Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Скачать материал

Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Тақырып:
 "Қазақ халқының
  салт-дәстүрлері"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Рустемова Айжан Темирханқызы

                                                                                бастауыш сынып мұғалімі

 

                                                   

                                                 

 

                                                     2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

                                                                                                          

                                                              Рүстемова А.Т.

                                                                                               бастауыш сынып мұғалімі

                                               СҚО Аққайың ауданы Қ. Оразов

                                                   атындағы Аралағаш орта мектебі

 

 

Мақсаты:

Білімілік: Білім деңгейін көтеру,жетілдіру,шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың жан-жақты білімді болуға,салт-дәстүрді  құрметтеуге,

сақтауға,қонақ қарсы алуға,ұқыптылыққа,инабаттылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Атамұраны,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,этика-эстетикалық талғамдарын  арттыру,дүниетанамын,ой-өрісін кеңейту.

Көрнекілігі:компьютер,экран,проектр,қазақ үстелі,муляж еті,қылыш,қамшы,

альбом,ұлттық киімдер.

                                    Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

а ) Оқушыларды, бөлмені сабаққа  дайындау;

ә)Қонақтарды қарсы алу;

б) «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты ашық тәрбие сағатын бастау.

Мериза: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар мен оқушылар!

Әрсен: Салт-дәстүр,әдеп-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.

Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.

Мериза: Қазақ халқының дәстүрлерінің бірі «Ұлттық киімдер». Алдымыздақазақ 

ұлттық киімдердің сән үлгісін тамашалаңыздар.

Әрсен: Біздің  қазақ халқының ұлттық  салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, жөн-жоралғылары көнеден келе жатқан асыл қазынамыз.Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.

Мериза: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі- қонақ-жайлық. Қандай жағдайда  да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттаныру әркімнің парызы  сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс болу  шарт емес.

Әрсен: Егер қонақ түскен отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң,  түнемеге басқа орын іздестірген.

         Адал ниет ақ көңілмен келгенін білдіруі  үшін қонақтар үйге келмей тұрып, найза, сойыл, шоқпарындәдешеге іледі. Қару – жарағын сыртта  қалдырып, қамшысын бүстеп ұстаған күйі үйге енеді. Себебі қамшы жүрген жерде жын – шайтан жүрмейді.

Мериза: «Қонақпен еріп құт келеді» деген сенім бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып алдымен үйге қонақ кіргізеді. Ал шығарып саларда үй есігін қонаққа ашқызады. Себебі, үй иесі есігін өзі ашса, онда қонағын қуғанымен бірдей болып саналады.

Әрсен: Сендер қандай қонақ түрлерін білесіңдер?

Фируза: Арнайы қонақ – мал сойып шақырған сыйлы қонақ.

Батырхан:Құдайы қонақ – кездейсоқ, бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушы.

Назгүл: Қыдырма  қонақ алыстан ағайын-туғандарын, құда-жекжаттарын іздеп келіп, жатып – жастанып, бір мал жеп кететін қонақ.

Батырхан:Қылқыма қонақ – тамақтын піскенін андып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз қонақ.

Мериза: Қазақта әр нәрсенің өз ерекшелігі, дәстүрлі атаулары, ұғымдары бар. Бүгін осынау мол қазынаның сырын ашып, тоқталсақ  дейміз.

Әрсен: Салт-дәстүрден үзінді тамашалаңыз. (Қонақтар мен үй иелері сәлемдеседі).

Фируза: Жоғары шығыңыз. (Қонақтарды төрге шығарып, үстел басына отырғызады).

Мериза:Сәлемдеме - адамдардың  бір-біріне деген сыйлатығының,құрмет тұтуының белгісі. Олар көптеген көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне сыбағы. Оның қымбат болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын,шын ризалығын білдіріп,қатты қуанады.

Әрсен: Тізе  бігу

Халық әдебиетімен тізе бүгудің бірнеше түрі  бар.Мұның бәрі де негізінен әдептілік,

тәртіп заңдарына негізделген.

1.Жұмысы болып  бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады.Егер тым асығыс болса,ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек.Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.

2.Бұрыңғы дәстүрге біреуіден бата тілегенде ол адам  бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды.Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.

3.Ұрыста,жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп,басын иіп,айыбын төлейді.

Мериза: Сендер салт-дәстүрге байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Батырхан:1.Бір күн дәм татқанда, қырық күн сәлем.

2. Ас көп болса,кәде көп.

 3. Үлкен үйдегі күлсе,

Кіші үйдегі езу тартады.

Фируза: 4. Барымен базар,жоқты қайдан қазар.

                5. Ердің қасиеті ерлігінде,

                    Қыздың қасиеті жүзігінде.

               6. Қонақ келсе ет пісер,

 Ет піспесе , бет пісер.

Мериза:  Көрінісімізді әрі қарай тамашалайық.

Әрсен: Алыс сапарға саяхатқа , сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне,

көрші-көлемдеріне , сыйлас адамдарына,жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің сыйластықтың белгісі

 және ескірткіш ретінде қабылданады.

Батырхан: (Қонақтардың келгенің көріп, жүгіріп келіп амандасады ).

Ата: Балам(Сырым) қалың қалай? Оқуың қалай?

Батырхан: Қалым жақсы. Оқуым көтеріліп келе жатыр.

Ата: Мектепте бұзық болып жүрген жоқсың ба?

Батырхан: О,не дегеніңіз? Мектепте бұзық жасап жүрген жоқпын.Тәртіпті оқушылардың қатарындамын.

