Республикалық жоғары техникалық колледжі
«
Тапқырлар сайысы»
Физика
пәнінің оқытушысы: Аяпова Р.Е.
Орал-2017
«
Тапқырлар сайысы»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру,
логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше
еңбектенуге тәрбиелеу.
Жарыс
екі топ арасында өткізіледі. Қазылар алқасы сайланады. Берілген
сұрақтарға жауап беру арқылы топтар өздерінің топ атын
анықтайды.
I-топ
тапсырмасы
1. «Эврика»
кімнің сөзі. Бірінші әрпін ал. (Архимед)
2. Дене
пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруі. Алтыншы әрпін ал. (деформация)
3. Ауаның
ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады. Бірінші әрпін ал.
(психрометр)
4. Түскен
жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысы. Сегізінші әрпін ал.
(фотоэффект)
5. Жарық
жылдамдығын алғаш есептеген кім? Соңғы әрпін ал. (Ремер)
Бірінші топтың аты: Ампер
II-
топ тапсырмасы
1. Магнит
ағынының өлшем бірлігі. Бірінші әрпін ал. (Вебер)
2. Трансформаторды
ойлап тапқан. Төртінші әрпін ал. (Яблочков)
3. Изохоралық
процесте не тұрақты? Үшінші әрпін ал. (көлем)
4. Қысымның
өлшем бірлігі. Соңғы әрпін ал. (Паскаль)
5. Астрономияда
пайдаланылатын ең басты құрал? Бірінші әрпін ал. (телескоп)
Екінші топтың аты: Вольт
I-жарыс.
«Кім зерделі?»
«Ғалым физиктер және олардың ашқан жаңалықтары»
1. Ол
жаңа Зеландияда туған. Тұңғыш рет радиоактивті заттардың құрамын
зерттеген. Атом ядросының бар екенін ашып, алғашқы рет атом ядроларын
жасанды түрлендіруді жүзеге асырған кім?
Ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд
2. Алғаш
радионы ойлап тапқан. Электромагниттік толқындардың көмегімен
сымсыз байланыс жасау мүмкін деген сенімен өз сұлбасында сезгіш элемент-
когерерді қолданып радиоқабылдағыш жасаған, ғалым кім?
Орыс физигі Александр Степанович Попов
3.
Ол 1895 жылы қысқа толқынды электромагниттік
сәулелер рентген сәулелерін ашқан.1901 жылы физиктердің арасында бірінші болып
Нобель сыйлығын алған, ғалым кім?
Неміс физигі Рентген Вильгельм Конрад
4.
Ол жарықтың қатты денелер мен газдарға
түсіретін қысымын алғаш өлшеген. Оның атымен Ғылым Академиясының Физикалық
институты аталған, ғалым кім?
Орыс физигі Петр Николаевич Лебедев
5.
Ең алғаш ғылымға электр өрісі мен магнит
өрісі жөніндегі түсініктерді енгізді. Зерттеу жұмыстарын 1831 жылы
электромагниттік индукция құбылыстарын ашылуымен аяқтаған, ғалым кім?
Ағылшын физигі Майкл Фарадей
6.
Ол фотоэффекті құбылысын зерттеу арқылы
дүние жүзіне әйгілі болды. «Жұмсақ темірдің магниттеу функциясы жөніндегі
зерттеу» атты докторлық диссертациясында ол ферромагнетиктерді зерттеу әдісін
жасап шығарып, магниттеу қисығының түрін тағайындады. Ресейде физиканың дамуына
көп күш жұмсады. Ол ғалым кім?
Орыс физигі Александр Григорьевич Столетов
II-жарыс.
«Кім білгіш?»
«Физикалық заңдар»
1.
Тізбек бөлігінің ток күші сол бөліктегі
кернеудің кедергіге қатынасына
тең?
(Ом заңы)
2.
Тогы бар өткізгіш шығаратын жылу мөлшері
ток күшінің квадратының өткізгіш кедергісіне және ток өткен уақыт аралығына
көбейтіндісіне тең.
(Джоуль-Ленц заңы)
3.
Денелер соғылғанда немесе сығылғанда пайда
болатын серпімділік күші сол дененің созылу немесе сығылу ұзындығына
пропорционал.
(Гук заңы)
4.
Сұйықтар мен газдар өздеріне түсірілген
қысымды барлық бағытта бірдей
таратады.
(Паскаль заңы)
5.
Ампер күші магнит индукциясы векторын ток
күшіне, өткізгіш бөлігінің арасындағы бұрыштың синусына көбейткендегі
көбейтіндегі тең.
(Ампер заңы)
6.
Түскен сәуле мен шағылған сәуле бір
жазықтықта жатады және түсу бұрышы мен шағылу бұрышына тең.
(Жарықтың шағылу заңы)
III-жарыс. «Алғырлар сайысы»
«Физикалық құралдар»
1.
Күш өлшейтін құрал. (динамометр)
2.
Кернеуді өлшеуге арналған құрал.
(вольтметр)
3.
Электр зарядын табуға және өлшеуге
арналған құрал.(электроскоп)
4.
Сұйықтың немесе газдың қысымын өлшеуге
арналған құрал. (манометр)
5.
Ашық тербелмелі контур. (антенна)
6.
Ток күшін өлшеуге арналған құрал.
(амперметр)
7.
Әлсіз токтарды тіркеуге және өлшеуге
арналған құрал. (гальванометр)
8.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған
құрал. (барометр)
9.
Температурасы өлшенетін денемен жылулық
байланыста болатын құрал. (термометр)
10. Линза
арқылы нәрселердің шын кескінін алатын оптикалық техника, экранда нәрсенің
үлкейтілген шын кескінін алуға арналған оптикалық аспап.
(проекциялық аппарат)
IV-жарыс. «Формуланы білеміз бе?»
Әр
топқа қағаз беріледі. Олар өздері білетін формулалар жазады. Уақыт белгіленеді.
Көп және дұрыс жазған топ жеңімпаз болады.
V-жарыс. «Білімділер сайысы» (сұрақ)
1.
Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін
заттар қалай
аталады? (ферромагнетиктер)
2.
Адамның дауысына немесе аспаптың үніне
өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. (тембр)
3.
Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта
тұрады. (аспалы сағат)
4.
Ядроның құрамына оң зарядталған бөлшек.
(протон)
5.
Сұйық ішінде өте ұсақ қатты бөлшектердің
қозғалысы.
(Броундық
қозғалыс)
6.
Денелердің өзара әрекеттесу заңдарын
зерттейтін механиканың
бөлімі.
(динамика)
7.
Орбитаның Күнге ең алыс
нүктесі. (Афелий)
8.
Фотоэффект қай елдің, қандай сөзінен
алынған?
(Фотос-грекше жарық, эффект латынша-әсер)
9.
Дүниедегі ең жүйрік
не? (Ой-қиял)
10. Оң
зарядталған бөлшектер ағыны қалай аталады?
(Альфа сәулесі)
Қазылар алқасына сөз беріледі. Ұпайлары
жарияланып, жеңімпаз топ анықталады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.