Инфоурок Другое СтатьиТіл бірлік бар жерде бүр жарады

Тіл бірлік бар жерде бүр жарады

Скачать материал

Тіл бірлік бар жерде бүр жарады

         «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды», деп дана Абай айтпақшы, қазақ тілін терең меңгеруге арналған әдемі шара елордадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтті.

Алғашқы күні «Қазақ тілінің креативті оқытудың үздік тәсіл­дері» деген тақырыпта жоға­ры оқу орындарының оқытушылары мен колледж, мектеп мұғалімдері қазақ тілді емес топтарға шағын сабақтар берді.  

 

         Одан кейін эссе жазды. Осы шараның арасында «Қазақ тілі: бүгіні мен болашағы» деген тақырыпта өткен дөңгелек үстелде «USTAZ» ор­талығының директоры Н.Иманғалиев, Астана «USTUDY» орталығының директоры Ұ.Қармысов, Назарбаев Уни­верситет қауымдастығының про­фессоры С.Оразғалиев Жоғарғы құқық мектебінің директоры С.Пен секілді азаматтар ұлт тілінің көркеюі ұлт санына да, сапасына да қатысты екенін айтып, қазақтың көбею мәселесін қозғады. Жастардың ұлтты бекіту, тілді терең білу жөніндегі пікірлеріне белгілі қаламгерлер Қ.Жиенбай мен Қ.Әбіл үн қосып, ағалық тілек­терімен қанаттандырды.  Дөңгелек үстелден кейін оқу орнының бірінші курс сту­денттері қазақ тарихынан алған білім­дерін бекіту мақсатында ұйым­дастырған «Баталасу» атты сах­налық қойылымды жиылған қауым назарына ұсынды. Онда Ордабасында ел­дікті сақтау мақ­са­тында серт­тескен, баталас­қан қазақ жақсыларының бейнесі көрініс тауыпты. Әсіресе,         

 

         «Ақта­бан шұбырындыға» түскен қазақ халқының ауыр тағдыры сын сағатта қалғанда Бөгенбай, Қа­бан­бай, Жәнібек, Малайсары, Есет, Нау­рызбай, Баян, Тайлақ ба­тыр­лардың бірігіп білек болып, туған жерді жаудан бо­сатқаны студенттердің сом­дауында ке­лісті шықты. Мем­лекеттік тілді дамыту қоры­ның директоры А.Шәуеев айт­қандай, нағыз отан­шылдық рух осы дегізді. Бір атап өтерлігі, студент­тер­дің мамандықтары бөлек бол­ғанымен, ұлттық рухы мық­ты екен. Батырлардың мәр­тебесін арттыруға талпыныстары алға қойған мақсаттарына жеткізді. Оларға серік болып жүрген ару қыздардың ақылды әрекеті кімді де болса ойландырмай қоймады.

         Тағы бір айтарымыз, тео­риялық білім мен тәжірибені ұштастыруды университет 2014 жылдан бері жүргізе бастапты. Оның басында оқу орнының басшысы Талғат Нәрікбаевтың тұруы ұлттық сананың жаңғыра бастағанын көрсетсе керек. Сту­денттер жыл бойы тарих пә­нінен алған теориялық білім­дерін ата тарихымыздың бас­тауы болған жерлерде болып, ондағы ескерткіштермен танысуды дәстүрге айналдырған. Кейін, соның негізінде сахналық кө­рі­ністер қою жарасым тапқан. Алдағы екі шарадан кейін сынға түскен оқыту­шы­лар­дың арасынан шыққан үз­діктерді марапаттау рәсімі өтті. «Мұндай шаралар алда­ғы уақытта жал­ғасын таба береді», – дейді білім орда­сын­­­дағы қазақ тілі мен әде­бие­­тін креативті оқыту орта­лы­­ғының директоры Күләш Шай­мерденова.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл бірлік бар жерде бүр жарады"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 667 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.07.2017 473
    • DOCX 15.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисеналиев Арман Кадирбергенович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2679
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой