Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты : « Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу».

Тәрбие сағаты : « Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу».

Скачать материал

           Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

МКҚК Орал «Сервис» технологиялық колледжі

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Ұ.Қ. Купешова

__________________

 

 

 

Тәрбие сағаты :

« Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу».

 

 

 

 

                                        Өткізген: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

                             мамандығы бойынша ө\о шеберлері:  Мукатаева А.Ж

                                                                                            Скендирова М.М

 

                                                     

                                                

                                                    Орал 2016ж

 Тәрбие сағаты: «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу».

Құзіреттілікке жеткізетін іс-шараның мақсаты: Студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру, заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.

а) ақпараттық құзіреттілігі : Оқушыларға имандылық туралы айтып беру және оның қасиеттері туралы түсіндіру.

б) коммуникативтік құзіреттілігі : Оқушылармен бірлескен іс-әрекеті арқылы, сұрақ-жауап арқылы пікір бөлісу.

с) проблеманы шешу құзіреттілігі : Оқушыларға тренингтер өткізіп, діни экстремизм  туралы бейне клиптер көрсету. Исламның шарттарымен таныстыру. Осы тақырыпқа байланысты 31.03.2016ж Қазақ драма театрына «Жәннат» қойылымына бардық.

Іс-шараның түрі : Ашық тәрбие сағаты

Іс- шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:  АКТ

Пән аралық байланыс : Информатика, дінтану.

Оқыту құралдары : Интерактивті тақта, тірек сызба, слайд.

І. Ұйымдастыру бөлімі : Сәлемдесу.

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық : Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» атты танымдық сабағымызға қош келдіңіздер!

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Казақстан – бүгінде әлем елдерінің арасында экономикасы жақсы  дамып, өркендеп келе жатырған мемлекеттің бірі.

 Әлемдегі ең дамыған мемлекеттің құрамына кіру мақсатына – еліміз  сенімді және тұрақты жету жолында.

 Казақстан Еуразия алаңында саяси  жағынан дамыған  елдердің алдыңғы қатарында болса да, елімізді әлсірететін жағдайлар бар. Бірінші кезекте жаппай санамызға әсер еткен «терроризм» мен  «экстремизм».

Экстремизм (фр. extremismeлат. extremus) -«шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизм адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болды. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. 

Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Радикализм – қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйемен келіспей, оны түбірімен қайта құруды ұсынушы саяси топтың көзқарасы. Сондай-ақ, діни радикализм тіркесі өзге де «діни фундаментализм», «діни фанатизм», «діни экстермизм» секілді лаңкестік әрекеттерге қатысты қолданыла бастады. Радикализм терминінің дінге қатысты қолданыла бастауы қоғамда қалыптасқан жүйемен келіспейтін дін атын жамылған топтардың пайда болуымен байланысты. Радикализмнің өмірдегі көріністері терроризм мен экстремизм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.

Терроризм қазіргі таңда әлем індеті.  Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 

Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар  белсенді әрекет етуде. Ресми билік өкілдері мен әлемдік рухани конфессия көшбасшылары экстремисттік ұйымдарға, оларды насихаттайтын ұйымдарға ашық түрде соғыс жариялады. Біздің елімізде де дәстүрлі діни ұйымдардан басқа, 5000 ға жуық  теріс  ағымдағы  діни ұйымдар бар.

 Айта кететін болсақ,  Ахмади ағымы (Ахмадилықты қабылдаған әр мұсылман кәпір. Жаназаларға кірмейді, бөлек жернеледі. Арақ ішу, апиын, героин қолдануға рұқсат береді.).

Исматуллашылар тобы ( Зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі. Намаз оқымайды.).

Уаххабилік-діни-саяси ағым  немесе салафизм (Бүгінгі заманнын озық тәсілдерін мойындамайды. Пайғамбар заманына кері оралуды мақсат етеді.).

Әт-Тәкфир уәл Хижра («Кәпірлерге» қарсы жиһад ұранын алға тартады.).

Бабизм-Бехаизм ( Құранды да Мұхаммед пайғамбарды да жоққа шығарады.).

Хизбут-Тахрир ( Саяси және діни сипаттағы экстремистік террорлық ағым.).

Иегова куәлары  (Сиқырлау әдісін қолданады, ақырзаманнан кейін адамдар қайта тіріледі деп сендіреді.).

Халықаралық Кришна санасы қоғамы (Индустерге тән вегетариандық тамақтану, отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалар пайдаланады.).

Мормондар ( Міндетті түрде отбасын тастап, жұптарға бөлініп басқа қалаларға жұмыс жүргізеді,өлгендермен байланыс орнату рәсімдерімен айналысады.).

Оккультизм ( Тылсым күштердің, сиқырдың(магияның) құдіретіне сендіруге, жоққа табынушылыққа тырысады.).

Таблиғи жамағат (Пайғамбардың бесінші (Әт-Таблих) сипатының атын жамылып, өздерін Ислам дінің таратушысы етіп, ел арасында уағыз-насихат жүргізеді. Негізгі сүйінер дәйіктері –Құран мен хадис емес, қиссалар мен қияли әңгімелер.)

Осы айтылған теріс діни ағымдар туралы бейне баянымызды ұсынамыз.

   Абайдың  19-шы  қара сөзінде: Адам ата анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам, білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп, жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда оны адам десе болады. 

      Келесі бейне баянымызда алданып теріс ағымға кірген қыздың сұхбатын ұсынамыз. 

  Жолдаудағы «XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін»   атты бөлімінде  Елбасы бұл саладағы  түйткілді мәселелерге  ерекше тоқталып өтті. Аталған стратегияның  басты ерекшелігі-ұлттық және рухани құндылықтардың кеңінен қамтылуы. Елбасы дін мәселесіне ерекше мән беріп,  бұл саладағы жауапты адамдарға  тапсырмалады жүктеді.  Өйткені соңғы кездері діни мәселелер ушығып, жат ағымдардың іс әрекеті ашық көріне бастады.

 Соңғы кездегі террактық жарылыстарды еске түсіретін болсақ: Соңғы бір жылдың ішінде Туркия елінде лангестік ұйымдардың қолымен 33жарылыс болған. Соның бірі 2016 ж 13қаңтар айында Түркия елінің оңтүстік шығысындағы Диярбакыр провенциясында полиции бөлімшесінің ғимаратына кірер алдында  сағат 23.30 шамасында болған  жарылыс.

 2015жыдың 16 қараша айында Франция елінің Париж қаласының бірнеше жерінде жарылыс болған.

 2016 ж 22 наурыз айында Бельгия елінің Брюссель қаласының әуежайында екі жарылыс, Мальбек метро станциясында тағы бір жарылыс болды.

Ресей «Когалым авиа» әуе компаниясының А321 самолеті 2015ж 31 қазан айында Египет елінің Шарм-эш-Шейх қаласынан Санк-Петербургке ұшып бара жатқанда Синай шағын арал аумағында апатқа ұшырады. Себебі, борт ішінде сыйымдылығы 1 кг болатын, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы болғаны анықталды.Самолет ішіндегі 217 жолаушы, 7 экипаж мүшесіде  мерт болған болатын.

 Өзінің сауатсыздығынан теріс діни ағымға кіріп, оны насихаттағаны үшін өз жазасын тартып отырған Орал қаласының тұрғынының  бейнебаянын ұсынамыз.

«Жайық» декструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының біздің колледж атынан куратор Салекеев Айбек Ерболұлына сөз береміз.

  Жолдауда соның бәріне тосқауыл қойылып, өзіміздің дәстүрлі  Исламды, Әбу Ханифа мәзһабын дамыту керектігі айтылды. Себебі, біздің негізгі дініміз дәстүрлі таза-Ислам. Осы діннің  елімізде өркендеуіне, дамуына жағдай жасауымыз керек. Ал орта жолдан қосылған сан түрлі  ағымдарға  үгіттейтін  жат діндерді, олардың өкілдерін діни ортадан аулақ ұстауымыз керек. Қазір әлемде  соғыс жүріп жатқан заман.  Осы аласапыран заманда халқымыз адасып кетпей,  өз салт-дәстүрін, ислам дінін берік ұстап қалуы күн өткен сайын өзекті мәселе болып тұр. Ал, діни сауатылығының аздығынан  арбауға түсіп, сақал қойып, балақ қысқартып, тұмшаланып киіну сияқты әрекеттері бар . Бұл мұсылман қауымына жат әрекет.  Алланың  шапағаты онымен өлшенбейді. Өйткені Пайғамбарымыз: «Тақуалық, имандылық-жүректе» деп айтып кеткен. Әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлеу, ата дәстүрін ардақтау мұсылман үмбетінің бір бөлігі. Ол- біздің дәстүріміз. Бірақ біз зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы қоғамның дәстүрлері бар екенін ұмытпауымыз керек.  Еліміздің ертеңі  болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа  тәрбиелей отырып,  халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу-бүгінгі  білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы.

Ескерту:

—  1. Көшеде кезіккен уағыздаушылармен сойлеспеңдер.

—  2. Егер сізге көшеде уағыздаушылар діни ағым туралы оқулықтар ұсынса, алудан бас тартыңыздар.

—  3.Діни ағымды уағыздаушыларға кезіккенде дін туралы өз ойыңызды ашық айтпаңыз.

—  4.Егер сіз діни ұйымның кеңесіне барғыңыз келсе,алдын-ала ата-анамен,ағайындарыңызбен ақылдасып алыңыз.

—  5. Өзіңізді діни теріс ағымнан алшақ ұстау рухани дүниеңізді, тіпті өміріңізді аман алып қалатынын естен шығармаңыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты : « Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 16101
    • DOCX 26.1 кбайт
    • 424 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Скендирова Мирамгуль Маханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20954
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой