Инфоурок Другое Другие методич. материалыТегіне тартқан тарлан. (Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев)

Тегіне тартқан тарлан. (Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев)

Скачать материал

Құрастырған: Шегебаева Сандуғаш Шакеновна (Мичурин балалар үйі)

 

Отбасылық  әңгіме:  Тегіне тартқан тарлан. (Кеңес Одағының батыры
Махмет Қайырбаев)
Мақсаты: Махмет Қайырбаевтың өмірбаянымен таныстыру;
1. Балаларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2 Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.

                                       Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Ортаға тәрбиеші шығады, слайд арқылы батыр өмірбаянымен таныстырады
Тегіне тартқан тарлан Кеңес Одағының батыры  Махмет Қайырбаев
Махмет Қайырбаев (1.01. 1925, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосы, - 1996, Павлодар қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, артиллерия командирі. Қазақ баласы мектептен кейін Павлодар педагогикалық училищесін бітірді. Соғыс басталғанға дейін Семиярка селосындағы мектепте мұғалім болды. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы тамызда шақырылып, артиллерия училищесіне жіберілді. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан бастап қатысты. 17-танкіге қарсы ататын артиллериялық жеке бригаданың құрамында болған. Қайырбаев 18 жасында Александр Невский орденінің иегері атанды. 1944 жылдың 19 тамызында Литвадағы Шяуляй қаласының батыс жағында болған ұрыста жау әскері танкімен шабуылға шығып, Кеңес әскері қорғанысын бұза жарып, Шяуляй қаласына кіруге ұмтылды. Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен қоршауда қалып, шайқасып жатқан полк батареяларының біріне көмекке келді. Қайырбаевтың басшылығымен жауынгерлер жаудың 7 шабуылына тойтарыс беріп, бір батальон әскерін жойды. Кескілескен осы шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды. Тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін екі рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды.


Ұрыс даласында
1942 жылы аудандық әскери комиссариаттың ұйғарымымен бесқарағайлық қос жігіт Бадаев пен Қайырбаев Подольск артиллериялық училищесіне оқуға жолданды. 1943 жылдың сәуірінен бастап Махмет Қайырбаев Калинин майданында жауға қарсы әрекетке кірісті. 712-ші жойғыш танкке қарсы артиллериялық полк командирінің бұйрығымен лейтенант Қайырбаев 5-ші батареяның командирі болып тағайындалды.
Жоғары Бас басқару ордасы

DSC03295

DSC03296

резервіндегі 17-ші жеке жойғыш танкке қарсы артиллериялық бригаданың құрамындағы полк Калинин, Бірінші Прибалтийск және Ленинград майдандарындағы ұрыстарға қатысты. Бұл полктер мен бригадалар танкті және моторлы қарсыластармен күрес үшін құрылған. Ал аталмыш бөлімдер білікті әрі дайындығы мығым әскерлерден жасақталады. Офицерлік және сержанттық құрамға қойылатын талап та жоғары. Мәселен, әскери іс-қимылдардың журналындағы 1944 жылдың 31 мамырындағы жазбаға үңілсек, былай делінген екен: «Әскери Кеңес нұсқауына сәйкес жойғыш танкке қарсы артиллерияда қызмет етуге жарамайтындар арамыздан алыстатылуда». Яғни, осалдарға орын жоқ бөлімдер саналған. Шяуляй ұрысы артиллеристер үшін айтарлықтай сынақ болды. Әскери шеберліктерін шыңдауға септігін тигізді. 1944 жылдың 17 тамызында 135,1 шыңында Қайырбаев батареясының қаруы ерекше көзге түсті. Ұрыстың барысын Әскери Кеңес мүшелері, артиллерия маршалы М.Н.Чистяков және майдан артиллериясының командирі, генерал-полковник Н.М.Хлебников бақылаған екен. Николай Михайлович өзінің «Сотен батареи» атты кітабында, мемуарларында 712-ші полктің 5-ші батареясы зеңбірегінің батыл әрекеттерін ерекше атапты. Тамыз айында бір айға созылған ірі шайқас басталды. Аталмыш ұрыс «шяуляйдағы танктік шайқас» деп тарихта қалды.
Ұрыс даласында Махмет Қайырбаев жеке өжеттігін ғана көрсеткен жоқ, ол сондай-ақ, қоластындағы азаматтарды басқара білді. Жағдайды дұрыс бағалап, дер кезінде шұғыл қадам жасай алуы ұрыстарды жеңіспен аяқтауға жетеледі. Енді мына бір дерекке қараңыз. 712-ші полкінен Кеңес Одағы батыры атанған 6 адамның бесеуі дәл осы Қайырбаев батареясынан шыққан
Оралу
1946 жылдың жазында аға лейтенант Қайырбаев өзінің ауылы Семиярск елді мекеніне оралып, еңбекке араласты. Жұмысын аудандық кеңестің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі меңгерушісінен бастады. Ал осы жылдың қарашасы мен 1957 жылдың наурызы аралығында Павлодар облысының үш ауданында (Бесқарағай, Успен, Ақсу) қызмет етті. Жауапты хатшы, аудандық атқарушы билік төрағасыныңорынбасары және төрағасы болып еңбек етті. Ауылда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы басты міндеттеріне айналды.
Балалар дайындаған мәліметтермен танысу.

1. Ұрыс басталды

2. Шяуляй шайқасы

3. Литвалықтар лебізі

 

«Батырлық туралы жыр» поэмасынан үзінді

 ... Бәрі де үнсіз, ойда жүр,                     

Жеңе алмай ішкі қиялын,

Үрей де бұғып бойда тұр,

Ажалға жанын қияр кім?!

Орындау керек бұлжытпай,

Бұйрықты жол жоқ теріс деу.

Шяуляйға қадам жуытпай -

Өлсең де жауға беріспеу.

 

... Кейбірі түсіп минаға,

Оранып жатыр жалынға.

Бар күшін, сірә, жинаған,

Айла көп әлі залымда.

- Тоқтаңдар, сабыр, жігіттер,

Бұлары – барлау танкілер...

Дөп басып жауды ұтып көр,

Аранын ашып қан тілер.

- Кәнеки, достар, әзірлен,

Көрінді «Тигр» тажалдар.

Нысана солар қазірден,

Дайындар оған ажал бар –

Деп, Махмет болжап байқайды-ақ,

Дүрбіден қарап, көз алмай,

- Атыңдар! – деді айқайлап...

Төрт танкі қалды қозғалмай...

- Тойтардық жаудың екпінін, -

Деп Махмет алға қарайды.

- Жеңіс деп ұқпа тек мұны,

Жаудың да қаны қарайды...

...Жия алмай есін тұр, білем,

Теңселіп әрең қозғалып,

Қарады Махмет дүрбіден,

Алдына тағы көз салып.

Аспан мен жерді қосқандай,

Қаптаған қара түтіндер.

Шабуылды жаңа тосқандай,

Тамағы кеуіп, жұтынды ер.

Аң-таң боп сенбей көзіне,

Тұрғандай сенім құр алдап,

Ығысқан жауды сезіне,

Пехота шықты «Уралап»...

 

Сабақты бекіту: 2015 жылдың 1 қаңтарында тоқсан жасқа толар еді. Қазақтың батыр ұлының бейбіт өмір жолындағы ерлігі, елінің игілігі үшін жасаған еңбегі ұрпағының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тегіне тартқан тарлан. (Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаев)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 675
    • DOCX 591 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шегебаева Сандугаш Шакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    Шегебаева Сандугаш Шакеновна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8234
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой