырып арпа салдым. (Қоржын)

3.     Судан ғайып,

Әжемде бар қос қайық. (Кебіс, мәсі)

4.     Көк тіреп тұрған,

Көп таяқты буған. (Басқұр)

5.     Мата қиындыларын қидаладым,

Қимай оны қызға арнадым. (Құрақ)

 

Мақал мәтел

1.     Ердің қасиеті ерлігінде,

Қыздың қасиеті жүзігінде.

2.     Сырғаның көздерінде ұлттың ұлылығы бар,

Оны түсінген қыздың жүрегінде сыры бар.

Осы кезде даладан немересі жүгіріп келіп табалдырықты, есікті керіп тұра қалады.

 

Әже: Балам, есікті кермей, табалдырықтан бері өт, ішке кір. Бір жаңалық айтайындеп келдің бе, ентігіп тұрсың ғой?

 

Немересі: Иә, әже, сүйінші!

 

Әжесі: Қалағаныңды ала ғой, балам. Ол не?

 

Немересі: Қой егіз қозы туыпты, сондай бір әдемі.

 

Әжесі: Жақсы болыпты ғой, балам! «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген, мына жолдастарың құтты қонақтар болды ғой.

 

Қыз: Әже, онда қозының біреуін мен алайыншы.

 

Әжесі: Бұл «Наурыз төлі» деп аталады, төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Сондықтан келесі кезекте берейін, жарай ма? Сен ренжіме.

 

Қыз: Қыздар, енді «Жүзік салар» ойынын ойнайықшы.

   Ойын ойналады. Айыптылар ән айтады.

   Ән: «Дастархан».

 

Қыз: Кеше «Төле би» аулына бесік тойға барып едім, содан шаршап отырмын.

 

Жігіт: Мен де «Абай » аулының «Тоқым қағарында» болып келдім.

 

Қыз: «Тоқым қағар» деген де дәстүр бар ма?

 

Жігіт: «Тоқым қағар» деген «бәсіре» атына мініп алғаш алыс сапарға аттанарда «Жол аяқ» немесе «Тоқымқағар» беріледі. Мал сойылып, үлкендерді шақырып қонақ етеді. Ондағы мақсат «Сапарым сәтті болып, аман есен оралсам» деген ақ тілекпен шыққан ақ тілек. (Бата беріп шығарып салады).

 

Қыз: (кіріп келіп) Сіздерді «Қара қия» аулы «қапқағарға» шақырып жатыр, «қапқағар» деген де дәстүр бар ма?

 

Әже: Иә, балам, қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қатпа болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр «ет қайтар» деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөлісіп жейді. Мұны «қапқағар» дейді.

 

Қыз: «Естімеген елде көп» демекші салт – дәстүріміз көп екен ғой – дейді.

 

Осы кезде бір кісі: Қой, барсақ, барайық. Халқымыз «Шақырған жерден қалма, шақыруға зар боларсың» деген. Сондықтан шақырған жерден қалмайық. (Қозғала бастайды).

 

Жігіт: Бата беру- ақ ниеттен туған жарқын салт. Ақ тілек айту – ежелден келе жатқан дәстүр, бата беріңіз.

 

Қария бата береді.сабақ соңында оқушыларға рахмет айтылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сагаты "Салтым - асыл казынам" 7-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Салтым – асыл қазынам.

 

Мақсаты: білімділік – білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

 

тәрбиелік – оқушыларды жан –жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;

 

дамытушылық – атамұраны, ой -өрісін, ойлау қабілетін дамыту, этика – эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын кеңейту.

 

Көрнекілігі: киіз үй, нақыл сөздер, қоржын, асық, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар, қазақтың ою- өрнектері, буклеттер, дайын қол бұйымдары т.б.

 

 

Барысы.

 

Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;

ә) қонақтарды қарсы алу;

б) «Салтым - асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастау.

Сабақ «Бастаңғы» салт – дәстүрімен басталады.

Әжесі мен немересі әңгімелесіп отырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2015 1365
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабылкакова Жания Болаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кабылкакова Жания Болаткызы
    Кабылкакова Жания Болаткызы
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10103
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе