Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: "Ізгілік педагогикасы" эссе

Тақырыбы: "Ізгілік педагогикасы" эссе

Скачать материал

                                                               Ералина Әсем Серикбайқызы

                                                             Қ.Қойдосов атындағы орта мектеп

                Ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі туралы эссе

Ыбырай Алтынсарин

       Қазақтың тұңғыш ағартушысы, өнер –білім жаршысы, «Әліппенің» атасы Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келген, сапалы ғұмырын халық үшін өмірінің соңғы күндеріне дейін саналы түрде сарпып өткен ұстаз. Ыбырай атамыз 1841 жылы Қостанай обылысы Затобол ауданында туған. 1879 жылы қазақ балаларына арнап «Қазақ хрестоматия» оқулышығн жазып шығарған талантты ақын.Ұстаздың ұстазы, ұлы тұлға Ыбырай Алтынсалин –өлеңдерімен мектеп табалдырығын аттағанбыз.

     Ең алғаш Торғай даласына мектеп ашып, балаларды оқуға шақырды. Бала оқытуға  және тәрбиеге мән  беріп, ағартушылық қызыметімен айналысқан. Қара халықтың ой санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері көп болған ұстаз. Алғаш мектепке барған кезде, қолымызға әліппені  алып, бірінші бетін ашқанда, Ыбырай атамыздың балаларды оқуға шақырған «Кел, балалар оқылық »өлеңі тұратын. Үлкен кісілер тақпақ айт деген кезде осы тақпақты тақылдатып айтатынбыз.

     Ыбырай атамыздың әңгімелерін ата-әжелеріміз біздерге ертегі сияқты айтып беретін.Ыбырай атамыздың мына бір сөзінде бір мән жатыр «Халық мектептері үшін ең керектісі оқушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтарды да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауы да оқушыларға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін» -деп айтқан екен ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән –мағыналы қасиетті ұғым жатыр. Ұстаздың алдынан  өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім –мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз.Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.

         Ыбырай атамыз «Мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы.... Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептерде» -деп айтқан. Сол мектепте балаға білім беріп қоймай, тәрбиеге мән беріп, әр баланы сүйіспеншілікке бөлеп, жан дүниесімен сырласып, рухани болмысын терең түсініп риясыз махабатқа бөлеу Ыбырай атамыздың сара жолынан өмір бойы сусындап, өнегесінен өнеге аламыз деп үміттенемін.

    Ыбырай атамыз қазақ балалар үшін шағын әңгімелер жазды. Әңгімелері балаларды мейірімділікке, адалдыққа, ізгілікке, ақылдылық пен білімділік мазмұны жағынан түсінуге жеңіл. Ана мейіріміне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен  бала ғана болашақта жылы жүректі азамат болып өсуіне  және мәнді өмір сүруге бейім болады.  «Таза бұлақ» әңгімесінде үш жолаушының психологиялық ой санасының жоғары деңгейде екенін көруге болады. Мұнда олар өздерінің ішкі жан дүние түсініктері мен түйсіктерін қолданған. Үш жолаушының да айтқан нақыл ақыл сөздері қате деп айтуға болмайды. Жазушы біреуін саудагер, біреуін молда, біреуін сұлу жас жігіт етіп баяндап сомдаған. Бұның өзі үлкен ақыл, өнеге тәрбие және психология деуге болады. Өткен заманнан келе жатқан ой түйсіктерінің адамдарды тек жақсылыққа баулу үйрету деп білемін. Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді; бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп шалам түсіп, лай  қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы;көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта,нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені.

    Ыбырай атамыздың туғанына жүз елу жылдығы атап өтілді.Осыған орай мектебімізде оқушылар арасында «Мен Ыбырай атамдай сайраймын» атты шыармаларынан жарыс өткізілді. «Көркем әңгімелер» атты бастауыш сыныптар арасында әңгімелерден шағын көріністер көрсетілді. Шолпан есімді оқушы «Ыбырай өмірі» атты зерттеу жұмысын қорғады. Ұстаздар арасында «Ұлы -ұстаз» атты Ыбырай кеші өткізілді. Осылайша Ыбырай атамызды ұмытпай, әр жыл сайын еске түсіріп, оқушылардың есіне салып отырамыз.Ыбырай атамыздың ағартушылық педагогикалық идеяларын қазіргі заманмен үндес тұстарын әлі де оқу-тәрбие жүйесінде қолданып келеміз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Ізгілік педагогикасы" эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 651 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 1422
    • DOCX 14.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ералина Асем Серикбаева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ералина Асем Серикбаева
    Ералина Асем Серикбаева
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14338
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой