Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Қанат туралы хикая. /Ф.Оңғарсынова/ (4 класс)

Тақырыбы: Қанат туралы хикая. /Ф.Оңғарсынова/ (4 класс)

Скачать материал

                                                              Алматы облысы

                                                             Сарқанд ауданы

                                                                                  Мағжан Жұмабаев атындағы

                                                             орта мектебінің

                                                                                бастауыш сынып мұғалімі

                                                                      Буркитбаева Тарбия                                                                                                                  

                                                         Кенесбаевна

 

 

Тақырыбы: Қанат туралы  хикая. /Ф.Оңғарсынова/

Мақсаты:

а) Өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңдегі өзекті түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

ә) Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып  сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

б) Мейірімділікке, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ф.Оңғарсынова  портреті, слайд, балапан суреті, суреттер

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, галереяны аралау, сын тырғысынан ойлау әдісі

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жаттығу

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың  нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн  барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді.

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Болып кетерсонда дереу жан-жағым.

-  Міне жүрегімізді осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасы сұралады. Б.Бұлқышев "Ана" мәтінін жатқа сұрау.

Ой қозғау. "Галереяны аралау"

1) А.Сейдімбек "Әйел ана" суреті

2) О.Бөкей. "Апамның астауы" суреті

Бұл суреттерден біз қандай көрініс көріп отырмыз. (Оқушылардың әңгімелеуі)

Сонымен қандай қорытынды шығаруға болады.

Ассоциация жасау

1-топ   Ана кім?

2-топ   Ана көңілі қандай?

3-топ  "Апамның астауы " мәтіні бойынша

Апа қандай?

Сонымен ана игермеген кәсіп, ана көтермеген жүк, ана алмаған асу жоқ екенін білдік.

Мақсат қою кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Ф.Оңғарсынова портреті арқылы сұрақ. Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Фариза апа жөнінде мен не білемін?

Ф.Оңғарсынова ана тақырыбында лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптардың авторы.

Бүгін біз Фариза апамыздың "Қанат туралы хикая"  өлеңін  оқып танысамыз.

Сөздік жұмысы. ХИКАЯ--әдебиет жанрының бір түрі. Сюжетке құрылған оқиға желісі. Повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр.

Қанат сөзін   нелерге байланысты айтамыз?. /Ұшақ қанаты, құс қанаты, киіз үй қанаты/

Құстар туралы не білеміз?. Жыл құстары, отырықшы құстар, су қ ұстары, үй құстары т.б.

Құстардың қандай пайдасы бар?

Жаңа сабақ. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Тізбектеп оқыту

Өлеңді оқығанда қандай көңілде болдың? /Ренжідік, Аядық қуандық, таң қалдық.

Балапанға не болды ? Көмек берілді ме?  Бала балапан қанатын көріп қандай ойға қалды?

Өлең  шумақтарымен жұмыс.  

1-ші шумақты мән беріп оқы.

Обал дегеніміз не?

Обал-қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы. Обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген мағынаны білдіреді.

2-ші шумақта бойынша.

Автордың балапанға көрсеткен көмегі не? Балапан қанатының нәзіктігін көрсету.

3-ші шумақта балапан қанатына қарап бала қандай ойға қалды? Не ойлады?

4-ші шумақты мән беріп оқы. Неге автор осы екі сөзді тандаған деп ойлайсың? (Әке, ана) Қатер деген сөзді қалай түсінесің?

5-ші шумақты оқи отырып өзіңе ұнамаған сөзді тап. Ол сөз "мүгедек". Осы сөзді өмірде болдырмау керек.

6-шы шумақ. Бала не деп тіледі?

1-ші топқа тапсырма: Өлеңнің 4-ші шумағындағы жолды қайта қарастырып мүмкіндігіңше өзгерт, не толықтыр.

Оң қанатым-...........

Сол қанатым-.........

Бірі түссе қатерге,

..............................

2-ші топқа тапсырма: Ұйқас бойынша өлең шығар.

......................... боламын,

............................ аламын

.........................................

 Әкем менен анамның.

3-ші топқа тапсырма: мақал-мәтелді толықтыр

1.Ана сүтін ақтамағанды, ..----------------

2.Әкеге қарап ұл өсер,----------------

3.Баланың білегі ауырса,--------------

4.Әке көрген -  оқ жонар ---------------

Қорытынды: Ата-анамызға тілек жазайық.

Алдымен оң қолыңды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне "Анама тілек" деп жаз. Сол қолынды қағаз бетіне қой да сыз, ішіне "Әкеме тілек" деп жаз.

Сендердің  шын жүрекпен тілеген ақ тілектерің орындалсын.  Сендердің ата-аналарың туралы айтқан тілектерің маған ұнады. Әр оқушы шығармашылықпен жұмыс жасады. Сыныпта көптеген  оқушылардың ақындық қабілеті бар екені байқалды. Шын ризашылығымды білдіремін.

Бағалау: Оқушылар жұмыстарын өзара бағалайды.

Мұғалім тарапынан жағымды баға алу

Құрдастары тарапынан жағымды баға алу.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу, өлең мазмұнына сурет салу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Қанат туралы хикая. /Ф.Оңғарсынова/ (4 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қанат туралы  хикая. /Ф.Оңғарсынова/

Мақсаты:

а) Өлеңді түсініп мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңдегі өзекті түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

ә) Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып  сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

б) Мейірімділікке, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ф.Оңғарсынова  портреті, слайд, балапан суреті, суреттер

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, галереяны аралау, сын тырғысынан ойлау әдісі

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

 

Психологиялық жаттығу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 081 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2014 3893
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буркитбаева Тарбия Кенесбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6350
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе