Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Менің Отаным- Қазақстан" даярлық сыныбы

Тәрбие сағаты "Менің Отаным- Қазақстан" даярлық сыныбы

Скачать материал

Күні:15.12.2015.

Сыныбы:Д «А»

Пән: Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Менің отаным –Қазақстан.

Мақсаты:

1.Оқушылардың еліміздің қысқаша тарихымен,мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.

2. Өз Отанын сүйюге тәрбиелеу,тұған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Халқымыздың әдеп-ғұрпын ,салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздер,мақал-мәтелдер,Н.Ә. Назарбаевтың суреті.

Сабақ барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар ,ата-аналар келген қадамдарыңыз сәтті болсын. Ой да ортақ ,той да ортақ дегендей,сіздердің назарларыңызға «Менің отаным-Қазақстан»атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

Иә бүгін үлкен мереке ,Тәуелсіздік алғанымызға 24жыл толып отыр.Халықтың тыныс-тіршілігі тарих таразына салып ,ұлы көш алға басып барады.

Күн болды бүл керемет

Ақ түйе қарны жарылған.

Ел болдық шүкір не керек

Әлемге аты танымал.

Міне балалар,біздер елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезендерді бастан кешіржі. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Мәди: 1986ж оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық лаңға шығып ,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Айдана: Осының нәтижесінде 1991ж 16желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік туралы заң қабылданды.

Хор: Гимн.

Айдын: Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымен,

Теңескен төбем көкпенен.

Айтолқын: Мереке бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің.

Желбірейді көк туы,

Түсіндей боп көгімнің.

Назерке: Жасасын жаса азат күн

Жасасын бейбіт ,ел,су,жер.

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел.

Мерейлім: Қасиетті мейірі

Киелі жер суымда

Қазағымның пейілі

Орнектеулі туында.

«Қазақстан-Республикам менің.»

Айтолқын: Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін.

Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан –Республикам менің.

Нұртілеу: Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте досым,қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған,

Қазақстан-Республикам менің.

Бекарыс: Әйгілі күн ,шатыры аспан ,

Кең дала Төсі толған егін

Көлдіре көкке, күмістер шашқан.

Қазақстан- Республикам менің.

Мұғалім:1991ж16желтоқсанда Жоғары Кеңес Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жарияланды. Біздің еліміз демократиялық елге айналады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде меммлекеттік рәміздері бар.

Бекарыс: Кез келген меммлекеттік рәміздің ең маңыздысы-әнұран.Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

«Республика күні»

Мейірім: Бақыт күні-осы күн,

Оны әнге қос,ұлым

Ардақтайды бұл күнді

Келетұғын ғасырың.

Сымбат: Аялайды ел мұны,

Өміріңде ендіғі.

Ертеңіміз ол біздің-

Еркіндіктің Ер күні

Бақнұр: Бақ аялап мәңгі елді,

Алтын арай таң келді.

Көтереміз туларды,

Шырқатамыз әндерді.

Назерке: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бар.

Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген,айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған .Жарық жұлдыз биіктен нұр шашып тұр.Екі жақтан қос қанатты пырақтар бейнеленген .Бидай тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төмендегі жағындағы «Қазақстан» деген жазу, елімізді әлемге танымал екенін көрсетеді.

«Елтаңбасы елімнің»

Айдана: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі,

Тұнығындай көңілді,-

Ортада – аспан әлемі.

Әли: Құт,береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Ақнұр: Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда-

Еркіндігім- Елтаңбам.

Жақсылық: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бар.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген.Бұл түс –ашық аспанның белгісі.Тудың сол жағында ою-өрнегі бар.Алтын күн,Қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай-берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

«Қазақстан байрағы»

Назерке: Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын куні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

Мәди: Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр,

жылдарымыз жайдары

Жақсылық: Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

Мұғалім: 1990 жылы Шілденің 1-же «Тіл туралы заңы» күшіне енді.

Сұңғат: Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім: 1993 жылы Туәелсіздік Қазақстан конститутциясы бекілді

«Әділ заң»

Альбина: Барлық адам тең дейді,

Еңбек етсең, ер дейді.

Тегін білім аласың,

Демалысқа барасың.

Қорға дейді баланы,

Қолда дейді ананы.

Ел тілегі жазылған,

Біздің заң-ең әділ заң.

Хор: «Біз өмірдің гүліміз»

Мұғалім: Біздің бабаларыңыз, әкелеріміз, Қазақстанда туып, өмір сүрді. Сондықтан, біз оны Отанымыз –дейміз.

Айдын: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, ата мекен.

Биік тау, орман, тоғай елімізді.

Гауһар: Өзіңдікі-Елің де,

Өзіңдікі жерің де

Өзіңді-өзің еткен бе

Тәуелсіздік төрінде.

Егемен болмай-ел болмас,

Етек-жеңі кең болмас

Терезесі тең болмас.

Енді қазақ кем болмас.

«Қазақстан менің Отаным»

Ақерке: Асыл өлкем ерекше

Қазақстан мекенім!

Беп-белгілі емес пе,

Сенің ғажап екенің.

Биік болсын шоқтығың

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың-

Төбемізде мәңгілік.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Альбина: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелерім мен аталарым сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

«Тілегіміз бейбіт күн»

Айым: Сары-аппақ, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз,

Ақ-қара деп, бөлмейміз,

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз татумыз,

Биіктерге өрлейміз.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Менің Отаным- Қазақстан" даярлық сыныбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 2189
    • DOCX 18.8 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипова Айсулу Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипова Айсулу Болатбековна
    Алипова Айсулу Болатбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5895
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой