Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Тағамның құрамы мен маңызы

Тағамның құрамы мен маңызы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тақырыбы: Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларды дұрыс тамақтану маңызын, мезгілімен тамақтану мен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық, ақыл-ойын, ойлау-логикасын тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыра отырып, дамыту.


Сабақ типі (түрі): Жаңа материалды оқып үйрену сабағы.


Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық, проблемалық, топтық жұмыс, ойын-жарыс.


Сабақ көрнекілігі: негізгі витаминдерге сипаттама берілген және адамның бір тәулікте қажет ететін тағамның шамамен алғандағы мөлшері берілген кестелер.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырм асын беру.


1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).


2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпқа байланысты тест алу. Тест түрі – жабық тест.

Жабық тест сұрақтары:

1. Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:

а) төмендегені;

ә) жоғарлағаны;

б) өзгермегені;

в) ауру тудырғаны.


2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:

а) сколиоз;

ә) кариес;

б) туберкулез;

в) рахит.




3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:

а) тұмау;

ә) пневмания;

б) туберкулез;

в) цистит.


4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:

а) 1000 мл;

ә) 3500 мл;

б) 500 мл;

в) 5000 мл.


5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы:

а) ауа тамырда;

ә) мұрын қуысында;

б) өкпеде;

в) кеңірдекте.


6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:

а) туберкулез;

ә) бронхит;

б) тұмау;

в) трахейт.


7. Адам тыныс алуына қажетті газ:

а) азот;

ә) азот (ІІ) оксиді;

б) оттек;

в) көмірқышқыл газы.


8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:

а) силикоз;

ә) плеврит;

б) СПИД;

в) пәле (рак).


Жауаптары: 1-а, 2-б, 3-в, 4-ә, 5-ә, 6-б, 7-б, 8-в.


3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

Тағамның маңызы.

Тағамның құрамы.

а) нәруыздар;

ә) майлар;

б) көмірсулар;

в) витаминдер;

г) минералдық тұздар;

д) су.

3. Тағамдық заттардың қызметі.

4. Тамақтанудың гигиенасы.


1.Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас – адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттаркүнделікті пайдалынатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. өнделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға тарлып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттарыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі кезде жер бетінде адам баласын тамақпен қамтамасыз ету өзекті мәселелерлің бірі. ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде бір милиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатқаны белгілі болып отыр. Сондықтан да адамзат баласын ашаршылықтан құтқару БҰҰ-ның негізгі он мәселесінің бірі.


Тағамның құрамы. Адам өсімдіктегі және жануартекті тағамдарды пайдалынады. Адам күнделікті пайдалынатын тағамының құрамында күрделі органикалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар және витаминдер) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

а) нәруыздар – адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын өоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

ә) майлар – бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар – жылу қоры. Май – сүт өнімдерінің, жұмытқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1-1,25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70-100 г май пайдалану керек екен.

б) көмірсулар – бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400-450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.

в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т.б. жатады.

г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адм тәулігіне 5-6 г-дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод – қалқанша бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4,5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.

д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су – ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.

Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыст ық, шөлді жерлерде айқын байқалады.


3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.

Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас қорытутағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.

Қоректік зат – клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.


4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.

Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкеністер әсер етеді.

Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.

Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.

Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Естеріңде болсын!

Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағмдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, рабио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкенне кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттені қажет.


IV. Қорытындылау, бекіту: топ-топпен ойын – жарыс түрінде өткіземін.

Ойын – жарыс ережесі: Оқушыларды 3 топқа бөлеміз, парта бойынша. Тақтаға 3 адам бейнесі салынған сурет ілінеді. Бейненің үстінен номерленген 5 карточка ілінеді. Карточканың артқы бетінде «адам ағзасына қажетті тағамдық заттар» жазылған. Мысалы, нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералдық тұздар+су. Карточканың сұрақтары проблемалық сұрақтар, яғни оқушының логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалауға негізделген. Әр топтан 1 ғана оқушы шығып, қалаған карточканы таңдап алып, сұраққа жауап беруі тиіс. Жауап дұрыс болған жағдайда сурет бетінен карточка алынады, ал жауап бермеген жағдайда карточка орнында қалады, одан соң ол карточка қайта ашылмайды. Осылайша карточкаларды ашу барысында адам бейнесі толық ашылуы керек. Егер адам бейнесі толық ашылса, онда ол адам қалыпты, яғни ағзасындағы тағамдық заттар өз нормасында екендігінің белгісі. Ал, адам бейнесінде 1 немесе 2 карточка қалып қойылса, онда адам ағзасында сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады.

Адам бейнесін толық ашқан топ – жеңімпаз деп есептелінеді.

Бірінші топ сұрақтары:

Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеп, ағзамызға әр уақытта қоректік заттар барады).

Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына бір күндік нәруыз мөлшері 100-120 грамға тең болуы қажет. Нәруыз тек адам ағзасын құрастырушы ғана емес, сонымене қатар нелерді түзуге қажет? (ферменттер мен гормондар).

Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағам құрамында болады. Май – тышқанда болама? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды).

Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында нәруыздар, витаминдер, көмірсулар, майлар кездеседі. Олар не күйінде кездеседі? (минералды заттар немесе минералды тұздар күйінде).

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек және үнемі әр түрлі тамақ ішеміз. Себебін айт. (оның сіңімділігі төмендейді және адамның асқа тәбеті тартпайды).

Екінші топ сұрақтары:

Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (адам тамақтан шашалып, тұншығып, кейде өліп кетуі мүмкін).

Күн ыстықта, жол жүргенде адам суға тұзнемесе қант қосып ішеді. Бұндай сусын адам шөлін басады. Себебін түсіндір. (күн ыстықта адам терлейді, термен адам ағзасындағы се мен минералды тұздар мен заттар шыңып, олардың мөлшері азйып кетеді. Сол себепті адамды шөл қысады. Осылардың орнын толтырады және шөл басады).

Нәруыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесеме? (кейбір жәндіктерде кездеседі, мысалыға, ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда).

Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс, көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам ағзасын өлтіруге дейін барады).

Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Тағам – ағза үшін не мен ненің көзі? (энегия мен құрылыс материял).

Үшінші топ сұрақтары:

Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Не себепті? (дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады).

Көмірсулар – негізгі жылу қоры. Ол көбінесе өсімдікті тағамдарда, жармаларда, ұнда, картопта, қант қызылшасында, сәбізде көп кездеседі. Ал көмірсулар жеміс-жидектерде болама? (ия).

Ағза қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Ағзаға түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады).

Витаминдер – химиялық тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті заттар. Оларды адам тағамның құрамынан алады. Ал жануарлар мен өсімдіктерден ала аламызба? (ия).

Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді).


V. Бағалау. Оқушыларға тесттің сұрағына толық немесе 1 қатесіне «5» деген баға қойдым, 2 қатесіне «4» деген баға қойдым, 3-4 қателеріне «3» деген баға қойдым.


VI. Үй тапсырмасына: Тақырыпты мазмұндап оқын келу және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу.











Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

                 Тақырыбы: Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.

 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушыларға тағамның маңызын, құрамы мен қызметі және тамақтанудың гигиенасы жайында білім беру.

2. Тәрбиелігі: оқушыларды дұрыс тамақтану маңызын, мезгілімен тамақтану мен салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық, ақыл-ойын, ойлау-логикасын тұлғалық қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыра отырып, дамыту.

 

Сабақ типі (түрі): Жаңа материалды оқып үйрену сабағы.

 

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық, проблемалық, топтық жұмыс, ойын-жарыс.

 

Сабақ көрнекілігі: негізгі витаминдерге сипаттама берілген және адамның бір тәулікте қажет ететін тағамның шамамен алғандағы мөлшері берілген кестелер.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (1-2 мин.).

2. Үй тапсырмасын сұрау  (5-7 мин.).

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20-25 мин.).

4. Қорытындылау, бекіту (10-15 мин.).

5. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.

6. Үй тапсырм асын беру.

 

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын).

 

2. Үй тапсырмасын сұрау: өткен сабақта өтілген тақырыпқа байланысты тест алу. Тест түрі – жабық тест.

Жабық тест сұрақтары:

1. Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:

а) төмендегені;

ә) жоғарлағаны;

б) өзгермегені;

в) ауру тудырғаны.

 

2. Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:

а) сколиоз;

ә) кариес;

б) туберкулез;

в) рахит.

 

 

 

3. Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:

а) тұмау;

ә) пневмания;

б) туберкулез;

в) цистит.

 

4. Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:

а) 1000 мл;

ә) 3500 мл;

б) 500 мл;

в) 5000 мл.

 

5. Тыныс алғандағы ауаның микробтар мен шаң-тозаңнан тазаруы, жылынуы:

а) ауа тамырда;

ә) мұрын қуысында;

б) өкпеде;

в) кеңірдекте.

 

6. Мұрынның иіс сезімталдығын төмендететін жұқпалы ауру:

а) туберкулез;

ә) бронхит;

б) тұмау;

в) трахейт.

 

7. Адам тыныс алуына қажетті газ:

а) азот;

ә) азот (ІІ) оксиді;

б) оттек;

в) көмірқышқыл газы.

 

8. Темекі шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:

а) силикоз;

ә) плеврит;

б) СПИД;

в) пәле (рак).

 

Жауаптары: 1-а, 2-б, 3-в, 4-ә, 5-ә, 6-б, 7-б, 8-в.

 

3. Жаңа материалды түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

Тағамның маңызы.

Тағамның құрамы.

а) нәруыздар;

ә) майлар;

б) көмірсулар;

в) витаминдер;

г) минералдық тұздар;

д) су.

3. Тағамдық заттардың қызметі.

4. Тамақтанудың гигиенасы.

 

1.Тағамның маңызы. Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. «Ас – адамның арқауы», «асты көрсең қадір тұт» деген сөздер тағамның қасиетін айқындап тұр. Ағзаға қажетті тағамдық заттаркүнделікті пайдалынатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. өнделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға тарлып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттарыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам – ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

Қазіргі кезде жер бетінде адам баласын тамақпен қамтамасыз ету өзекті мәселелерлің бірі. ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде бір милиардтан астам адам ашаршылықты бастан кешіріп жатқаны белгілі болып отыр. Сондықтан да адамзат баласын ашаршылықтан құтқару БҰҰ-ның негізгі он мәселесінің бірі.

 

Тағамның құрамы. Адам өсімдіктегі және жануартекті тағамдарды пайдалынады.   Адам күнделікті пайдалынатын тағамының құрамында күрделі органикалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар және витаминдер) бар. Бұл заттар сол қалпында жасуша жарғақшасы арқылы өте алмайды.  Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек. Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Тағам құрамындағы минералдық заттар (тұздар), витаминдер және су ағзаға тікелей сіңіріледі.

а) нәруыздар – адам пайдалынатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Олар адам ағзасында өздігінен түзілмейді, тек тағаммен бірге қабылданады. Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруы үщін құрамында біркүндік нәруыз мөлшері 100-120 грамм нәруыз қажет. Нәруыз негізінен мал, құс еттерінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, асбұршақта, балықта көп кездеседі. Нәруыздар тек адам ағзасын өоректендіруші, құрастырушы ғана емес, сонымен қатар ол көптеген ферменттер мен гормондарды түзуге  септігін тигізеді. Адм ағзасы үшін нәрлі нәруыз жануартекті тағамдарда көптеп кездеседі.

ә) майлар – бұларда адам ағзасы үшін қажетті заттың бірі. Майлар – жылу қоры. Май – сүт өнімдерінің, жұмытқаның және жануарлардың іш майында, майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Басқа органикалық заттармен  салыстырғанда май ыдыраған кезде энергия екі еседей көп бөлінеді. Адам сұйық (өсімдік) майларды көбірек пайдалануы қажет, өйткені ол ағзаға тез әрі жеңіл сіңеді. Бір күнде адам денесінің 1 кг салмағына қажетті ас құрамындағы май мөлшері 1-1,25 болуға тиіс. Енді, өзімізге бір тәулікте қанша май қажет екенін анықтайық. Орта есеппен адамға бір тәулігінен 70-100 г май пайдалану керек екен.

б) көмірсулар – бұл да негізгі жылу қоры. Олар көбіне өсімдіктекті тағамдардың, нанның, жарманың, картоптың құрамында көп кездеседі. Адам күнделікті пайдаланатын көмірсулар негізінен крахмал және қант жиі пайдаланады. Крахмал жармалардың ұнның, картоптың құрамында көп кездеседі. Ал, қант көбіне қант қызылшасында, сәбізде мол кездеседі. Ағза үшін, негізінен, жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені, ол тез сіңіреді. Мұндай қант  балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам денесінде жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Адам тәулігіне 400-450 г крахмал және 100 г қант жұмсайды. Сонымен қатар, құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне және қант ауруына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет. 

в) витаминдер немесе дәрумендер (латынша «vita» - тіршілік, «amin» - химиялық заттар) ерекше органикалық заттар. Адам оларды өте аз мөлшерде пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің денеміздегі мүшелеріміздің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Витаминдердің көптеген түрлері бар, атап айтқанда: А (ретиналь), В (тиамин), В2 (рибофлавин), В6 (пиродоксин), В12 (циакобаламин), С (аскорбин қышқылы), Д (кальциферолы), Е (токоферолы), К (филлохиноны) және т.б. жатады.

г) минералдық тұздар, адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдалынатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. Тұзсыз астың дәмі татымайды. Адм тәулігіне 5-6 г-дай ас тұзын пайдаланса жеткілікті. Минералды тұздар денеге жинақталады және жасушалар мен ұлпалардың құрамына кіреді. Мысалы, темір атогмы эритроциттердегі гемоглабиндердің құрамына кіреді және оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Иод – қалқанша  бездің гормонында, күкірт пен мырыш ұйқы безі гормонының құрамына кіреді. Қан түзу барысында темір, мыс өте қажет. Сүйектің құрамына кальций және фосфор кіреді. Және минералды тұздар адам ағзасында жетіспесе немесе көп болған жағдайда адам әртүрлі ауруға ұшырайды. Адам ағзасында минералды тұздар мен заттардың жалпы көлемі шамамен 4,5 % құрайды. Минералды тұздардың көлемі адам ағзасындағы судың көлеміне байланысты болады.

д) су адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адамның денесіндегі күрделі физиологиялық процестердің барлығы судың қатысуымен  жүреді. Сонымен бірге суда көптеген минералды тұздар ерітінді түрінде кездеседі. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне 1,5-2,5 л су қажет. Ал, егер адам дене еңбегімен ұзақ айналысқанда онда адамның тәуліктік су мөлшері де өседі екен. Жалпы су адам ағзасының 70% құрайды. Су – ағзаға керексіз, улы заттарды да сыртқа шығарады.

Ағзаның ішкі орталығын сақтауда су мен тұздың маңызы ерекше, бұл күні ыст ық, шөлді жерлерде айқын байқалады.

 

3. Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тамақтық заттар көптеген қызмет атқарады. Солардың ішінде 2 түрлі қызметін ерекше атап өткен жөн. Біріншіден – тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. Оны тағамның құрылыстық қызметі дейді. Екіншіден - тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден-бір көзі болып саналады. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т.б.) айналады. Мұны  тағамдық заттардың энергетикалық қызметі дейді.

Қорыта айтқанда, тағамдық заттар ағзаны үнемі құрылыс материалдармен және энергиямен қамтамасыз етіп отырады. Ас  қорыту – тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қан мен лимфаға өтуін немесе қоректік заттардың ас қорыту мүшелерінде механикалық өңдеуден өтіп, ферменттердің әсерінен ағза жақсы сіңіретін, химиялық ыдырауға ұшырайтын, процесті айтады.

Қоректік зат – клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.

 

4. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады.

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Үнемі бір түрлі тамақ ішкенде, оның сіңімділігі төмендеп, адамның асқа тәбеті тартпайды. Астың құрамында өсімдіктер және жануарлар өнімі болуы қажет.

Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады. Асқорыту сөлінің мол бөлуіне жеміс шырындары мен көкеністер әсер етеді. 

Тамақтану мезгілі. Асқорыту жүйесінің жақсы жұмыс істеуі үщін әр уақытта бір мезгілде тамақтану қажет. Үнемі бір мезгілде тамақтанып отырған адамның асқорыту мүшелерінің бездерінен тамақ алдында сөл бөліне бастайды. Сондықтан ас қарынға және ішекке түсісімен ыдырап, қорытыла береді.

Мезгілімен тамақтану – оның жылдам  қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.

Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3  мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.

Естеріңде болсын!

Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағмдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, рабио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкенне кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттені қажет. 

 

IV. Қорытындылау, бекіту: топ-топпен ойын – жарыс түрінде өткіземін.

Ойын – жарыс ережесі: Оқушыларды 3 топқа бөлеміз, парта бойынша. Тақтаға 3 адам бейнесі салынған сурет ілінеді. Бейненің үстінен номерленген 5 карточка ілінеді. Карточканың артқы бетінде «адам ағзасына қажетті тағамдық заттар» жазылған. Мысалы, нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералдық тұздар+су. Карточканың сұрақтары проблемалық сұрақтар, яғни оқушының логикалық ойлау дәрежесін бақылау мен бағалауға негізделген. Әр топтан 1 ғана оқушы шығып, қалаған карточканы таңдап алып, сұраққа жауап беруі тиіс. Жауап дұрыс болған жағдайда сурет  бетінен  карточка алынады, ал жауап бермеген жағдайда карточка орнында қалады, одан соң ол карточка қайта ашылмайды. Осылайша карточкаларды ашу барысында адам бейнесі толық ашылуы керек. Егер адам бейнесі толық ашылса, онда ол адам қалыпты, яғни ағзасындағы тағамдық заттар өз нормасында екендігінің белгісі. Ал, адам бейнесінде 1 немесе 2 карточка қалып қойылса, онда адам ағзасында сол тағамдық заттардың жетіспеуінің белгісі болады.

Адам бейнесін толық ашқан топ – жеңімпаз деп есептелінеді.

Бірінші топ сұрақтары:

Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (себебі, біздің асқорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеп, ағзамызға әр уақытта қоректік заттар барады).

Адамның қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқаруына бір күндік нәруыз мөлшері 100-120 грамға тең болуы қажет. Нәруыз тек адам ағзасын құрастырушы ғана емес, сонымене қатар нелерді түзуге қажет? (ферменттер мен гормондар).

Майлар әрбір жасушалардың тіршілігіне өте қажетті тағамдық заттар болып табылады. Май өсімдік және жануарлардан алынатын тағам құрамында болады. Май – тышқанда болама? (тышқанда болады, құмырсқада болмайды).

Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында  нәруыздар, витаминдер, көмірсулар, майлар кездеседі. Олар не күйінде кездеседі? (минералды заттар немесе минералды тұздар күйінде).

Ас тағамдары әр түрлі болуы керек және үнемі әр түрлі тамақ ішеміз. Себебін айт. (оның сіңімділігі төмендейді және адамның асқа тәбеті тартпайды).

 

Екінші топ сұрақтары:

Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (адам тамақтан шашалып, тұншығып, кейде өліп кетуі мүмкін).

Күн ыстықта, жол жүргенде адам суға тұзнемесе қант қосып ішеді. Бұндай сусын адам шөлін басады. Себебін түсіндір. (күн ыстықта адам терлейді, термен адам ағзасындағы се мен минералды тұздар мен заттар шыңып, олардың мөлшері азйып кетеді. Сол себепті адамды шөл қысады. Осылардың орнын толтырады және шөл басады).

Нәруыз негізінен мал және құс етінде, жұмыртқада, сүтте, жаңғақта, жармада көп кездеседі. Ал, жәндіктерде кездесеме? (кейбір  жәндіктерде кездеседі, мысалыға, ағаш қуысындағы жұлдыз құрттарда).

Суды дұрыс пайдалана білу керек. Ағза үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану да зиян. Не себепті? (суды шектен тыс, көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам ағзасын өлтіруге дейін барады).

Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Тағам – ағза үшін не мен ненің көзі? (энегия мен құрылыс материял).

      Үшінші топ сұрақтары:

Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Не себепті? (дұрыс тамақтану арқылы адам өз денесіне қажетті заттарды алып отырады).

Көмірсулар – негізгі жылу қоры. Ол көбінесе өсімдікті тағамдарда, жармаларда, ұнда, картопта, қант қызылшасында, сәбізде көп кездеседі. Ал көмірсулар жеміс-жидектерде болама? (ия).

Ағза қабылдаған тағам әр түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді. Ағзаға түскен тағамдық заттар қалай өңделіп, қалдық заттар сыртқа шығарылып отырады? (қан, лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралады).

Витаминдер – химиялық тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті заттар. Оларды адам тағамның құрамынан алады. Ал жануарлар мен өсімдіктерден ала аламызба? (ия).

Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді).

 

V. Бағалау. Оқушыларға тесттің сұрағына толық немесе 1 қатесіне «5» деген баға қойдым, 2 қатесіне «4» деген баға қойдым, 3-4 қателеріне «3» деген баға қойдым.

 

VI. Үй тапсырмасына: Тақырыпты мазмұндап оқын келу және тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарды дәптерге орындап келу.

 

 

 

 

Общая информация

Номер материала: 161817

Похожие материалы