Ата: Ой,жарайсын.Сабағын да,тәртібін де жақсы екен.Сен жеті атанды білесің бе?

Батырхан: Әрине білемін.

Ата:Бәрекелді,жарайсын балам.(Осы жерде Батырхан  кетіп қалады).

Мериза: Жеті атасын білмеген –жетесіз. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған.Бұрыңғы адамдар бір-бірімен танысқанда,жүздескенде руын,тегін сұрауы осыдан шыққан.Жеті ата әкеден төмен

 емес,жоғары таратылады.

 

 Олай болса жеті ата:

.1.Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Ата - тек  деген сөз осыдан шыққан. Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

Әрсен: Қандай қазақ музыкалық аспаптарды білесіңдер? (домбыра, қобыз, шертер, т.с.с.)

Мериза:   Ер балаларға байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

(Атқа міну,сүндет той, асық ойнау, қазақша күрес, т.с.с.)

Әрсен: Бойжеткен қыздарға байланысты қандай салт-дәстүрлерді    білесіңдер?

(Сырға салу, құда түсу,қыз ұзату).

Мериза:Қызбен жігітке байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

(Алтыбақан, қыз қуу,қыз бен жігіт айтысы)

Ер жігітке байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

(Келін алу,беташар,енші беру)

Әрсен: Малға байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

(Уыз көже,қымызмұрындық,соғым,т.с.с.)

Әрсен:Аста,тойда,мерекеде табақ тартудыңөзі үлкен өнер,елдікке сын.Сондықтан мұның да өзіндік салттық тәртіптері бар.Әр табақ қонақтың дәрежесіне,жасына жолына сәйкес тартылуы тиіс.Олар бас табақ,сый табақ,күйеу табақ,келін табақ,

жастар табағы, жай табақ тағы сол сияқты бірнеше түрге бөлінеді.

Мериза: Бас табақ құрметті адамға,қонақтарға,құдаларға арналғандықтан мұнда бас, жамбас,ортан жілік,белдеме,сүбе,қазы,қарта,жал,жая т.б.кәделі мүшелер тартады.Сыйтабаққа да осындай мүшелер салынады. Жастар мен келін табақтарына асықты жілік, төс, омыртқа сияқты мүшелер де жарай береді.

Әрсен: Жалпы табақ тарту – салт қана емес ұлттық әдеп пен дастарқан, тамақ беру мәдениетінің кепілі. Әр әр  қонаққа лайықты мұше болмаса – ол білімсіздіктің белгісі ретінде сынға алынған. Қонаққа ірі малдың жамбасының шұқыршағы таратылмайды. Тамақ тартуды тамашалайық.

Мериза: Тамақ тартады.

Әрсен: Сырым мен Серіктің орындауында «Армандастар» атты әнді қабыл алыңыздар.

Батырхан  асқа бата береді.

         Бата бердім, бақ тіледім,

         Ақ дастарқан басына,

         Я, құдайым, шын тіледім,

Келсін деп менің қасыма!

Көңілін көлдей болып,

Көргенің түстей болып,

Қыдыр қонсын басыңа!

                            Әумин.

Қорытынды:

Мериза: Осы сабақта біз қандай салт-дәстүрлер тамашаладық?

Батырхан: Қонақ бір күн қонса құт,

                Екі күн қонса жұт.

Батырхан: Шақырусыз тойға барғанша,

                   Қазусыз көрге бар.

Мериза: Бүгінгі тәрбие сағатымызда сендер білмеген жаңа салт-дәстүрлер болды  ма?

Фируза: Сендердің естерінде алатындай қай салт-дәстүрлерді айта аласыздар?

Әрсен: Осымен біздің бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:

Білімілік: Білім деңгейін көтеру,жетілдіру,шығармашылық белсенділіктерін арттыру;

Тәрбиелік: Оқушылардың жан-жақты білімді болуға,салт-дәстүрді  құрметтеуге,

сақтауға,қонақ қарсы алуға,ұқыптылыққа,инабаттылыққа,әдептілікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: Атамұраны,ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,этика-эстетикалық талғамдарын  арттыру,дүниетанамын,ой-өрісін кеңейту.

Көрнекілігі:компьютер,экран,проектр,қазақ үстелі,муляж еті,қылыш,қамшы,

 

альбом,ұлттық киімдер.Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

а ) Оқушыларды, бөлмені сабаққа  дайындау;

ә)Қонақтарды қарсы алу;

б) «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты ашық тәрбие сағатын бастау.

Мериза: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар мен оқушылар!

Әрсен: Салт-дәстүр,әдеп-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.

Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар.

Мериза: Қазақ халқының дәстүрлерінің бірі «Ұлттық киімдер». Алдымыздақазақ 

ұлттық киімдердің сән үлгісін тамашалаңыздар.

Әрсен: Біздің  қазақ халқының ұлттық  салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, жөн-жоралғылары көнеден келе жатқан асыл қазынамыз.Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз.

Мериза: Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі- қонақ-жайлық. Қандай жағдайда  да «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей шамасы келгенше сый-құрметін көрсетіп аттаныру әркімнің парызы  сияқты болатын. Қонақ болу үшін оның таныс болу  шарт емес.

Әрсен: Егер қонақ түскен отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң,  түнемеге басқа орын іздестірген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2015 1360
    • DOCX 117.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рустемова Айжан Темирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рустемова Айжан Темирхановна
    Рустемова Айжан Темирхановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16473
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе